Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тұрлаулы мүшелер

bsp;        
Жақсы – ісімен жақсы.    Сын есім    Сын есім          
Алты жерде алты – отыз алты.    Сан есім    Сан есім          
Бұл – ауылдың жиі отыратын жағы еді.    Сілтеу есімдігі        Анықтауыш      
Біздің міндетіміз – Отанға адал еңбек ету.    Зат есім    Тұйық етістік          
Әрбір мерекеге тарту әзірлеу – ауыл адамдарының дәстүрі.    Тұйық етістік    Зат есім          
Көрмес – түйені де көрмес.    Есімше     Есімше          
Білген – білгенін айтады.    Есімше         Есімше не есім сөз.     

    Таблицадағы Құнаштың бойындағы жақсы қасиет – адамдық деген сөйлемде қасиет сөзі бастауыш, ол көтеріңкі интонациямен айтылған, жазғанда, соңынан сызықша қойылған. Бұл  сөйлемде интонация неге қасиет сөзіне түскен? Мұның себебі, мынада: біріншіден, автор тыңдаушының назарын қасиет сөзіне аударғысы келген, екіншіден, бұл сөйлемнің баяндауышы атау септіктегі зат есімнен жасалған. Егер осы сөйлемдегі атау тұлғадағы зат есімнің орнына етістіктен жасалған баяндауышты қойып, сөйлемді өзгертіп, Құнаштың бойында талай – талай жақсы қасиет бар деп айтсақ, сөйлемдегі ой екпіні талай – талай сөзіне түседі де, ол сөз көтеріңкі интонациямен айтылады. Мұндай жағдайда қасиет сөзін көтеріңкі интонациямен айтудың қажеті болмайды. Сондықтан да жазғанда  онан соң сызықша қойылмайды.
    Олай  болса, Құнаштың бойындағы жақсы қасиет – адамдық деген сөйлемде қасиет сөзін интонациямен айтуға атау тұлғадағы зат есімнен жасалған баяндауыштың ықпалы тиіп тұр. Осылайша бастауыш зат есім орнына қолданылған, яғни заттанған сөз таптарынан жасалып, баяндауыш атау септіктегі зат есімнен немесе зат есім орнына жұмсалған сөз таптарынан жасалса, ол сөйлемдердегі бастауыштар көтеріңкі интонациямен айтылатынын, жазғанда, соңынан сызықша қойылатынын таблицадағы 2, 3, 5, 6, 7 – сөйлемдердегі тілдік фактілерден аңғаруға болады. Бастауышқа интонация түсірмей айтқанда қызметін ауыстыратын, яғни анықтауышқа айналып кететінін таблицадағы  Бұл – ауылдың жиі отыратын жағы еді, Білген – білгенін айтады сөйлемдерін талдау арқылы байқатылады.1
    Осылайша тілдік  фактілердін негізінде бастауыштан кейін сызықша қойылатынын танытқаннан кейін, мынадай ережені есте сақтауды оқушылардан талап еткен жөн:
Сөйлемнің баяндауышы атау тұлғадағы зат есім немесе зат есім орнына қолданылған басқа сөз таптарынан жасалғанда, сол сияқты сөз таптарынан болған бастауыштар ауызекі тілде көтеріңкі интонациямен айтылады, жазғанда, олардың соңынан сызықша қойылады.
Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің үшінші жағынан және зат есім, сын есім, сан есім, есімшеден болған бастауыштарды өздерінен кейінгі сөйлем мүшесінің анықтауышы деп шатастырмас үшін, ауызекі тілде көтеріңкі интонациямен айтамыз да, жазғанда, соңынан

1. Арғынов. Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері. Алматы, 1969.
сызықша қоямыз.
     Осы   екі ережені жақсы білген оқушылар бастауыштан кейін сызықша қойып жаза алатын болады. Ал оқулықта берілген басқа ережелерді оқып танысқаны да жеткілікті, оларды жаттауды талап етудің керегі жоқ. Жаттығу,  дағдыландыру жұмыстарын орындатқанда, оқушылар назарын оқулықта берілген әр ережеге байланысты сөйлемдерді дұрыс оқуға, дұрыс жазуға аударған жөн. Өйткені практикалық жұмыстарды көбірек орындау арқылы оқушылар бойында бастауыштың тыныс белгісін дұрыс жаза алатын дағдылар қалыптасады.
    Оқушыларға берік дағды беру үшін төмендегідей жұмыстарды  орындаудың көмегі зор.
Текстегі сөйлемдерді дұрыс оқу, жазуға бастауыштан кейін тиісті тыныс белгісін қою.
Бстауышты да, баяндауышты да атау тұлғадағы зат есімнен, сын есімнен, сан есім мен тұйық етістіктен жасалған сөйлемдерді мысалға келтіру, тиісті жеріне сызықша қойып жазу.
Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің үшінші жағынан және зат есім, сын есім, есімшеден жасалған бастауышы бар сөйлемдерді дұрыс оқу, тыныс белгісін қойып жазу.
Бастауышты заттанған сөз таптары, баяндауышы зат есімнен болған, керісінше, бастауышы зат есімнен, баяндауышы заттанған сөз таптарынан жасалған сөйлемдердің бастауыштарынан соң қою.
Бастауыштан соң сызықша қойылатын сөйлемдерді схемамен көрсету.
Сөйлемдерді түсіндіріп жазу.
Карточкада берілген сөйлемдердегі бастауыштардан кейін тиісті тыныс белгісін қою.
Бақылау диктанты мен шығарма жазу.
    Баяндауыш сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұратындықтан, баяндауышты сөйлемнен табу қиынға түспейді. Тек кейде оқушылар инверсияланып, сөйлем мүшелерінің қалыпты орын тәртібі бұзылған өлең мәтінінде баяндауышты жолды іздеп шатасады. Сондықтан баяндауышпен жұмыс істегенде осыған көбірек назар аудару керек. Мысалы,
Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырған жердің жүзі, - деген  өлең жолдарындағы баяндауыш, өлеңді ойша қалыпты сөйлемге айналдырып баяндауышқа сұрақ қою арқылы тапқызылады. Сонымен бастауыш сөйлемде айтылған ойдың иесі болса, баяндауыш сөйлемдегі ойды тиянақтап, аяқтап тыңдаушы мен оқушыға түсінікті етіп тұрады. Баяндауышты өтер алдында оқушыларға оның сөйлемдегі қызметі жайында түсінік берілу керек.
    Сонан кейін мына таблицаны пайдалана отырып, баяндауыштың өіндік белгілерін, анықтамасын танытқан дұрыс.

 
мысалдары    Баяндауыш болатын сөз таптары      
Асқарға  Бүркітбай Ботагөз жайлы айтты.
Ердің сыншысы – елі.
Мектебіміз биік, кең, таза.
Біз – төртеуміз.
Әбілханның ағасы сонда.
Біздің баратын ауылымыз әлі ілгері.     Етістік.

Зат есім
Сын есім
Сан есім
Есімдік
Үстеу      
 
    Осы таблицадағы әр сөйлем арқылы баяндауыштардың тұлғасын, сұрауларын, қай сөз тартарынан болатынын оқушыларға дедуктивті – индуктивті тәсілдермен танытып, баяндауыш жөнінде мынадай ой қорытындысын шығару керек:
Баяндауыш сөйлемдегі ойды аяқтайды, тиянақтайды.
баяндауыш бастауыштың қимылын, ісін, жайын, күйін, заттық, сындық сапасын, санын, мөлшерін, мекенін, мезгілін білдіреді де, не істейді? Не болды? Не етеді? Қайтеді? Кім? не? Деген сұрақтарға жауап болады.
Баяндауыш атау, жатыс септіктегі етістіктердің және көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулы есім сөздерден және есімдіктерден, атау, жатыс септігіндегі мезгіл, мекен үстеулерден жасалады.
Баяндауышта дара, күрделі және бірыңғай болып келеді.
Баяндауыштың негізгі белгісін таяныш етіп, оған мынадай анықтама беру лайық:
    Сөйлемдегі ойды тиянақтайтын, аяқтайтын мүшені баяндауш дейміз.
Оқушылар баяндауыштан алған теориялық білімді берік есте сақтау үшін, мынадай дағдыларды бойларына қалыптастыру шарт: кез келген етістікті сөйлемнің баяндауышы етіп айта да, жаза да алу; атау тұлғадағы бастауышпен шатастырмау; олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін білу; бір тұлғадағы сөздердің бірде бастауыш, бірде баяндауыш қызметін атқарып тұрғанын дәлелдей білу; жатыс септіктегі баяндауышты сол тұлғадағы сөйлемнің басқа мүшелерінен ажырату; қандай жағдайда мезгіл, мекен үстеулерінің баяндауыш болатынын айту, баяндауыштың анықтамасын және өзіндк белгілерін өз сөзімен түсіндіру т.б.
    Есте болатын бір нәрсе, оқушылар етістіктен болған баяндауышты төменгі сыныптан бастап-ақ жақсы білетіндіктен, оны сөйлемнің басқа мүшелерімен шатастырмайды. Ал атау, жатыс тұлғадағы есім баяндауыштарды және үстеуден болған баяндауышты солармен тұлғалас сөйлем мүшелерімен шатастыру практикада жиі кездеседі. Мұның өзі – оқушылардың баяндауыштың өзіндік белгілерін жете білмеуінен және жаттығу, дағдыландыру жұмыстарының аз орындалуынан орын алған кемшілік. Осындай кемшілікті жою үшін, оқушыларға жаттығу, дағдыландыру жұмысын көбірек орындату керек және баяндауыштың өзіндік белгісін кейбір оқушы білмесе, соны үнемі түсіндіріп, есіне салып отырған жөн.
    Бастауыш сияқты баяндауыш та құрамына қарай дара, күрделі болып екіге бөлінеді. Дара баяндауыш бір ғана сөзден жасалады да, күрделі баяндауыш бірнеше сөзден жасалады. Мұны оқушылар төменгі сыныптан біледі, сондықтан кейбіреулері қандай баяндауыш күрделі болатынын өздері – ақ айтып береді.
    Ендігі қиындық – қандай тұлғадағы сөздер мен сөз таптарының күрделі баяндауыш деп аталатынын оқушылардың есте сақтауы. Оны білдіру үшін мына кестені пайдалану керек:

 
Күрделі баяндауыш    Күрделі баяндауыштардың жасалу жолдары.      
Машина баяу жүріп келе жатыр.    Күрделі етістік.      
Ол музыканы, ән – күйді жақсы көретін адам еді.
Келе жатқандар үшеу екен.    Есім сөздер мен көмекші етістіктер.      
Осы – Тереңсайдың тұсы.    Ілік септікті есімдер мен көмекші есімдер тіркесі.      
Біздің сыныптағы үздіктер он үш.
Кореяның жер көлемі – 220 мың шаршы километр.    Күрделі са
123
скачать работу

Тұрлаулы мүшелер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ