Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Технологиялардың әлемдік нарығы



 Другие рефераты
Елдер дағдарысы Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде Халықаралық валюта – несие қатынастары Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі түрлері

 

Технология бұл, өнімдердің технологиясы, технология процесі және басқару технологиясы сияқты үш негізгі топ кіретін іс-тәжірибелік мақсаттарға қол жеткізудің ғылыми әдістері. Заттанған (жабдықтар, агрегаттар, құралдар, технологиялық желілер) және заттанбаған  (әртүрлі тектегі техникалық құжаттамалар, білім, тәжірибе ) формадағы интеллектуалдық қызметтің нәтижелері технологиялардың әлемдік нарығының объектілері болып саналады.

Мемлекет, университеттер мен фирмалар және жеке тұлғалар технологиялар әлемдік нарығының субъектілері болып саналады. Технология өзінен-өзі тауар болып саналмайды, ол белгілі бір жағдайларды ғана тауар бола алады. Мәселен, жоғарғы технологиялы тауарлармен, капитал сыйымды тауарлар мен халықаралық сауда жасау  жағдайында әлемдік экономикадағы тауарлармен өндірістің басқа да факторлары технологиялардың таратушылары болып қатысуы мүмкін.

Идеяларды коммерцияландыру нақты сезілгенде, сараптау жүргізілгенде, оны пайдалануға болатын салалар айқындалған кезде ғана технология тауарға айналады.

Технологиялардың халықаралық берілуі — бұл ғылыми-техникалық жетістіктердің коммерциялық немесе өтеусіз негіздегі мемлекет аралық орналасуы болып табылады. Халықаралық технологиялық айырбасқа – ғылым, техника, өндіріс және басқару сияқты адамның өмірлік қызметінің барлық аясы кең түрде тартылған. Технологиялардың халықаралық берілуі құқықтық қорғаумен, бір немесе бірнеше құқықтық құралдармен, яғни патенттермен, лицензиялармен, копирайттармен, тауар белгілерімен қамтамасыз етіледі.

1. Патент – жаңалықты пайдаланушының (монополиялық) құқын растаушы және құзырлы үкімет органдарының өнертапқышқа (жаңалық енгізушіге) беретін куәлігі. Іс жүзінде тауарлардың барлығы патенттелген болып саналады. Патент күшінің мерзімі 15-20 жылмен шектеледі және ол берілген елдің аумағында ғана әрекет етеді. Патентті ұстап тұру үшін, заңдар жоғары патенттік салымдарды уақытылы төлеп отыруды талап етеді, сондықтан да патент иелері жаңалықтарды коммерциялық мақсатқа пайдалануға болатын елдегі оны пайдалану құқына маңызды түрде артықшылық береді.

2. Лицензия – технологияға иелік етушілердің (лицензиялар) қорғалған немесе қорғалмаған патенттермен оған мүдделік танытушы (лицензиат) жақтарға осы технологияларды белгілі бір уақытқа және белгілі бір ақыға беретін рұқсат.

3. Копирайт — өз өнімдерін шығару және әдеби, аудио немесе бейне шығармаларды көрсетуге автордың эксклюзивті құқығы.

4. Тауар маркасы (таңбасы) — иесінің ресми рұқсатынсыз басқа ұйымдар пайдалана алмайтын және тауар өндірушіні даралап тұру үшін қолданылатын, белгілі бір ұйымдардың белгісі. Бұл негізінен сурет, кескінді бейнелер, әріп тіркестері және т.б. болып келеді.

Технологиялардың берілісі мынадай негізгі формаларда жүзеге асады:

а) патенттік келісім — патент иесінің патентті сатып алушының жаңалықты пайдалануына өзінің құқын беруі арқылы жасалатын халықаралық сауда келісімі;

ә) лицензиялық келісім — жаңалықтың иесі немесе техникалық білімдер екінші жаққа белгілі бір шекте өзінің құқықтарын технологияға беретін, халықаралық сауда келісімі;

б) “ноу-хау”- технологиялық, экономикалық  қаржылық сипаттағы мәліметтерден тұратын техникалық тәжірибе мен өндіріс құпияларын беру;

в) инжиниринг — сатып алынған немесе жалдауға берілген  машиналарды алу, құрастыру және пайдалану үшін қажетті технологиялық білімдердің берілуі.

Ғылыми – техникалық жарияланымдар, жеке байланыстар арқылы зерттеу нәтижелерімен алмасу, өндірістік — техникалық жетістіктермен өзара танысу, көрмелер, ғылыми конференциялар және т.б. технолгияларды берудің коммерциялық емес формаларына жатады.

Жаңа технологияларды жасаудың басты мақсаты — өндірілген өнімдердің әлемдік нарыққа еркін өтіп, бәсекелестікте басқаларды артқа тастауы болып саналады.

Технологиялардың халықаралық берілуіне мелекеттік реттеу мен бақылауды енгізу мынадай себептерден туындауы мүмкін:

-    технологиялық тепе-теңдікті ұстап тұруға деген ұмтылыс;

-    ұлттық қауіпсіздік;

-    халықаралық келісім шарттары және т.б.

Технологияларды сыртқа шығару мен әкелуді тікелей мемлекеттік реттеу сараптық бақылау органдары мен кедендік және шекаралық бақылау әдістері арқылы жүзеге асырылады. Жанама реттеулер патенттер мен сауда белгілерін тіркеудің мемлекеттік жүйесі арқылы іске асады.

Қызмет көрсетудің әлемдік нарығы. Тауарлардың, капиталдардың, жұмыс күштерінің, технологиялардың әлемдік нарығы, сондай — ақ қызмет көрсетудің әлемдік нарығы өмір сүреді және өзара байланыста әрекет етеді. Қызметтер – бұл бақа институционалдық  бірліктермен өзара келісімдер кезінде және іс-әрекеттер нәтижесінде болған, институционалды бірліктердің ережелеріндегі өзгерістер.

Қызметтер көрсету тауарлармен халықаралық сауда жасаудан кейін ғана барып дами бастады. Осыдан 3,5 мың жылдан аса бұрын, басқа елдердің саудагерлері үшін тауарлар саудасымен айналысқан финикиндіктер қызмет көрсетудің алғашқы негізін салды, мысалы философ Пифогор мен тарихшы Геродот дүниені танып-білу мақсаттарымен басқа елдерге сапар шекті.

Әлемдік шаруашылықтағы аса ауқымды әрі тез өсіп отырған қызмет көрсету саласы қызметтердің әлемдік нарығының негізі болып саналады. Еңбектің тұты

12
скачать работу


 Другие рефераты
Синергетический подход к анализу и управлению социальными системами
Социально-культурное творчество – эффективное средство социализации личности
« Ғылыми-техникалық прогрестің даму бағыттары мен ерекшеліктері »
Бұршақ тұқымдасы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ