Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Төменгі сатыдағы өсімдіктер

споралары көмегiмен көбейедi. Олардың бұлай аталу себебi судағы микроскоптық жануарларға ұқсас суда еркiн қозғалатын, талшықтары көмегiмен жылдам жүзедi. Олардың аса ұсақтығы сондай олар тек микроскоптың көмегiмен көрiнедi.

Теңiз капустасының зооспоралары пiсiп жетiлген табақшалары бетiнде ерекше қапшықтар – зооспорангияларда түзiледi. Олардың саны аса көп. Бiр планарияның өзiнде 12 000 000 зооспоралар болады. Осыншама зосопоралар суға шыққанда су мөлдiрлiгiнен айырылып лай су тәрiздi болады.

Бiраз уақыт суда жүзiп жүрiп зооспоралар оның түбiне тұнады. Егер олар тастарға түссе, онда оларға бекiнiп, өседi. Бiрақ, олардан бiрден теңiз капустасы өсiп жетiледi деп ойлауға болмайды. Әуелi зооспоралар жiңiшке, нәзiк, тарамдалған жiпшелер — өскiндерге айналады. Бiр өскiндерден (аталықтар) ұсақ, қозғалмалы сперматозойдтар , басқаларынан (аналықтар) – iрiрек қозғалмайтын жұмыртқа жасуша түзiледi. Сперматозоидтар жұмыртқа жасушаларына жүзiп келiп олармен қосылады. Осыдан соң жұмыртқа жасуша бөлiне бастайды да, одан жас өскiнше жетiлiп бiрте-бiрте ол ересек теңiз капустасы өсiмдiгiне айналады.

Зооспоралар шыққан соң бiр – екi айдан соң ламинария қаусап бiрте-бiрте өле бастайды. Солтүстiк суық теңiздерде теңiз капустасы екi-үш жыл тiршiлiк етедi, ал оңтүстiк жылырақ суларда барлық дамуы бiр вегетациялық кезеңде өтедi.

Теңiз капустасын қолдан өсiру үшiн ең әуелi себетiн материал жинау қажет. Жазда теңiз капустасы жақсы өсетiн жерлерден пiсiп жетiлген зооспарангилерi бар iрi балдырларды жағалауға алып шығып, аздап кептiредi. Осылай етудiң себебi зооспоралардың тақташалардан суға шығуын бiр мезгiлде болу үшiн.

Зооспоралардың өнуi + 10 С. температурада жақсы жүредi. Мысалы, жылы сулы Қытай және Жапония жағалауларында қолдан төменгi температуралы бассейндер жасайды. Көбiнесе осындай бассейн қызметiн ескi корабльдер қойнаулары атқарады. Бұл қолдан әдейi төменгi температураны ұстап тұру үшiн жасалған ерекше «теңiз жылыжайлары«, осыларда «көшеттер» арнайы өсiрiледi. Осы бассейндерге тастар, жiптер, бамбук таяқтарын, және пiсiп жетiлген теңiз капустасының кептiрiлген кесектерiн салады. Осыдан суға түскен бетте көптеген зооспоралар шығады. Бассейндердегi су аса көп емес, толқын жоқ, сондықтан зооспоралар осында тасталған заттарға жақсы бекiнедi де осыларда теңiз капустасының барлық даму кезеңдерi өтедi, тiптi жас өскiншесi өсiп жетiледi. Сонымен бекiп өскен «көшет» дайын. Ендi оны тек күзде теңiзге шығару қажет, мiне сонда плантация, «бау-бақша» болады.

Егер теңiз капустасын теңiздiң ашық жерлерiнде өсiрсе, онда ол жерде толқын болғандықтан тасқа өсiрiлген өскiндердi пайдаланады. Бұл жағдайда сүңгуiрлер жұмыс iстейдi. Олар теңiз түбiне тастарды орналастырады және жас капустаның қалай дамып келе жатқанын тексерiп, бақылайды. Бұл күрделi де қымбат жұмыс. Қолайлысы «бау-бақшаны» суы толқымайтын, қорғалған шығанақтарда, тыныш жерлерде өсiрген. Осындай жерлерде теңiз капустасы өскiндерi бар тастар емес жiптер мен бамбук таяқтарын пайдаланады. Таяқтарды саты тәрiздi етiп байлап якорьларға бекiтедi, сонда олар шығанақта теңiз бетiнде қалқып жүредi. Осы әдiс бойынша теңiз капустасын күту, баптау және жинау оңай.

Қала мағындағы шығанақтар мен тыныш жерлерде, ағын сулар келiп қосылып тұратын маңайларда капуста жақсы өсетiнi байқалған. Осыдан ғалымдар жас теңiз капустасын тыңайтқыштармен үстеп қоректендiру мүмкiндiктерiн қарастырды. Теңiздi қалай тыңайтуға болады? Теңiз «бау-бақшаларына» қанша тыңайтқыш себу керек?

Шынымен теңiз суын тыңайтуға болатыны анықталды. Онда азоттық, фосфорлық қосылыстар аз. Бiрақ тыңайтқыштар толқындармен, ағынмен ағып, шайылып кетiп теңiз капустасы оны пайдалана алмауы мүмкiн. Фаянстан жасалған ұзынша келген цилиндр ыдысқа суда ерiген минералды тұздар бар ерiтiндiнi құяды. Ыдысты мықты тығынмен жауып ерекше корзиналарға салып жүзiп жүрген бамбук таяқтарына 1 м тереңдiкте iлiп қояды. Тұздар ерiтiндiлерi ұзақ уақыт бойы ыдыс қабырғасындағы ұсақ тесiктер (поралар) арқылы бiрте-бiрте суға сiңiп (өтiп) теңiз капустасы оны сiңiрiп отырады.

Теңiз капустасының түсiмiн балдырларды кептiрiп олардың құрғақ массасы бойынша анықтайды. Теңiз «бау-бақшаның» әрбiр гектарынан 10 т дейiн кептiрiлген капуста алынады. Ал егер өсiру техникасын жетiлдiрiп, қолдан жасалған тыңайтқыштарды көбiрек пайдаланса, онда 30 т дейiн мол түсiм алуға болады.

Су түбiнде өсетiн iрi балдырлардын басқа теңiздер мен мұхиттардағы су қабатында микроскоптық балдырлар өте көп. Олар суда жүзiп, қалқып жүредi, оны фитопланктон (грек сөзi «фитон» — өсiмдiк және планктос – кезген) деп атайды. Тiптi арктикалық теңiздердiң жоғарғы қабатындағы суда осындай балдырлардың 20-30 млн.дараларын бақылауға болады. Осыдан, олардың ұсақ теңiз жануарларының қоректенуiне, ал ол жануарлардың кәсiптiк балықтар қорегi болуына қандай маңызды екенiн бiлуге болады. Көпшiлiк көк-жасыл балдырлар фитопланктон құрамына кiредi, олардың өте көп мөлшерде дамуы «судың гүлдеуi» деген атпен белгiлi, себебi су жасыл түске боялғандай болады.

Бентос (грек сөзi «benthos»-терең) – су түбiнде шөккен, судың астынғы қабатында мекендейтiн жануарлар, өсiмдiктер және бактериялар жиынтығы. Көбiнесе бентосты фитобентос және зообентос деп екiге бөледi. Фитобентостың теңiздердегi көпшiлiк бөлiгiн жасыл, қоңыр, қызыл балдырлар құрайды. Тұщы су фитобентосының құрамына жасыл балдырлар мен жоғарғы сатыдағы өсiмдiктер кiредi.

Қыналар, олардың құрылыстары, қоректенуi, көбеюi

Қыналар тiрi ағзалардың ерекше тобын құрайды. Қарағайлы орманның құмдақ топырағының бетi көбiнесе аяқпен басқанда күтiрлеп үгiлетiн кепкен сұрғылт өсiмдiктермен жобылған. Бұл өсiмдiктер қыналар. Олар тамырсыз, жапырақсыз, және гүлсiз тармақталған бұта тәрiздi болады. Тундраның шексiз-шетсiз жерлерiн осы өсiмдiктер басып жатыр. Олардың 26 000 түрлерi бар деп есептеледi Қиыр Шығыста осылармен бұғылар қоректенедi, сондықтан оларды «бұғы мүгi» деп атап кеткен. Шындығында ол ешқандай да мүк емес , қына. Ағаштардың дiңдерi осы қынамен жабылғанда олар қоңыр, сары және басқа түстi болып құбылып тұрады. Ескi қоршаулардың (ағаш шарбақтар), ағаш дiңдерiнiң күн түсетiн беттерiнен қынаның сары алтын тәрiздi түрлерiн кездестiруге болады, олар қабырғалық қыналар.

Сендердiң көпшiлiктерiң мүмкiн қараңғы шыршалы ормандарда төмен салбыраған ақшыл боз түстi «сақалдарды» көрген шығарсыңдар. Бұл сақалды қына немесе iлiнгiш қына. Бұлар әсiресе таулы ормандарда немесе өндiрiстi орталықтардан қашық таза ауалы жерлерде өседi. «Бұғы мүгi», сақалды қына, бұталы қыналарға жатады, себебi олар сырттай бұталарға ұқсас. Қабырғалық қыналар қабыршақты қыналарға жатады.

Қыналардың келесi тобы – қаспақты қыналар (қоңыр- сұр қаспаққа ұқсас). Олар жалаңаш тасы көп жартасты тауларда жиi кездеседi, тастар мен жартастар бетiн тұтас жауын жатады. Бұлар сұр, қара және ақшыл түстi болады. Бұндай қыналарды қолмен жинау өте қиын, себебi олар тастарға қатты жабысып өседi. Оларды тек пышақпен тастан қырып алуға болады.

Қыналардың iшкi құрылысы.

Қыналардың iшкi құрылысы ерекше. Оның денесi –қабаттама. Ол бiр-бiрiмен тығыз байланысып бiр ағзаны беретiн балдыр мен саңырауқұлақтан тұрады. Қынаның кесiндiсiн микроскоп арқылы қарасақ, саңырауқұлақ жiпшелерiне ұқсас бiр-бiрмен шырматылған түссiз жiпшелер көремiз. Осы шырматылған жiпше арасынан ақшыл жасыл түстi дөңгелек тәрiздi хлорелла балдырының жасушаларына ұқсас жасушалар көремiз. Бұл жасушалар тығыздалып, қатарға орналасқан. Ұзақ уақыт бойы қыналардың жалаңаш таста қалай тiршiлiк етiп, қалай қоректенетiнi белгiсiз болды. 1867 жылы қыналардың осы құпясын орыс ғалымдары ашты. Олар, қыналар саңырауқұлақтар мен балдырлардың бiрiгiп тiршiлiк етуiнен құралған, деген қорытындыға келдi. Осы құбылыс ғылымда бiрлесiп тiршiлiк ету немесе симбиоз деп аталады.

Қыналардың осындай құрылысы оларға басқа өсiмдiктер тiршiлiк ете алмайтын аса қолайсыз жағдайларда тiршiлiк етуге мүмкiндiк бередi.

Саңырауқұлақ жiпшелерi су, минералдық тұздар мен органикалық заттарды ауадан бiрге түскен тозаңмен қоса сiңiредi. Балдырлар жасушалары көмiрқышқыл газын сiңiрiп крахмал мен қант жинайды (қорға) . Саңырауқұлақтың жiпшелерi балдырлардың бiраз бөлiгiн сiңiредi. Қынадағы саңырауқұлақ балдырдың паразитi. Ал балдыр су мен минералдық тұздарды саңырауқұлақ жiпшесiнен алып сiңiредi.

Қыналар өте шыдамды, қатты аяздар мен С – дейiнгi ыстыққа төзедi. Олар барлық жерде таралған, мұзды мұхит жағалауынан Африка шөлдерiне дейiн. Құрғақ ауада олар кеуiп кетедi де ылғалды ауада тiрiледi. Жаңбардан соң, тiптi бұлыңғыр ауа-райында жұмсарып, жасылданып-саңырауқұлақ жiпшелерi арасынан балдырдың жасушасының жасылы байқалады. Қыналар ылғалды бiрнеше секундта сiңiрiп, күн көзiнде сағат бойы кебедi. Олар ылғалды кезiнде өседi. Өсуi аса баяу, жылына 3-5 мм. Сонымен 10 см бiр түп бұғы мүгi 30 жыл өседi. Қыналар күн көзiнде ашық түстi болып келедi.

Үлкен қалаларда, зауыт, фабрикалар маңайларында қыналар өспейдi, себеi, оларға таза ауа қажет.

Қыналардың көбеюi.

Қыналардың симбиоздық ағзалар ретiнде өте ертеде шыққандығына күмән келтiруге болмайды. Қыналардың құрамына кiретiн көпшiлiк балдырлар мен саңырауқұлақтар табиғатта өз бетiнше жеке кездеспейдi. Көптеген миллион жылдар iшiнде қыналарда өздерiнiң көбею жолдары пайда болған. Мысалы, олар саңырауқұлақ жiпшелерiмен шырмалған балдырдың бiр-екi жасушасынан тұратын бөлшекпен көбейедi. Осындай бөлшектер қыналар қабаттамалары iшiнде көптеп түзiледi. Олардың көбейiп өсуiнен қына деңесi жарылып бұл бөлшектер желмен таралып кетедi. Қыналар қабаттамаларының бiр сынған бөлiгiмен де көбейе алады.

Бұдан басқа, саңырауқұлақтар мен балды

1234
скачать работу

Төменгі сатыдағы өсімдіктер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ