Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тұран және көне түркілер

мақтарға таралғаны ғылымда дәлелденген.

Түркі өркениеті Қытай өркениетінің дамуына тікелей әсер етіп, оның ізашары болғанына осы айғақтар дәлел. Сонымен қатар, мыңдаған жылдар бойы көрші тұрған осы халықтар бір-біріне жанама түрде де әсер еткені белгілі. Көне түркілердің шабуылдарынан қорғану үшін салынған ұзындығы алты мың шақырым “Ұлы Қытай қорғаны” соның бір мысалы.

Түркі тайпаларының ішінде елдік, мемлекеттік алғашқы белгілі идеяны б.д.д. VI ғасырда сақтардың әйел патшасы Томирис айтқан болатын. Ол сақтың жерін жаулап алмақ болған парсының ұлы патшасы Кирге “Сен біздің жерге соғыспен келдің. Қантөгіс бастамай тұрып еліңе қайт. Әйтпесе, ажалыңды осы жерден табасың ...” дейді. Демек, сақтар үшін ең қасиетті, ең қымбат нәрсе туған жер екен. Осы соғыста Томирис бастаған тайпалар парсылардың жер қайысқан қолын жеңіп, “патшалардың патшасы” Кирді өлтіргенін “тарих атасы” Геродот жазды53.

“Түркі елі” немесе “Түркістан” ұғымы - б.д.д. II ғасырда ғұндардың шаньюйі (қыт. “Аспанның Ұлы Перзенті”) Мөде хан түркінің 24 тайпасын біріктіріп, мемлекет құрған кезде пайда болды. Сол тайпалардың көпшілігінің ізі бүгінгі қазақ ұлтын құрайтын руларда кездеседі. Демек, бүгінгі қазақ көне түркілердің тікелей ұрпағы.

Мөде қаған қытай патшасы сұратқан жақсы жылқылары мен сұлу қыздарын берсе де, жерге келгенде (мейлі ол құнарсыз шөлді аймақ болса да): “Жердің жақсы-жаманы болмайды. Жер мемлекеттің негізі. Ол ешкімге берілмейді ...” деп, қытайға соғыс жариялайды, сүйтіп оның көп жерін жаулап алады 57.

Ғұндардың батыс бөлігі б.д. I-IV ғасырларында Жетісу, Арал теңізі арқылы өтіп, алдымен Жайық-Еділ өзендері аралығын мекендеп, одан кейін Қара теңіз бойын басып алып, Днепр мен Дунайға дейін жетіп, осы көштің жолында кездескен аландардың бір бөлігі мен остроготтарды бағындырып, угр, визигот, герман тайпаларының батысқа жаппай көшуіне себепші болды 129. Еуразияның картасын түбегейлі өзгерткен осы “Халықтардың ұлы көші” кезінде Кавказдың солтүстігінде Терек пен Кубандағы аландардың көпшілігі ғұндарға бағынды. Қазіргі осетиндер аландардың ұрпақтары. Аландардың екінші бөлігі Батысқа көшіп, сол жақтағы батыс герман тайпаларына қосылды. Олардың бір бөлігі Луардың төменгі жағындағы Галға орналасса, қалғандары суявтармен немесе визиготтармен араласып, Испаниядағы Каталонияның  (”Гот-Алан“) атауы болған жаңа этникалық элемент құрды.

Еуропадағы Бургунд ұлысының алғашқы топонимі алдымен түркілер тұрған Байкал қыраттарында кездеседі. Содан кейін олар Каспий теңізі маңында тұрған. Олардың бір бөлігі Кавказдағы Қарашай жеріне көшіп, соңынан Ұлы көш кезінде қазіргі Франция жеріне барып орнықты.

Ғұндар Қара теңіз жағалауын, Керч бұғазын, Боспор патшалығын, Рим империясының Паннония аймағын Венгрия өзіне қаратып, Еуропадағы Батыс ғұн империясын құрды. Олар 437 жылы Рейн өзені бойында Бургун корольдігінің әскерін жеңгеннен кейін барлық герман тайпалары ғұндарға бағынышты болды.

Аттила Еуропадағы өзара қырық пышақ болып, ұдайы соғысып жататын тайпалардың басын қосты. Сүйтіп Еуропада бейбіт өмір орнатты. Рим империясында құлдық қауымды құлатып, ондаған мың адамды құлдық бұғауынан азат етті. Өз халқына қатыгездік жасаған әміршілерді қатал жазалап отырды. Сол үшін Аттиланы халық “құдайдың қамшысы“ (“бичь божий“) деп атап кетті.

Тарихта осы уақытқа дейін шешімін таппай келе жатқан мәселе - Аттила бастаған ғұндар мен Аэций бастаған римдіктер арасында болған Каталаун шайқасының қорытындысы. Таңертеңнен кешке дейін бір толас таппаған шайқаста екі жақ та жеңіске жете алмай, тек төңіректі қараңғылық бүркегенде ғана әркім өз әскерін ұрыс даласынан алып кетеді. Ертеңіне күн шыққанда шайқас қайта басталуы тиіс еді. Бірақ, рим әскері орнында болмай шықты. Олар ұрыс даласын тастап кетіпті. Мұны көрген Аттила алдымен әскерін біраз уақыт демалдырып, содан кейін  Римге қарай жорықты қайта бастайды. Мың жарым жыл бойы тарихшылар шеше алмай келе жатқан жұмбақ осы. Аттиланың әскері Миланды, Венеция т.б. қалаларын басып алып Римге жақындағанда, Рим папасы оның алдынан неше түрлі сыйлық алып шығады да, Аттилаға салық төлеуге дайын екенін білдіріп, қаланы қиратпауын сұрайды. Ол “мәңгі қаланы” ғұн қаһарынан осылай аман алып қалды. Жеңілгенін мойындап тұрған соң Аттила қаланы қиратпайды. Бұл оның мәрт қолбасшы екенінің айғағы. Оған дейінгі және кейінгі ұлы қолбасшылардан ондай рыцарлық мінезді кездестірмейміз. Ол тек «құдайдың қамшысына» тән қасиет болса керек. Жалпы рыцарлық дәстүр Еуропадан, ал осы құрлықтағы рыцарлық Аттиладан басталады.

Халықтардың ұлы көші V ғасырдағы Атилланың Еуропаға жасаған осы жорықтарымен аяқталды.

“Соғыс дегеніміз өркениеттің жаратушы анасы, оның серіктесі және жерлеушісі” деген белгілі қағида бар 207. Өркениетті дамытушы негізгі фактордың бірі де соғыс екенін Гегель дәлелдеген болатын 51. Сонымен қатар, цивилизациялардың құруының себептері де соғыстар болғаны белгілі. Екі жақ соғысқанда қаруы қарсыласынан гөрі жетілген, әскерінің жаттығуы мықты және рухы жоғары, стратег қолбасшысы бар жағы жеңіске жетеді. Яғни, отырықшы халықтар “жабайылар” деп келген көшпенділердің мыңдаған жылдар бойы Еуразия құрлығында билік етіп, үстемдік жүргізуі олардың техникалық прогресі мен өркениетінің жоғары болуының дәлелі.

Рим империясының әлсіреп, ақыр аяғы құлап бітуіне, көптеген қалаларын Аттиланың басып алуы және Римдік қоғамды жемқорлықтың жайлап алуы себепші болды.

Аттила патшаның Еуропадағы жорықтары сол қоғамдағы құл иеленушілікті феодалдық қатынастарға, яғни ілгерілеушілік бағытқа өзгерткені және XIX ғасырдағы Наполеон Банопарттың осы құрлықта монархияның орнына демократиялық принциптерді енгізуі соғыстың прогрессивтік маңызы болғанының дәлелдері.

 “Халықтардың ұлы көшінің” тарихи маңызы - ол адамзатты құл иеленушіліктен азат етуге септігін тигізді.

         Белгілі ғалым А.Н.Бернштам ғұндардың адамзат тарихындағы рөлін; “... Құл иеленушілік пен көне әлемдегі (античный) қатынастарды жоюдағы олардың рөлін прогрессивтік, жаңа әлеуметтік-экономикалық формация - феодализмді тудыруға қатысқан құбылыс деп қарау керек”33  деп бағалаған.

         Д.Николле ғұндар туралы, “Атилланың әскери тактикасын сипаттаған грек жылнамаларында оның соғыс жүргізу өнері мен тактикалық әдіс пен стратегияны жақсы меңгергенін жазады. Ол шапқыншы емес, ұлы қолбасшы және ақылды көсем. Ғұндар рим легионерлері сияқты қансорғыш емес, тәртіпті болды. Еуропа цивилизациясы алдындағы ғұндардың айыбы, олардың сырт пішіні мен дәстүрі басқа болды. Еуропалықтар соғыс өнері мен рыцарлықты ғұндардан үйреніп, олардан салт аттылық, киім және қаруды алды. Арабтар мен III-IV ғасырлардағы олардың ұсталары сақтар, ғұндар, хазарлар, болгарлар және қыпшақтардан соғыс қаруын жасауды үйренді”125 дейді. IX ғасырдағы араб тарихшысы Әль-Жахиз; “түркілердің соғыстағы рөлі мен маңызын, қытайдың өнердегі және грецияның ғылымдағы орынымен салыстыруға болады”деп бағалаған.

         Сонымен қатар, ғұндардың Еуропаға монша, руникалық жазуды әкелгені белгілі 127, 128.

         Гильом де Рубрук өзінің “Шығыс елдеріне саяхат” деген кітабында түркі халықтары ғұндар туралы мынадай деректер қалдырған: “Ғұндар, соңынан венгрлер осы Паскатирь (башқұрт) жерінен шықты, бұл Ұлы Болгария. Олар жүйрік аттарымен жабайы халықтарын ұстап тұрған Кавказ шатқалдарындағы Александр кедергісі арқылы өтіп, Египетке дейінгі халықтарға салық төлетті. Олар (ғұндар) Францияға дейінгі барлық жерлерді жаулап алғандықтан қазіргі татарлардан (монғол) бай болды”135.

         Ғұн тайпаларының асыл қазынасы саналатын рухани байлығы олардың ауыз әдебиеті. “Оғыз-қаған” дастаны түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеологиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық туынды. Оғыз қаған - ғұндардың көсемі Мөденің әдеби бейнесі болғанымен, бұл дастанда алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі, ғұндар дәуіріндегі, одан кейін орта ғасырлардағы сан қилы тарихи оқиғалар өзара үйлесіп, жалғасып жатады.

“Аттила“ дастаны Аттиланың Еуропаға жасаған жауынгерлік жорықтарын тарихи деректер мен аңыз-әфсаналар негізінде баяндайтын қаһармандық жыр. Осы дастан бізге түгелдей жетпегенімен, герман және скандинавия халықтарының батырлық эпостары саналып келген “Нибелунга туралы жыр“ және “Алып қолды Вальтария“ ”Waltarius vanu fortis” поэмалары «Аттила» дастанының сюжеттік негізінде орта ғасырда қайта жазылғаны дәлелденді. Ғалымдар бұл поэмалардың авторлары қыпшақтардың әдет-ғұрпын, салт-санасын, жан дүниесін, психологиясын егжей-тегжейлі біліп жазған қыпшақтар дейді.

         Скандинавия халықтарының батырлық жырларында Аттиланың алатын орны ерекше. Ол туралы академик Ә.Марғұлан “Бір кезде (IV ғасырлар) осындай қызық аңыздарды, тамаша ерлік жырларды ғұндар Еуропа жұртына таратып, соның күшті лебімен исландияның “Үлкен Эдда” сияқты дүниежүзілік әдебиетке мирас болған әрі қызықты, әрі көркем, әрі тамаша эпостың тууына үлес қосады. “Үлкен Эдда” жыры өзінің аялғысы, әлеуметтік сарын

12345След.
скачать работу

Тұран және көне түркілер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ