Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Технологиялардың әлемдік нарығы

ну құнын өндіретін, еңбек қызметінің алуан түрлерін көрсететін сала түрінде түсіндіріледі. Қызмет көрсету аясының тез өсуі, экономикалық өркендеуінің жоғары дәрежесімен және халықтың өмір деңгейінің дәрежесінен көрінеді. Бұдан басқа халықаралық еңбек бөлінісі қызметтердің жаңа түрлерінің, ең алдымен қызмет көрсету аясындағы қызметтердің жаңа түрлерінің пайда болуына әкеледі.

Сауданы ырықтандыру туралы халықаралық келіссөздер жүргізу кездерінде, өзіне қызмет көрсетудің 600-ден аса түрін енгізетін сыртқы сауда ұйымдарының жіктелуі пайдаланылады. Қызметтер жіктелуін әлемнің басым көпшілік елдері таныған және БҰҰ-да қабылданған, халықаралық стандартталған өнеркәсіп жіктелуіне негізделген.

Тауарлар мен қызметтер нарығы және олармен сауда жасау аралығында сапалық айырмашылықтар өмір сүреді:

-    біріншіден, тауарлардан қызметтердің айырмашы-лығы сезілмейді және көрінбейді;

-    екіншіден, қызметтер негізінен бірмезгілде өндіріледі және қолданылады, сақтауға жатпайды. Сондықтан қызметтердің басым көпшілік түрлері тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы тікелей байланыстарға негізделеді;

-    үшіншіден, көрсетілген қызметтер арқылы жасалатын халықаралық сауда, оларды өндірумен тікелей байланысты. Шетелдерге тауарлар жеткізу үшін, нарықтарға талдау жасаудан басталып, тауарларды тасымалдаумен аяқталатын қызмет көрсетудің  барлық түрлері қатыстырылады. Қызметтер арқылы жасалатын халықаралық сауда, капиталдардың халықаралық сауда, капиталдардың халықаралық қозғалуымен, жұмыс күштерінің нарығында орналасуымен тығыз байланысты өзара әрекет етеді;

-    төртіншіден, тауарлардан өзгешілігі, қызметтердің барлық түрлері шаруашылық жүргізудегі халықаралық айналымға кең түрде қатыстыру үшін жарамды емес болып саналатындығы, мысалы, жеке тұтыну үшін қызметтер және т.б;

-    бесіншіден, қызмет көрсету аясы, метериалдық қызмет аясына қарағанда, негізінен шетел бәсекесінен мемлекет арқылы көбірек қорғалады.

Сатылатын қызметтер түрлі белгілері бойынша топтастырылады.

Қызмет көрсету көпшілік жағдайларда, тауарларды сатумен немесе белгілі бір елдерде қаржы салуды жүзеге асырумен бірмезгілде болады. Сондықтан:

-    инвестициялармен байланысты банкілік, қонақ үйлердегі және кәсіптік қызметтер;

-    саудамен байланысты көлік, сақтандыру қызметтері;

-    бірмезгілде инвестициялармен және саудамен байланысты байланыс, құрылыс, компьютерлік және ақпараттық қызметтер бөліп көрсетіледі.

Экспорттық қызметтер көлемінің жартысынан көбі халықаралық көлік пен халықаралық жеке іскерлік сапарлар үлесіне келеді. Қызметтердің құндық көлемінің 75%-на жуығына индустриялды дамыған елдер, 24%-ын дамушы елдер және 1%-ын халықаралық ұйымдар пайдаланады. ССҰ (ВТО) секретариатының берген бағалары бойынша қызметтердің әлемдік экспортының 16,2%-ы АҚШ — тың үлесіне келеді, Францияға 10,2%, Италияға 6,5%, Германияға 6,4%, Ұлыбританияға 5,5%, Жапонияға 5%, тиеді Соңғы жылдары туризмнің үлесі арта түсуде, басқа қызметтердің көлемі өсуде. Жергілікті нарықта қызмет түрлерін көрсетушілерден басып озушылық пен шетел фирмаларының нарыққа кіру мүмкіндігін шектеу немесе тыйым салу мына тармақтардан тұрады:

1. Қызметтермен сауда жасауды шектеу;

2. Шетел қызметтері импортына сандық квота енгізу;

3. Ішкі нарықта шетел компанияларының фирмаларын құруды шектеу;

4. Қызмет көрсетулердің алға жылжуын шектеу;

5. Көрсетілген қызметтердің тұтынушыларға жылжуын шектеу

Қызметтермен халықаралық сауда жасайтын бүгінде қырықтан аса халықаралық ұйымдар: ГАТТ БСҰ (ВТО) ОЭСР, ЮНК-ТАО және т.б. бар.

ТМД аймақтарындағы қызмет көрсету саласының бүгінде  дамуын, экономистер бұл аймақтағы саяси жағдайдың тұрақсыздығымен, өтпелі кезеңмен байланыстырады. Қазақстан Республикасында бұрын дамымаған немесе нашар дамыған қызмет түрлері дамуда, мысалы, ғылымды көп қажетсінетін тауарларды, шетел тауарларын, жабдықтарды, машиналарды және т.б. сатудан кейінгі қызмет көрсетумен байланысты қызметтер және т.б.

12
скачать работу

Технологиялардың әлемдік нарығы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ