Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тікелей салықтар: корпорациялық табыс салығы

қ салынатын табысы 30%-тік ставка бойынша салық салуға жатады.

Негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық  төлеушінің  салық салынатын табысы 10%-тік ставка бойынша салық салуға жатады.

Резидент еместердің ҚР-ғы көздерден алынатын табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен 15%-тік ставка бойынша  салық салуға  жатады.

ҚР-да тұрақты мекеме  арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығының үстіне белгіленген тәртіппен 15%-тік ставка бойынша салық салуға жатады.

Салық салынатын табысты түзету

Салық төлеушінің салық салынатын табысынан салық салынатын табыстың екі % шегінде мынадай шығыстар алып тастауға тиіс:

1.      Әлеметтік сала объектілерін ұстауға салық төлеушінің нақты жұмсаған шығыстары;

2.      Коммерциялық емес ұйымдарға өтеусіз берілген мүлік;

3.      Жеке тұлғаларға ҚР заңдарына сәйкес берілген атаулы әлеуметтік көмек;

Мүгедектердің еңбегін пайдаланатын салық төлеушілер салық салынатын табысты мүгедектің еңбегіне ақы төлеуге шығарылған шығыстар сомаларынан 2 еселенген және мүгедектерге төленетін жалақы мен басқа да төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасынан 50% мөлшеріндегі соманы азайтуға құқығы бар.

Салық төлеушілер салық салынатын табысты 3 жылдан артық мерзімге  берілген негізгі  құралдардың қаржы лизингі бойынша алынған сыйақы сомасына, кейіннен оларды лизинг алушыға бере отырып, азайтады.

Салық төлеушінің амортизациялық аударымдарды есептен шығаруға заңға сәйкес жүргізілген, пайдалануға алғаш енгізілген тіркелген активтерді 3 жылдық кезеңге аяқталғанға дейін өткізген жағдайда жасалған қосымша шегерім сомасы салық төлеушінің тіркелген активтерді өткізген салық кезеңіндегі салық салынатын табысын арттыруға қатысты болады.

7.2. Корпорациялық табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі

Корпорациялық табыс салығы салық кезеңi үшiн белгiленген ставканы ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысқа жүргiзiлген түзетулердi ескере отырып қолдану жолымен есептеп шығарылады. Салық төлеушiлер белгіленген мерзімде аванстық төлемдердi енгiзу жолымен салық кезеңi iшiнде корпорациялық табыс салығын төлейдi.

Салық кезеңi iшiнде төленетiн корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын салық төлеушi ағымдағы салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығының болжамды сомасын негiзге ала отырып, бiрақ егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есебiндегi аванстық төлемдердің орташа айлық есептелген сомаларынан кем емес етiп есептеп шығарады.

Өткен салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген iс жүзiндегi салық мiндеттемесiнiң сомасы өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есебiндегi аванстық төлемдер сомаларынан асып кеткен кезде, салық төлеушi өткен салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген iс жүзiндегі салық мiндеттемесi мөлшерiн негiзге ала отырып, декларация тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн аванстық төлемдер сомаларын есептеуге мiндеттi.

Салық төлеушi төлеуге тиiс аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi iшiнде тең үлестермен төленедi.

Салық төлеушi корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының есебiн жасап, есептi салық кезеңiнің 20 қаңтарына дейiн салық төлеушiнiң тiркелген орны бойынша салық органына табыс етедi.

Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейiн төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының есебiн салық төлеушi декларацияны тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бірақ есептік салық кезеңінің 20 сәуірінен кешіктірмей табыс етедi.

Салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша залал шеккен немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде, сондай-ақ жаңадан құрылған салық төлеушілер құрылған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде салық кезеңi iшiнде төленуге тиiс аванстық төлемдердiң болжамды сомасының есебiн салық органына табыс етуге мiндеттi.

Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде, өткен салық кезеңi үшiн декларация тапсырғанға дейiн төленуге тиiс аванстық төлемдердiң сомаларын қоспағанда, түзетудің себептерiн жазбаша негiздей отырып, салық кезеңiнiң алдағы айлары үшiн аванстық төлемдер сомаларының түзетiлген есебiн беруге құқылы.

Салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығын төлеудi өзiнiң тұрып жатқан орны бойынша жүзеге асырады.

Салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке белгiленген салық кезеңi iшiнде, анықталған мөлшерде ағымдағы айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын төлеп тұруға мiндеттi.

Салық кезеңi iшiнде енгiзiлген аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларация бойынша есептеп шығарылған корпорациялық табыс салығын төлеу есебiне жатқызылады.

Салық төлеушi салық кезеңiнің қорытындысы бойынша корпорациялық табыс салығы бойынша түпкiлiктi есеп айырысуды (төлемдi) декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады.

Күнтiзбелiк жыл корпорациялық табыс салығы үшiн салық кезеңi болып табылады.

Егер ұйым күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылса, оның құрылу күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады.

Бұл ретте ұйымның оның уәкiлеттi органда мемлекеттік тiркеуге алынған күнi оның құрылған күнi болып саналады.

Егер ұйым күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.

Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, өзiнiң құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады.

Арнайы салық режимiн қолданатын заңды тұлғаларды және Қазақстан Республикасындағы төлем көздерiнен тек қана төлем көздерiнде салық салынуға тиiс табыс алатын және қызметiн Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместердi қоспағанда, корпорациялық табыс салығын төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

Корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларация декларациядан және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер туралы ақпараттарды ашу жөнiндегi қосымшалардан тұрады.

Резидент емес шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктері.

ҚР заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және өздерінің  тиімді басқару орны ҚР-да орналасқан өзге заңды тұлғалар резиденттер деп танылады.

Негізгі басқаруды жүзеге асыратын және заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажет стратегиялық коммерциялық шешімдерді қабылдайтын орын тиімді басқару орны  (нақты басқару органы) деп танылады.

Резидент еместің тұрақты мекемесі болып:

1.      тауарларды өндірумен, ұқсатумен, жинақтаумен, орап-буумен, жеткізумен, өткізумен байланысты қызмет жүзеге асырылатын кез-келген орын;

2.      резидент еместің кез-келген басқару орны, филиалы, бөлімшесі, өкілдігі, бюросы,агенттігі, фабрикасы, цехы, дүкен, қоймасы т.б.;

3.      табиғи ресурстарды өндірумен байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген орын: шахта, кеніш, мұнай және газ скважинасы, каръер, жер үсті немесе теңіз мұнаралары және скважиналары;

4.      ойын автоматтарын, компьютерлік желілерімен байланыс арналарын, аттракциондарды, көлік немесе өзге де инфрақұрылымды пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген тұрақты орын резидент еместің ҚР-ғы тұрақты мекемесі деп танылады.

Резидент еместердің ҚР-ғы көздерден алатын табыстары болып:

1.      ҚР-да тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан,қызмет көрсетуден түскен табыстар;

2.      Нақты қызмет көрсетілген жеріне қарамастан, тұрақты мекеме арқылы ҚР-да қызмет атқаратын және осындай тұрақты мекемемен  байланысты резиденттерге және резидент еместерге  көрсетілген басқару, қаржылық, консультациялық, аудиторлық, маркетингтік заңдық, агенттік, ақпараттық қызмет көрсетуден алынатын табыстар;

Резидент емес заңды тұлғаның ҚР-ғы тұрақты мекемемен байланысты емес табыстарына белгіленген шегерімдерді жүргізбестен төлем көзінен табыс салығы салынуы тиіс.

Мемлекеттік бюджетке төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және төлеу бойынша міндет пен жауапкершілік табыстарды төлеуші тұлғаға жүктеледі. Осындай тұлға салық агенті болып табылады.

Резидент еместердің ҚР-ғы тұрақты мекемеге байланысты емес, көздерден алынатын табыстарының төлем көзіне мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:

1.      дивидендтер, қатысу үлесінен түскен табыстар және сыйақылар-15%;

2.      тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйақылары-10%;

3.      тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйақылары -5%

4.      халықаралық тасымалдарға көлік қызметін көрсетуден түскен таб

123
скачать работу

Тікелей салықтар: корпорациялық табыс салығы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ