Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тікелей салықтар: корпорациялық табыс салығы

ыстар-5%

5.      ҚР-ғы көздерден алатын табыстар-20%

Резидент емес заңды тұлғаның табысына тұрақты мекеменің қызметіне байланысты табыстың барлық түрлері жатады.

ҚР-да тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтің табыстар алуға тікелей байланысты шығыстар ҚР-да не одан тыс жерлерде жасалғанына қарамастан шегірімге жатады.

Резидент емес заңды тұлғаның ҚР-да тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырған қызметінен алынған таза табысна -15% ставка бойынша салық салынады.

Есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы алып тасталған салық салынатын табыс таза табыс деп танылады.

 

ТҮЙІН

Корпорациялық табыс салығы түрлі жеңілдіктер, төмендетулер және санкциялар арқылы әсер ететін салықтық реттеудің негізгі құралы болып табылады.

Корпорациялық табыс салығын төлеушілерге ҚР ҰБ мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ҚР резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе ҚР-дағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады.

Табыс салығының салық салу объектілеріне: салық салынатын табыс; төлем көзінен салық салынатын табыс; ҚР-да  қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табыс жатады .

Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде анықталады.

Салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке белгiленген салық кезеңi iшiнде, анықталған мөлшерде ағымдағы айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын төлейді.

Салық төлеушінің  салық салынатын табысы 30%-тік ставка бойынша салық салуға жатады.

Негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық  төлеушінің  салық салынатын табысы 10%-тік ставка бойынша салық салуға жатады.

Резидент еместердің ҚР-ғы көздерден алынатын табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен 15%-тік ставка бойынша  салық салуға  жатады.

ҚР-да тұрақты мекеме  арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығының үстіне белгіленген тәртіппен 15%-тік ставка бойынша салық салуға жатады.

 

Өзіндік жұмыс үшін сұрақтар мен тапсырмалар

 Тест сұрақтары

1. Салық салынатын табыс:

а) шығындар мен кірістер арасындағы айырма ретінде анықталады;

б) барлық табыстардың сомасы ретінде анықталады;

с) ЖЖТ пен шығындар арасындағы айырма ретінде анықталады;

д) ЖЖТ пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде анықталады;

е) барлық кірістер ретінде анықталады.

2. Тауарларды (жұмыстар, қызметтер) сатқаннан түскен табыстарға:

а) үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды және амортизацияға жатпайтын активтерді сатқан кездегі құн өсімінен түскен табыстар;

б) ҚҚС қоса алғанда сатылған тауарлардың, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің құны;

с) сатып алынған тауарлар жіне жұмысшыларға төленетін табыстар мен өтемақылар бойынша міндеттелер;

д) ҚҚС қоспағанда сатылған тауарлардың, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің құны;

е) негізгі қарыздарды талап ету мен  қарыз алушыға төленетін сома арасындағы оң айырма ретінде анықталатын табыс.

3. Қарызды есептен шығарудан түскен табыс болып:

а) негізгі қарызды талап ету мен қарыз алушыға төленетін сома арасындағы оң айырма ретінде алынатын табыс;

б) кредитордың салық төлеушінің міндеттемесін есептен шығаруы;

с) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) алынған кезде туындайтын және олар туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған міндеттемелер;

д) дебитордың салық төлеушінің міндеттемесін есептен шығаруы;

е) бұрын күмәнді деп танылып, шегерімге жатқызылғын және келесі салық кезеңінде қайтарылған талаптар сомасы табылады.

4. Қандай жағдайларда тауарларды сатқаннан түскен табыс түзетуге жатпайды:

а) тауарларды тұтастай немесе жартылай қайтарған кезде;

б) мәміленің шарты өзгерген жағдайда;

с) ҚҚС қоса алғанда сатылған тауарлардың, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің құны;

д) баға өзгерген жағдайда;

е) сатылған тауарлар (жұмыс, қызмет) үшін төленетін  өтемақылар.

5. Қандай шығындар ЖЖТ алынатын шегерімдерге жатқызылады:

а) ЖЖТ табуға байланысты емес шығындар;

б) құрылысқа жұмсалатын және тіркелген активтерді сатып алуға және басқа да ірі көлемдегі шығындар;

с) сақтандыру сыйақылары бойынша шығындар;

д) бюджетке төленетін айыппұлдар мен өсімпұлдар;

е) шегерімге жатқызылатын нормадан тыс жөндеуге кеткен шығындар.

6. Тіркелген активтер шегерімге жата ма:

а) тіркелген активтер құны шегерімге жатады;

б) тіркелген активтер құны олар бойынша амортизациялық аударым есептеу ақылы     шегерімге жатады;

с) тіркелген активтер құны шегерімге жатпайды;

д) амортизациялық аударым есептелмей-ақ, тіркелген активтер құны шегерімге жатады;

е) негізгі құралдардың құны шегерімге жатады.

7. ЖЖТ алынып тасталынатын салықтарға төмендегілер жатады:

а) ҚҚС мен акциз;

б) жер салығы

с) мүлік және көлік құралдарына салынатын салықтар;

д) әлеуметтік салық;

е) жеке табыс салығы.

8. Амортизацияға жатпайтын тіркелген активтерге мыналар жатады:

а) жер;

б) үйлер, құрылыстар;

с) өтпелі құрылғылар;

д) қызмет түрлеріне байланысты жұмыс машиналары мен жабдықтар;

е) көпжылдық өсімдіктер.

 

 

Есептер

№1

Кәсіпорын есепті жылда келесі көрсеткіштерге қол жеткізді:

- тауарды өткізуден түскен түсім – 5 700 мың тг, ҚҚС қоса алғанда;

- қызметкердің босануына байланысты демалысына  80 мың тг төленген;

-  300 мың тг дивиденд алынған;

- ғимаратты жалға беруден түскен табыстар – 500 мың тг;

- өтеусіз алынған мүлік – 650 мың тг;

- қызметкерлердің іссапар кезіндегі шығыстары – 400 мың тг;

- жалақы қоры – 700 мың тг;

- салықтар бойынша шегімдер – 120 мың тг.

КТС мөлшерін анықтаңыз?

 

№2

Мына негізгі құралдардың бастапқы құны белгілі болғанда, 3 жылғы амортизациясын анықтаңыз:

1.      Компьютер – 120 мың тг;

2.      Көшіру– көбейту техникасы – 80 мың тг.

 

№3

«Ирбис» ЖШС 2005 жылы келесі көрсеткіштерге қол жеткізді:

1. Тауарды өткізуден түскен түсім – 1 246 800 тг, ҚҚС қоса алғанда;

2. Өткізуден тыс операциялар бойынша табыстар:

- сыйақылар (проценттер) бойынша – 24 000 тг;

- заңды тұлғаға қатысушылықтан акциялар бойынша дивидендтер – 12 400 тг;

- өтеусіз алынған мүлік – 87 600 тг.

- қызметкердің босануына байланысты демалысына  90 мың тг төленген;

- қызметкерлердің іссапар кезіндегі шығыстары – 300 мың тг;

- жалақы қоры – 2000 мың тг;

- салықтар бойынша шегімдер – 70 мың тг.

КТС мөлшерін анықтаңыз?

123
скачать работу

Тікелей салықтар: корпорациялық табыс салығы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ