Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тұрлаулы мүшелер

н есімдер, шаманы, мезгілді білдіретін сөздер.      
Оның көңілінің алалығы жоқ еді.
Ол келуге тиіс екен.    Жоқ, бар, тиіс т.б. сөздер мен көмекші етістіктер тіркесі.      
Біз оқуға бел байладық.    Тұрақты сөз тіркестері (идиома)     

    Оқушылар кестені қарап шығып, сол кестедегі машина бояу жүріп келе жатыр сөйлеміндегі күрделі баяндауыш – жүріп келе жатыр деген күрделі етістіктен; екінші, үшінші сөйлемдерде адам еді, үшеу екен күрделі баяндауыштары есім сөздер мен көмекші етістіктерден; төртінші сөйлемде Тереңсайдың тұсы күрделі баяндауышы ілік септіктегі зат есім мен көмекші есім тіркесінен; бесінші сөйлемдегі он үш күрделі баяндауышы күрделі сан есімнен; алтыншы сөйлемдегі 220 мың шаршы километр баяндауышы есім мен шама, мөлшерді білдіретін сөздер тіркесінен; жетінші, сегізінші сөйлемдердегі жоқ еді, тиіс екен баяндауыштары жоқ, тиіс сөздері мен көмекші етістіктер тіркесінен; соңғы тоғызыншы сөйлемдегі бел байладық баяндауышы тұрақты сөз тіркесінен жасалғанын айтады. Әрине, мұның бәрін айту бір ғана оқушыдан талап етілмейді. Ондай жұмысты бүкіл сынып орындауға тиіс.
      Мұнан соң оқушыларға оқулықтағы күрделі баяндауыш жайындағы түсінікті оқытып, онда күрделі баяндауыштың неше түрлі жолмен жасалатыны жайында айтылғанын сұрайды.
    Ең соңында мұғалім таблица мен оқулықта берілген күрделі  баяндауыштың жасалу жолдарын топтап, ықшамдап айтады, оқушылардың жауабын толықтырады:
    Оқулықтағы бір жаттығуды ауызша, екінші бір жаттығуды жазбаша орындату; күрделі етістіктен жасалған баяндауышы бар сөйлем ойлату; көмекші етістік пен есімнен жасалған баяндауышы бар сөйлемді мысалға келтіру; күрделі есімдерден жасалған баяндауышы бар сөйлемдер топтастыру; өлшем, мөлшер атаулары тіркесінен жасалған баяндауышы бар сөйлемдер ойлату; идиомалардан жасалған күрделі баяндауышы бар сөйлемдерді мысалға келтіру; карточкамен жұмыс істеу; күрделі бастауышы бар сөйлемдерді күрделі баяндауышы бар сөйлемдерге, керісінше, күрделі баяндауышы бар сөйлемдерді күрделі бастауышы бар сөйлемдерге айналдыру (оған мына тәрізді сөйлемдерді ұсыну лайық: Осы -  біздің  ауылдың тұсы. Қосынды – жетпіс бес, қосылғыштар қай сан? Он бес шақырым жаяуға аз дол емес. Адам деген – ардақты ат.) т.с.с
    Осындай жұмыстар арқылы күрделі баяндауышты оқушыларға саналы меңгертіп алғаннан  кейін, баяндауыш та сөйлемнің басқа мүшелері сияқты сөйлемде бірыңғайланып  келетінін оқушыларға бір-екі   мысалдарды талдай отырып түсіндірген жөн. Мәселен, Егіс мәдениетін әрі өсірем, әрі кеңейтем деген сөйлемдегі өсірем, кеңейтем баяндауыштары әрі шылаумен өзара байланысып келген.
    Бұл сияқты жұмымтарды орындату арқылы оқушыларға, біріншіден, баяндауыштың да бірыңғай болатынын аңғартсақ, екіншіден, бірыңғай баяндауышты орынды қолдануға үйретеміз; үшіншіден, бірыңғай мүшелерді дұрыс оқуға, тыныс белгісін дұрыс қойып жазуға төсендіре түсеміз.

123
скачать работу

Тұрлаулы мүшелер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ