Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлы Жібек жолы

анда, Қытайға буддизм Үндиядан Орта Азия мен Қазақстан арқылы барған. Бұл әрекет б. з. бұрынғы I ғ. басталған. Шығыс Түркістан мен Қытайға будда дінін таратуда ортаазиялық діндарлар мен миссионерлер, әсіресе соғдылар, парфяндар мен қаңлылар көп еңбек сіңірген. Б. з. II—III ғғ. буддизм белсенді түрде таратылған, тегі, бұл Кушан империясының Шығыстағы саяси мақсаттарына байланысты болғанға ұқсайды.

Ерте ортағасырларда буддизмнің негізгі миссионерлері қызметін соғдылар өз міндетіне алған. Будда дінін Орталық Азияда тарату ісінде тек солар ғана маңызды рөл атқарады. Шығыс Түркістандағы түріктердің будда текстеріндегі терминдерді талдап тексергенде, олардың соғдының көмегімен алынғаны анықталды. Ұлы жібек жолы үстіндегі бірқатар қалалардан будда ескерткіштері табылды.

Түріктер VI ғ. бастап буддизмнің қатты ықпалын өз басынан өткерген. Сюань-Цзян Батыс түрік қағанының будда дініне ықылас білдіргенін жазады. Зерттеушілер пікіріне келсек, VII ғ. бірінші жартысында батыс түріктерінің кейбір билеушілері буддашы болған немесе буддизмге қамқорлық жасаған. Бұл жәйт олардың отырықшылыққа және қала өміріне өтуімен тығыз байланысты болған.

Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда буддизм едәуір дәрежеде кең тараған. Ең әуелі бұл осы өлкеден буддалық құрылыстардың табылуынан көрінеді. Будда ескерткіштері Шу алқабының Ақбешім, Қызылөзен, Новопокровск, Новопавловск секілді қала жұрттарынан кездесті: ғимараттар, әдарияттар (монастырлар), шіркеулер,  будда кейіпкерлері мен көріністері бейнеленген мүсіншелер мен стеллалар.

Кездейсоқ табылған археологиялық олжалар ішінде Үндістан импорты да көп кездеседі: буддалар мен буддашылардың қола мен күмістен құйылып, алтынмен апталып, асыл тастармен әшекейленген мүсіншелері, қола қаптырмалар мен пластиндер, уақ-түйек зат тәрізденіп жасалған тас бедерлер, бір кездері будда ғимараттары мен одарияттарына қойылған әулие-әнбиелердің тас бейнелері, сирек мүліктері болған будда иконографиясы сюжеттері бар стеллалар көңіл аударады.

Археологтардың соңғы ашқан жаңалықтары қатарына орта ғасырдың белгілі қаласы Исфиджаб-Сайрам үйінділеріне таяу жерден табылған жер асты әдарияты жатады.

Жібек жолы бойымен, Батыстан Шығысқа қарай жылжып оты бүддизмнен  қалмай христиан діні де тараған. V ғ. Бірінші жартысында Шығыс Рим империясында священник Несторийдің «дінсіздік» мазһабы пайда болады.

Мария бике құдайды емес, адамды туды, Христос тек құдайдың шапағаты түскен», оның рухының иесі ғана деп үйретеді. Оның пікірі бойынша, Мария бикені тәңірия демей, Христосты туушы деген дұрыс. Атап айтқанда оның осы жаналығы қалың көпті әбігер етіп, береке-құтын қашырды. Бұл 325 ж. Никей соборында қабылданған дін бейнесіне қарама-қайшы келеді, ол қағида бойынша, Христос бөлуге болмайтын — адамдық және құдайлық киелі қасиеттің иесі болып есептелетін, сол себепті де оның құдай-әкемен біртамырлас екенін жоққа шығаруды ресми шіркеу барып тұрған дінсіздік деп таниды. Несторийдің ілімі 431 ж. Эфес соборында айыпталып, несториандар рақымсыз қаталдықпен қудалана бастайды. Осындай қуғын-сүргіннің салдарынан олар шарасыздықтан Иранға қашады. Несторийдің жақтастары Персиядағы Нисибин қаласында мектеп ұйымдастырады да, Византияға қарсы саяси оппозицияның бәрінің басын біріктіреді.

Сирияның бай көпестері мен қолөнершілері Константинопольдегі базардан айрылғаннан кейін, Шығысқа қарай жылжиды. Олардың отарлары мен сауда факторийлері Жерорта теңізінен «Аспан империясына» дейін созылып жатады. Осынау жолдың ұзына бойынан сирия жазуы мен сирия христиандығының белгілері кездесіп жатады, ал онда христиан дінінің таралуы өте ерте кезде басталған. Сириялықтардың сан ғасырға созылған экономикалық байланысы нәтижесінде, Аравия түбегі мен Үндістанға, Орта Азия елдеріне олардың мәдени ықпалы арта түседі. Соңғысында иран мен түрік тілдері сирия тілінің ықпалына түседі.

VII—VIII ғғ. несториандық ағым Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларында кеңінен тарайды. Көптеген қалаларда христиан шіркеулері болады. Патриарх Тимофей кезінде (780—819 жж.) христиан дінін түрік патшасы — әсілі қарлықтар жабғысы болса керек — қабылдайды. IX—X ғғ. шамасында айрықша қарлық метрополиясы құрылады, Тараз бен Меркеде христиан шіркеулері жұмыс істейді; христиан Сырдария қалаларында да тарап жатады.

Қаялықта өздерінің шіркеуі, сол сияқты оқшау селосы болған іле бойының христиандары жөнінде Вильгельм Рубрук мәлімет қалдырған. XIV ғ. Ыссық көлдің жағалауында бір христиан әдарияты болған, онда әулие Матфейдің сүйегі сақталған.

Жамұқат пен Науакет қалаларының мазарларын қазған кезде  олардан күміс және қола крестері бар христиандар қойылғаны анықталды. Қызылөзек қала жұртынан нефрит крестінің кездейсоқ табылғаны да елге мәлім. Шымкент музейінде Төрткөл төбе қала жұртынан табылған, бүйірінде христиандықтын белгісі — крест пен көгершін салынған келі қойылған. Таразды қазған кезде VI—VIII ғғ. қабатынан сирия жазуымен «Петр мен Гавриил» деген жазуы бар қыш саптыаяқ кездесті.

Осынау өлкелерде христиандардың келген кезеңінен XIV ғ. аяғына дейін жасалған, ұлттары түрік, Орта Азия христиандарының діни өнері мен діни символикасының аса көрнекті туындылары қатарына, бетінде несториандық жазу мен символикасы бар қайрақ тастар жатады.

Жетісуда христиан қауымының болғаны туралы деректі құлпытастардағы сирия жазуларынан ғана емес, қыш ыдыстардағы, үлкен хұмдардың мойындарындағы соғды жазуларынан да байқаймыз. Олардың бірінде: «Бұл хүм Иарық-Тегін ұстазға (арналған). Ісмер Пастун. Лайымда. ол (хұм) толып тұрғай, әумин, әумин!» — деп жазылған. Мұндағы «ұстаз» сөзі түрік-соғды эпитафиясындағы «мұғалім-ұстаз» терминімен мағыналас. Ал, ондағы «әумин» сөзі Иарық-Тегіннің христиан қауымының жетекшісі болғанына күмән келтірмейді.

Сөйтіп, археологиялық және эпиграфикалық олжалар, ортағасырлық деректерімен қосыла келе, христиан дінінің тараған жолдарын анық көрсетеді.

Жібек жолымен III г. Иранда пайда болған манихейлік діні де тараған, ол аз уақыт ішінде жеделдетіп Италиядан Қытайға дейін жайылады. Тұтас алғанда ол зороастризм мен христиан дінінің қорытылуынан туған. Христиан дінінен ол мессиандық идеясын, ал зороастризмнен — жақсылық пен жамандықтың, жарық пен қараңғының күресі идеясын алады. Соғдылар манихейлікті таратуда да жетекші рөл атқарады. VIII ғ. бас кезінде манихейлердің жоғарғы басшысының Самарқандта сарайы болған. Манихейлік дін Орта Азияда ұзақ уақыт бойы өмір сүрген, сонда оның пантеонына, терминологиясына, тіпті концепциясына дейін буддизм қатты әсер еткен.

Манихей дінінің үмбеттері Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда, ең алдымен отырықшы жұрт арасында болған. Тұрфан көгалды аймағынан табылған «Екі негіздің қасиетті кітабы» атты манихей шығармасының көне ұйғыр қолжазбасында бұл кітап «Аргу-Талас-та Алтын-Арғу Таласы-ұлышта, Талас-ұлыс» қаласында жазылды «Он оқ елінде (дінге) ықылас тудыру үшін» — делінген. Бұл арада сөз белгілі Тараз қаласы жайында болып отыр. Сол сияқты манихей ғимараттары Жетісудың басқа да қалаларында, оның ішінде Баласағұн мен Шігілбалықта болған.

Тегі, Тараздағы қазба жұмысы кезінде табылған, манихейліктің Көк Тәңрісі болып есептелетін, әйел бейнесі мен ай (жарты ай) салынған қола қангайды да манихей дінінің сирек мүлкі қатарына қосқан жөн шығар.

Ортағасырлардағы Қазақстан қалалары тұрғындары арасында б. з. дейінгі VII—VI ғғ. ежелгі Иран территориясында туған зороастрлық діннің де өкілдері болған. Оның әдет-ғұрпы бойынша әлемнің төрт нәрсесі — су, от, жер мен ауа киелі деп қатты құрметтеледі. Зороастр діні ескерткіштерін Орта Азиядан, Соғдиядан, Сырдария қалалары мен Жетісудан кездестіруге болады. Олар мұнара секілді құрылыс қалдықтары, әдетте от мұнараларына ұқсайды. Олар Қостөбе мен Қызылөзек қала жұртының топографиясында сақталған. Алайда Орта Азия мен Қазақстанда зороастрлықтың қағидаға айналған үйреншікті түрі емес, айрықша түрі таралған. Ол жергілікті мәжусилік байырғы дін мен отқа, ата-бабалар аруағына, жануарларға — қойға, ат пен түйеге табынушылықпен сіңісіп, бірге өршіп кеткен. Осы дінге байланысты табылған нәрселер: мәйітті оссуарийлерге — қыш жәшіктерге, хұмдарға салып жерлеу. Өлікті жер бетіндегі бейіттерге — наусаларға қою, сүйекті үйіп жерлеу сияқты болып келеді. Зороастр дініне байланысты көптеген табынудың ырым-жырымдары Қазақстан қалаларында ислам пайда болғаннан кейін де сақталып қалып жүрді.

Мәселен, XII ғ. Отырар қаласының үйлері еденінен жерошақ-михрабтар табылған. Бедерлі оюлармен өрнектелген сол ошақтар киелі отты жағуға арналған. Бұл қала тұрғындарының, тіпті исламды мойындап, араб жазуын қабылдаған кісілер үйлерінің өзінде жылтырап жанып тұратын ұлы маздеизмнің қасиетті отының алыстан жеткен сәулесі болатын.

Дегенмен Қазақстанда бел алған ислам бірте-бірте христиан дінін де, будда дінін де, зороастр дінін де, жергілікті Тәңріге табынушылықты да ығыстырып, ысырып тастады. Жаңа дін Жібек жолының көптеген қалаларында біржолата қоныс тебеді.

VIII—IX ғғ. оқиғаларын баяндайтын деректер Оңтүстік Қазақстан халқының жаппай ислам дініне кіргенін жазады. 840 ж. Нуһ ибн Асад Испиджабты бағындырады. 859 ж. оның інісі Ахмед ибн Асад Шавгарға жорық жасайды. 766 ж. бастап Жетісуға және Қазақстанның Оңтүстігіне саяси өктемдігін жүргізген қарлықтар мұсылман мәдениетінің ықпалына өзгелерден гөрі бұрынырақ түседі. Олар исламды тіпті Махди халифтың (775—785 жж.) кезінде қабылдады деген де пікір бар. Алайда бұл пікір олардың белгілі бір бөлегі жөнінде ғана болса керек, өйткені 853 ж. Исмаил ибн-Ахмад Таразды алғанда «оның басты шіркеуін мешітке айналдырады».

X ғ. бас кезінде Қарахандар әулетінің негізін салушы Сатық исламды қабылдайды, ал оның ұлы Боғрахан Харун б. Мұса

1234
скачать работу

Ұлы Жібек жолы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ