Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі

   Биіктігі 240 м-ге жететін әжептәуір қырқа Арал теңізінің батыс жағалауын бойлай созылып жатыр. Арал теңізінің оңтүстік – батысына қарай кең ойыс орналасқан, Барсакелместің соры сонда.

            Үстірт үстіртінің солтүстік шыңқысы Қайдақ сорынан басталып, оңтүстікке қарайй терең, көбінесе ұзын жыралармен тілімделген ирелеңді тік кемер жасап созылады. Кей жерлерде Үстірттен оқшау үстірттер бөліп шығады. Шығыста шыңқы Шеген өзенінің сағасына қарай созылып барады да, Үлкен Борсық құмдарына жетпей жоғалып кетеді.

            Үстірт құрылымы – тектоникасы жағынан көне теңіздер мен көлдер басып жатқан ойыстармен қоршалған үштік таған тау болып есептеледі. Тік жыраларды – шыңқыларды – кей жерлерде үстірттің ежелгі жағалары деп те қарауға болады. Үстірттің шығыс шетінде террасалар табылды. Үстірттің кеңістігі тым құрғақ, жауын – шашынның жылдық мөлшері 100мм-ден аздап қана артады. Үстірттің топырағы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді. Солтүстік, қыратты бөлігіне шөлейттің белгілері тән және көбінесе карбонатты қоңыр топырақпен жабылған. Оңтүстікке таман созылып жатқан «сор» алабының топырағы кеуек, жетілмеген, оны ішінара әр түрлі сұрғылт топыраққа ауысатын топырақ болып жатыр. Орталық және оңтүстік аудандар – сортаңдау гипсті қиыршық тастылау сұрғылт топырақ басқан шөл. Үстірт үстіртінде сораңқы және жусанды шөл тараған, онда жартылай бұта өсімдіктер көп те, бұта және ағаш өсімдіктері – қара сеуілдер өте аз. Микрорельеф өсімдіктердің таралуына тікелей әсер етеді.

            Мойынқұм мен Сарыесік атырау шөл жазықтары

            Тянь – Шань мен Жоңғар Алатауынан солтүстікке қарай, тау алдындағы жазықтан төмен үлкен құм алқаптары – Мойынқұм, Тайқұм және Сарыесік атырау орналасқан. Мойынқұм Қаратау мен Шу – Іле тауларының арасына жатыр, олар солтүстікте Шу өзенінің аңғарымен шектеседі. Тайқұм құмдары Шу – Іле таулары мен Іле өзені аңғары арасында, ал Сарыесік атырау шығысқа таман орналасқан және таулар мен Балқаш көлінің арасындағы өңірді алып жатыр. Бұл жазықтар шөл зонасының солтүстік аралық зонасын қамтиды.

            Мойынқұм бірқатар текшелер жасай отырып, солтүстік бағытта ылдиланады. Шөл қырқалы – төбелі, ұсақ қырқалы және құм төбелі болып келеді. Мойынқұмның солтүстік шетімен Шу өзенінің аңғарына қарай сазды жазық жалғасады. Жазықтың бетін ендік бағытындағы толып жатқан ескі құрғақ арналар кесіп өтеді.

            Мойынқұм Шу – талас ойысының аумағында орналасқан. Солтүстікке қарай платформаның қатпарлы палеозой фундаменті тұмсығының оңтүстік беткейінде үштік дәуірдің жыныстарынан құралған Бетпақдала жазығы орналасқан. Мойынқұмның шегінде қатпарлы палеозой фундаменті тағы да тереңдей түсті. Солтүстьік – батыс бөлігінде қатпарлы фундамент Шу өзенінің аңғарында жер бетіне шығады да, тас көмірлі ізбес тастар өзеннің арнасында сарқырамалар жасайды. Шу – Талас ойысы бордың саздақ қабатты және төрттік құмдарымен жабылған төменгі үштік жыныстарының қалың қабаттарымен толтырылған.

            Мойынқұм құмдары  бетін жел үріп, рельефтің эолдық формаларының комплексін жасаған ежелгі аллювийлік және флбвиогляциальдық шөгінді болып табылады. Құмның пайда болуы және жиналуы төрттік дәуіріндегі тауларды мұз басуымен байланысты. Сол кезеңде көптеген өзендер Тянь – Шаньның солтүстік жоталарынан ағып түсіп жатты. Олардың суы қазіргіге қарағанда өлшеусіз мол болды, әрі олар Талас пен Шу өзендеріне келіп құятын. Талас өзені Шу өзеніне құйды, Шу өзені Сарысу өзенімен қосылып, содан кейін Шу Сырдарияға барып құйды. Төрттік дәуірінен кейін өзендердің бұл жүйесі өзгерді де, өзендер торы біртіндеп қазіргі қалпына келді. Шу өзенінің қазіргі аңғары жақсы жасалған және беткейлерінде террасалар сериясы бар. Ағындарының азайып, өзендердің оңашалануына байланысты Шу – Талас ойысының толтырылуы жалғаса берді, оның үстіне өзендер шегіне келе, аңғардың ішінде бірқатар атыраулар қалдырып кетті. Балқаш маңындағы құмтасты шөлдер – Тайқұм, Сарыесік атырау мен Аяққұм – Мойынқұм секілді пайда болды. Балқаш маңындағы шөлдер ойысты – Балқаш – Аалакөл опырынды ойысын алып жатыр. Бұл ойыс Шу – Талас ойысынан Шу – Іле тауларын құрайтын қатпарлы палеозой фундаментінің біршама жіңішке мойнағы арқылы бөлінген. Балқаш – Алакөл опырынды ойысы да Шу – Талас ойысы сияқты және онымен бір кезеңде борпылдақ аллювий және флювиогляцаль жыныстарымен толтырылған.

            Тянь – Шань және Жоңғар Алатауы жоталарының мұз басуы кезеңінде Балқаш көлі ерекше үлкен болған, Алакөл көлі соған қосылып жатқан. Мұз дәуірінен кейін көлдің көлемі күрт кішірейді, өйткені оның оңтүстік бөлігіндегі қазаншұңқыры шөгінділерге толып қалды, судың деңгейі төмендеп, көл бөліктерге – осы күнгі Балқаш көлі, Сасықкөл және Алакөлдерге бөлініп кетті.

            Топырақ жамылғысында қоңыр топырақ мол. Олар өздерінің құрылысы мен құрамы жағынан сұр топыраққа жақын. Қоңыр топырақтың қара шірік қабаты қоңырқай реңді, әрі қуқыл түсті карбонат қабатымен алмасады. Қоңыр топырақтар жеңіл майда топырақты, минералды тұзға бай аналық жыныстарда түзіледі, бұл олардың құнарлылығын қамтамасыз етеді.

            Өсімдік жамылғысы өте сирек, 50%-ке жетпейтін жерді жауып жатыр. Мұның өзі топырақтарды аласа өсімдіктердің – қынаның, балдырдың және мүктің өсуіне қолайлы жағдай туғызады. Өсімдіктердің құрамы рельеф пен грунтқа байланысты өзгеріп отырады. Интрозоналық өсімдіктер өзен аңғарларына тараған. Өзен жайылымдарын тоғайлар алып жатады.

            Мойынқұм мен Балқаш маңы шөлдерінің жануарлар дүниесі құмтасты шөлдерге тән жануарлардан тұрады. Бұларда қарақұйрық, қарсақ, түлкі, қасқыр, көптеген кеміргіштер, бауырмен жорғалаушылар кездеседі.

 

3. Тұран жазығының табиғат зоналары мен провинциялары.

 

Тұран жазығының табиғат зоналары. Тұран жазығының қиыр солтүстігінен басқа бөліктері толығымен шөл зонасында орналасқан.

Торғай үстіртінің ені 100-150 шақырымнан аспайтын жіңішке алқабы ғана дала зонасына енеді. Дала зонасының ауданы 150 мың шаршы шақырым шөлейт зонасының ауданы 40-45 мың шаршы шақырым. [1]

Дала зонасы Торғай үстіртінің оңтүстік шеті мен Торғай қолатының Торғай өзенінің ендігіне дейінгі шағын жіңішке алқапты алып жатыр. Зонаның шегіндегі қаңтардың орташа температурасы -16...-18°С шілденікі +21...+23°С, жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 300-500мм. Оның 70%жылдың жылы кезеңдерінде түседі. Торғай дөңесті – қалдық үстірті мен Торғай қолатының беткі қабатын палеогеннің гипсті және тұзды сазды шөгінділері оның үстін төрттік дәуірдің жұқа шөгінділері жауып жатыр. Судың нашар сіңуіне байланысты сортаңды далалық ландшафтлар кешені кең тараған. Олар әсіресе Торғай қолатында көп кездеседі. Олардың негізін бетегелі – тарлаулы, Жусанды – бетегелі өсімдіктер бірлестіктері құрайды.

Құмды сазды жыныстардағы күңгірт қызыл қоңыр топырақта Бетегелі – бозды дала өсімдіктері тараған. Олардың ішінде мезоксерофитті және ксерофитті әртүрлі шөптесін өсімдіктер де кездеседі. Құм шауыт және Құмды жерлерде далаға тән псамморфитті қызыл бетегелі әртүрлі шөптесін өсімдіктер бірлестігі тараған. Зонаның басым бөлігі жыртылған. Торғай қолатында құмды алқаптағы реликтілі Қарағайлы орманды қорғау мақсатында Наурызым қорығы ұйымдастырылған.

Шөлейт зонасы Торғай, Ырғыз өзендерінің орта және төменгі ағыстарын алып жатыр. Қаңтардың орташа температурасы -15...-16°С шілденікі +24...+25°С құрайды. Жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 250-300мм. Зонаның аумағын дала зонасындағыдай палеоген мен төрттік дәуірлердің шөгінді жыныстарынан тұратын белесті – жонды, жонды жазықтар алып жатыр. Аумақтың басым бөлігін Сортаңды – сорлы жерлерде өсетін жусанды – сортаң шөпті галафитті өсімдіктер бірлестіктері құрайды. Сортаңды ашық қызыл – қоңыр топырақта ақ, сұр жусаннан, Лессинг бетегесінен тұратын жусанды – астық тұқымдас өсімдіктер өссе, сортаңды қоңыр топырақта Қаражусан, Құмшауыт топырақтарда жусандар мен бұйырғындар таралады. Шөл зонасы 48°С солтүстік ендіктен Тянь – Шань, Памир, Копетдаг тауларының етегіне дейін собтүстіктен оңтүстікке 1500 шақырымға созылып жатыр. Зона қоңыржай және субтропиктік климат белдеулерінің шегінде орналасқан.

Шөлге ылғалмен ылғалдың диспропорциясы құрғақ ыстық жаз бен суық қар аз түсетін қыс тән. Жазда құрғақ жауын – шашынсыз ауа райы басым болады. 0°С жоғары аязсыз күндердің саны 160-230 күнге дейін созылады. +10°С жоғары қарқынды температураның жиынтығы 3400-5600 жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері солтүстігінде 150-200мм, оңтүстігінде 100-150мм аспайды. Жауын – шашынның бір жыл ішіндегі таралуы Қоңыржай және субтропиктік белдеулерде әркелкі болуымен ерекшеленеді. Субтропиктік белдеуде қысы жұмсақ және қоңыржай жұмсақ әрі тұрақсыз қыста. Қаңтардың орташа температурасы - 4°Сдан +2...+4°С аралық тарында ауытқиды. Қоңыржай белдеуде қыс біршама тұрақты және ұзақ әрі салыстырмалы түрде суық. Қаңтардың орташа температурасы - 15°Стен 0°С аралығында ауытқиды. Жазғы температура субтропиктік шөлге қарағанда біршама

12345След.
скачать работу

Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ