Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҰЛТТЫҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ



 Другие рефераты
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ ҚАЗАҚ ОЮ-ӨРНЕГІ – ХАЛЫҚТЫҚ МҰРА ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН МЕҢГЕРУДЕ СУРЕТТІҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ

Біз тасқа қащап салынған суреттерге қарап бейнелеу өнерінің бастауы сонау адам баласы пайда болған кезбен бірге жасасып келе жатқанын байқаймыз. Адам баласының рухани эстетикалық байлығы болып саналатын бейнелеу өнері бірнеше өнер саласының өмірге келуіне себеп болғаны да даусыз шындық.Бұл адамның айналасындағы ортаны тануына, сана-сезімінің жетілуіне, эстетикалық тәрбие алуына ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұралар қалдыруына мүмкіндік берген. Ұлттық бейнелеу өнерінің арғы-бергі даму тарихына көз жіберсек, графика, мүсін өнері жарты ғасырдан аса уақыт ішінде ерекше өркендеп, өскенін көресің. Өнер иелері өмір тынысын қылқаламмен, ұшқыр ой желісімен қағаз бетіне түсіру үшін көп ізденістер жасаған. Сөйтіп, Қазақстанның бейнелеу  өнері көп жанрлы өнерге айналған. Құбылыстардың жинақтап, оны қорытып, ирек-ирек иірімдерден көркем образдарға айналдырып, одан соң көрерменге ұсынады.

Егер суретші салған сол туынды шынайы көркем шығарма болса, қараған адамның жан дүниесі мен көңіл-күйіне әсер етіп, әсемдікті бағалап эстетикалық ләззат алуына мүмкіндік береді десек, қылқалам шеберлерінің алуан түрлі бояулармен салған суреттері, әсіресе, тәуелсіздіктен кейін қайта табысқан ұлы тұлғалардың бейнелері қазір көптің көз алдында. Тіпті осыдан мыңдаған жыл бұрынғы Күлтегін тасында аталатын батыр, бағландар бейнесі де қайта жаңғырды. Бірақ сол дүниелер барлық жұртұа жете бермейтіні бар. Мемлекет тарапынан, бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан қолдау тауып,әр қырынан келіп жазып жатса, бұл бейнелеу өнеріне ден қойған жастарымыз үшін пайдалы болар еді. Өнер жайлы сөз қозғалғанда бағзы заманғы ата-бабаларымыздың тамаша туындыларын да қалыс қалдыруға әсте болмайды. Бейнелеу өнері арқылы сол кезеңдерден көп белгі сақталған. Ерліктері бейнеленіп, жаумен шайқасқан, дұшпанымен айқасқан сәттері, қару жарақтары, найза, қылыштары көрініс тапқан. Бұған қоса мыңдаған жылдар бұрын да қазақ жерінде гүлденген қалалар, әсем құрылыстар ансамбльдері болған. Есік обасында қолданбалы өнердің түрлері табылған. Олар құмыралар, тұрмыстық заттар, ат-әбзелдері және т.б. Сонау сақ заманының өзінде нүктелі техникалы өнер де болған. Оған дәлел, жартастарда ел үшін шайқасқан батырлар бейнесі осы техникамен салынған. Есік қаласынан табылған Алтан адам сол сақ заманынан сақталған археологиялық олжа ғана емес, ата-бабаларымыздың жан-жақты халық болғанын білдіріп, тарихы мәдениеті біздің бүгінгі өркениетті өсуіміздің бастауы деуге негіз қалайды. Өзге құндылықтарымыз да жетіп артылады. Қазақ халқы өте сезімтал халық, сұлулыққа жаны құмар халық. Бұлай сенімді айтатын себебіміз, ғасырлар бойына көрініс беріп кележатқан тұрмыстық заттарда, киімде, тіптен ат-әбзелдердің өзінде сәндік ою-өрнектер бейнеленгенінен көреміз.Қазақтың      ою-өрнектерінің мәдениетімізде, бейнелеу өнерінде алатын орны ерекше.      Ою-өрнектерді ата-бабаларымыз өз орнымен қолдана білген. Киім-кешекке,    ат-әбзелдеріне, басқа да тұрмыстық заттарға өздеріне тән жеке жеке бейнелеген. Қазақ халқының қол өнері шығармашылық мәнімен бірге тәрбиелік мәні де зор. Қандай бұйымды алып қарасақ та ата-бабаларымыздың өсиетін береді. Қазақ бұйымдарындағы ою-өрнектердің бір мәні келешек ұрпақты әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеумен қатар мәдениетіміздің жоғары екендігінің бір көрінісі. Қазақ қолданбалы өнері өзгеше өрнектермен ерекшеленетін рухани әлем. Қол өнер шығармаларының өзіндік нақышы бар. Қазақ қолданбалы өнері жайлы грек рим саяхатшыларының еңбектерінде, парсы, араб жылнамаларында жазылған. Ерте кездің зерттеушілері Страбон, Геродот айтуынша, Қазақстан топырағын мекен еткен сақтар мен массагеттердің барлық заттары әшекейленген киімдерінің өзіне тән үлгілері болған. Мысалы, киізден жасалған төбесі шошақ бас киімді әшекейлі өрнектермен көмкерген. Ғалым Герадот былай деп жазған: «Олардың заты алтын мен мыстан жасалған, бас киімі мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған, сондай-ақ ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан жасалып жүген сулығы, ауыздығы алтынмен әшекейлендіріп бейнеленген» деп жазады. Қазақ халқы Ресейге қосылуынан қазақ өнерінде жаңа элементтер көрініс тапты. Өсімдіктер бейнесі әдептелген түрде және геометриялық өрнектер енгізіле бастады. Ғалым Ливинский: «Қазақтың қай кәсіпте болмасын табиғатынан қабілеттілігіне тек сүйсінесің, қарапайым құралдар мен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын күмістен әсем бұйымдар шығаратынына таңдаңбасқа болмайды. Қазақтар тіккен аяқ киім өте берік» деп жазады. Әлемде тіршілік етіп жатқан әр халықтың өз мәдениеті, өнері, ғылымы ғасырлар бойы бірде өрлеп бірде тоқырау дәуірлерін бастан кешірген. Мұндай дәуірлерді қазақ халқы да аз көрмеген. Өрлеу дәуірінен жеткен өлмес мұралар бізге жетіп отыр.Ондай құндылықтар Тараз бен Сайрам, Отырар қалаларынан көптеп табылған.Тараздан табылған арыстанның, Сайрамнан табылған тотықұстың суреті адам таңқаларлықтай әдемі. Жалпы қазақтың бейнелеу өнерінің тарихы сонау неолит дәуірінен бастау алады. Оған Ұлытау жартастарына ойып салынған өщпес бейнелер айғақ. Небір өнер шеберлерінің аттары сақталмаса да қолдарынан щыққан құнды дүниелері бізге жеткен

Өнері ғасырда ұлтымыздың бейнелеу өнері жақсы дамып, кең өріс алды. Қылқаламның құдыретін танытқан айтулы тұлғалар төрткүл дүниеге танылды. Олардың қатарында Ә.Қастеев, Қ. Телжанов, А.Ысмайылов, Қ. Наурызбаев, М.Кенбаев, Қ.Қожықов, А.Ғалымбаева, Е. Сидоркин, А. Молдабеков, С. Мәмбеев, Ж. Шарденов, Ү. Әжиев, т.б. бар.

Осындай тұлғалардың жолын жалғастыру үшін жастар біз де өз үлесімізді қосқымыз келеді. Ұлттық өнеріміздің дамуына өз үлесімізді қосу жолында аянбай еңбек етсем деймін!

Буянжарғал Еркежігіт

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Бей-21студенті

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., С.Ә. Аманжолов

скачать работу


 Другие рефераты
Происхождение религии
Оккупация Псковской области немецко-фашисткими захватчиками. Новый порядок
Аппартное обеспечение ЭВМ
Внутренний коммерческий расчет


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ