Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі

Бетпақдаланың қажетін  өтей алмай отыр. Торғай үстіртінің өзендері Торғай, Ырғыз, Жыланшық жазда қарасуларға,ұсақ көлдерге бөлініп  тартылып қалады. Бұл өлкеде Обаған, Шалқар, Шалқартеңіз, Алакөл, Қопа сияқты көлдер бар. Бірақ олардың көбі тұзды. Жетісу өзендері- Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек қана тұщы. Бірақ олардың да жылдық ағыны жылдан-жылға кемуде.

            Тұран жазығы өзендері суының азаюы Арал теңізі мен Балқаш көлінің экологиялық жағдайын шиеленістіруде. Арал теңізі тартыла бастады. Балқаштың деңгейі де төмендеуде. Тұран жазығының су проблемасын шешуде жер асты суларының маңызы үлкен. Мұнда еспе су 20-50 м терендікте ғана жатыр. Ал, артезиан суы одан тереңдеу қабаттарда. Шөлді аймақтарда ауыз су да,шаруашылық үшін қажетті су да жер астынан өндіріледі.

 

Арал теңізі.    

Арал теңізі-жас Тұран тақтасының үстінде орналасқан көл. Геологиялық тарихына қарағанда, Каспий теңізінен едәуір жас. Неоген дәуірінің аяғында құрғақ тектоникалық ойыс түрінде пайда болған.Антропогеннің аяғында алғашқы рет суға толған. Сол кезде Амударияның ескі арнасы арқылы бірнеше рет Каспий теңізімен жалғасып, үзіліп отырған. Сөйтіп қазіргі Арал теңізінің жасы 8-10 мың жыл шамасында.

Арал теңізі суының көлемі жағынан Қазақстанда ,тіпті бүкіл ТМД елдерінде екінші,ал дүние жүзінде төртінші (Каспий,Солтүстік Америкадағы Жоғарғы көл, Африкадағы Виктория көлінен кейін)орын алатын көл. Қазақстан мен (Қызылорда, Ақтөбе обылыстары) Өзбекстан елдері арасында, Үстірттің солтүстік-шығыс  шетінде орналасқан. 1961 жылға дейін Арал теңізі мұхит денгейінен  53 м биіктікте жатқан. Ауданы 66 мың км², суының көлемі 1064 км³ болатын. Ұзындығы 428 км,ені 235 км еді.Теңіз суы антропогендік әрекеттің нәтижесінде, шаруашылық мақсатына  үздіксіз суды пайдалану барысында 2002 жылы теңіз деңгейі 20 м төмендеді. Өйткені теңізге құятын басты өзендер –Сырдария 1974 жылдан және Амудария 1982 жылдан мүлдем сарқылды.Арал теңізінде ірілі –ұсақты 1100 аралдар тобы болатың, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылып кетті. Кезіндегі ең  ірілері: Көкарал, Барсакелмес аралдары келмеске кетті. Ұзақ уақыт аралында КСРО-ның бактериологиялық қаруын сынау алаңы болған.

            Арал теңізінің Қазақстанға қарайтын бөлігінің жағалауы әр түрлі.Батысы Үстіртке тірелетің жағалауы жарқабақты, биік (190 м)  және аз тілімденген. Теңіздің Қазақстандық солтүстік жағалауы өзен-жылғалардың құрғақ аңғарлармен, ішке кіріп жатқан шығанақтармен тілімделген, Арал маңы Қарақұмы мен Үлкен, Кіші  Борсық құмдарына жалғасады.Қалған бөлігінің жағасы ойпатты, құмды, жазық, ұсақ аралдар мен шығанақтардан тұрады.

            Арал теңізі орналасқан өңірдің климаты шұғыл континентті, құрғақ, шілде айының орташа температурасы +24°+26°С, ең жоғарғы температура +45°С. Қаңтар айының орташа температурасы оңтүстік батыста -6°-8°С, солтүстік және солтүстік-шығыста -11°-12°С, төменгі температура -38°С. Қыста теңіздің солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігі  қатып жатады. Жылдық жауын-шашын оңтүстік-батыста 100 мм, солтүстік шығыста 125-130 мм.

            Арал теңізінің тұздылығы табиғи жағдайда 9-11% болатын. Соңғы 40 жылда суармалы жер ұлғайды, Шардара, Арнасай, Сарықамыс бөгендері пайда болды. Соған байланысты теңіздің тұздылығы 35%-ге жетті.

            Теңіз суының түсі қара көк, мөлдірлігі 25м. Теңіз суы тұнық. Арал теңізінде органикалық дүние Каспий теңізіне қарағанда әлқайда кедей. Теңізде балықтың 20-дай түрі бар. Кәсіпшілігі жөнінен неғұрлым құндылары: бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа ауланады. Жерсіндірілген балықтардан каспий шоқыры мен балтық салақасын атауға болады.

            Қазақстан мен Өзбекстанның мақта және күріш егістігіне өзендердің суын қарқынды пайдалану себебінен Арал теңізінің денгейі едәуір төмендеді. Алып жатқан ауданы 40 мың км²-ге кеміді. Теңіз Үлкен Арал және Кіші Арал болып екіге бөлінеді. Теңіз жағалауы 100-150 км – дей шегінді.Теңіз түбі сор,сортанға айналуда. Тартылған теңіз жағалауын тұз бен құм жауып жатыр.

Арал теңізінің тартылуына байланысты экологиалық жағдай асқына түсуде, егістік жерлер мен мал жайылымдарын құм мен тұз басып пайдаланудан қалды. Бұл жерлерде 1950-1990 жылдар арасында шаңды дауылдардың жиілігі 60 есе көбейді. Кеуіп кеткен теңіз түбінен жылына 200 млн  тонна көтерілген улы-тұзды шаң-тзаң ауаға таралады. Егістік жер мен жайылымдарды уландырды, біраз жерді сортанға айналдырды.Табиғи ортаны азып-тозуы жергілікті халықтың денсаулығына біраз зардабын тигізіп отыр.  1994 жылы Орта Азия мемлекеттері Аралды құтқару қорын ұйымдастырды. Қазақстанның «Байқоңыр» аэроғарыштық экологиялық аймағының басшылығымен бірінші рет «Арал өңірінің экологиялық картасы» жасалды (1992).1998 жылы Амстердамда  22 мемлекет қатысқан «Қоршаған орта және балалар» проблемасына арналған Халықаралық конгресте Арал балаларының денсаулығы мәселелері қаралды.

            Арал теңізі туралы күн тәртібінде  тұрған мәселенің бірі-егістерді суландыруға жұмсалатын суды үнемдеу. Тұздың ұшуын азайтатын,  топырақты бекітетін өсімдіктер егу, бірыңғай мақтадан басқа да мәдени дақылдарды өсіру,жергілікті халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері де өткір қойылып отыр.       

2.2. Ішкі сулары, топырағы

2.2.1. Торғай үстірті.

Торғай үстірті оңтүстік Орал мен Мұғалжардың шығысында Сарыарқаның батыс бөлігімен шектеседі. Ол палезой іргетасы жер бетіне жақын жатқан эпигерциндік платформаның шеткі бөлігі болып табылады. Тектоникалық тұрғыдан Батыс Сібір мен Тұран плиталарын бір – бірімен жалғастыратын Торғай синиклизасы күрделендіреді. Оның ені 40-50 шақырымнан аспайды. Солтүстіктен оңтүстікке меридианальды бағытта созылып жатыр. Оңтүстігінде кеңейіп біртіндеп Торғай ойысына ұласады. Торғай қолатының абсалюттік биіктігі 100-125 метр аралығында ауытқиды. Қолаттағы обаған, Торғай өзендерінің алабында құсмұрын шошқалы сияқты көптеген көлдер жүйесі бар. Қолаттың табаны ежелгі алювиальды және көлдік алювиальды шөгінділерден тұрады. Торғай қолатының батысы мен шығысында абсалют биіктік біртіндеп 200 кейде 300 метрге дейін көтеріледі. Торғай үстіртінің іргетасының бетін көлденең түзу қабаттасып жатқан палеогеннің теңіздік тұзды – сазды және неогеннің көлдік – албвиальды құмды шөгінділері жауып жатыр.

Торғай үстіртінің солтүстік бөлігі нашар тілімделгендіктен аласа төбелі жонды, саяз көлді ойыстар мен төбесі текшелі дөңдер тән. Үстірттің дөңесті қалдық төбелерінің араларын бөліп жатқан ежелгі ескі өзен арналары болып табылатын сайлар мен жыралар тобымен тілімделген. Тегістелген ойыстарында тұзды көлдер мен сорлар пайда болған.

Торғай үстіртінің Атлант мұхитынан алыс жатуына байланысты климат шұғыл континентті. Қысы суық әрі қатал, жазы ыстық, көктем мен күзі қысқа температураның тәуліктік және жылдық ауытқу амплетудасы жоғары. Жауын – шашынның орташа мөлшері солтүстігінде 300-350мм, оңтүстігінде 200-250мм аралығында ауытқиды. Температураның солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп артуына орай жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері кеміп булану артады. 50°с.е. аралығында қыста Азия антициклонының батыс тармағы өтетіндіктен қыста температура күрт төмендеп ашық аязды күндер қалыптасады. Осыған орай қаңтардың орташа температурасы – 17 - 18°С кей күндері температура – 30 - 40°С төмендейді. Жазда температура + 20...+24°С дейін +35°С дейін көтеріледі. Жазда Торғай үстіртіне Орта Азиялық тропиктік ауа массалары енгенде ыстық құрғақ ашық ауа райы қалыптасады. Жазда жауын – шашын қоңыржай және тропиктік ауа массаларының аралығында қалыптасатын полярлық фронтық әсерінен түзіледі. Сәуір мен қазан аралығындағы жылы кезеңде 200-2500мм дейін жауын – шашын түседі. [2;3]     

Жаздың екінші жартысында ашық ыстық антиарттикалық ауа массалары енгенде үсік жүреді. 10°С жоғары жылы кезең 110-120 күнге дейін созылады. 10°С жоғары температураның жиынтығы 2200-3000. Торғай үстіртіндегі температура жағдайы жаздық бидайдың қатты сортын, тарыны, арпаны, зығыр мен күнбағысты өсіруге қолайлы. Торғай үстіртінің тобыл ырғыз өзендерінің алабына жатады. Еріген қар жаңбыр суымен қоректенеді. Ылғалдық жетіспеуіне байланысты өзендер аз сулы болып келеді. Ағынының 80-90% көктемде ағып өтетіндіктен жазда көпшілігі кеуіп қалады. Тасыған кезде өзен сулары минералдық құрамы жағынан гидро корбанатты – кальцитінде жатса, ағыны азайған сайын құрамындағы минералдары артып хлоридті – натрилі ащы – тұздыға айналады. Өзендері кеме қатынасына қолайсыз болғанымен ауыз суымен қамтамасыз етуде маңызы зор.

Өзендері мен көлдері негізінен көктемгі еріген қар жаңбыр суларының есебінен қоректенеді. Жазда олардың деңгейлері күрт төмен түседі. Көлдердің деңгейлерінің ауытқуы жауын – шашынның мөлшерінің ауытқуларымен тығыз байланысты.

Торғай үстіртінде жарық шақты және қабат аралық жерасты сулары кең тараған. Жарық шақты сулар палеозой эрасының тау жыныстарындағы тектоникалық жарық шақтарда шоғырланған. Судың мол қоры гранитцидтар мен әктастардағы дарықтарда кездеседі. Әсіресе жоғарғы девонның кремниленген әктасты жыныстарында жарық шақты - карстлы жерасты суы кең тараған. Олардың қоректенуі көктемгі еріген қар суының тау жыныстарына сіңуінің есебінен жүреді. Негізінен пайдалануға жарайтын тұщы сул

12345След.
скачать работу

Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ