Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Томас Джефферсонның саяси – құқықтық көзқарасы. Тәуелсіздік деклорациясы

оның бөлініп шығуға түрткі болған себептерін баяндауды міндеттейді.

Бізге белгілі айқын шындық деп санайтынымыз: барлық адамдар тең жаратылған және Жаратушының үлесімен берілген өмір сүруге, бостандыққа және баққытты болуға ұмтылу  құқығы жататын белгілі бір ажыратылмайтын құқық иесі; осы құқықтарын қамтамасыз ету үшін адамдар әділетті билік басқарушылардың  келісіміне негізделетін үкімет құрады, егер қандай да бір мемлекеттік құрылыс осы құқықты бұзса, халық оны өзгертуге немесе оны таратып, жаңа құрылысты орнатуға құқылы. Ол негізінен халықтың қауіпсіздігі мен берекесін ең жақсы түрде қамтамасыз етіп, ұйымдастыра алатын принципке құрылады. Әрине, ақылға салып зерделеу, басқарудың бұрынан қалыптасқан нысаны маңызы шамалы әрі өтпелі өтпелі себептердің  салдарынан ауыспауын талап етеді, өйткені өткен кезеңдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, өмірдегі үйреншікті нысанын жойып, өзінің құқығын пайдаланудан гөрі адамдар шыдауға болатын болса, зұлымдыққа шыдауға бейім. Зорлық-зомбылық пен қиянатқа созылып кеткен, бірін-бірі өзгеріссіз қудалаған бір қалыптағы мақсат, халықты мүлдем қаталдықтаұстауға талпынады.  Мұндай кезде халықтың құқығы мен борышы, ондай үкіметті құлатып, өзінің келешегін қауіпсіз ететін жаңа кепілдікті орнатуға қол жеткізу. Бұл отар елдер әр түрлі қыспақты ұзақ әрі шыдамдылықпен көтерді, тек қажеттілік қана олардың бұрынғы мемлекеттік құрылыстың нысанын өзгертуге мәжбүрлеп отыр. Қазіргі патшалықты құрып отырған Ұлыбритания  королінің басқару тарихы – бұл тоқтаусыз зорлық-зомбылық пен қиянат етушіліктің  тарихы олардың мақсаты штаттарда абсолютті шексіз әкімшілік құру болып табылады. Осының дәлелі  ретінде бүкіл әлемнің талқысына мына фактілерді ұсынамыз:

Король қоғамның игілігі үшін нағыз қажетті, пайдалы заңды бекітуден бас тартып отыр. Ол өзінің губернаторларына, кідіртуге болмайтын маңыздлы заңдарды, егер олардың күшіне енуі корольдің бекітуіне дейін кейінге қалдырмаса ғана, жүргізуге тыйым салды, ал бұл заңдардың қолданысқа енгізілуі осындай жолмен тоқтатылған кезде, оларды ешқандай назарсыз қалдырды. Ол көпшілік халық қоныстанған аудандардың мүддесіне сай келетін, басқа заңдарды қабылдауға рұхсат етпеді,  онда да олардың тұрғындары заң шығарушы жиналыстың өкілдігінде өздерінің құқығынан,  олар үшін баға жеткісіз, тек тирандар үшін қауіпті құқықтан бас тартуға келіспесе ғана. Ол заң шығарушы жиналыстың сессиясын әдеттен тыс қолайсын және архивтер орналасқан жерден аулақта шықырады, мұндағы мақсат – заңшығарушыларды қажытып, осылайша оларды өз еркіне бағындыру. Ол заң шығарушы палаталарды халықтың тиесілі құқығын бұзуға жасаған әрекетіне ерлікпен қарсы тұрғаны үшін бірнеше рет таратып жіберді. Ол таратылған палатаға ұзақ уақыт бойы жаңа сайлауды тағайындамай қарсылық білдіреді. Соның салдарынан, өздерін құртып жібере алмайтын, заң шығарушы билік бұхара халық арасына оралып отырды. Ал осы уақыттарда ел сыртқы басып кіру қаупіне,  ішкі толқу мен күйзеліске тап болды. Ол осы мақсат үшін шетелдіктерді қол астына алу туралы қолданыстағы заңдардың қолданылуына кедергі жасай отырып, иммиграцияны ынталандыруға арналған жаңа заңдарды бекітуден бас тарту және жер үлестерін алуды қиындату арқылы осы штаттардың орналасуына кедергі келтіріп, соттарды құру туралы заңдарды бекітуден бас тартты. Ол қызмет ету мерзімі жағынан болсын, айлық ақшалар жағынан болсын, судьяларды өзіне тәуелді етіп қойып, оларды өзінің еркіне бағындырды. Ол көптеген жаңа лауазымдарды тағайындап, халықты ығыстырып, қайыршылыққа ұшырату үшін сансыз шенеуліктердің тобын бізге жіберді. Ол біздегі заң шығарушы жиналыстын келісімінсіз бейбіт уақытта тұрақты армияны ұстады. Ол әскери билікті тәуелсіз етіп, оны азаматтық биліктен жоғары қоюға тырысты. Ол біздің занымыз мойындамайтын және біздің конституцияға жат билікке бағынышты болу үшін басқалармен бірікті; ол заңсыз биліктің мынадай екі жүзді  мақсаты бар актісін бекітті: біздің армиямызға ірі әскери бөлімдерді орналастыру; біздің штаттың тұрғындарын өлтіргені үшін соттың теріс  әрекетінің көмегімен  әскерилерді жазадан қорғау; жер шарының басқа бөліктерімен біздің сауда-саттығымызды тоқтату;  біздің келісімізді алмастан салық салу; көптеген жағдайларға біздерді ант берген сот құқығынан айыру; біздерді мұхит асырып жіберіп, жалған қылмыстар үшін сол жақта сотқа тарту;  көрші провинциялардағы ағылшын заңдарының еркін жүйесін жою, ондағы құрылыстың негізгі зорлық-зомбылыққа құрып,оның шеңберін ұлғайтуға соншалықты, ол біздің отарларымызға дейін бір уақытта тарап, қызмет ете, шексіз билік орнату; бізге қатысы бар аса маңызы бар заңдарды бұзып, біздің  басқару жүйемізді түбінен өзгерту, біздің заң шығарушы жиналысымызды таратып, біздің орнымызға өздеріне қажетті деген барлық мүмкіндіктердегі заңдарды шығару құқығына ие болу. Король басқарудан бас тартып, енді қорғамайтын болды және бізге қарсы соғыс бастады. Ол біздің  теңіздерімізге қарақшылық жасауда, жағалауларымызды ойрандауда, қалаларымызды өртеуде, отандастарымызды өлтіруде. Ол енді бұған дейін дәл осындай қатігездікпен және опасыздықпен басталған құрту, жою ісін аяқтау үшін шетелдік жалдамалылардың тұтас бір армиясын жіберді,  бұл ең бір тығылық уақыттың өзінде болып көрмеген және  өркениетті ұлттың басшысына мүлде лайықсыз әрекеттер еді. Ол ашық теңізге шыққан біздің азаматтарымызды тұтқынға түсіріп, оларды өзінің отанына қарсы қару көтеруге, не өзінің достары мен  бауырларына жендеттік жасауға, немесе солардың қолынан өлуге мәжбурлеуде. Ол біздің арамызда ішкі толқулардың тууына, аяусыз соғыс жүргізіп отырған жасына, жынысына, хал-жағдайына қарамай көзіне көрінгенді шетінен құртып  жүрген жабайы үндістерді шекра бойындағы тұрғындарға қарсы қарсы көтеруге шақырып, әрекет етуде.

Барлық көрсетілген осындай қысымға қарамастан, біз одан өзіміздің құқығымыздың қалпына келтірілуін сұрадық. Біздің қайыра жіберген өтінішімізге,  қайтарылған жалғыз жауап, әділетсіздіктің жаңа бір түрі болды. Бойында рақымсыз, қатал билеушінің қасиеті көрініп тұрған патша  еркін халықтың билеушісі бола алмайды. Біздер, өзіміздің британдық бауырларымызды да назардан тыс қалдырған жоқпыз. Біз олардың заң шығару палаталарының  бізді өздерінің  юрисдикциясына заңға қайшы түрде бағындырғысы келген әрекетіне ауық-ауық жзол көрсетіп отырдық. Біз оларға бұл жерге қандай жағдайда, қалай келгеніміз бен қоныстанғанымызды ескертіп отырдық. Біз олардағы тумысынан бар әділеттілік пен қайырымдылыққа жалбарынып, олардың бізбен қандас болғандығы үшін жалбарындық та бізге көрсетіліп келе жатқан әділетсіздік арамыздағы байланысты қайтсе де үзіп, тоқтататындығын кінәладық. Бірақ әділеттіліктің үні мен қандас туысқандыққа қарамастан, мұны еститін құлақ болмады. Сондықтан, біз олардан бөлінудің қажеттілігімен  келісе отырып, бұдан былай оларға  басқа халықтарға қарағанымыздай, соғыс бола қалған кезде жауымыз, бейбітшілік кезінде досымыз деп  есептейміз дедік.

Сондықтан, біздер, Бас Конгреске жиналған Америка Құрама Штатының өкілдері, біздің шың ниетімізге куәгер ретінде Жаратушына шақыра отыра, біздің қайырымды отар халқымыздың өкіметі атынан барша жұртқа естірте, салтанатты түрде жариялайтынымыз, біздің құрама отарымыз бүгіннен бастап, заң бойынша еркін және тәуелсіз штаттар болу керек, Британ тағына адалдықтан толығымен азат етіледі және олардың  Ұлыбритания мемлекетімен саяси байланысының барлығы толығымен үзіледі. Еркін және тәуелсіз Штаттар ретінде олар соғыс ашуға, бітім жасауға, одаққа кіруге, сауда және басқа актілерді,бастамаларды тәуелсіз мемлекетқұқығында көрсетілгендей жүргізуге өкілетті.

Осы Деклорацияны растау үшін қорғаушы Құдайдың құдіретті күшіне нақты сене отырып,  біздер өзіміздің әл-ауқатымызды құрбан етуге, әрі абыройымызды ардақтап таза сақтауға серт береміз.

 

1234
скачать работу

Томас Джефферсонның саяси – құқықтық көзқарасы. Тәуелсіздік деклорациясы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ