Тәуелсіздік – ұлы мұрат, қастерлі ұғым
Осы кездесулердің барысында халықтың талап-тілектеріне де айрықша көңіл бөлеміз. Сондай-ақ, олар көтерген мәселелерді тиісті орындарға жеткізуді басты міндетіміз деп білеміз.
Биылғы жылы Қазақстан ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам басты. Егемендігі мен тәуелсіздігі туы астында Қазақстанның жиырма жыл ішінде даму жолы Елбасы саясатының дұрыс екендігін дәлелдеді. Қазақстан Республикасы халқының өз тәуелсіздігін сақтауға, нығайтуға белінің бекемдігін танытты. Адамдарымыздың үлкендерінің де, кішілерінің де, жастарымыздың да өз болашағына деген сенімдерінің зор екендігін олардың бүгінгі бет алысы, келбеті көрсетіп отыр. «Тәуелсіздік, – деді Елбасы, – біздің алдымыздан жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолдан ешқайда бұлтармай, алға баса береміз».
Тәуелсiздiк алған жылдарда ел экономикасына 126 млрд. доллардан астам шетелдiк инвестиция тартылды. Жалпы iшкi өнiм өсiмi 2010 жылы 7 пайыз, өнеркәсiп өндiрiсi 10 пайыз, өңдеу өнеркәсiбi 19 пайыз мөлшердi құрады. Орташа айлық жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейiн артты». Елдің тәуелсіздік жылдарындағы үдерісінің интегралды көрсеткішінің бірі – ол халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ. 1994 жылы ІЖӨ халықтың жан басына шаққанда жеті жүзден астам долларды құрады. 2011 жылғы 1 қаңтарда ол 12 есеге өсті және 9 мың АҚШ долларына артты. Әлемдік тәжірибе тәуелсіздігінің 20 жылында бірде-бір ел мұндай нәтижеге жетпегенін көрсетіп отыр.
Төлебек ҚОСМАМБЕТОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты.
http://www.parlam.kz/3/mazhilis/news-details/id105/7/1
| | скачать работу |
Тәуелсіздік – ұлы мұрат, қастерлі ұғым |