Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сақтандыру туристік өнімнің ажырамас бөлігі



 Другие рефераты
Туристерді жеке сақтандыру Туризмдегі сақтандырудың негізгі түрлері Палаткасыз түнеуді ұйымдастыру Апатты жағдайдағы қажетті заттар

Адамның кез келген іс-әрекеті кезінде оның денсаулығына, зат-мүлкіне, интеллектуалды меншіктеріне, қаржы-қаражатына зиян келтіретін қауіп-қатерлі жағдайлармен түйіндес келеді. Тіпті, бұндай жағдайлардың қашан болатындылығы да, тиетін зияндылығының көлемі де белгісіз болады.

Шетелге барғанда турист кез-келген уақытта экстремальді жағдайға тап болуы мүмкін. Мысалы, климаттың ауысуы, судың химиялық құрамының өзгеше болуы, тамақтану тәртібінің басқашалығы т.б. өзгерістердің қауіп-қатер төндіруі мүмкін. Осындай қауіп-қатерлер қоғамды олардан алдын ала сақтандыру үшін іс-шараларды жүзеге асыруға мәжбүрлейді.

Туристің қауіпсіздігі көптеген факторлармен қамтамасыз етіледі. Олардың ішінде сақтандыру маңызды орын алады. Туристің ауырып қалу және сәтсіз жағдайларға ұшырауына байланысты мәселелер турист пен сақтандыру компаниясы арасында жасалған келісім-шартында көрсетілген тәртіп бойынша шешіледі. Осылай туристік фирмалар өздерінен туристердің қауіпсіздігі үшін жауапкершіліктерін алып тастайды. Ол жауапкершілікті сақтандырушыға жүктейді.

Сақтандыру дегеніміз – бұл қандай да бір жағдайдың болған кезінде сақтандыру төлемдерінен құралған ақша қоры есебінен жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау бойынша қатынастары..

Сақтандыруға келесі өзіндік белгілері тән:

-   материалдық зақым әкелетін қауіпті жағдайдың болуы;

-   болған зақымның өтелуі арқылы жеке және заңды тұлғалардың объективті қажеттіліктерін қанағаттандыру;

-   сақтандыру төлемінің сақтандыру өтеуі ретінде қайтарылуы.

Сақтандырудың мәні жағымсыз жағдайлардың әсерінен болған зақымдар шығынын төлетіп алуда.

Сақтандыру міндетті және ерікті түрде жүргізіледі.

Міндетті сақтандыру бойынша сақтандырушы мен сақтанушы арасында алдын ала келісім талап етілмейді. Бірақ әрбір қатысушыға міндеттілік принципі жүктеледі, яғни сақтанушы сақтандыру жарнасын төлеуге, ал сақтандырушы қарастырылған жағдайлар болған кезде сақтандыру шығынын төлеуге міндетті.

Ерікті түрде сақтандыру әркімнің жеке еріктілігімен жүзеге асады, яғни сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы келісім-шарт негізінде жүргізіледі. Жалпы шарттары мен оны жүргізу тәртібін анықтайтын ерікті сақтандыру Ережелерін сақтандыру заңдылықтарына сәйкес сақтандырушы өзі бекітеді. Осы орайда, сақтандырудың жалпы шарттары заңмен анықталса, ал оны жүргізудің нақты шарттары келісім-шартта келісіледі.

Сақтандыру келісім-шарты дегеніміз – бұл төтенше жағдайлар болған кездерде өзара құқықтары мен міндеттерін орындау шарттары көрсетілген сақтандырушы мен сақтанушының арасындағы екіжақты келісім.

Сақтандыру келісім-шарты бойынша бір жақ (сақтандырушы) келісім-шартта көрсетілген жағдайлар туған кезде екінші жаққа (сақтанушыға) сақтандыру шығынын төлеп беруге міндетті.

Сақтандыру келісім-шарты сақтанушының арызы негізінде жазбаша түрде жасалады. Келісім-шарт жасалған соң сақтанушыға сақтандыру полисі беріледі.

Сақтандыру (куәлігі) полисі сақтандыру келісім-шартының жасалғанын растайтын құжат болып табылады.

Сақтандыру полисі орыс және баратын елдің мемлекеттік тілінде әзірленуі керек. Егер тур бірнеше мемлекеттерде болатын болып сақтандыру полисі тек орыс және ағылшын тілдерінде ғана жасалған жағдайда туындайтын мәселелерді де нақты шешіп алу керек. Егер жағдай туристік фирмамен жасалған келісім-шартта көрсетілмесе, бұндай жағдайда барған мемлекеттің тіліне аударылмаған сақтандыру полисінің заңды күші болмай, туристің ауырған немесе қауіпті жағдайға тап болған кезінде ешқандай қорғаныссыз қалады.

Сақтандыру келісім-шарты келесі жағдайларда ісін тоқтатады:

-   келісім-шарт мерзімінің бітуі;

-   сақтандырушының сақтанушы алдында міндеттерін толығымен орындап аяқтауы;

-   сақтанушының сақтандыру жарнасын төлемеуі;

-   сақтанушының жойылуы немесе сақтандырушының қаза болуы;

-   бекітілген заңдылықтар тәртібінде сақтандырушының жойылуы;

-   сот шешімінің келісім-шартты жарамсыз деп табуы.

Сақтандыру келісім-шарты сақтандырушы мен сақтанушының талаптары бойынша мерзімінен ерте тоқтатылуы және екі жақтың келісімі бойынша да тоқтатылуы мүмкін. Туризмдегі сақтандырудың мақсаты туристік қызметтер кезіндегі қауіпті жағдайлардан болған зақымдардың шығынын өтеп беру болып табылады.

Сақтандыру туристік базалардағы, кемпингтердегі, саяхаттардағы және сонымен бірге, шетелге сапарға баратын азаматтарды да қорғауда қамтамасыз етеді. Сақтандыру туристердің мүліктерінің, ақшаларының зақымдалуы немесе жоғалуы, олардың өмірі мен денсаулықтары үшін жауапкершілікті алады. Туристік құжаттамаларды ресімдеуде қауіптерден сақтандыру маңызды болып отыр.

Туризмдегі сақтандыру туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде туристке дәрігерлік көмек қажет болғанда, зат-мүлкіне зақым келгенде немесе өміріне қауіп төнгенде келген шығындарды қайтарып беруге кепілдік береді.

Туристерді сақтандыру – бұл туристік саяхаттар кезінде азаматтардың мүліктік мүдделерін қорғайтын сақтандырудың ерекше бір түрі. Ол сақтандырудың қауіп-қатерлі түріне жатады. Оған тән сипаттарына қысқа мерзімділік, жағдайдың болуы мерзімі және болатын зақым мөлшерінің белгісіздігі жатады.

скачать работу


 Другие рефераты
Утопический социализм
Мониторы
Социология религии
Педагогическая характеристика детей школьного возраста


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ