Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУ



 Другие рефераты
ҚАЗАҚ ОЮ-ӨРНЕГІ – ХАЛЫҚТЫҚ МҰРА ҰЛТТЫҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН МЕҢГЕРУДЕ СУРЕТТІҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН САБАҒЫН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІГІ

Қазақстан Республикасы тұрақты дамып келе жатқан мемлекет ретінде халықаралық білім одағына кіруге тырысуда. Білім берудің басты стратегияларының бірі жақсы білім беру дәстүрін сақтау, мектеп және жоғарғы оқу орын түлектерін халықаралық дәрежеде сапалы бағалануы.

Бірақ сол дәрежеге жету үшін әр Қазақстан Республикасының азаматы тарих тереңінде жатқан туған халқымыздың өткен өмірін, кешкен ғымырының кемел болмысын айшықтай білу керек. Туған жеріміздің тарихын, еліміздің маңызды тарихи –мәдени және сәулет ескерткіштерін білуі тиіс.

Болашаққа жол ашу үшін, біз ең бірінші өткенімізді білу парыз. Тарихи жадының жаңғыруы ұлттық намыс пен астасып жататын қауымдық дегдарлықтың оянуы ең алдымен «Біз кімбіз? Біз қайдан келдік және қайда бара жатырмыз?» дейтін сұрақтарға жауап іздеуден бастау керек.

Қазақ  даласында тұнып тұрған тұмарлы жәдігерлен біз үшін ең сенімді және көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын «тарих» оқулығы. Ал Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы сол «оқулықты» тағы бір парақтауға мүмкіндік жасады.

Дәстүрлі мәдениетті жаңарту, өз халқының тарихи тәжірибесіне жүгіну – бұл өзі тәуелсіздігіне ие болған елдің өмірінен орын алатын заңды құбылыс.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан барлық шаралар, еліміздегі орындалып жатқан басқа да игі істермен бірге әлемдегі өркениетті елдермен тереземізді тең деңгейге көтеруімізге өз үлесін қосуда.

Елбасымыздың «Мәдени мұра» бағдарламасы қазақ елінің көптен көміліп жатқан тарихының бұлақ көзін ашқаны баршаға мәлім.

Тарихи дамуда кез келген халық өзінің мәдениетіне сүйенеді, өзінің кезеңдеріне сын көзбен қарайды, ұлттық мұраларға назар аударады. Арқа өңірінің өзіндік белгісінің бірі-осы кең далада орналасқан тарихи жәдігерліктермен көзге түседі.Сол ескерткіштердің бірі сәулеткерлік ескерткіштер.

Сәулеткерлік әр халықтың өмірінде оның материалдық көркем мәдени-етінің ең жоғарғы көріністерінің бірі болып табылады. Ол белгілі бір дәрежеде халықтың тарихын, әлеуметтік экономикалық даму дәрежесін көрсетеді. Себебі, халық сәулеткерлігі мен архитектуралық құрылыстың көптеген туындыларына тарихи және өркениеттік мазмұн тән болуы мүмкін.

Мысалы, жай ғана Орталық Қазақстанды, оның ішінде Ұлытау ауданың алатын болсақ, Осы өңірде  700 ден астам тарихи-археологиялық және архитектуралық ескерткіштер орналасқан, оның ішінде Республикалық маңызы бар 12 ескерткіш. Атап айтқанда: Жошы хан, Алаша хан, Домбауыл, Лабақ, Мақат саханасы, Ерден, Кетебай, Жакуда-Ишан, Басқамыр қалашығы, Ақмешіт әулие, Едіге, Айранбай мазарлары.

Халқымыздың ел болып қалыптасуына, бірлік-тірлігіне діңгек болған, исі қазақтың айналып соғар түп қазығындай қара шаңырақ қасиетті мекен Ұлытау өңірінде бағзы заманнан белгі болып қалған бірнеше ескерткіш, жәдігерлер бар Солардың бірі өзінің сәулеттік құрылысымен, ерекшелігімен таңдай қақтыратын  «дың», «үйтастар». Ғалым Ә.Х.Марғұланның айтуынша оғыз-қыпшақ дәуірінде  «дың» салу әдеті болған. Олар өзінің қалыбы бойынша не дөңгелек, не төртбұрышты болып келеді. Тастан дөңгелек үйлер, мұнаралар жасау ғұн, түрік қағанаты кезінде ерекше орын алған.  Қыпшақ пен оғыздар төбесінде күмбезі бар ондай ондай тас үйлерді  «дың», «діңгек», «үй тас» деп атаған, ол сөздер қазақ пен түрікмен тілдерінде сақталған. Тастан өріп жасалған биік дың  архитектурасының жиі кездесетін жері  Орталық Қазақстан оның ішінде Ұлытау өңірі. Бұл өлкеде бүтіні бар , бұзылғаны бар онға тарта дың тектес ескерткіштер бар. Осының ішінде ең сәулеттісі  Домбауыл дыңы.

Ескерткіш Кеңгір өзенінің жағасында Жезқазған қаласынан54 кмсотүстік бағытта орналасқан.Домбауыл дыңының табаны төртбұрышты болып төселгенімен, көтеріле келе күмбезге ұласып кеткен. Дыңның биіктігі 6м шамасында, қаланған материялы жергілікті жердің қызыл-сұр граниті. Сыртқы пішіні  шаршыға жақын төртбұрыш, сыртқы аумағы 8,90 х7,00 м, ал ішкі құрлылымы  3,90м х3,45 м. Ә.Х. Марғұланның айтуынша Домбауыл  және Қосүйтас, Қара дың Үйтас дыңдары бір үлгідегі  архитектуралық белгілер.Дыңның  сыртқы пошымы киіз үйге өте ұқсас, еденіне топырақ жайылып, оның үстіне жалпақ тастар төселінген. Қабырғалары 3м-дей көтеріліп барып көлденең бөренелермен жабылған. Бұлардың барлығы тас қалаудың қола дәуірінде қалыптасқан ежелгі дәстүрлерінің белгілері.

Ел ішіндегі  «дің», «дың» деп аталатын ескерткіштер осы Домбауыл дыңы үлгісіндегі ескерткіштерге қаратыла айтылады. Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу кешені де осындай құрылыс. Ә.Х..Марғұланның айтуынша дыңдар Қазақстанда Торғай, Кеңгір өзендері бойында көбірек кездеседі. Бұлардың барлығы Орта Азияға мұсылман діні тарағанға дейін VI-IX ғасырларда тұрғызылған ескерткіштер. Домбауыл есімі тарихи жазбаларда да, аңыз әңгімелерде де көп кездеседі. Ол қазақ шежіресінде, жыр-толғауларында жиі айтылады.Бұл ескерткіш жайлы ең алғаш еңбектер жазған Ш.Уалиханов.

Тағы да бір дың Ұлытау ауданының Егінді ауылынан 3 шақырым жерде орналасқан. Есігі күн шығысқа қараған. Асты төрт қырлы тастан өріліп тоқыған, оның үстіне сүйірленіп шығатын биік күмбез орнатқан. Жергілікті халықтар оны «Қара дың» деп атайды Себебі ылғи қара тастан өріп шығарған. Дыңның кіре-беріс ойығы бұзылған, ескерткіштің сақталған биіктігі4 м, сыртқы диаметрі6,7 м, ішкі диаметрі2,65 м. Дыңның бейнесі алыстан сәулеттеніп көрініп тұрады. Қара дыңның көлемі Домбауыл дыңынан әлдеқайда кішірек және тағы бір ерекшелігі  Домбауылдікіндей табаны шыршаланып басталғанымен, бұл дың тарта қалау әдісімен бірден сүйірленіп күмбезге ұласады.2008 ж бастап осы жерде Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Ұлытау ауданы. Малшыбай селосынан оңт-батысқа қарай 2км жерде орналасқан. Салыну тарихы белгісіз.

Алаша хан мавзолейін зерттеуді ең бірінші рет Шоқан Уалиханов жүргізген. Ол өзінің «Қырғыз- қайсақ молалары және ерте заман туралы» деген еңбегінде қысқаша сипаттама берген.

1946 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл экспедиция құрамында архитекторлар М.Б.Левинсон, Г.Г.Герасимов реставрациялауға қатысты.

1973 жылы жазда Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің экспедициясы өлшеу жұмыстарын жүргізді. Мавзолей күмбезінің кейбір жерлері тесілген. Бұл бір камералы, порталды-күмбезді ғимарат. Төртбұрышты күйдірілген кірпіштен қаланған. Іргесі текше түрінде қаланып, төбесі күмбезделген.

Ғимарат төбесі 8 тіреуден жасалып, оның үстінен 16 қырлы зәулім барабан орнатылған. Осы барабан үстінен дөңгелете күмбез тұрғызған.

Күмбездің тағы бір ерекшілігі оның үстіне барабанды айналып өтетін галерея бар. Оған үйдің ішінен жоғары көтерілетін басқыш арқылы шығады. Кіре берісі киіз үйдің есігі секілді салынған.

Мавзолей  «алаша кілемше» түрімен нашықталып шығарылған.

Биіктігі -10м. Сыртқы өлшемі- 9,5х12,0м. Ішкі өлшемі- 6,25х6,7м.

Кірпіштердің өлшемдері-27х27х6см. 25х25х5см.

Алаша хан мавзолейі жөнінде ел аузында аңыз көп.Көптеген зерттеулер бойынша мұнда Хақназар хан (1538-1580) жерленген.

Қазақ халқы Алаша хан мазарын әулие тұтып сыйлағаны сонша, кейінгі қазақ хандары осында келіп сыйынатын болған.

1998жылы Ғимарат толық реставрациядан өтті.

Ал оқу бағдарламасына келетін болсақ, мектеп бағдарламасында еліміздің тарихи ескерткіштеріне байланысты тақырыптар, сабақтар жоқ. «Өстетін ел тарихын таспен жазады, өшетін ел тарихын жаспен жазады» демекші, әр азамат өз жерінің тарихын, ескерткішін, әр тасын жеріндегі білуі парыз. Ал осының бәрін ол мектеп қабырғасынан біліп шығуы керек. Бұнын бәрі бүгінімізге қажет, ертеңімізге керек. Өйткені қазіргі жастар, мектеп бүлдіршіндері еліміздің болашағы. Біз өткенді, барды білмей жарқын болашаққа қадам жасай алмаймыз.

Әдебиеттер:

  1. Қ.Ахметов. «Ұлытау» Алматы, 2007
  2. А.Марғұлан. Декоративно-прикладное искусство, 1983

Мухажанов Б.

3 курс студенті,  ЕҰУ

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., С.Ә. Аманжолов

скачать работу


 Другие рефераты
Функции социологического знания
Борьба за власть в 20-е - 30-е годы в СССР
Русская деревня в изображении В.П. Астафьева
Қазақтың халық педагогикасының даму кезеңдері


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ