Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ТМД-ғы интеграция тарихы

й мемлекеттің тек қана өзі өмір сүру талпыныстары бізге тарихтан мәлім және оның немен аяқталып, қандай нәтижеге жеткені де аян. Тек қана басқа елдермен бірігіп өзара ынтымақтастықта және дүние жүзі экономикалық қатынастарында болатын қоғамның өміршең болатындығы айдан анық.

1994 жылы ТМД алдында баламалы екі мәселе тұрды. Біріншісі, оның қызметін тоқтату болса, екіншісі ТМД-ны дұрыс жұмыс істейтін ұйымға, бірлестікке қайта өзгерту. Соңғы ой, бірлестіктің қажеттігі бұрыңғы заманды көксеу мақсатынан немесе субъективтік ойлардан емес, экономикалық пайдалылығы тұрғысынан туғанды. Бұл кезенде бұрыңғы Кеңес Одағы кеңістігіндегі республикалардың даму бағытының салаларын анық та айқын               |

әрі шынайы   белгілеудің   қажеттілігі   туындады. Осы   кезеңде Қазақстан            

Президенті Н.Назарбаев "Мемлекеттердің евразиялық одағын құру" идеясын            ұсынды. Бұл  жоба жайына жұмыстың соңғы тарауында толығырақ тоқталамыз.

ТМД елдерінің экономикалық жақындасу мәселелерін шешетін құжат ретінде 1995 жылдың 6 қаңтарында Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы, кейіннен 1995 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан республикасы қол қойған "Кеден одағы туралы" келісімді айтуға болады. Кеден одағын құрушы тараптар өздерінің мақсаттары ретінде мыналарды атап көрсетті:

- Кеден одағына мүше мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасындағы еркін экономикалық өзара ынтымақтастықты дамыту үшін қолдан келетін бар мүмкіндіктерді пайдалану;

-   экономиканың, тауар  алмасудың және әділетті  бәсекелестіктің тұрақты дамуына кепілдік ету;

-  өз елдерінің экономикалық саясатын ұйымдастыруды нығайту және ұлттық шаруашылықтың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету;

- ортақ экономикалық кеңістіктің қалыптасуы үшін жағдайлар жасау;

- Кеден одағы  мүше-мемлекеттерінің дүние  жүзі рыногына шығуы  үшін қолдан келетін бар жағдайды  жасау. Жоғарыда айтыпөткен   Келісімнің бастауында мемлекеттер "Экономикалық одақ құру туралы"    шарттың ережелерін жүзеге асыруға талпынады, делінгенді. Сонымен қатар, тараптар Кеден одағын — ортақ кеден территориясы мен шаруашылықтың нарықтық экономикасын  ұқсас механизммен реттеугенегізделген,    мемлекеттердің экономикалық бірлестігі ретінде анықтайтындарын растайды.

Кеден одағын құруға бағытталған шаралар екі сатыға бөлінеді. Бірінші саты — 1994 жылдың 15 сәуіріндегі "Еркін сауда аймағын құру туралы" Келісім бойынша, өзара саудадағы тариф пен сан бойынша кездесетін шектеулерді алып тастау, сыртқы экономикалық қызметке қатысты сыртқы сауда, кеден, валюталық-қаржылық, салық және басқа да ұлттық зандарды бір қалыпқа келтіру болып табылады. Екінші саты — мемлекеттердің кеден территорияларын ортақ кеден аймағына біріктіру және Кеден одағының халықаралық құқық субъектілігі туралы сұрақты шешу болатын. Кеден одағының болашағы болатыны жайында оған кейіннен қосылған Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы куә.

Кеден одағын және Ортақ экономикалық кеңістік туралы шарттың құқықтық негізі болып жалпыға танымал болған халықаралық құқықтың нормалары мен қағидалары, сонымен қатар, тараптардың ұлттық заңдары табылады. Алғашқыда Ресей, Беларусь арасында жасалған Шартқа, кейіннен Қазақстан,   Қырғызстан және  Тәжікстан   қосылды.  Кеден одағы туралы Шарт жобасы дайындалып жатқан кезде Ресей жағы қосымша "Ортақ экономикалық кеңістік шеңберінде қабылданатын шарттар мен шешімдерді дайындау, қабылдау және жүзеге асыру механизмін" ұсынған болатын. Бұл актінің негізгі мақсаты Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік көлемінде қабылданатын заң актілерінің орындалу механизмін жүзеге асыру болатын, себебі, ТМД шеңберінде қабылданып, бірақ та іс жүзінде орындалмай жатқан келісім-шарттар аз емес.

"Ортақ экономикалық кеңістік" ұғымы қайдан пайда болды деген сұрақ туындауы мүмкін. 1998 жылдың қаңтар айында "төрттік" (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей) мәжілісіне Қазақстан Президенті Н.Назарбаев "қарапайым адамдарға деген 10 қадам" идеясын ұсынды және бұл идея төрт елдің үкіметтері тарапынан қолдау да тапты. Қазақстан тарапынан 1998 жылдың ақпан айында "Ортақ экономикалық кеңістік құру туралы шарт" жобасы ұсынылған болатын. Интеграциялық комитет (бұл органға жұмыстың екінші бөлімінде тоқталамыз) бұл жобаны талдай келе 1998 жылдың маусым айында Шарттың мәтінін негізінен қолдай отырып "Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік (КО және ОЭК) туралы"  Шарт ретінде мақұлдады. Мұндай шартты қабылдауға алып келген оқиғалар желісі былай сипатталады:  1993 жылың қыркүйек айында — "Экономикалық одақ туралы" Шартты және 1994 жылғы сәуірде "Еркін сауда аймағын құру туралы" Келісімді 12 мемлекет қабылдады. 1995 жылдың қаңтарында - "Кеден одағы туралы" Келісімді Беларусь, Ресей, сәл кейіннен Қазақстан   қабылдады. Бірінші саты - еркін сауда аймағын құру болса, екінші саты - ортақ кеден территориясын құру болатын. 1996 жылдың наурыз айында - "Экономикалық және гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдету туралы" Шартты Беларусь, Қазақстан, Ресей қабылдап тауарлар, қызметтер, еңбек және капиталдың ортақ рыногын құруды басты мақсат ретінде алға қойды. 1998 жылдың аяғында Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік Шартына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қол қойды. Бұлқұжаттардың негізгі мақсаты, ортақ экономикалық  интеграцияны дамыту  болып табылады.

Дүние жүзілік қатынастар жүйесіне кіру үшін Достастықтың өз ішінде тұрақтылық болуы керек екені анықтала бастады, соның ішінде саяси, экономикалық тұрақтылық пен қауіпсіздік алдыңғы орынға шықты. Сол кездердегі қателіктердің бірі ретінде-ұлттық мемлекеттілік пен интеграцияны бір-біріне қарама-қарсы қоюды айтуға болады. Олар, бір-біріне сыйымсыз, қарама-қайшы ұғымдар ретінде қарастырылды. Дегенмен, экономикалық жағдай, сонымен қатар сананың бірте-бірте өзгеруі бұрынғы Кеңес кеңістігінде орналасқан республикалардың ары қарай даму мәселелеріне басқа көзқараспенқарау қажеттігін де туғызды. Бұл тұрғыдан келгенде,  интеграцияны жүзеге асырудың бір сатысы ретінде Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның Орталық Азия Одағын құруын алуға болады. Мысалыға, бұл мемлекеттер арасындағы азаматтық алу мәселелерін тез арада шешу, басқа мүше-мемлекет аумағында жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату сұрақтарына қатысты келісімдердің қабылдануы адамдар арасындағы психологиялық кедергі мен басқа да көптеген мәселелерді оң шешуге бағыт берді. Әлеуметтік экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық салалары бойынша сұрақтар да оң шешімін табуда. Қазақстан, Қырғызстан жөне Өзбекстан арасында қабылданған мұндай құжаттар ТМД қағидаларына еш қайшы келмейді.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің экономикалық ынтымақтастық аясында қол жеткізген жетістіктердің бар екеніне мына мысалдар дәлел бола алады. Өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерін шығару:

 

Бұл мәліметтерден Молдова мен Тәжікстанда өндіріс пен ауылшаруашылығы өнімдерін өндірудің ұлғайғанын емес, керісінше кері кеткенін байқаймыз. Бұған бірден-бір себеп ретінде осы елдердегі қарулы қақтығыстарды және соның салдары болып табылатын экономикалық құлдырауды айтуға болады.

Егер Европалық Одақ елдерінде әр адамға шаққанда ішкі жалпы өнімнің өсуін байқайтын болсақ, ТМД елдерінде 1990 жылдардың бастапқы жылдарында керісінше құбылысты көремізде, 1998 жыл соңына қарай оның артқанына көз жеткізуге болады. Мұның өзі ТМД елдеріндегі жақындасудың сөз жүзінде емес іс жүзінде жүзеге асуы әбден ықтимал процесс екеніне дәлел ретінде бола алады.

ТМД елдерінде әр адамға шаққандағы ішкі жалпы өнім көрсеткіші:

 

 

Мына кестеден көріп отырғанымыздай ТМД елдері халықтарының өмір сүрудеңгейі мен мүше-мемлекеттердің арасындағы экономикалық   жақындасу жобамен алғанның өзінде көп алшақтық туғызбайтынын және ынтымақтастық та бірқалыпта екенін байқаймыз.

ТМД елдерінің сыртқы шекараларын қорғау, Достастық елдерінің территорияларындағы қақтығыстардың алдын алу мен реттеу, ТМД елдерінің Кеден одағы салаларында және құқықтық ынтымақтастық пен қылмыспен күрес саласындағы бірігіп қызмет атқару жөніндегі келісімдердің алар орны ерекше. Аймақтық ынтымақтастық келісімдердің қатарына 1999 жылдың 25 тамызында Бішкек декларациясына /11, 1б./ қол қойған "Шанхай бестігі" атауына ие болған Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы басшыларының ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті нығайтуды мақсат тұтқан декларацияны жатқызуға болады. Мұның өзі, бұрыңғы жеке-дара өркендеу мен қауіпсіздік мәселелерінің қазіргі уақытта ұжымдық, дәлірек айтсақ, аймақтық сипатқа айналуда екенін байқаймыз. Ал екі жақты келісімдерге келетін болсақ, олардың жалпы саны мыңнан асып кетеді, солардың қатарына 1997 жылғы 14 қазанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Украина Үкіметі арасындағы ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді, 1997 жылғы 11 қарашада жасалған Қазақстан Республикасы мен Грузия Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді немесе 1997 жылғы 10 маусымда жасалған жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы шартты (бұл келісімдерді Қазақстан Республикасы 1999 жылдың 30 желтоқсанын

12345
скачать работу

ТМД-ғы интеграция тарихы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ