Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Туристерді жеке сақтандыру



 Другие рефераты
Туристерді медициналық сақтандыру Туристерді мүліктік сақтандыру Туризмдегі сақтандырудың негізгі түрлері Сақтандыру туристік өнімнің ажырамас бөлігі

Жеке сақтандыру деп сақтанушылардың өмірлері, денсаулықтары эәне еңбек қабілеттеріне байланысты мүдделерін қорғау бойынша сақтандыру қызметтерін көрсету кезіндегі сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы қатынасты айтамыз.

Туристерді жеке сақтандыру бойынша сақтандырушылар жеке де, заңды да тұлғалар болса, ал сақтанушы тек турист болады. Жеке сақтандыру әрқашан тұлғамен (адаммен) байланысты болады. Мысалы, туристік фирма (заңды тұлға) сақтанушылар ретінде жұмысшыларын өзінің қаржысы есебінен жеке сақтандыруды жүзеге асырады. Сақтанушы туристер ретінде 16 жастағы балалардан 80 жасқа дейінгі адамдар бола алады.  Әрбір адам өзінің тұлғасымен байланысты мүдделерін қорғауға құқығы бар. Жеке сақтандыруды мүліктік мүддені қорғау ретінде қарастыруға болады.

Туристерді жеке сақтандыру мазмұны жағынан мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамтамасыз етудің қосымша бір түрі болып табылады. Сондықтан да, сақтандыру төлемі басқа сақтандыру келісім-шарттары юойынша есептелгенсомаға байланыссыз сақтанушыға немесе үшінші тұлғаға төленеді.

Туристердің жеке сақтандыру келісім-шарты бойынша сақтандыру сомасы сақтандырушымен келісілген кез-келген мөлшерде бекітіледі.

Сақтандыру жағдайы келісім-шартта көрсетілген жағдайларға, сақтандыру шарттары мен ережелеріне сай келсе, сақтандыру төлемі төленеді.

Туристерді сақтандыру оқиғаларына туристік жолдамада көрсетілген орындар да ғана болған сәтсіз жағдайлар (улану, жарақаттану т.б.), кенеттен туристің ауырып қалуы, қаза болуы жатады.

Туристердің жеке сақтандыруындағы сақтандыру оқиғалары қатарына ұзақ уақыттан келе жатқан, жұқпалы, рецидивті (жүрек-қан тамырлары, онкологиялық, туберкулез, тіспротездік және басқа да) аурулар жатпайды.

Біздің елімізде туристерді сақтандыру ерікті іс болғандықтан, турист туристердің сақтандыруымен айналысатын кез-келген сақтандыру компаниясынан сақтандыру полисін ала алады. Турист келісім-шартқа отырар алдында ол сақтандырудың шарттарымен міндетті түрде танысуы қажет, қандай сақтандыру оқиғалары бойынша сақтандыру жүргізілетінін де білуі шарт. Турист көрсетілген шарттарды толық немесе мүлдем орындамаса, онда сақтандырушы сақтандыру сомасын төлемеуі мүмкін.

Туристердің жеке сақтандыру шарттарында сақтандыру жауапкершілігі таралмайтын санкциялар да көрсетіледі. Мысалы, ауырған, апатты жағдайлар және өлімі кезіндегі санкцияларға туристің әдейі істеген істері (ішімдік, немесе наркотик қолдануы, төбелестерге, митингтерге, көтерілістерге қатысуы, өзін-өзі атуы немесе өлтіруі) жатады.

Шетелге шығатын туристің жеке сақтандыруы, әдетте, ерікті медициналық сақтандыру ретінде болады. Ол шетелде болған қауіпті жағдайлардан алған дене жарақаттары, кенеттен болған аурулардан сақтандырады. Медициналық сақтандырудың келісім-шарты саяхат кезінде адамның толық саулылығын, ешқандай дене жарақатын алмаудыжәне ұзақ уақытты рецептивті ауруларға шалдықпауын қарастырады.

скачать работу


 Другие рефераты
Ата-ананың беделі және педагогикалық әдептілік сезімі
Приборы и методы замера вредных веществ в отработавших газах автомобиля
Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетінің тарихы
Изучение возрастных и межполовых особенностей самооценки трех школьных возрастов


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ