Үкілі Ыбырайдың Гәкку әні
нін келтіреді. Сәбең Ыбырай туралы, “Гәкку” жайлы алғаш қалам тартқан жазушы болғандықтан, қыздың айттырған жігітімен де таныстырып өтеді. Ол жігіт те тегін емес, “сырнайлы өнерпаз” деп сипаттайды. Үкілі Ыбырайдың:
Таранған айдын көлде сіз бір аққу,
Мұндай сөз естіп пе едің бек ләззатлу.
Сырнай мен домбыраның арасында,
Балқыған қорғасындай қайран Гәкку, – деп келетін өлеңнің жалғасының да өз мағынасы бар. Сазды, назды ыстық сезімге толы ән сөзінің лирикалық кейіпкерлерін: қызды да, айттырған жігітін де, өзін де келісті түрде көрсете білгені ақындық та, музыкалық та шеберлікке жетелейді. Аққу сынды сұлу қыз “Гәкку” аталып, сырнай мен домбыраның арасында шалқып, толқып, өмір дариясында еркін жүзіп, қоңыр қаздай қаңқылдаған әнге бөленеді.
Сәті түсіп біраз уақыттан кейін айтулы бір жиын-тойда кездескенде Ыбекең: “Кәкимажан, мынау саған менің арнаған әнім”, – деп толық айтып береді. “Гәккуді” аққу-қаздың түрлі-түрлі жағдайларында сипаттап, махаббат назын сарқыла төгілтіп, сөзімен де, әнімен де сұлу қызды рахатқа бөлеп, әбден разы етеді. “Гәккулетіп” бір жоғары, бір төмен кейде биік, әп-сәтте қоңыржай қалқытып ерке арудың айызын қандырады.
Таранған айдын көлде сіз қоңыр қаз,
Қалқаға көңіл сүйген айтамын наз.
“Гәккуді” қоңырлатып мен салғанда,
Үйренбес талабы бар қандай маңғаз.
Түрлентіп тоқсан түрлі ән саламын,
Жай тастап құлашымды кең жаямын.
Түскенде сен есіме ерке “Гәкку”,
Құлпыртып осынау әнді толғанамын, – деп төгілтеді. Үйездеген үйірдей үйіріле қалған жұрт сілтідей тынып, таңданады. Әсем сазға, асқақ дауысқа, құдіретті сөзге жан дүниесі малшынғандай Кәкима да балқып, толқып тәтті ләззатқа шомылады. Кәкима Ыбырайға сәтті күнде жолығып, “Әніңіз құтты болсын, аққу-қаз қонбас көл болмас, бұл әніңізді айтпас ел болмас, байғазысына “Ахау, Семейді” айтайын”, – деп әндете жөнеліпті.
Үкілі Ыбырайдың ғашық болып, ән арнаған қызы жалғыз Кәкима емес, одан басқа да сұлуларға көңіл артып, талай әндер шығарады. Той үстінде алып-қашып: “Сүйгенім кете барды қасыма еріп” — дегені де белгілі. Бірақ, Кәкимаға деген ықыласы, жүрегінде беріш болып қалған дерттей көп жылдар ұмыта алмай “Гәккуді” өмір бойы айтып өтсе де, әрқашан жаңа айтқандай шабыттаныпты. Қашан да Ыбекең “Гәккуді” айтқанда жан-тәнімен беріліп, ерекше толғанады екен. Бір сапарында әнші ақын Молдекең (Тырбиев) нағашы атам Қожағалиға бір тәулік аңға шығып көл басында қонып қайтуды ұсынды. Нағашы атам әйгілі аңшы, мерген, балуан болып, жүйрік ат, ұшқыр тазы, қасқыр алғыш мығым ит ұстайтын. Шешемнің інісі Ерғожа менімен құрдас болатын, ал Мұса бізден ересектеу болғандықтан, домбырасын тастатпай, оны да аңға ала шықтық. Ауылдан аса алыс емес көлдерден құс атып алып, “Қылыш” атты көлдің жағасында шатыр құрып қонбақшы болдық. Мұсамен екі ақсақал арбада, Ерғожа екеуміз салт атқа мініп ере шықсақ та, жолдағы көлдерге барып үйрек-қаз ата бердік. Айнала қоршаулаған ақ балтыр ақ қайыңдар судан шыққан сұлулардай жайнап тұр, қаз-үйрек қисапсыз мол. Бірақ бұл көлден ел құс атпайды, табиғи қорық сияқты керемет болатын. Балықты осы көлден ауладық, басқа жерден алған сауғамыз аз емес, бәрі де ойдағыдай болды. Ең қызығы, екі атамыз түні бойы Үкілі Ыбырай жайлы әңгімені үзбеді. Талай жылдар шәкірті болып қасында жүргенде, көрген-білгенін асықпай, саспай әңгімелеп берді. Аққу, қаздар түні бойы қаңқыл-саңқыл әндетіп, қиқу салып: “Қалқу, шалқу, гәкку” деп жатқандай болды. Молдекең: “Әй, Кәкіжан, домбыраны әкелші”, – деп қолына домбыра тигенде отыра қалып гәккулетті. Күн батар алдындағы қас пен көздің арасы дейтін тамаша саялы да, самалды кез еді, біз үнсіз тыңдай қалдық.
Молдекеңнің айтуынша, “Гәкку” әні біреу ғана, ал әр түрлі орындаушылардың қабілеттеріне байланысты өзгерістер көп болады екен. Негізінде “Үлкен Гәккуді” таза үйреніп алыңдар”, – деп Мұсаға қайталатқызды. Мұса ән салғанда құс базары қызып тұрған көл де тына қалғандай болды. Он төрт, он бестегі кезі ғой, дауысы зор әрі әдемі болатын. Мұсаға Молдекең үйретіп жатқанда мен де құлағыма сіңіре бердім. Өнер зерттеуші, музыка тарихының білгірі, марқұм Зейнұр Қоспақов Үкілі Ыбырайдың “Гәкку” атты ән жинағын құрастырғанда төрт түрлі гәккудің мәтіндерін нотасымен беріпті. Міне, ойлап отырсам, бұл шындықтың да төркіні Молдекеңнен тараған секілді. “Гәккудің” екінші түрі Кәкима ұзатылған жеріне тұрмысқа шыққанда туса керек, — деп Молдекең тағы да әндете жөнелді.
Қыздан да қылықтымын жүрген жерде,
Ханнан да қадірлімін туған елге.
Ақ тамақ, шұбар бауыр қоңыр қазым,
Сала алмас Гәккуіме ешбір пенде.
Сыланған дарияға сен қоңыр қаз,
Әнімді толқытайын айтып бір наз.
Айырылып сенен сәулем қалған күні,
Дұшпаным масайрады-ау болып бір мәз, – деп басталған өлеңнің талай шумағы айтылды. Мұса жапа-тармағай жазып алып жатты. Молдекеңнің айтуы бойынша, Үлкен Гәккуден айырмашылығы бар үшінші түрі “Қайран Гәкку”. Кәкима барған жерінде көп ұзамай қайтыс болыпты, міне, сол кезде Ыбекең қайта толғанып, Гәккудің үр жаңа түрін дүниеге әкеліпті. Енді өлең тоқталды, Молдекең Қажығали атамның сұрауы бойынша бұл өлеңнің де шығу тарихын айтып берді.
Бірде Шоқанның әкесі Шыңғыс төре жайлау тойын жасап, ел абыздары мен бекзаттарын шақыртса керек. Бұл жиынға Ақан сері мен Үкілі Ыбырай да қатысыпты. Жаңа Гәкку көкірегіне ұялап жүрген кезі болса керек, Ыбекең Ақан серіден қалыстау жүріп ақырын әндете беріпті. Ақыры Жалғызтаудың ық жағындағы Жарқын көліндегі Шыңғыс төренің жайлауына келгенде ел жиналып, Ақан ағаны аттан түсіріп, кілемге отырғызып, ақ үйге апармақшы болғанда егде тартқан қарт ақын: “Енді мені кілемге салып, көтеріп әуре болмаңдар, жасым жетіп, құдайға құлдық еткен шағым ғой. Артта Үкілі Ыбырай тобы келе жатыр, соны әдемілеп қарсы алыңдар, ендігі Ақандарың да, Біржандарың да сол болады”, – депті. Ақанды қолтықтап, қасындағы серіктері мен қонақты үйге алып кетеді. Ал, Ыбырай қасындағы жігіттерді ел отырған жерде қалдырып, өзі қарсы алған топқа бұрылмай, қол сілтеп Жалғызтау жаққа Тортөбелімен жүре беріпті. Сол кеткеннен таң ата бір-ақ келіп, ас ішпестен жата қалыпты.
Бұл хабарды естіген Шыңғыс көңіліне ала бастағанда, Ақан сері “Хан ием, құлдық, ол жай кеткен жоқ, бір ән қинап жүр. Алла жазса, ертең, сәскедегі таңғы шайда кездесіп, жаңа туындысының тұңғыш тыңдаушылары болармыз. Өз басымнан талай өткен дүние ғой, кейде ән келгенде анау Ерторы ініме айтып берем, ол жаттап алып өзіме қайталайтын. Ал, кейде оған айтарлық та олжа түспей, мың-мың қайталап әрең дегенде кемеліне келтіруші едім. Менің жаттап алғыш зерегім Ерторы — досым Қожахмет серінің немере інісі болып келеді, ал туған інісі Молдахмет Ыбырайдың соңында жүр, ол да әнші, ол да қайталап беруге өте шебер. Хал осылай, ренжімейік”, – деп төрелердің көңілін басса керек. Айтқандай-ақ, ертеңіне сәске кезінде келген Ыбекең үлкен үйге кіріп сәлемдесіп, сұхбаттасып, кешірім сұрап, жаңа әнін шырқай жөнеліпті. Ол ән “Қайран Гәкку” екен. Негізінде Үлкен Гәккуден бірер жылдан кейін туған бұл әнде қоңыр наз, салиқалы ой басым.
Қайырмасының да ерекшелігі бар, қоңыржай толқып, аспанда қалықтап тұрған ғайып құстай “га... гәкку” деп тына қалып, қайтадан “гәкку-га-га-лап” төмендеу сатыға қалқып түсіп сағыныш та, өкініш те, қимастықтың назы да адам жанын жылытып баурап алады. Алғашқы поэмаларымның бірі осы “Қайран Гәккуге” арналып еді. Сол бала күндегі ақсақалдардың әңгімелері жадымда қалған ғой.
– “Гәккудің” шапағаты тиген Ыбекеңнің тағы да бір өлеңі бар, ол “Қарақат көзді, сым саусақ”. Бұл өлеңді Ыбекең Кәкиманың еліне, оның қатынасқан той-думандарына барып жүріп, сағыныштан түн ұйқысын төрт бөлген кездерінде шығарса керек.
Қарақат көзді, сым саусақ,
Лебізің сенің бал қаймақ.
Жолыңа сенің сарп етпей,
Неге де керек малды айдап.
Қайырмасы:
Қарақат көзді, ақ білек,
Айтайын бір сөз үлгілеп.
Қайғың алды денемді,
Жүректің шетін тілгілеп, – деп толқып, содан кейін көлге қонған қоңыр қаздай баяу сарынға салып, жүректі шымшып алардай “га... га... га-лап” тоқтай қалады. Ыбекеңнің композиторлық бір ерекшелігі, оның әндері биік шырқаумен басталып, толқымалы әдемі назбен аяқтала қалады.
Тоғызыншы сыныпта оқып жүрген кезімде Айыртау ауданындағы “Бірлестік” ауылындағы біздің үйге ақындықпен ел аралап жүрген Молдекең келді, қасында Мұса, Тұрсынбай, Кеңес, Сүният бар. Әкем онда Қамсақты ауылдық кеңесінің төрағасы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болатын. Молдекең ауылды қыздырып, нөкерлерімен әнге бөлеп, елдің мейірімі қанған кезде әкем: енді балаларға ән үйретіңіз. Бір-екі күн ешқайда бармай, осында болыңыз деп қолқа салды. Біздің ауыл Молдекеңді “Бота” дейтін. Ботам “иә, бәрекелді, бір демалып балаларыма ән үйретейінші” деп бәрімізге қағаз, қарындаш дайындатты. Дөңгелек үстелге айнала отырғызып, әннің сөзін жаздырады, сонан соң үш рет әдемілеп айтып береді. Сол дайындықтан кейін Мұсадан бастап бәрімізді тыңдайды, кім ән әуенін дәл келтірсе, соны алып қалады да, оңаша үйретеді. Осы тәртіппен Мұса “Көкшетауды”, Тұрсынбай “Аңшының әнін”, Кеңес “Толқынды”, Сүният “Дүниені” үйреніп алғанда, құдай оңдап, менің еншіме “Қарақат көзді, сым саусақ” тиіп еді. Бот
| | скачать работу |
Үкілі Ыбырайдың Гәкку әні |