Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлы Жібек жолы

960 ж. исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Жаңа дін шымшымдап көшпелілер арасына да тарайды. Баяғы Ибн Хаукал Фараб, Кеңжиде мен Шаш арасында көшіп-қонып жүретін мұсылман түріктер туралы хабарлайды. XI—XIII ғғ. ислам дінінің қыпшақтар арасына жайылғаны жөнінде де мәліметтер бар.

IX ғ. мен XIII ғ. бас кезіндегі ескерткіштерге археологиялық қазбалар жүргізген кездері сол аймақта мұсылмандардың қалалық мәдениетінің құрылып, қалыптаса бастағанын байқадық. Тараз бен Меркеде христиан шіркеулері мешіттерге айналдырылады. Исламды ұстанатын халық саны көбейген сайын қалаларда үлкен мешіттер салына бастайды.

Исламды тарату заманы кезінде Орта Азия мен Қазақстан қалаларында пайда болған құрылыстар қатарына қоғамдық моншалар да жатады.

IX—X ғғ. екінші жартысында өлікті жер қазып қабырға қою, қамкесектен мола жасап қою ғұрпы өзгертіліп, мәйіттің басы құбылаға қаратылып қойылатын болады. Қабырға әртүрлі заттар қойылмайтын болады. Мұсылмандардың ең ертедегі қорымы Отырар көгалды аймағында IX—X ғғ. пайда болған. XI—XII ғғ. қорымдарда зират басына үлкен мазарлар, сағаналар (мәселен, Жамбыл қаласы жанындағы Айша бибі) салына бастайды.

Араб әрпінің көркемдік мүмкіндігін пайдалануға арналған керамика табылды. Сондай жазулардың бірсыпырасының көркемдік сипаты ғана болса, кейбіреулерінде әралуан ізгі тілеулер, өсиеттер айтылады. Металдан жасалған сәндік бұйымдарға мода таралады, сол сияқты ізгі тілеулі, діни мағынадағы жазулары бар заттарға мода басталады.

Қазақстанның Жібек жолы бойындағы қалаларында Батыс пен Шығыс, Еуропа мен Азияның біріне бірі ұқсамайтын әртүрлі мәдениеттері бір-бірімен араласып, бірін-бірі байытуына қолайлы жағдай жасалады.

Қорытынды

Қазіргі кезде тәуелсіздік алған Қазақстан өзінің жерінің байтақтығын икемді пайдалана біліп транспорттық көпір болу саясатын жүзеге асыра бастады, яғни Ұлы Жібек жолын қайта түлетудің бір көрінісі десек те болады.

Әрине ол кезең мен қазіргі уақытты салыстыру мүмкін де емес шығар. Бірақ көршіміз Қытай Халық Республикасынан ағылған жүк тасқыны қазір күннен-күнге еселеп артып, көбейіп келеді. Биыл ұшақтардың еркін еліміз террриториясынан ұшып өтуіне терминал салынып отыр. Демек Ұлы Жібек жолымен кезінде әуелеп ұшқан құстар жүрген ауамен де қатынасу күшейе түсуде. Бұл Жібек жолына жан біткендігін білдірсе керек.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. А. Тұңғыш  «Түркілер тарихынан»

2. Заман – Қазақстан – 1995ж. №13  — 8-бет

4. Аманжолов К.Р. Қазақстан тарихының дәрістер курсы. 1-кітап. Ежелгі заманнан 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін. А., 2004, 118 б

5. М.Қани. Қазақтың көне тарихы. А., 1993, 187 б.

6. Мусин. Ч. Қазақстан тарихы. А., 2003, 39-56 беттер

1234
скачать работу

Ұлы Жібек жолы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ