Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тыныс алу жаттығулары



 Другие рефераты
Тыныс алу жүйесі және оның маңызы Тыныс алу жүйесі және оның жастық ерекшеліктері Тітіркендіргіштер, олардың жіктелуі Тіршілік үшін өсімдіктің маңызы

Тыныс алу дегеніміз — мүшелер қызметінің тіршілігін реттейтін, ағзаның негізгі тіршілік көзі екені әлі де жеке адамның толық түсіне қоймаған мәселесі.

Біздің ағзамызда патологиялық және функциялық өзгерістер болған кезде, тіпті көңіл-күйдің кенет өзгерген кезінде де, ең әуелі тыныс алу жүйесі өзінің мінездік сипатын өзгертеді. Бірде қан қысымының жоғарылауы, бірде төмендеуі, немесе кенеттен ентігу де пайда болады. Осы кезде кез келген адам ауа кеңістігіне шыққысы келеді, немесе басқа жерде отырып тыныс алғысы келеді. Мұның барлығы да екінші бір сигнал (хабар беру) жүйелері арқылы ми қорытындысын тітіркендіруден туған ағзаның әр түрлі өзгерістерінің нәтижесі.

Тыныс алу жаттығулары — ауамен емделуді дұрыс пайдалана білу, тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартуды көздейді. Ұзаққа созылған созылмалы науқастардың (тыныс демікпесі, созылмалы бронхит, демікпе, өкпенің қабынуы, т.б.) тыныс мүшелерінен басқа да көптеген ас қорыту мүшелері мен қан айналымдары және жүйке жүйелерінің жұмыс істеу қызметтерінің бұзылуын орнына келтіретін негізгі емделу құралы. Тыныс алу жаттығуларының негізгі мақсаты — онымен үзбей шұғылдану, осы аталған науқастардың алдын алады, ұзақ өмір сүрудың негізін қалайды.

Тыныс алу жаттығуларының негізгі құралы — ағзаның тыныштық қалпындағы орындалатын және қозғалыста орындалатын жаттығулар.

Тыныс алу жаттығуларының қолданылуы, адамның өзін-өзі емдеу мақсатында болғандықтан, жалпы жаттығулардың орындалуы ағзаның қозғалуына негізделген. Мұны қолданбалы жаттығулар деп атайды. Бұл қозғалыс жаттығулары жүру мен жүгіруге негізделген. Шаңғы тебудегі жүрісте осыған негізделген. Әр адам өзінің шамашарқына, яғни, ауруының қаншалықты созылмалы жағдайына қарай қолданылады.

Осылайша, тыныс алу жаттығулары бірінші жүруден басталады. Алғашқы кезде жайлап жүріп, содан кейін жүріс қозғалысы үдетіледі. Үдемелі жүрістің өзінен де тыныс алу мүшелеріне жүктеме түседі. Бірақ, бұл жүктеменің өзі де науқастың қандай деңгейде екеніне байланысты. Бұдан ары қарай жүгіруді бастауға болады.

Жүгіру — ағзаның барлық мүшесі жұмыс істегені өз алдына, негізгі жүктеме тыныс алу органдарына түседі. Жүгірген кезде, яғни, тыныс алу органдарына жүктеме түскен кезде бүкіл ағза жұмыс істегендіктен, ең әуелі қан айналысы жүйесі реттеледі.

Ал ағзаның тыныштық қалпында орындалатын жаттығулардың өзіндік рөлі жоғары. Әр адам өзінің науқасына қарай, тыныс алу жаттығуларын тыныштықта орындайды. Қолданбалы жаттығуларды орындау міндет емес. Сырқаттың мазмұнына қарай үй жағдайында да шұғылдануға болады.

Жалпы емделудің қандай жолы болсын, нәтижесі үзбей, ұзақ уақытқа созылған шұғылдану кезінде белгілі болады. Тек тыныс алу жаттығуларымен шұғылдану ғана емес, адам баласы жалпы сауығу мақсатында қандай жолмен, немен емделсе де үзбей, тұрақты түрде жалғастыруы керек.

Терен, тыныс алып, одан кейін біртіндеп бәсеңдеткен кезде өкпенің көлемі үлкейеді. Әдетте, адам орта есеппен минутына 16-20 рет дем алады. Ал тыныс алу жаттығуларымен айналысатын адам минутына 3-6, тіпті 1-2 рет қана дем алғанның өзінде ағзаға түскен жүктемені де сезінбейді, бірақ өзін жақсы сезінеді.

Біркелкі дем алудан ырғақ бұзылмайды. Бұл жерде әңгіме дем алу циклдарының уақыты туралы болып отыр.

Оқушылардың тыныс алу жаттығуларын орындауы, мүмкіндік болғанша мамандардың бақылауында болғаны дұрыс. Себебі, тыныс алу жаттығулары жеке бастың науқасына байланысты пайдаланылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. С. Жұманова. Спорттық морфология негізіндегі тәнтану. — Алматы: Рес. Бас. Каб., 1994.
  2. Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. — Алматы: Қайнар, 1991.
  3. Б. Төтенаев. Дене тәрбиесі. — Алматы: Мектеп, 1988.
  4. Төтенайдың Базарбегі. Спорт атауларының орысша-қазақша сөздігі. — Алматы: Ана тілі, 1994.
  5. Бутин И.М. Лыжный спорт. — Москва: Академия, 2002.
  6. Е. Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: Рауан, 1991.
  7. Г. Иванов, А. Қарақов. Дене тәрбиесі. — Алматы: Рауан, 1991.     ,
  8. Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. — Алматы: Санат, 2000
  9. Демьяненко Ю.К. Физическая подготовка. — Москва: Военное издательство, 1987.
  10. 10.  Решетников Н.В., Кислицын Ю.А. Физическая культура. — Москва, 2000.
скачать работу


 Другие рефераты
Кизеветтер Александр Александрович
Тараз - мұсылман өркениетінің Орталық Азиядағы орталығы
Современные психолого-педагогические технологии обучения
Некоторые вопросы анализа деловых проблем


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ