Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі

өсімдіктер жамылғысының мол болуына әсер етеді. Құмды шөлдердің өсімдіктерін жүзгін, құм қарағайы, тамарикс сияқты бұталар, Сексеуіл, эфемерлер мен эфемеройдты шөптесін өсімдіктер құрайды. Эфемерлердің кең таралуына сазға қарағанда құмның жылдам жылынуы әсер етеді. Құмды шөлдердің өсімдіктері субстраттың қозғалғыштығына жақсы бейімделген. Мұндай қасиеттерге ие болған құм сүйгіш өсімдіктер ерекше псаммофиттер тобын құрайды. Олар тез өсіп қосымша өркендер түзуге, сабағында қосалқы тамырдың болуымен ерекшеленеді. Құмды жел үрлегенде жер бетіне шығып қалатындықтан күн сәулесінің тіршілікті жоятын әсерінен сақтайтын тамырларында арнайы жабын қабығы болады. Тұқымдары мен жемістерінде құм көміп қалудан сақтайтын қабыршықты қанаттары болатындықтан желмен жеңіл таралып, құмның бетіне бекіп қалуға бейімделген. Тұран жазығындағы құмдардың беку дәрежесіне сай өсімдіктер дамудың әркелкі сатысында болады. Желдің үрлеуі күшті байқалатын құм жолдарының төбесінде шым түзетін астық тұқымдас өсімдік семн, құм қарағайы, жүзгін өседі. Құм жолдарының бекіген ұсақ сазды жыныстардың бөлшектері кездесетін беткейлерінде ақ немесе құм сексеуілі, ағаш тәрізді шеркез, жүзгіннің кейбір түрлері, құм қоңырбасы басқада эфемерлі шөптесін өсімдіктер өседі. Жаларалық ойыстарда құмдар біршама тығыз әрі жалаңаш болып келеді. Онда көптеген бір жылдық шөптесін өсімдіктер өсіп, тамырлары шым түзеді.
Құмды шөлдердің жануакрлар дүниесі алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Әрі басқа түрлеріне қарағанда түр құрамына бай болады. Олардың көпшілігі эндемиктер. Олардың қатарына жіңішке саусақты сұртышқан аяғы түкті тышқан, үлкен құм тышқаны, құлақты кірпілер, ешкілердің бірнеше түрі жатады. Құмдар құлақты және домалақбас құм кесірткесі, агама, ескек саусақты геккон, сұр варан, құм эфасы, құм айдаҺары, оқ жылан сияқты баурымен жорғалаушыларға бай. Жыландар мен кесірткелердің санының көп болуы құмды шөлдерге тән басты ерекшеліктердің бірі. Ірі бұталар мен аласа ағаштардың болуы сексеуіл торғайы, сексеуіл сойкасы, басқада құстардың ұя салуына қолайлы жағдай тудырады. Мұнда шөл бүркіті, үкі Қыран бөктері сияқты жыртқыш құстар да көптеп кездеседі.
2.3.4. Тасты Галофитті шөлдер мен тақырлар.
Тасты шөлдер Қызылқұм мен Маңғыстаудың орталық бөлігі мен Бетпақдаланың шығыс бөлігінде, Сармат әктастарынан құралған үстірт пен Маңғыстау үстіртінің батыс бөлігінде тараған. Өсімдіктердің таралуына әсер ететін басты жағдай топырақ қабаттарында гипстің жинауы. Топырақтың арнайы қабатындағы гипс топырақ құрамындағы саз бен құмды жыныстардың ұсақ бөлшектерін желімдеп қатырып тастайды. Топырақ құрамындағы гипс көптеген өсімдіктердің өсіп өнуіне мүмкіндік бермейтіндіктен өте сирек болатындықтан біртұтас бірлестік түзбейді. Тасты шөлдерде сұр, тұран, майкара жусандары, жапырағы етженді суккуленттер сияқты гипсофиттермен қатар қылшалар, теріскендер өседі. Тасты шөлдерде 100-120 тарта эндемик өсімдіктер өседі. Тасты шөлдердің бетін қиыршық тастар мен бір – бірімен желімделген сазды жыныстар алып жатады. Тығыз қабыршақты тасты шөл топырағында кең тараған өсімдіктердің қатарына баялыш пен көкпекті тасбұйырғынды жатқызуға болады. Шөлдің бұл түрі жануарлар дүниесіне өте кедей.
Сортаңды – Галафитті шөлдер тұзданған жерасты суы жер бетіне жақын жатқан шағын ойыстарда басқа шөлдердің арасында кішігірім Арал немесе дақ түрінде таралады.
Каспий теңізінің жағалауы мен Аралдың оңтүстігін Қарабұғаз – Голдың айналасын ұнғұз бен узбойдың ескі қолаттарының біршама аумағын сорлар алып жатыр. Бұл шөлдердің субсратын сорнар құрайды. Өсімдіктердің өсіп өнуіне субстраттың белгілі дәрежеде тұздануі мен топырақтың жерасты еспе суымен ылғалдану қолайлы жағдай тудырады. Қатты тұзданған топырақта өсуге өсімдіктердің аздаған түрлері ғана бейімделгендіктен түр құрамы аз. Тұзды жерлерде өсуге бейімделген өсімдіктердің ерекше тобын Галафиттер құрайды. Олардың қатарына сабағы мен жапырағы етженді бойына су жинап құрғақшылық кезеңде үнемдеп пайдаланатын суккулянттар жатады. Оларға сарсазаң сортаң шөп сияқты бірқатар өсімдіктер жатады. Сортаң шөлдер жануарларға өте кедей болады.
Тақырлар шөлді алқаптардағы амовиальды, пролювиальды шөгінділерде уақ түрінде шағын аумақты алып жатады. Олар Қарақұм мен Копетдагтың аралығындағы жіңішке белдеуде, Амудария мен Сырдарияның Мургабтың басқада өзен аңғарлары мен олардың атырауларында таралған. Көктемгі қар еріген кезде сазды жыныстардың бетіне су сіңіп ісінеді де ылғалға қанығады. Бұл кезде көлшіктерде балдырлар, жазда құрғаған кезде қыналар дамиды. Онша тығыз емес тақырларда Қара сексеуілдер, сортаң шөп пен томаристер өседі. Жазда құрғаған кезде тақырлар жарылып қабыршықты тор түзіледі. Тақырларда бес саусақты тышқан, көр тышқан тақырдың домалақбас кесірткесі мекендейді.
Тұран жазығының шөлдерінің әрбір типінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Табиғат компоненттеріндегі өзара байланыс әрбір шөлге тән ландшафтларды айқындайды.

4. Табиғат байлықтары және оларды пайдалануға байланысты туындаған түйінді экологиялық мәселелер.

Кеңді және кеңсіз пайдалы қазбалары Тұран жазығының геологиялық құрлысының ерекшелігіне сай тұздар мен отын, мұнай мен табиғи газдың, Қоңыр көмірдің мол қоры бар. Тұран ойпатындағы жанғыш табиғи газдың маңызды кен орындарының қатарына Қарақұмдағы Дарбаза, Загеш, Ақшың, Шатлық Газли, Шу-Сары су газды алабындағы Амангелді кеніштерін жатқызуға болады.
Мезазой қабаттарында кездесетін мұнай кен орындары Маңғыстаудағы Жетібай, Оңтүстік базалуы, Оңтүстік торғай, Солтүстік үстірт, Теңге өзені, Тасболат Қаражамбас, Торғай ойысындағы құмкөл, Түркіменстан аумағында Шелкен, Небит –даг, Құм – даг, Қотырдене, кен орындарында шоғырланған. Мұнай кеніштер негізінен тұз күмбездерінің астындағы Карбанатты шөгінділерде кездеседі.
Миоцендегі қарқынды тектоникалық қозғалыстардың әсерінен болған үзілмелі қозғалыстардың нәтижесінде. Юра бор қабаттарындағы мұнайдың гипергенді өзгеріске ұшырауынан түзілген Қарашайыр кен орындарының қатарына Маңғыстау түбегіндегі Қарамұрат, Ақши, дөңгелексор кеніштері жатады.
Мұнай кендерімен бірге емдік мақсатқа пайдалануға мүмкіндік беретін жоғары дәрежеде мениралданған бромды, күкірт – сутекті, иодты басқада су көздері мен жоғары қысымды қабат аралық Тұшы су көздері кең таралған. Олар Палезой, мезазой қабаттарында 200 – 500 метр терендікте шоғырғанға ірі алқаптары Маңғыстау,үстір, Арал маңы, Қарақұмы, Шу – сарысу Торғай ойысында, Қарақұм мен Қызылқұм шөлдерінде таралған. Еспе сулар 1-25 метр тереңдікте Арал маңы Қараққұмында Арыс, Шу, Сырдария, Амудария, Мургаб өзендерінің аңғарында кездеседі. Маңғыстау түбегінде биогендік жолмен түзілген қоры 10 млн. тоннадан асатын. Біртіндеп тас көмірге ұласатын күлі аз қоңыр көмір кен орны бар.
Өздігінен шөккен тастұзы миробалит пен гашт кен орындары Арал теңізінің маңындағы Арал сульфат, Қарабұғазголда, Қарақұмда қыш және ас тұзы кен орындары шоғырланған. Аралдың солтүстігі мен Солтүстік –батысында өзендік және көлдік тастәрізді шөгінділерден Қуатбұлақ, Талды есеп, Көкбұлақ темір кен орындары бар.
Маңғыстау түбегіндегі жоғарғы триастық Қараболатты шөгінділерінде Бескемпір темір, Ақтау мен Қаратауда құрамында сульфиттер басым мыс түзілістері, сирек кездесетін металдар полиметалл. Марганец кендері шоғырланған.
Торғай үстертінде бокситтің, (қызылоктябрь) ұзындығы 100 шақырымға созылған шөгінді жол мен түзілген Лисаковскі темір кен орыны Қызылқұмдағы алтынның Талды тау кен орыны бар.
Маңғыстау түбегінде құрылыс материалдары ретінде қолданылатын Ұлутас, цемент шикізаты меңгеріледі, әктастың мол қоры шоғырланған.

2.4.2. Климат және су ресурстары және жер ресурстары.
Тұран ойпатының географиялық орынының ерекшеліктеріне сәйкес. Жылу мен жарық мол, жаз маусымында ашық күндердің үлесі 80-94% құрайды. Жиынтық күн радияциясы 140 – 160 ккал/ см² аралығында ауытқиды. Жылу мен жарықтың мол болуы, күн энергиясын техникалық мақсатта ащы суларды тұщыландыру, бөлме ауасын салқындату мен жылыту үшін кеңінен қолданылады.
Геморесурстар жөнінен Тұран ойпаты ТМД елдерінде бірінші орын алады. Жылу ресурстары пісіп жетілуі ұзаққа созылатын мақта, күріш, көкөніс, жеміс-жидек, бақша дақылдары өсіруге мүмкіндік береді.
Су байлықтары.
Табиғат жағдайлары ерекшеліктері мен жауын-шашынның аз түсуіне орай тұщы су көздеріне тапшы. Жер үсті суының жылдық қоры 127 текше шақырым. Өзен торы сирек болғандықтан тұщы су ресурстары да кентаралған, көп бөлігінде мүлдем жоқ. Жер бетіне таяу жатқан еспе сулары барлық құмды алқаптарда таралған.
Қарақұм мен Қызылқұмның пайдаланылатына 10 г/л дейін жететің әлсіз минералданған еспе сулар да кіреді. Қарақұм мен Қызылқұмды жерасты суының тәуліктік шығыны 450-500 текше метрге жетеді. Оның ішінде бүгінгі таңда 65 текше метрі қолданылады. Еспе сулар үстірттерде 245 –260 метр терендікте орналасқан.
Жер асты сулары жазықтағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық нысандарына қажетті сумен қамтамасыз етуде маңызы зор.
Тұран ойпатындағы жер асты суының сапасына сай жайылымды немесе егіс алқаптарын суғаруға қолданылады. Қамтамасыз етілуімен халықтың қоныстануы тікелей байланысты. Жер ресурстары тұран ойпатының табиғат жағдайларының ерекшеліктеріне сай құрғақ, ащы, тұзды болып келетін қатты сабақты шөптесін өсімдіктері мен қамтамасыз етілген, олардың мөлшері жылдық әр маусымында әр келкі таралған. Олардың өнімділігі 0,7 – 3,0 ц/га аралығында ауытқиды.
Жайылымдар түр құрамы мен жылдық жеуі жағында айырмашылығы бар. Жусанды, сортаң шөпті – сазды шөлдердің өсімдіктері күзгі – қысқы жайылымға, астық тұқымдас әртүрлі шөптесін өсімдікті құмды шөлдер жазғы, эфелергі шөлдер көктемгі жайылым ретінде пайдалануға қолайлы. Тұран ойпатының шөлдерін шаруашылық мақсатқа пайдаланылу жағынан қысқы – күзгі, көктемгі – жазғы және жыл бойы қолданылатын жайылымдар деп үш топқа бөлуге болады.
Бетпақ дала, үстірт қысқы – күзгі, көктемгі ж

Пред.67
скачать работу

Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ