Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тәуелсіздікке – 20 жыл! БҮГІНІМІЗ БАЯНДЫ, БОЛАШАҒЫМЫЗ НҰРЛЫ

ғы.

Бұхар, Қоқан бұл байлыққа қызықты,

Орыс патша арам ойлы бұзықты.

Қорған салып, жерін алып, қуса өзін,

Сонда көрген сорлы қазақ шыжықты.

Қазақта жер қалмады патша алмаған,

Елін, жерін, малын тегіс жалмаған.

«Қойға тиген қасқырдай» боп қазақтың,

Отаршылдық қыр соңынан қалмаған…

Халық басына осындай қиын-қыстау заман зары туған шақта, қазақ қауымының бас көтерген батыр да ержүрек перзенттері елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалды.

Абай, Шоқан, Ыбырай дәуірін қылыштан гөрі қаламның қуатты екенін дәлелдейді. XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басын ала бере тарих сахнасына қазақтың оқығандары шықты. Ол кезде Отанымызда кеңестік кезең орнаған еді. XX ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысында күшейген Сталиндік әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамның тарихи заңдылықтарына қайшы келетін эксперименттер жасағанын бірінші кезекте айтар едік. Олар бүкіл КСРО-ны, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды Бұл эксперименттердің басты бағыттары мынадай болды: ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және соның негізінде байлар мен ауқатты шаруаларды тап ретінде жою; аса тез қарқынмен елді индустрияландыру (бұл шара негізінен колхоздарға зорлап кіргізілген шаруаларды аяусыз қанау есебінен жүргізілді); мәдени-рухани салада, демографиялық саясатта, ұлт мәселесінде жергілікті (ұлт аймақтарындағы) халықтарды орыстандыру; қоғамдық саяси өмірдің негізгі салаларында тек қана комунистік идеологиялық үстемдігін орнату.

Осылардан туындайтын және басқа да ірілі-ұсақты шаралар болды.Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырған халыққа жат саясат аса зор, қасіретті зардаптар әкелді: жаппай отаршылдықтың салдарынан қазақ халқының жартысына жуығы қырылды; өзінің атамекенінен басқа елдерге ауа көшті, тіл мен діл, дін мен ұлттық сезім, таным жойыла бастады;қазақ халқы өз жерінде ұлттық азшылыққа айналды…

Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдар алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды. Сұлтанмахмұттың «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз» деп жапанға жар салатын кезінде ұлт зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел боламыз?- деп ойын он саққа, қиялын қырық саққа жүгіртіп еді. Сонда Әлихан Бөкейхан «Автономия, бізге керегі – автономия!» деп қайта-қайта шырылдап, телеграмма салумен болды. Сондағы ойы «мемлекет құрып алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының бәрі болады» деген асыл арман-ды. Қазақ автономиясын жариялағанда алаштың арыстары «міне, ел болдық, еркіндік өз қолымызға тиді» деп бөркін аспанға атты. Алайда, бұл қуаныш ұзаққа бармады. Қазақтың еркіндігінен қорыққан қызыл империя көсемдері алаш туы астына бірікендердің бәрін біртіндеп құртты. Ең алдымен Жүсіпбек Аймауытовты атты. Қалғандарын, қияндағы Шәкәрімнен бастап қаладағы қазақ оқығандарын түгел қырды. Мұстафа Шоқай шетел асты… Алашорда партичсына мүше болғандардан жалғыз Мұхтар Әуезов қана аман қалды… Алаш деген сөзді тарихи санадан өшіру әрекеті басталды. Дүниедегі ең жек көрінішті сөзге айналдыруға тырысушылардың «еңбегі» зая кеткен жоқ. Әлі күнге дейін кейбіреулер алаш дегенде селк ете қалады… Қазақтың өз билігі өз еркінен кеткен соң қара халықты қалай қорлаймыз деп қызыл империя аса қиналған жоқ.

… 32-33-тің ашаршылығы қолдан жасалды.

… 36-37-нің қырғыны әдейі істелді.

1937-1938 жылдары яғни, бір жылдың ішінде 125 мың қазақ зиялысы қырылған. Жоғары білімді қазақтың бетке ұстайтын азаматтарының бар кінәсі — көзі ашық болғаны, өз ұлтының намыс-сезімін жақтағандары ғана. Бүгінгі ұлттық сана-сезіміміздің құны осыншама құрбандықпен келгенін есте сақтағанымыз жөн болар еді. Осы асыл азаматтардың үзілген жас, қыршын өмірлері, орындалмаған үміттері, армандары бізге аманат сияқты болып көрінеді.

«Мен үшін Отаныма адал солдат болудан артық бақыт жоқ», — деп Ислам Жеменей айтқандай, Отан қорғау жолында 1941-45 –ші жылдары ең көп қырылған қазақ солдаттары еді. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 196 мың адам қару асынып, майданға аттанды. 700 мың адам еңбек армиясының сапында болды. Соғыстан тек 410 мың Қазақстандық жауынгер ғана оралды.

Осыншама нәубеттің ішіндегі ең сұмдығы – 1949 жылдан қазақ халқы атом полигондарының сынағына тасталды. Қазақ қоян құрлы болған жоқ. XX ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел қазақ көрген азапты көрген жоқ. Аяулы Отаным — Қазақстан – ядролық қарудың қасіретін әлем бойынша ең көп тартқан ел. Оның талай ғасырға жететін тарихын қозғасақ, бабалардың басынан кешкенін көзге елестетсек, көздің жасын тия алмаспыз. Қазақстан ядролық инфрақұрылымнан құтылуды әлемге айғақ еткен, әлемге Қазақстанды бейбітшілікті сүйетін ел ретінде танытқан, еліме тәуелсіздіктің туын желбіреткен елбасы Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз ұшан-теңіз. Атом сынағынан аман өттік, бұл заманға да жеттік. Аяулы Отаным — Қазақстан жерін бабаларымыз ерлікпен қорғап бізге қалдырған, кейінгі ұрпағыма «Асыл мұрам, ал балам» деп айту үшін, бізге тұтас уланбай, жоғалмай, өртенбей, сынбай-жанбай, ауыр азап, қиын-қыстау кезеңдерді бастарынан өткізген екен. Халқымыз сол заманнан бері –ақ, елінің елдігін, жерінің байлығын сақтап қалу жолында талай ержүрек, ақылды, шешен де білгір азаматтарының бастауымен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген қағидаларды сақтап, «Абылайдың ақ жолы», «Нұрсұлтан ағамыздың нұрлы шапағатына» ұласып отырғанын көріп отырмыз. Әрбір адам баласын тіршілік етіп, өзін-өзі асырап отырғаны, ұрпағын қалдырып, дамып жатқаны осы Отанның арқасында. Отан сүйгіштік кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен өмір тәжірибесін халық мүддесінің игілігіне,кір жуып кіндік кескен жеріне деген ыстық махаббаты оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім.

Мәселен, М. Әуезов «Отан –анам. Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іскер күшім жоқ», дейді. Ал, В.А.Сухомлинский: «Отан — өз бесігің, өз үйің, өз бесігіңді ұмытпа»,- дейді. (4,254 б). К.Г. Паустовский: «Адам жүрексіз өмір сүре алмайтын болса, Отансыз да өмір сүре алмайды.», — дейді. И.С. Тургенев: «Отансыз бақыт жоқ, кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы — туған жер», — дейді. (5, 489б). Ал, Ж.Ж. Руссо: «Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспеншілік туғызған»,- дейді. Ф.М. Достоевский: «Өз Отаныңның мүддесін қорғап, өміріңді құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ», — дейді. (6, 101б). Л.Н. Толстой: «Отан халықтың өткені мен бүгіні және келешегі», — дейді. (3, 287б). Осындай небір ұлағатты, қасиетті сөздер көзі ашық, көкірегі ояу азаматқа рух берері сөзсіз. Қаны қандас, тілі тілдес, дініміз де тіліміз де бірдей бауырлас аға мыз Расул Гамзатов өзінің әкесінде Шамильдей ерлерінің бір хатының сақталғанын айтады. Онда былай деген екен: «Менің таулықтарым! Өздеріңнің жалаң жабайы жартастарыңды сүйіңдер, оны сақтаңдар, ол үшін күресіңдер. Сендердің қылыштарыңның шыңылы менің бейіттегі ұйқымды тәтті қылар». Ал, Отансүйгіштік туралы айтылған ақын тебіреністері де бірінен-бірі асып түседі.

«Отанның намысы үшін оттан қашпа,

Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа.

Тайсалма бар Отанның құрбаны бол,

Өмірің орынсыз боп кетпес босқа».

О, дариға, алтын бесік — туған жер,

Қадіріңді келсем білмей кеше гөр

Отан!

Қайсар ар-намысым, жайсаң іңкәр шапғым

Перзентке жүктеген қорғанысын,

Сен намыстың ну қалың орманысың.

Сол үшін шыңнан заңғар атағың

Тұлғасына табындырған,

Алыс жүрсем сабылтып, сағындырған,

Менің ұлы әкем сенсің, Отаным!

та Заң — алтын тұғырымыз

Кері қарай

 

Қазақстан өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырды.

Елiмiзде жүргiзiлген үлкен-үлкен өзгерiстердiң нәтижесiнде қазiргi күнi елiмiз өзгелермен терезесi тең, тұрақты даму жолына түскен елдердiң қатарына қосылды. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында, әсiресе, Қазақстанның құқықтық мемлекет ретiнде танылуына ерекше мән берiлдi. Құқық қорғау жүйесi реформаларды бастан өткердi. «Басты құндылық—адам және адам құқығы» деген қағида негiзгi ұстанымға айналды.

Тәуелсiз Қазақстанның сот саласы да кейiнгi жылдары реформаланды. Нәтижесiнде соттардың iстердi қарау тәртiбi халықаралық талаптарға сәйкестендiрiлдi. Азаматтардың сот орындарына деген сенiмi де жылдан-жылға артып келедi. Мәселен, биыл жыл басынан берi  облыстағы аудандық және олармен теңестiрiлген соттармен 14910 азаматтық iс қаралып, оның iшiнде 10222 iс бойынша шешiм шығарылған. Ал, өткен жылдың осы мерзiмiнде 13 609 iс қаралып, оның 9373-iне шешiм шығарылған екен. Өткен жылмен салыстырғанда биыл қаралған азаматтық iстердiң саны 1301 iске немесе 8,7 пайызға артқан. Ал, шешiм шығарумен аяқталған iстердiң саны 849-ға (8,3 пайызға) көбейген. Азаматтық iстер жыл санап көбейгенiмен, олардың қарау сапасы жақсарып келедi. Мәселен, биылдың алты айында апелляциялық сатыда бұзылған және өзгертiлген шешiмдердiң саны өткен жылмен салыстырғанда 18 iске азайып отыр. Ал, қадағалау тәртiбiмен бұзылған шешiмдердiң саны былтырмен салыстырғанда 27 шешiмге кемiген. Яғни, аталған мерзiм iшiнде шешiмдердiң бұзылу көрсеткiштерi едәуiр азайғаны (жалпы 47 шешiмге) байқалуда.

Сондай-ақ, сот реформасының нәтижесiнде қылмыстық iстердi қарау  алқабилердiң қатысуымен жүргiзiлуде. Жалпы, заңда көзделген жағдайда қылмыстық iстi жүргiзу алқабилердiң қатысуымен жүзеге асырылатындығы Ата Заңымызбен бекiтiлген болатын. Сондықтан да, республикада бұл туралы арнайы заң қабылданып, ауыр қылмыстық iстердi алқабилердiң қатысуымен қарау сотталушының өтiнiшi н

1234
скачать работу

Тәуелсіздікке – 20 жыл! БҮГІНІМІЗ БАЯНДЫ, БОЛАШАҒЫМЫЗ НҰРЛЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ