Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тұран және көне түркілер

ы бойынша “Манас“ жырымен өте үндес. Оның басты кейіпкерлері Манас сияқты Орта Азияда туып, жылқы өсіріп, қымыз ішкен, кермеде мүсін аттар баптаған өңшең серілер. Бұнда біріншіден көзге түсетін нәрсе, Манас жырындағы сияқты “Үлкен Эдда“ ерлігі 12 жастан басталады. Бұл екі жырдың этнография ұқсастығымен қатар, олардағы ақындық бейнелер де көп жерінде біріне бірі жақын келіп отырады: олар ерте заманнан қалыптасып, белгілі дәстүрге айналған көркемдік бейнелер. Мәселен, бәйтерек, ақсұңқар, құмай тазы, қанатты тұлпар және тағы басқалар. Еуропа ғалымдары Паве де Куртеиль, Чэдвиктер бұл бейнелерді бір ғана көшпелі елдерге тән ақындық бейнелер деп түсіндірген.

”Манас” жырының ”Үлкен Эддамен“ аса үндес шығатын бір жері, ондағы Аттиланы улап өлтіру аялғысы Манасқа өте ұқсас. Өлер алдында бұл екі батырдың екеуі де жаман түс көріп шошынады. Аттилаға өтетін өмір ұшқан ақсұңқар болып көрінеді... Бұл екі жырда үндес шығатын тағы бір тамаша жора – ерлердің өзара достыққа анттасуында ежелгі замандағы аспанға, көкке, жер-суға табынудың әсері тым күшті... қазақ пен қырғыздарда бұл ескі наным түрі соңғы кезге дейін ұмытылмаған. Оны “көк атсын“, “ант атсын“, “көк соққан“, “ант ұрған“ дейтін ұғымдар ашық көрсетеді”104. Көлемі 22000 жолдан тұратын қырғыз халқының «Манас» дастаны әлемдегі ең үлкен эпостардың бірі болып саналады.   

Неміс халқының “Нибелунга туралы жыр“, “Равен шайқасы“, “Берндік Дитрих“, “Зейнфрид батыр туралы жыр”, “Хилдебранд туралы жыр“ және т.б., исланд халқының “Эдда” жыры, “Волсунга туралы сага”, норвегия халқының ’’Тидрек туралы сага’’ сияқты батырлар жырларында Аттила бейнесі жасалған.

         Әдебиет зерттеуші ғалым Ф.Копрулузаде: ”славян, фин, француз, герман әдебиетіне эпикалық жанр, поэма жазу дәстүрі “Аттила” дастаны арқылы келді“ дейді 211.

         “Аттила есімі адамзат тарихындағы -  Александр Македонский мен Юлий Цезарьдың қатарынан орын алды“189.Ғұндар кезеңіндегі (б.д.д.II ғ.- б.д.V ғғ.) түркі тайпалары батыста Францияға дейінгі, оңтүстік - батыста Египетке дейінгі жерлерді өзіне қаратып, сол жерлерде құл иеленушілікті жойып, феодализмді орнықтыруға септігін тигізді. Сол арқылы адамзат тарихында ілгерілеушілік, дамушылық маңызға ие болды. Ал, сол кездегі түркінің басқа тайпалары заманындағы ең алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі - Құшан патшалығын құрды. Ғұндар дәуіріндегі түркі тайпаларының Еуропа мен Азия құрлығында ілгерушілік (прогресстік ) маңызы зор болды.

Пред.6
скачать работу

Тұран және көне түркілер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ