Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тәуелсіздікке – 20 жыл! БҮГІНІМІЗ БАЯНДЫ, БОЛАШАҒЫМЫЗ НҰРЛЫ

ақстан жер көлемі жөнінен Ресей, Қытай, АҚШ, Австралия мен Үндістаннан кейін алтыншы орын алады. Сондығынан ғой, күмбір – күмбір көне күйімен толғауы тоқсан жырларымызда – «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы – күншілік,» — деп толғаған.

Дала төсінде жаңа өмір шуағын төгеді. Оның бауырындағы буырқанған жасампоз өмір тіршіліктің тоқтаусыз соғып жатқан жүрегіндей. Еңбеккері маңдай терін тамшылата төгіп жатса, сыршыл ақыны:

Боз жорға, боз інгенді, боз торғайлы,

Боз дала, ием саған, боз басымды!

– деп жүрек лүпілімен суарылған ақ қанатты жырына қосады. Ғылым адамзатқа қанат бітірді, ғаламат істерге бастады, ғажайып жаңалықтар ашты. Соның куәсі – адам көкзеңгір ғарышқа қадам басты, айға қонды, жұмыр жерді аялай айналып ұшты. Ал ғарышқа жол – Байқоңырдан от алғанын мақтан етпейтін кім бар? Ғарышқа қадам жасаған елдер қатарында біздің еліміздің де еңсесі биік, жалауы жоғары. Ғарышта елдің намысын мәртебелеп мерейін асырған, Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев егеменді елдің ғарышкерлері. Сондықтан ғой қай елдің адамы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиеттісі, ең аяулысы – Анасына балайды. Ғаламындағы ғажап тіршілігінің қасиетті мекенін сүймейтін адам болмайды.

«Отан – оттан ыстық», «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» — деп түйген халықтың қаһарманы Бауыржан батыр: «Отаның үшін отқа түс күймейсің», — дейді. Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға арқау болған батыр ұл – қыздары толып жатыр. Олар – атамекенін, туған елін жан аямай қорғап, ата- бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарғандар.

Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған. Батырлар жырындағы:

Атам күйеу болған жер,

Анам келін болған жер,

Кіндік қаным тамған жер,

- деген қарапайым жолдарда адамның туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігі мен терең де ыстық сезімі тамаша бейнеленген.

Қазақ батыр халық, ержүрек халық, намысшыл халық. Ел басына қиын – қыстау күн туғанда ерлері намыс отын жағып, туған топырағын қасық қаны қалғанша қорғағанына өткен тарих куә, кешегі сұрапыл заман куә.

XX ғасырдың сүргінін бастан кешіп, жаңа мыңжылдықтың табалдырығын жаңғырған қалпында аттаған Қазақстан өзінің барша төлтума болмысын, жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт-дәстүрін, қызық та қилы-қилы тарихын әлем халықтарының алдына жайып салып, құлдығы мен зорлығы жоқ жаңа өмірді жаңғырту үшін, еңбек пен мәдениетті жарастыру үшін, сұлулық пен парасаттың салтанат құруы үшін, жаппай келісімі жарасқан прогрессивті адамзатпен бір сапта болу үшін жаңаша өмірге қадам басты.

Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты. Бүгінгі Қазақстан — өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікіріне әлем саясаткерлері ықылас қоятын болды.

Егемендік алған жылдар ішінде өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын мемлекет құрылды, оның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі қамтамассыз етілді. Конституциялық жолмен мемлекеттік және саяси билік құрылымдарын жаңарту негізінде елдің демократиялық жолмен дамуының берік іргетасы қаланды. Елдің ішкі экономикалық жүйесі түбірімен өзгеріп, дамыған өркениетті елдердің ешқайсысынан кем түспейтін нарықтық қатынастар мен институттар құрылды. Соның негізінде Қазақстан дүниежүзілік экономикада өз орны бар елге айналды.

Он бес жыл ішінде қазақ халқының ұлттық санасы жаңғырып, өзін — өзі тану, өзінің бай ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін құрметтеу, ұлы тұлғаларын бүкіл дүниеге таныту, бай рухани қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруалар атқарылды.

Ең бастысы, қазақ халқымен бірге әр түрлі этностардың да отаны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық мәдениеттер мен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді.

Бүгінде Қазақстанның негізгі ұлтын қазақ халқы құрайды. Одан кейін славян халықтарының өкілдері орыс және украин халықтары. Сонымен қатар ең елеулі этносты құрайтындар өзбек. немістер және татар халықтары. Осы біздің елдегі халықтар басын біріктіріп, олардың ұлттық тегіне қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол еліміздің Ата Заңы, Конституциямыз.

Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған, қаншама мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде.

3. Реферат

Отан! – деген сөзім қандай әдемі!

Көзге елестер бүкіл қазақ әлемі.

Таңдандарды жан-жағымды — бай өлке,

Қарапайым, кең дастархан, әдебі.

Атам қазақ аңсағаны еркіндік,

Сақтау үшін азаттықты бекіндік,

«Қастығы жоқ қазақ» деген аңыз бар,

«Татулықтың символымыз » сертім нық.

Халқымның «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері – елін,жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан- ұрпаққа дарыса деген асыл арманы екен.Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден –ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Отанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы — Тұмар падишаның ерлік істері. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат. Сонда енді не бар?!» деп тұрсыңдар ғой… Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді-жерімді қорғадым, — деген Тұмар падиша осындай байтақ та бай дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғаған. «Тар қолтықтан оқ тисе, тартып олар қарындас» — деп қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан батыр қыздардың қазақта болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді.Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата-қонысының (этникалық территориясын) қалыптасуын; ұлттық мемлекттігіміз – қазақ хандығының құрылуы мен дамуын; отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын ойлаған хандар мен оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кеңес берген ұлы билер дәстүрлерін; ата-бабаларымыздың халқымызға тән шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, таңғажайып этномәдени үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке қосқан үлесін, батырларымыздың ел тәуелсіздігі мен ата-қоныс тұтастығын сыртқы жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға болады.

Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты талатын осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Жоңғарлардан даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі турала тарихи жырлар Исатай, Махамбетке байланысты мұралар, Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр-дастандар біздің ұлттық сана-сезімімізді көтереді.

Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды. Қазақтың соңғы ханы Кенесары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді. Қаша ұрыс салып жүргенде қапы кетті. Ханның басы қанжығада кете барды…

Ата дініміз ислам болғандықтан, мұсылмандық сабырлықпен, ұстамдылықпен соғысқан Кенесары жауынгерлері әуелі «Алла» деп, содан кейін «Абылай», «Ақжолтай» деп, өз ерлерінің қадірін бағалай біліп, ұранға айналдырғаны мәлім. Әруақтарын ұран қылғанда ол есімдерге Алланың ерекше нұры түскенін мойындап, сол арқылы сол кезде қажет рухани күштің әсерін сезінгендері белгілі. Бізге бүгін қажет жігерліктің, батырлықтың, біліктіліктің, адалдықтың, Отансүйгіштіктің мысалдары өткен тарихи оқиғаларымызда жатыр.

Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады.Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екні сөзсіз.

Айдын шалқар, күміс сулы бұлағым,

Жасыл –желек ат көрінбес құрағым.

Мыңғырған мал даласында жайылған,

Бабалардың болған сондай тұра

1234
скачать работу

Тәуелсіздікке – 20 жыл! БҮГІНІМІЗ БАЯНДЫ, БОЛАШАҒЫМЫЗ НҰРЛЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ