Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Торғай көтерілісі

Петроградтан “шындық” іздеп Аманкөл болысының азаматы, (оқыған) адвокат Жанша Сейдалин мен Тәуіп болысынан ақын Исатайды жіберген. Бұлардың сенген адамдарының бірі Бірімжанов Ахмет болатын. Бұлар да Петроградтан еш нәрсе өндіре алмай қайтқан.

…Сонымен 1917 жылдың қаһарлы қысының бас кезінде Ырғыз өлкесіндегі көтеріліс доғарылды, барлық болыстардан “шақырылуға тиісті жастар топ-тобымен жинастырылып, Шалқарға жіберілді. Г.Станкевичтің айтуы бойынша, жиналған қазақтардан 2 эшалон адам майданға кетіп те үлгірген. Әбдіғапар қарамағындағы ауылдардан бір де бір адам “соғыс” жұмысына бармады.

Әбдіғапар мен Амангелді қыс бойы сарбаздарын соғысқа дайындады: қатал әскер тәртібі енгізілді, соғыс тәсілдері үйретілді. Осындай жағдайда Әбдіғапар барлық істі ақылдасып, елмен (6 болыс арғын, 6 болыс қыпшақ, 1 болыс найман) бірге шешуді дұрыс көрді.

 

Әбдіғапар ханның ордасы Үрпекке 15 шақырым жердегі Дүкенбайұлы Сейдіғазым­ның қыстауында орналасты. Хан кеңесінің шeшімі болмай, біp де біp шаруашылық, coғыс мәселесі орындалмайтын. Кеңес үкім шығарып, ауылдарға “қызыл бекет арқылы, бұйрықтар таратып отырды. Шығарылған үкім қағаздары заңды болу үшін ханның мөрі басылатын. Хан жарлығы мен кеңестің шешімдерін іске асыру үшін, көмекші уәзір сайланды, әскербасы-сардарлыққа Үдербайұлы Амангелді тағайындалды. Қазына шаруасын басқару жұмысы Ержанұлы Дәуітке тапсырылды. Елшілік мәселесі, қару-жарақпен қамтамасыз ету Жанбосынұлы Садуақасқа жүктелді. Бұл екеуі де есепке жүйрік болатын, екеуі де Орынбор гимназиясын тәмамдағандар.

 

Қазылық-би жұмысы – Досан Қарабайұлына, Қосжан Манабайұлына, сот Дәуіт Ержанұлына тапсырылды. Бұл аты аталған азаматтар түгелдей кеңестің құрамына енді. Хан жарлығын іске асыру үшін болыстарда елбегілер сайланды. Елбегілер тікелей Дәуітке бағынатын. Олар мал-жанның есебін алды, елден сарбаздардың мұқтаждығына ақша, мал жинады. Хан жарлығы бойынша байлар 40 қойдан 1 қой, 5 қарадан 1 қара мал зекет берді, қару-жарақ алу үшін, елшілердің жол қаражаты үшін ақша қоры қазынашылар қолында жиналды. Елде тәртіп болу үшін ұрлық-қарлыққа қарсы қатал жарлық шықты. Бұйрық қағаздарын, жалпы хабарларды тарату үшін әpбіp 15-20 шақырым жерде байланыс бекеттер орнатылды, халық оларды “қызыл бекеттер” деп атады. Себебі, орналасқан үйлердің көбі қызыл кірпіштен еді.

Әбдіғапардың қарамағындағы сарбаздардың саны күннен-күнге өсті.

Сарбаздарды топтастыруда, мылтықтары бар 200 сарбаздан 5 ерекше мергендер тобы құрылды (әрқайсысында 40 мергеннен болды), соның екі тобы винтовкамен қаруланған еді. Мыңбасылары жорыққа шыққанда жанында 40 мерген ертіп жүретін. Мергендерді жаттықтыруға Кейкі, Жағыпар тағайындалды. Кейкі бүкіл Торғай еліне аты шыққан мерген, халық оны “қол мерген” деп атайтын, себебі, мылтығын бір қолымен ұстап сермеп қалып, атып дәл тигізетін. Өзі де қарулы болған, мінезі шатақтау, аяушылықты білмеген.

 

1917 жыл. Қаңтардың 5-і. (А.Г.Сандецкийдің бас штабқа берген хабарынан):

 

 ...Торғай маңында үлкен екі қарақшылар тобы бар: біріншісі… (бұл кезде тарап кеткен), екіншісі қаланың солтүстігінен 150 шақырымда Қараторғай болысында, Әбдіғапар Жанбосынов хандікі... Жанбосын ханның көтерілісшілерінің бір тобы Шолақсай керуен жолын торуда, мақсаттары керуендерді басып алу.

Күздегі келісім бойынша, Қостанай жағынан келетін әскер жолы торуылданды. 16-ның соңы мен 17-нің басы өте суық болды. Қақаған аязда ауылдан 150 шақырым жортуылдап, боранды далаға патша әскерлерімен шайқасу жолын бөгеу ерлік емес пе!. …

Файзолла ақын “Әбдіғапар хан” атты поэмасында былай дейді:

Қыстың суық күні еді тұрған қақап,

Үскірік қызыл аяз қарып тұтап.

Хан мен сардар шақырды жүз мергенді,

Бөлектеп көп ішінен атын атап.

Жүз жігіт жетіп келді Қапар ханға,

Мен мұндалап аттары аталғанға.

Кейкі менен Өменді басшы қылып

50-ден аттандырды “Тышқан тамға

Шыны солай болған, Амангелді мен Кейкі аз ғана (100-ге жуық) мергенімен қантардың 13-і күні Шолақсайға жетіп, онда Садуақас пен Досан жинаған Науырзымның 1500 жігіттерін қосып алып, Қостанай әскеріне қарсы шыққан.

 

Әбдіғапар мен Амангелді сарбаздарын соғыс тәсілдеріне үйрете отырып, дүркін-дүркін мыңбасыларын жорықтарға шығарып отырды. Ақпанның ортасында Уәлі сарбаздары Қарақоғада күшті әскер тобын қарсы алып, күні бойы соғысты, бір-екі күннен кейін осы әскермен Қосжан, Карбоз сарбаздары Құмкешуде шайқасқа түскен. Сарбаздардың батыл қимылдарын проф.К.Харлампович (1926 жылы жазған кітабында) былай түсіндіреді:

 

…Сарбаздар кешегі ауылдың балалары, соғыспақ түгіл мылтықтың не екенін білмейтін жастар… Кенесары сарбаздарына ылғи кедейлерге: “сендерді байытамын” деп армиясын құрды. Ал бүгінгі сарбаздар саналы түрде елін-жерін, қазағын қорғаймын деп келді. Сондықтан да олар қолында тек шоқпары болса да, жан-тәнін аямай, азулы жауға қарсы тайсалмай тиісетін.

Амангелді мен Өмен мергендер тобын үшке бөліп, осы тұстан өтеді-ау деген болжаммен, қалың тоғайдың шетінде орналастырды: бір тобын Кейкі, екіншісін Өменнің өзі, үшіншісін Жағыпар басқаратын болды. Бәрі Кейкінің бастауын күтеді. Мылтықтың тең жартысы ғана винтовка. Орыс әскерлеріне күш көрсететін осылар.

Мергендерге жәрдемге келетін атты сарбаздар сай ішінде, басшылары Қарабай­дың Әлжаны, Оған жақын Қосжанның сарбаздары. Әріде Дәуіт пен Уәлінің сарбаз­дары. Бұлар қылыш-найзамен қаруланған, олар өзен бойында қалың қамыс пен тоғай тасасына орналасқан.

 

Ақпанның 23-і күні. Таң атты, күн шығып көтеріле бастады, күшті аяз.

 

Ертемен сырнайлатып, барабандарын соғып патша солдаттары тегіс соғысқа шықты. Әскер Қарасудан өтіп Доғалға келіп тоқтады. Полк бастығы Тургенев пен офицерлер қаз-қатар тұрып дүрбілерімен Доғал Ypпeк арасындағы тоғайлар мен қамыстар жағын сүзгілеп қарап жатыр. Кешеден бері жүргізген барлау жұмысынан бұл маңайда сарбаздардың қалай орналасқанын біле алмаған, барлаушылардың бірінші тобы Үрпекке жетпей-ақ, Кейкінің жігіттеріне кез болып, оққа ұшқан еді.

 

Казактар өліктің аузындағы “тығынды” көріп, әбден ашуланып: “қырғыздардан өш аламыз” деп кіжініп, “шанышқыларын” қадап алып жаяу шайқасқа ұмтылған. Бұларға әскербасы тоғайға қарай жүруге рұқсат берді, өздері қыр басына зеңбі­ректерін орната бастады. 50-ге жуық жаяу әскер тобы мергендерге тұспа-тұс келе жатты. Жау жақындап қалды, бір кезде Кейкінің “ат” деген дауысы гүр ете түсті, мылтықтарын кезеп отырған мергендер екі дүркін оқ жіберді, осы біp атыстан казак­тардың жартысы құлап түсті, қалғандары есін жинап, атысып еді, мергендердің атыстары күшті болды. Казактар шегініп барып жата қалды, қашқандары да оққа ұшты. Бұрын-соңды сарбаздардың мұндай қимылын көрмеген әскербасы, офицер­леріне жаңа бұйрық беріп жатты.

Тургенев жаяу әскермен қатар, Доғалдың оң жағымен кеткен эскадронның найзашылардың қоршауына түсіп, кескілесіп жатқанын көрді. Оларды құтқару үшін көмекке тағы жүздіктің қалған бөлігін жұмсады. Тек солардың көмегі арқасында біразы кері оралды. Артынан қуып келген сарбаздардың қалың “қолын” оқшашарлар қарсы алды. Сарбаздардың алдыңғы қатары жапырылып оққа ұшты, қалғандары тез бұрылып кері шапты.

 

Осыдан кейін екі жақ та тым-тырыс бола қалды. Тургенев сарбаздардың қалай орналасқанын көзіне елестеткен болу керек, шабуылдың түрін өзгертті. Біраздан кейін зеңбіректері гүрс етті, алғашқы оқтары өзеннің бергі беттегі Доғал бойына, әр жерге түсіп жарылды. Ол аздай, бірнеше оқшашарлары жақын келіп, өзенге қарай сатырлатып ата бастады. Бір мезетте зеңбіректің атыстары да тоқтады, іле-шала “солдаттар ұшып тұрып уралап алға ұмтылды, біраз жүгіріп тоғайға да еніп, мергендерді таба алмай, тағы да алға жүгірді, тоғайдан өтіп алаңға шыға бергенде, мергендер “сатырлатып” атты. Алды-артынан біразы құлады. Ызалы әскер өлген-тірілгеніне қарамай алға ұмтылды, мергендерге жақындап қалған еді, аңдып тұрған Дәуіт жүздігімен қиқулатып шыға келіп, солдаттарды қым-қиғаш шауып, таптап өте шықты. Тургенев те сол қанаттағы эскадронның бөлігін осы топқа жұмсады, сол сәтте Уәлі басқарған 100 шақты атты сарбаздар оған қарсы шықты да, жетпей орағытып кері қашты. Атты казактар далақтап қуа жөнелді, соғыс шебіне жақындай бергенде, тасада күтіп тұрған Амангелді, Әлжан найзалы қазақтарымен, эскадронға бүйірден келіп тиісті. Ә, дегенше казактарды быт-шыт қылды. Бұл Әбдіғапар ұсынған соғысу тәсілі еді, Амангелді оны шебер қолданды.

 

Түс ауып, күн еңкейе бастаған кез. Оқшашардың жақын келіп атқылауына шыдамаған мергендер шегіне бастады. Тургенев әскері сарбаздарды жан-жақтан қоршауға айналды. Амангелді “шегініңдер” деген бұйрық берді. Доғалдың оң жағынан айналып өткен атты казактар тобы, өзен бойындағы сарбаздарды қоршауға алып, қырмақшы. Бірақ мұнда да сарбаздар бұрынырақ шығып, басы Әбдіғапар болып, Ағаштыкөлге бет алған. Казактар далаға шыққан сарбаздарды шабуылдамады, қорықты.

 

Торғай қазақтарының 1916-1917 жылдардағы патшаға қарсы жүргізген соғыс әрекеттері ерліктің ұлы өнегесі еді. Ресейде 1917 жылғы ақпанда буржуазиялық-демократиялық көтеріліс жеңіске жетті, патша тағынан түсті. Уақытша үкімет жазалаушы іскерлер тобын кері қайтарды.

1936 жылдан бастап Кеңес Одағында, әсіресе, Қазақстанда, қандай да болмасын оқиға, коммунистік идеологияға бағындырылды, соның ішінде, 1916-1917 жылдың тарих мәселелеріне көзқарас күрт өзгерді: жеке адамға табынушылық саясаты жүргізілді. Батыр аталарымыздың аттары құрдымға жіберілді. Доғал соғысында, жанын-тәнін аямай ерлік көрсеткен

123
скачать работу

Торғай көтерілісі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ