Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Торғай көтерілісі



 Другие рефераты
Түркістан аймағындағы Сығанақ қаласының тарихы Төле би Әлібекұлы Тоқтар Әубәкіров Тарих сабақтарында тарихи-мәдени ескерткіштерді пайдалану

Торғай көтерілісі

 1916 жылғы патшаның “июнь жарлығынан” кейін жер-жерде басталған толқулар Қазақстанның көп өңірлерін қамтыды, ең ірі қозғалыстар Жетісу, Торғай – Ырғыз өлкелерінде болды. Мыңдаған қазақ сарбаздары патша әскерлерімен шайқасты, жүздеп оққа ұшты. Көп қазақтар елін, жерін тастап Қытайға, Ауғанстанға қашты.

Жоңғар шапқыншылығынан кейін қазақ халқының басына түскен ірі зобалаң осы болды.

Торғай өлкесіндегі көтеріліс туралы айтатын болсақ, патшаның “июнь жарлығы” елге жетісімен-ақ, ауыл-ауылдардың бәрінде халық дүрлігіп көтеріле бастады. Көтерілісті барша халық жақтады: көп жерде бай-болыстар да көтерісшілер жа­ғында болды. Әбдіғапар, Карбоз, Садуақас, Қосжан, Өмен сияқты би-болыстар сар­баздарға бас-көз болды, көтерілісті өздері ұйымдастырып, басшылықты қолдарына алды. Кешегі бұзақы, сотқар-тентек аталған Амангелді Үдербайұлы, Уәлі Жалма­ғамбетұлы, Бекболат Отызбайұлы, Омар Тынымұлы сияқты азаматтар ел басына “күн туғанда” көтеріліс туы астына кірді, батыр атанды.

 

Қазан айының аяқ кезінде болыстарда ірі сарбаздар тобы құрылды. Әр топтың басшысы да айқындалды. Бәрі жиылып орталарынан хан сайлады. Мысалы, Торғай үйезінің шығысы мен батысы Әбдіғапар Жанбосынұлы мен Оспан Шолақұлын хан сайлады. Әбдіғапар ел арасында аты әйгілі Нияз хан ұрпағынан болатын. Осындай ауыр заманда хан болу оңай емес еді. Академик Манаш Қозыбаев бұл туралы мынадай тұжырым айтқан болатын:

 

…осындай ауыр заманда ту көтерген ерлердің бірі әмір Әбдіғапар даңқ үшін әмір болмады, ел есімін атады, ол көнді, Отан үшін жанын пида етіп, шүберекке байлады. Патша жендеттерінен аман қалған әмір Әбдіғапар большевиктік экстремизмнің құрбаны болды.

Көрші Ырғыз өлкесінде сайланған хандардың ішінде іс-қимылымен аты шыққан Айжарқын Қанайұлы болды.

Ұлт-азаттық көтерілістің өрбуіне бірнеше себептер болды. Ең негізгісі жер мәселесі еді. Ресей патшалығы қазақтың шұрайлы жерлерін күшпен тартып алып, мұжықтарына, казактарына таратып беретін. Тұрар Рысқұловтың 1926 жылы жүргізген зерттеуі бойынша бір 1916 жылы солтүстік аудандардан патша әкімдері қазақтың 30 млн. гектар жерін тәркілеген.

 

Шілде айының аяғында қазақтардан 19 бен 43 жастың арасындағы еркектері “қара жұмыс армиясына алынсын” деген патша жарлығы елге таратылды. Бұрыннан орыс патшалығы қазақтарды армияға алмайтын. Енді патша “уәдесін бұзып, соғыс жұмысына орыстан басқа ұлттардың еркектерін алу керек” деген шешімге келіп, оны тездетіп орындауға кірісті. Бұл кезде орыс әскерлері немістермен соғысып, жеңіліп, масқара болып жатқан кез еді.

 

Патшаның соғыс күшінің қорына деп ел мойнына қосымша салық салып, жәрдем ақша жинады. Ең ақыры “соғыс жабдығына керек” деп самаурынның сары жезі, қалайы мен қорғасынға дейін жиылды.

 

Торғай өлкесінде әскер тамағы үшін сойыс малын жинап жүрген үйездің көмекшісі Ткаченкомен Қараторғай жастары, Батпаққара басында соғысуға дейін барған. Орыс тілінде сөйлей алатын Жағыпар Жанбосынұлы Ткаченкодан: “Патша ағзамның антын бұзғаны қалай?! Әскерге алмаймыз деген уәдесі қайда?” – деп сұрайды. Бұрын-соңды қыр қазағының бірі бетіне қарсы келмейтінін білетін Ткаченко ашуланып: “Ақ патшаның ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс”, дейді. “Орыс халқы қанын төгіп Германмен соғысып жатқанда, “қара жұмысына бармаймыз” дегендерің – бүлік”, дейді. Осы айқайды естіген қазақтар тапсырып тұрған малдарын қайтарып, ауыл-ауылына кетіп отырады. Ткаченко Торғай қапасына келіп жұрттың көтеріліс жасайтын түрінен толық мағлұмат береді.

1916 жыл. Шілденің 27-сі. (Орынбордан) Полковник Татаринов жіберген жасырын телеграммадан: “Торғай, Орал облыстарындағы толқулар қауіпті түрге айналып бара жатыр.

1916 жыл. Тамыздың 30-ы. Торғай үйез бастығы Р.Г.Гарфтың Торғай облысының генерал-губернаторы М.М.Эверсманға берген рапортынан:

 …барлық болыстардың қолындағы тізімдер тартылып алынған, ал болыстардың өздері күзетілуде. Қырғыздар 10 мыңдай адам жиналып, қаруланып, қалаға шабуыл жасамақшы…

 

 Атқа мініп, қолына қару алған жастардың аузында бір-ақ сөз болды: “окопта қырылғанша, жерімізді, намысымызды қорғап елде өлгеніміз артық”. Ұйымдасқан топтар қазан айының орта кезінде Торғай қаласына жақын Сужарғанда кездесетін болып келісті.

 

Патша ағзамға сенетін бай-болыстар да қарап жатпай, ортасынан 40 мыңдай ақша жинап, Смағұл Төкеұлын басшы етіп, ізденуге Петроградқа жұмсады.

 

Осылайша бүкіл Торғай өлкесі патша жарлығына қарсы шығып, қолдарына қару алып, дабырлап жатқанда, оқыған, көзі ашық Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы сияқты зиялыларымыз “Қазақ” газеті арқылы көтерілісшілерге “тынышталыңдар, патшаға қарсы шықпаңдар” деп жатты. Арнайы жазылған үндеулерінде мынадай үгіт сөздері бар: “Патшаның бұйрығы – ақиқат” оны орындамауға болмайды, жан тәтті, бірақ бұйрық қатал” дегендей...

Орынбордан “көшіп-қону” жер мәселесіне байланысты Ахмет Байтұрсынұлы мен Мурзин екеуі келіп, Торғай елін аралап жүрді. Ара-арасында жұртпен кездесіп, патша жарлығын түсіндіргілері келді. Ақыры тамыз айының аяғында біраз халықты Батпаққарадағы Файзолла ишанның мешітіне жинап, үлкен жиылыс өткізді, мұнда да сол идеяларын айтып көріп еді, тыңдаушы жастармен тіл табыса алмады. Халықтың түгелдей көтерілісті жақтайтынына көздері жетті. Бұған қоса Қараторғай болысына әскерімен келген Ткаченконы жастардың қуып шыққанын көрді.

Қазан айының аяғында болыстарда жинақталған сарбаздар Торғай қаласының маңында, Сужарғанда жиналды. Көртоғай, Қараторғай болыстарының сарбаздарын Әбдіғапар бастап келді, бұлар Жанғожа аталарының көк-жасыл шұбар туын ұстап келді. Аққұм болысының жігіттері Көбек батырдың туымен келді. Сарыторғай қазақтарын атақты Жәуке батырдың немересі Орманбек пен Мұсабай қажының ұлы Өмен ақ ту көтеріп бастап келді, Қайдауыл болысының сарбаздарын Кенесары заманындағы Иман батырдың немересі Амангелді ертіп келді.

 

Әбдіғапардың айналасына небәрі 6000-дай сарбаз жиналды. Бұларға Аққұм болысынан Карбоз бастаған 1500 сарбаз келіп қосылуы керек. Оспан ханның 3000 сарбазын қоссақ, жалпы сарбаздар саны 10 мыңдай еді.

 

Бес-алты күн Әбдіғапар Оспан хан сарбаздарын тәртіпке келтіріп, шабуылдың жоспарын жасады, бәрінің мақсаты бір – Торғай гарнизонын басып алу, қару-жараққа қол жеткізу.

 

Қазан айының соңғы күндері көтерілісшілер ойламаған оқиғаға тап болды: Карбоз Алқау көлі тұсында қарамағына келген Сарманұлы Бектің, Үркімбайұлы Қияқбайдың, Тынымұлы Омардың сарбаздарын қабылдап жатқан кезде “жау кеп қалды” деген хабар жетеді. Хандармен ақылдасып жатуға уақыт болмаған. Өздері келісіп, Татыр көліне келіп қалған казак жүздігіне қарсы шыққан.

Карбоздың қолында небәрі 30 шақты мылтық болған, көбісі ауыл-ауылда сақталып келген шиті мылтықтар еді. Біреуі алыстан тиетін Қалабайұлы Арғынбай ұста өңдеген қару, ол сол күні Қияқбайдың қолында екен. Осылайша, екі жақ бесінге дейін атысқан, ақыры шабысқа шыққан. “Қызыл жоса қанға батып” шегінеді. Мылтық, наганы бар казактардың күші басым еді. Осы шайқаста Қияқбай ерлік көрсетіп, бір казакты атып түсірген. Бәрінен де оның туысы Әсемғазы Тобажанұлының ерлігі айтарлықтай: төрт әскердің ортасына түсіп қалып, найза салып екеуін өлтірген, өзі де жаралы болған, қылыштың жүзі төбесін қырқып кетіпті, денесінің көп жері тілінген. Осы шайқаста Қияқбайдың шешесі Жаңыл анамыздың ерлігі таңғаларлық оқиға. Құлаған бір сарбаздың айбалтасын ала салып, жауға шауып, бір әскерді жаралап, құлатқан. Өзі де жараланыпты, қызумен білмеген, қылыш арқасын тіліп кетіпті. Осы соғыста сарбаздың қолынан казактардың 6-ы өлген. Қияқбай тобы олжалы болып, қолдарына 5 винтовка түсірген.

 

Карбозбен соғысқан әскер тобына Қостанай жағынын көмекке келе жатқан 140 атты әскері ертесіне Торғай қаласына жеткен.  Бұдан бұрын Торғай бекінісінде 200-дей атты казактар, 100-ге жуық жаяу әскер болатын, оқ-дәрілері жеткілікті еді.

 

Татырда Торғай қазақтары алғашқы рет қарулы орыс әскеріне қарсы шығып шайқасқан.

 

Қарашаның 5-і күні түнде, қаланың жоғарғы жағында, өзеннен өтетін көпір жасалды. 10 мындай сарбаз бір түнде қала жақ бетке өткен. Әбдіғапар тобындағы жортуылшылар түнделетіп шолу жасап, қала жасақшыларының қай тұста орналасқанын бақылаған.

Оспан хан сардары Қасымханмен қаланы күнбатыс жағынан шабуылдап, шығыстан Әбдіғапар мен Амангелді, оңтүстіктен Жәуке батырдың баласы Орманбек шабуылға шықты. Гарнизон жолында винтовкамен қаруланған жасақтар тұрды. Оған қоса көшелердің бәрінде тосқауылдар жасалған болатын. Атты сарбаздар шауып өте алмады, жаяулап, үйлерді тасалап атысты. Сарбаздар жасақтарды, оларға көмекке келген солдаттарды ығыстырып, гарнизон қоршауына жеткен. Сарбаздардан күш көрсеткендер: Әбдіғапар тобынан Амангелді, Жағыпар болды. Оспанхан сарбаздарынан ерлік көрсеткендер: мыңбасы Қазы Сәтпаев пен Әубәкірдің Хамиті. Ұрыс кезінде Хамит үш қатар тікенек сымдарын үзіп, жол ашқан, өзі оққа ұшқан.

Сарбаздар тобы тікенек қорғаннан өтіп, гарнизонға ұмтылған, бірақ оқшашардың шарпуына шыдамаған, біраз жігіттерінен айырылып, шегінген. Түс ауа сарбаздардың барлығы Сужарғанға оралған.

 

Сарбаздар Тoрғай горнизонын басып ала алмады, сонда да осы оқиғаның мәні зор еді.

 

Ырғыз қазақтары да, басқа үйездегілер сияқты, 1916 жылы шілде айында “патша жарлығын мойындамай” көтерілген болатын. Бұлар да

123
скачать работу


 Другие рефераты
Институт гражданства Российской Федерации
Типы характеров и их акцентуация
Биосфера
Разрушение озонового слоя Земли хлорфторуглеводородами


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ