Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі

Тұран жазығының табиғат зоналары. Тұран жазығының қиыр солтүстігінен басқа бөліктері толығымен шөл зонасында орналасқан.
Торғай үстіртінің ені 100-150 шақырымнан аспайтын жіңішке алқабы ғана дала зонасына енеді. Дала зонасының ауданы 150 мың шаршы шақырым шөлейт зонасының ауданы 40-45 мың шаршы шақырым. 1
Дала зонасы Торғай үстіртінің оңтүстік шеті мен Торғай қолатының Торғай өзенінің ендігіне дейінгі шағын жіңішке алқапты алып жатыр. Зонаның шегіндегі қаңтардың орташа температурасы -16…-18С шілденікі +21…+23С, жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 300-500мм. Оның 70 жылдың жылы кезеңдерінде түседі. Торғай дөңесті – қалдық үстірті мен Торғай қолатының беткі қабатын палеогеннің гипсті және тұзды сазды шөгінділері оның үстін төрттік дәуірдің жұқа шөгінділері жауып жатыр. Судың нашар сіңуіне байланысты сортаңды далалық ландшафтлар кешені кең тараған. Олар әсіресе Торғай қолатында көп кездеседі. Олардың негізін бетегелі – тарлаулы, Жусанды – бетегелі өсімдіктер бірлестіктері құрайды.
Құмды сазды жыныстардағы күңгірт қызыл қоңыр топырақта Бетегелі – бозды дала өсімдіктері тараған. Олардың ішінде мезоксерофитті және ксерофитті әртүрлі шөптесін өсімдіктер де кездеседі. Құм шауыт және Құмды жерлерде далаға тән псамморфитті қызыл бетегелі әртүрлі шөптесін өсімдіктер бірлестігі тараған. Зонаның басым бөлігі жыртылған. Торғай қолатында құмды алқаптағы реликтілі Қарағайлы орманды қорғау мақсатында Наурызым қорығы ұйымдастырылған.
Шөлейт зонасы Торғай, Ырғыз өзендерінің орта және төменгі ағыстарын алып жатыр. Қаңтардың орташа температурасы -15…-16С шілденікі +24…+25С құрайды. Жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 250-300мм. Зонаның аумағын дала зонасындағыдай палеоген мен төрттік дәуірлердің шөгінді жыныстарынан тұратын белесті – жонды, жонды жазықтар алып жатыр. Аумақтың басым бөлігін Сортаңды – сорлы жерлерде өсетін жусанды – сортаң шөпті галафитті өсімдіктер бірлестіктері құрайды. Сортаңды ашық қызыл – қоңыр топырақта ақ, сұр жусаннан, Лессинг бетегесінен тұратын жусанды – астық тұқымдас өсімдіктер өссе, сортаңды қоңыр топырақта Қаражусан, Құмшауыт топырақтарда жусандар мен бұйырғындар таралады. Шөл зонасы 48С солтүстік ендіктен Тянь – Шань, Памир, Копетдаг тауларының етегіне дейін собтүстіктен оңтүстікке 1500 шақырымға созылып жатыр. Зона қоңыржай және субтропиктік климат белдеулерінің шегінде орналасқан.
Шөлге ылғалмен ылғалдың диспропорциясы құрғақ ыстық жаз бен суық қар аз түсетін қыс тән. Жазда құрғақ жауын – шашынсыз ауа райы басым болады. 0С жоғары аязсыз күндердің саны 160-230 күнге дейін созылады. +10С жоғары қарқынды температураның жиынтығы 3400-5600 жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері солтүстігінде 150-200мм, оңтүстігінде 100-150мм аспайды. Жауын – шашынның бір жыл ішіндегі таралуы Қоңыржай және субтропиктік белдеулерде әркелкі болуымен ерекшеленеді. Субтропиктік белдеуде қысы жұмсақ және қоңыржай жұмсақ әрі тұрақсыз қыста. Қаңтардың орташа температурасы — 4Сдан +2…+4С аралық тарында ауытқиды. Қоңыржай белдеуде қыс біршама тұрақты және ұзақ әрі салыстырмалы түрде суық. Қаңтардың орташа температурасы — 15Стен 0С аралығында ауытқиды. Жазғы температура субтропиктік шөлге қарағанда біршама төмен болады. Қоңыржай белдеуде + 26…+ 30С субтропиктік белдеуде +30…+ 32С. Климатының ерекшеліктеріне сай табиғат шөл табиғатындағы топырақ пен биокомпоненттерінің дамуында айырмашылықтар байқалады. Бұл солтүстік және оңтүстік зона тармақтарына бөлуге мүмкіндік береді. Кейбір ғалымдар Тұран ойпатының шөл зонасын Қоңыржай және субтропиктік белдеудің шөлдері деп екі бөлікке бөліп қарастырады. 2, 15
1983 жылы жарық көрген КСРО – ның үлкен атласында Мильков пен Гвоздецкий Тұран жазығының қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің шекарасын Қарабұғаз – Гол мен Қаратау жотасының солтүстік бөлігі арқылы жүргізеді. Жылу ресурстарының молдығымен ылғалдың жетіспеуіне байланысты шөлдің аумағындағы экологиялық жағдай климаттың зоналық ауысуына ғана емес, жердің беткі қабатын түзетін тау жыныстары субстраттық ылғалды сіңіргіштігі, Капиллярлығы, ауадағы аз ылғалды жұта білу қасиеттері айқындайды. Сондықтан субстраттық сипаты шөлдің аумақтық табиғат кешендерінің орналасуымен таралуында ерекше орын алады. Белгілі ғалымдар Г.И.Борщов, А.Ф.Мидендорф, А. Н.Краснов, Л.С.Берег Тұран жазығының шөлдерін құмды, сазды, тасты (қиыршық тасты) сортаң және Лессті деп бес топқа бөледі. Кейіннен 1934 жылы Е.Л.Коровин ботаникалық белгілеріне қарай эфемерлі, псаммофитті, гифсофитті және галофитті деп төрт топқа бөлді. Жоғарыда аталған екі топтастыруды бір – бірімен салыстыра отырып, субстраттың әрбір түріне үш немесе төрт түрлі өсімдіктер тобы басым болатыны айқындалды.
Лессті сазды шөлдерде – ксерофитті эфемерлі, құмды шөлдерде – псаммофитті, тасты шөлдерде – гипсофитті, сорлар мен сортаң шөлдерде – галафитті өсімдіктер бірлестіктері тарайды. Ұсақ түйіршікті Лессті жыныстардан тұратын жазықтарда (субстраттарда) оңтүстік зона тармағында эфемерлі және жусанды эфемерлі, солтүстік зона тармағында жусанды – сортаң шөпті, сортаң шөпті – жусанды шөлдер қалыптасады. Тұран жазығының аумағында басқа шөлдерде геоботаникалық провинция негіздегі өсімдіктер бірлестіктерінде аздаған ауытсулар болғанымен сол қалпында сақталады. Солтүстік зона тармағында болғанымен оңтүстік зона тармағында эфемерлер мен эфемеройдтар басым болады.
2.3.1. Лессті Эфемерлі шөлдер.
Батхиз Қарабел үстірті мен Мырза шөлдегі Лессті, Лессті – сазды және сазды жазықтарда эфемерлі шөлдер таралған. Шөлдің бұлтинының шегінде оңтүстік субтропиктік шөлге тән барлық белгілер сақталған. Эфемерлі шөлдер бір жыл ішінде жауын – шашынның біркелкі таралмауының нәтижесінде түзіледі. Жауын – шашын мол түсетін наурыз – сәуір айларында жіңішке жапырақтың қоңырбастың, көкнәрдің, жауқазынның сарғалдақтардың жиі өскен шүйгін шөпті кілемі жабады. Бұл кезеңде температура + 10…+18С аралығында ауытқитындықтан булану онша жоғары емес. Жауған жауын – шашын суы топырақтың беткі қабатына сіңіп жақсы ылғалдандырады. Топырақтың бетіндегі жеңіл еритін тұздар мен корбинаттар сілтісізденіп немесе шайылып кетеді. Жоғарыда талған сазды, Лессті сазды шөлдерде сұр топырақ қалыптасады. Өсімдіктердің өсіп өнуі жақсы байқалатын көктемде шөл жануарларының да қарқындылығымен артады. Көптеген кемрушілер мен тасбақалар қарқынды тіршілік әрекетіне көшеді. Жыл құстары ұшып келеді. Эфемерлі шөлдерге тән жануарлардың қатарына сарысұртышқан, дала тасбақасы, Эверсманның құмтышқаны, дикобраз әртүрлі кесірткелер мен жыландар термиттер мен қоңыздардың жекелеген түрлері жатады. Эфемерлі шөлдердің көктемгі қарқындылығы 2-2,5 айдан аспайтын қысқа болады. Мамырда жауын – шашын тоқтайтындықтан эфемерлер мен эфемеройдтар күн қызуының артуына байланысты қурап қалады. Жауын – шашынның 95-98 көктемде түсетіндіктен жазда топырақ қатып қалады. Кейбір эфемерлер мен эфемеройдтар күзгі жаңбырдан соң қайта өсіп өне бастайды.

2.3.2. Сазды – Жусанды және Сортаң шөпті – жусанды шөлдер.
Солтүстік зона тармағына тән шөлдердің қатарына жатады. Олар үстіртте, Арал маңының солтүстік бөлігі мен Бетпақдалада таралған. Онда оңтүстік тармағындағыдай көктемгі жауын – шашынды кезең айқын байқалмайды. Маусым мен қыркүйек аралығындағы жылы кезеңде айына 10-15 милимертден жауын – шашынның біркелкі таралуы оңтүстік шөлге қарағанда буланудың біршама аз болуымен температураның аздап төмен болуы вегатациялық кезеңде топырақта аздаған мөлшерде ылғалдың сақталуы өсімдіктердің өсіп — өнуіне қолайлы жағдайлар тудырады. Саздан жусанды, сортаң шөпті – жусанды шөлдерге жусан, бұйырғын көкпек байалыш итсигек сияқты құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер тән. Онда жусандар басым болғандықтан жиырмадан астам түрі өседі. Камфосма және алабота тұқымдас өсімдіктерде кездеседі. Қар еріген кезде температура төмен болып топырақтың беті қызып үлгермейтіндіктен эфемерлер мен эфемеройдтар аз болады. Жауын – шашынның аздығы топырақтың қимасында карбонаттардың мөлшерінің шамалы болуына қарамастан беткі қабатының шайылуына, жылдам қозғалатын суда жақсы еритін тұздардан арылуына онша әсер етпейді. Сазды шөлдерде аз карбонатты қоңыр – сұр топырақ басым болады. Суды нашар өткізуі мен капиллярлығының жоғары болуы топырақ қабаттарының тұзданып, сортаңдар мен сорлардың дамуына қолайды жағдай тудырады. Бұл шөлге тән басты ерекшелік топырақ — өсімдік жамылғысының бір – бірінен айқын байқалатын кешенділігінде.
Сазды шөлдерге тән жануарлардың қатарына жылдам жүгіретін бөкен, қарақұйрық сияқты тұяқты жануарлар мен кеміруші тышқандар басым болады. Құстардан бұлдырық, қырғи, баурымен жорғалаушылардан тақыр және торлы дөңгелекбас кесіртке кең тараған.

2.3.3. Құмды псаммофитті шөлдер.
Құмды шөлдер Тұран жазығының басым бөлігін алып жатыр. Оған Қарақұм, Қызылқұмның басым бөлігі, Арал маңы Қарақұмы, Үлкен және Кіші борсыққұм, Мойынқұм кіреді. Құмды шөлдердің өсімдіктер жамылғысында эндемиктердің үлесі үлкен роль атқарады. Өсімдіктер жамылғысының таралуы мен дамуына субстраттың қозғалғыштығымен басқа шөлдерге қарағанда ылғалды жақсы ұстайтын екі қасиеті әсер етеді. Ол құмның сулы – физикалық қасиетімен тығыз байланысты. Құмның сусымалы болуымен борпылдақтығына байланысты атмосфералық ылғал құмға толығымен сіңіп кетеді де 1-1,5 метрге дейінгі қабатын сулайды. Капиллярлығының аздығына байланысты құм қабаттарына жиналған ылғалды тамыры арқылы өсімдіктер транспирациялайды. Температураның тәуліктік ауытқуы жоғары болғандықтан түнде ауадағы су буы конценсацияланып құмға сіңеді. Аталған белгілердің барлығы 100-140 см-ге дейінгі құм қабаттарының тұрақты түрде ылғалды болуына тікелей әсер етеді.
Жоғарыда көрсетілген құмды шөлдердің ерекшеліктері шөлдің басқа типтеріне қарағанда

12345След.
скачать работу

Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ