Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Туризмнің классификациясы



 Другие рефераты
Аймақтық ұйымдар Туристтік ұйымдардың түрлері Туризм тарихын географиялық тұрғыдан оқу Көлік түрлерінің дамуы

Қазіргі туризм классификациясы бәрінен бұрын территориялық туристтік шаруашылық пен қозғалыстың дамуын жоспарлау үшін қажет. Бұл классификациясынң мәні туризмнің жеке түрін бөліп көрсету. Қазіргі уақытқа дейін туризмге нақты классификация жасалған. Оны тәжіребиеде туризмнің нақты бір түрін бөлудің мүмкін еместігін түсіндіреді. Туризмді әртүрлі белілеріне қарай классификациялауға болады:

1. Мақсатына қарай;

2. Саяхаттың мерзімі мен ұзақтығына қарай;

3. Қозғалу түрі бойынша;

4. Орналасу жолына байланысты;

5. Саяхатқа қатысуының құрамының сапасына және т.б.

 

Бірақ, шешуші рольді атқаратын саяхаттың мақсаты, нысаны мен классификациядан айырмашылығы – туризмнің түрі әртүрлі болып келеді. Олар бірқатар факторлаға байланысты. Олардың ішіндегі негізгілері:

1) Бос уақыттың болуы мен ұзақтығы;

2) Жасы, жынысы, денсаулығы, рухани дамуының деңгейі, адамдардың жеке талғамы, материалдық жағдайы;

3) Табиғи жағдай мен мезгілдің әртүрлілігі;

4) Қозғалу мүмкіншілігінің болуы және т.б.

Сапардың мақсатына, шарттарына, бағытына қарай туризмді  жіктеуге, түрлерге бөлуге болады. Қоғамдық функциясы мен өндірістік технологиясына қарай туризмнің 3 негізгі түрін қарауға болады:

1) емдеу;

2) спорттық – сауықтыру;

3) танымдық.

Демалысты дұрыс ұйымдастыру оны өзіне тиімді пайдалану адам организмін жақсы шынықтырады. Өсіп келе жатқан жастар үшін спорттың және сауықтырудың маңызы зор. Онсыз жұмыс істейтін адамның қоғамдық және еңбек іскерлігін көтеру мүмкін емес.

Туристтік ағымымен оның бағыттарына қарай және құқықтық статусына байланысты туризм 2 түрге бөлінеді:

1. Ішкі (ұлттық);

2. Халықаралық (шетелдік).

Ішкі туризм – азаматтың өз елі ішіндегі саяхаты.

Халықаралық туризм — өз елінен тыс жерлерге саяхаты. Туристтердің бір елден екінші елге сапары немесе бірнеше елдерге сапарлар.

Шетелдік туризм – шетелдік азаматтардың туристтік мақсатпен басқа елге келуі.

Бұлай бөліну халықаралық туризмнің 2 басқа түрімен тығыз байланысты – кіру және шығу.  Бұлар туристтік ағымының бағыты арқылы айырмашылықта болады. Туристтік саяхат жасау мақсатына қарай оның шыққан елін және баратын елін анықтайды. Туристтің шыққан елі шығу туризмі делінсе, ал баратын елі кіру туризмі деп аталынады. Бір турист бірден шығуда және кіруде турист бола алады.

Ұлттық туризм ішкі және сыртқа шығу туристтік ағымдардан құралады. Бір елдің ішіндегі туризм – ішкі және келетін турисстік ағымдарды қамтиды.

Ішкі туризм дегеніміз демалу, спортпен айналысу және басқа да мақсаттар үшін адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысы. Бұндай саяхаттарда елдің шекарасынан өтпейді, туристтік құжаттарды толтырмайды.

Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристтік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.

Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшелігі – елдің төлем балансына тигізетін әсері. Сондықтан да шетелдік туристердің келуін «белсенді» туризм деп атайды. Оған қарсы, туристердің шетелге кетуі ұлттық ақша мөлшерінің азаюына әсерін тигізеді. Мұндай туризмді «белсенді емес» дейді. Осындай едәуір айырмашылығына қарамастан, ішкі және халықаралық туризм бір-бірімен үнемі тығыз байланыста болады. Шыныда да олар бір бүтін туризмнің екі бөлігі. Ішкі туризм халықаралық туризмнің дамуының негізін жасайды, ішкі туризмсіз халықаралық туризм дамымайды. Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы. Ол жаңа рекреациялық ресурстар мен аудандарды игеруге, туристтік инфрақұрылымының базасын құруға әсерін тигізеді, сондай-ақ бірте-бірте халықаралық туристтік қозғалысқа, халықаралық туризм индустриясына енуге мүмкіндік тұғызады.

Туризм классификациясының, оның саяхатқа шығу мақсатына қарай бөлінуі осы уақытқа дейін көптеген пікір-таластар тудыруда. Көп авторлар оның басты мәселесін бр ауыздан мақұлдайды және саяхатты мақсаты жағынан демалыс пен көңіл көтеру десе, басқа жағынан іскерлік туризм деп бөледі. Демалу мен көңіл көтеру мақсатындағы саяхат (рекреациялық туризм) туризмнің дамуындағы ең негізгі бағыт болып саналады. Оның еншісіне дүниежүзілік туризмнің 70 % -ы келеді. Олар сауықтыру, спорттық, танымдық сапарларын біріктіреді, шоп-тур және т.б. Көптеген зерттеушілер туристтік қозғалыстың дамуында басты рольді танымдық туризмге береді.

Соңғы уақыттарда жеке сапарлар дамуда немесе этникалық туризм  — туысқандарына, таныстарына немесе ата-бабларының тұған жеріне қыдыруы: олар дүниежүзілік туристтік ағымының 10 % құрайды.

Іскерлік туризм – бұл саяхат, жұмыс мақсатымен ақшалай кіріссіз іс-сапарларға бару. Мұндай сапарамен съезге, ғылыми конгресске, конференцияға, сипозиумға; өндірістік семинарда бас қосуға; жәрменке, көрме және халықаралық салондарға қатысуға барады және тағы басқалар. Іскерлік туризм – бұл болашақтағы мол және тиімділігі жоғары туризмнің бір саласы.

Туризм түрі жағынан әр түрлібелгілеріне қарай жіктелінген. Ұйымдастыру жағына қарай туризм:

1) ұйымдастырылған (жоспарлы);

2) өз жоспары бойынша (әуесқойлық);

3) ұйымдастырылмаған (жабайы) болып бөлінеді.

Қатаң уақыт тәртібі бойынша белгіленетін турфирмалар ұсынатын саяхат – ұйымдастырылған туризм деп аталады. Ұйымдастырылмағаннан айырмашылығы — әуесқой және жабайы туристтер өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады. Әуесқой туристтердің жабайы туристтерден айырмашылықтары болады. Әуесқой туристтер туристтік ұйымдармен байланысты жұмыс істейді. Жабайы туристтер турфирмасыз, туристтік ұйымдарсыз саяхаттайды.

Туризм жеке және топтық болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе жанұяның (5 адамға дейін) өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке туризм дейді, бір топ адамның саяхатын (6-7 адамнан бастап) топтық туризм деп атайды. Топтық туризм, әдетте, қатысушылардың  тілек-талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл турлар археологиялық, мәдени-өнер және тарихи болуы мүмкін.

Жылжымалылық белгісіне қарай туризм стационарлық және көшпелі болып бөлінеді. Туризмнің стационарлық түріне емдеу туризмі және спорттық – сауықтыру туризмнің кейбір түрлері жатады. Көшпелі туризм үнемі қозғалысмта болып, өзінің орнын жиі ауыстырып тұрады. Қазіргі шақта техникалық мүмкіндіктердің өсуіне қарай көшпелі туризм күшейетін сияқты.

Су туризмінің серуендеу және спорттық түрлері дами түсті. Туризмнің бұл түріне кіретіндер: су-моторлы спорт, шаңғысы спорты, каноэда еспе, желкенді кеме спорты және т.б. Туризмнің бұл түрі суға түсу, жағажай туризмімен ұштасады және теңіз, көл, өзен жағасына орналасқан туристтік кешендерде кең тараған.

Су астындағы аңдарды сүретке түсіру, олардың өмірімен танысу мақсатын көздейтін су асты спорттық туризмі әйгілі болып келеді. Балық және аң аулау туризмі де барлығымызға таныс. Туризмнің сүрет, кино, аң аулау түрлері оның танымалдық түріне жатады. Шетел туризмнің ішіндегі ең қымбат түрі – аң аулау туризмі.

Сапардың ұзақтығына қарай туризм қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Адамдардың үш тәулікке дейін саяхатқа келуін қысқа мерзімді туризм дейді. Қысқа мерзімді сапар – туризмнің бұқаралық түрі болып табылады. Ұзақ мерзімді туризм (үш тәуліктен артық) каникул немесе ұзақ мерзімді демалыспен байланысты.

Туристтік ағындардың ритмі бойынша туризм жылдық және мезгілдік болып бөлінеді. Жылдық дегеніміз жыл бойы туристтік аудандарға саяхатқа, демалуға адамдардың барып тұруын айтады. Мезгілдік – ондай туристтік жерге жылдың бір кезеңінде ғана баруы.

Туристтік саяхатқа қатысушылардың жасына қарай туризм былай бөлінеді: а) балалар мен жасөспірімдер туризм; б) жастар туризмі; в) ересектер туризмі.

Туристердің сапар желісінде орналасуы бойынша туризмді төмендегідей бөлуге болады: а) қонақ үй типті; б) қонақ үй типті емес.

Туристтік саяхаттың көрсетілген мақсатына қарай туризм келесідей бөлінеді: а) рекреациялық; б) экскурсиялық; в) арнайы туризм. Рекреациялық туризмге – емделу және сауықтыру үшін саяхат кіреді. Экскурсиялық туризм – табиғаты мен әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қызықты орындармен танысу мақсаты мен саяхат, бұл бөтен аудандарға немесе елдерге саяхат жасау. Арнайы туризм – арнайы бағдарлама және маршрут бойынша саяхат.

Көлік қызметінің түріне қарай туризм автомобильмен, автобуспен, темір жолмен, теплоходпен саяхаттау болып бөлінеді. Дүниежүзіндегі жолаушыларды тасудың басым бөлігі автомобиль көлігінің үлесіне тиеді. Батыс Еуропада туристердің 70%-ы өз көліктерімен саяхаттайды, АҚШ-та бұл көрсеткіш 90 % құрайды.

Соңғы 20 жылда круизді туризм шапшаң дамуда. Круиз – бұл теңіз саяхаты, жабық бір шеңбермен, белгілі-бір маршрутпен көрікті, көңіл толарлық жерлерге тоқтап саяхат жасау. Круиздік саяхатта бірінші орында – Нью-Йорк порты. Круиздік туризмммен айналысатын елдер – Англия, Норвегия, Греция, Италия, Франция, АҚШ.

Алғашында барлық туристтік іс-әрекет коммерциялық түрде болса, онан түсетін кіріс туристтік мекемелердің жұмысының басты нәтижесі болды. Бірте-бірте коммерциялық туризмге қарсы әлеуметтік туризм деген түсінік пайда болды. Әлеуметтік туризм жүйесі тұтынуғшыларға ғана емес, туристтік мекемелрге де өте тиімді. Сонымен, әлеуметтік туризм – бұл ақшалары аз адамдардың пайдаланылатын туризмі, оларды мемлекет және мемлекетке жатпайтын құрылымдар қолдайды.

Экологиялық туризм (экотуризм) – жақында ғана «жасыл» қозғалыс толқынында пайда бол

12
скачать работу


 Другие рефераты
Образование в Англии
Виды разрядов и их применение
Атом және атом ядросы
Творчество Беляева А.Р.


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ