Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні

sh; бiздiң халқымыздың ежелгi дәстүрi. Ол дәстүр бойынша жастар үлкеннiң алдын кесiп өтпеуге,  сыпайы болуға, үлкенмен сөз жарыстырмауға, тiптi үлкендердiң алдында қатты күлмеуге тиiс. Осындай ата дәстүрiмiздi бүгiнгi жастар жадында сақтап, жалғастыра бiлуi қажет.
Тән сұлулығы. Қыздарға жан-жақты сұлулық, яғни, жан сұлулығымен қоса, тән сұлулығы бiрдей болғаны жарасады. Жастықтың өзi — сұлулықтың, нәзiктiктiң белгiсi. Қыз балалардың көрiктi болып өсуiне ертеде аналары ерекше көңiл бөлген. “Аттың көркi — жалы, арудың көркi — шашы” деп ұққан аналар қыздың шашын дұрыстап күтiп-өсiрудi өнер санаған. Шашты жақсы өсiру үшiн айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше етiп өру бойжеткен қыздардың көркi болған. Оған, мысалы, қыз бен жiгiт айтысындағы:
“Атымды әкем сүйiп Несiп қойған,
  Шашымды бестемшелеп есiп қойған”,
деген сөз тiркестерi осы пiкiрдi дәлелдейдi.
Халық жырларында аруларды “Шашының ұзынды-ғы iзiн басты”, немесе “Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген”, “Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты” деп сипаттаған.
Бойжеткен қыздардың киiм киiсiне де ерекше көңiл бөлген.
“Адам көркi–шүберек,
Ағаш көркi–жапырақ”,
“Қыз өссе–елдiң көркi”,–
деп таныған халқымыз қыз балаларға қынама қамзол, дүрия бешпет,  кәмшат бөрiк, қос етек көйлек, биiк өкше етiк тiктiрiп кигiзген. Сырға, бiлезiк, шашбау, шолпы сияқты әшекей заттарды тақтырған. “Қыздың көзi — қызылда” деген мақал да қыз баланың әшекей заттарға үйiрлiгiн бiлдiредi.
Ұзатылатын қыздың аулында айтылатын “Жар-жар”, “Жұбату”, “Сыңсу” өлеңдерiнде, келiн түсiру тойында орындалатын “Беташарда” қыздың, жас келiннiң басты-басты киiмдерi, сән-салтанаты мадақтала жырланған.
Халық жырларындағы арулардың сұлу мүсiнiн шебер суреттеудегi мақсат — жастарды әсемдiк сезiмге бөлеу. Сұлулықты терең сезiнiп, соған елiктесе екен деген ой-пiкiрден туған.
Халқымыз қыздың көркiне ақыл-ойы, мiнезi сай болуын қалаған. “Қыз — қылығымен сүйкiмдi”, “Қызым үйде, қылығы түзде” деп, қыз тәрбиесiнiң ерекшелiгiне аса жоғары мән берген.
Қыздың ұзатылып барған жерiнде өсiрген ата-ананың, өскен ауылдың атына кiр келтiрмеуiн, сағын сындырмауын тiлеген.
Адамның мәдениетi мен тәрбие деңгейi оның сырт бейнесiнен, киiне бiлуiнен де көрiнедi. Бiздiң этикалық-эстетикалық мұратымыз — сырт көрiнiстiң әдемiлiгi   мен   рухани   кемелдiлiктiң   табиғи  бiте қайнасуы. ”Сырт пiшiннiң адам өмiрiндегi мәнi зор, — деп жазды А.С.Макаренко. — ұқыпсыз, салақ адамды өз iсi мен қылығына есеп бере алады деп ойлау көбiне қиын. Киiне бiлу әдемiлiгiнiң де жүрiс-тұрыс әдемiлiгiнен маңызы кем емес”. Қоғамның дамуына байланысты киiмнiң сәнi де өзгерiп отырады. Адамның әр уақытта өз тұсындағы сәнге сәйкес киiне бiлуi оның әсем-кербез талғамына байланысты. Жарасымды киiну дегенiмiз ең алдымен адамның үстiне киген киiмнiң бойына, түсiне, жас ерекшелiгiне үйлесiмдi болуы.
Киiмнiң сәндi де жарасымды болуымен қатар,  киiп барған жерiндегi жағдайға, отырған орнына, iстейтiн қызметiне сәйкес келуiн де ескеру қажет.
Қыздардың темекi тартуы, iшiмдiкке үйiрлiгi  бүгiнде әдетке айналып бара жатқаны байқалады. Орынсыз киiну, орынсыз жүрiс-тұрыс әйел затының әйелдiк, нәзiктiк, сыпайылық көркiне нұқсан келтiретiн қылық екенiн естен шығаруға болмайды.
Ишанбай Қарақұлов айтқандай: ”Адам жарасымды тәуiр киiне бiлуi керек. Бұған кiмнiң таласы бар. Әйтсе де бүгiнгi жастарға әдебi мен әдетi көпке үлгi жас ұрпақ өкiлдерi екендерiн қашан да, қайда болса да есте сақтаңдар дегiмiз келедi. Өзiңдi басқаларға үлгi ет, басқаларды қызықтыратындай әдептiлiктiң иесi бол деймiз. Денсаулыққа, тазалыққа, сыпайылыққа зиянды ерсi әдет қай жерде де жеткiлiктi. Қыс пен күздiң суық күндерiнде де келте көйлекке қызығып, денсаулығына зиянын тигiзiп алған, боянамын деп әсем шашын әлемештеп алған, кiрпiктерiн жұлып, ендi оны қайта өсiре алмай жүрген бикештер аз ба? “Әсемпаз болма әрнеге”,— деп Абай осындай ұрпақтарына ескерткен сияқты болады да тұрады.
Бiз жастардың, әсiресе, балаларымыздың әдептi, сыпайы болғанын өте ұнатамыз. ”Әйелдiң бойындағы әлсiздiктi ұнатам” дегенде К.Маркс оларды тiптi де кемсiтiп айтпаған ғой”.
Жаным — арымның садағасы. Қазақ халқы неке тазалығына, қалыңдықтың арын сақтап, қыздың қасиетiн жоғары ұстауына өте зор мән берген. “Қызға қырық үйден тыйым, мың сан үйден сын” деп, ата-бабаларымыз қыздың абыройын бүкiл ауыл-аймақ болып қорғаған.
Неке тазалығы — болашақ шаңырақты  қолайсыз жағдайда қалдырмау үшiн бойжеткен қыздарды жеңге-лерi үнемi қорғап жүрген. Айт пен тойға бiрге барып, жалғыз жiбермейтiн болған. Ар тазалығы үшiн күрестi жоғары санаған ата-бабаларымыз ”қыз қылығымен” деп, әдептi, инабатты, арлы болуын қалаған. ”Жаным — арымның садағасы” деп санаған.
Ар тазалығы отбасы берiктiгiне де себепкер болған.    Қазан төңкерiсiне дейiнгi отбасында айрылысу, баланы тiрi жетiм ету дегеннiң болмауына да осы ар тазалығы үлкен әсер еткен.
Қазiргi күнде де неке тазалығы — болашақ шаңы-рақтың берiктiгiнiң, татулығының ұйтқысы, жұбайлар-дың нәпсiқұмарлыққа салынуға имандылық жағынан да, әлеуметтiк жағынан да хақы жоқ, ал кездейсоқ кездесу-лер — ол гигиеналық тұрғыдан өте қауiптi. Ол түрлi жұқпалы ауруларға соқтықтыруы да мүмкiн.
Сондықтан 7-8 сыныптарда оқушылармен арнайы факультативтiк сабақ өткiзiп, жастардың келешек отба-сын құрудағы медициналық, құқықтық, моральдық мiндеттерi мен құқығы туралы әңгiме өткiзудi ұмытпаған абзал.
Отбасы тәрбиесiнiң 8 түрi
Халықтық педагогикада тәрбиенiң сегiз түрi бар. Олар: дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершiлiк, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелерi. Ендi осы тәрбие түрлерiне қысқаша тоқталып кетейiк.
Жеке адамды жан-жақты дамытуда дене тәрбиесiнiң рөлi ерекше. Дене тәрбиесiнiң мақсаты оқушының денесiн дамытуға, денсаулығын нығайтуға, ағзасын шынықтыруға, күн тәртiбiн дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмiр салтына тәрбиелеу. Халық педагогикасында дене тәрбиесi адам дүниеге келген күннен бастап қолға алынады.
Халық еңбектi бүкiл тәрбие жүйесiнiң күретамыры деп қарастырған. Еңбекке асыл мұрат деңгейiнде қарайды. Еңбек тәрбиесi деп оқушыны еңбекке сүйiспеншiлiкпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбектiң алуан түрлерiне баулу, еңбек iс-әрекетiнiң барысында олардың дағдысы мен iскерлiгiн қалыптастыруға, сөйтiп болашақта мамандық тандауға дайындау деп түсiнемiз. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсiптiк бағдар беру оқушылардың қоғамға пайдалы, өнiмдi еңбекке тiкелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудiң, жеке адамды адамгершiлiк және зиялылық жағынан қалыптастырудың негiзгi көзi болып табылады.
Адамгершiлiк тәрбиесi дегенiмiз окушыларды қоғамның моральдық нормасын орындауға белсене қатыстыру, олардың бойына тәртiптiлiк  пен мiнез-құлық тәжiрибесiн қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбекке және қоғамдық iс-әрекетке деген жауапкершiлiк сезiмiн тәрбиелеу.
Акыл-ой тәрбиесi әр заманда жастарға бiлiм берудiң негiзгi құралы болып келдi. Ақыл-ой тәрбиесi — адам зиялылығының негiзi. Сол арқылы оқушыны ойлау iс-әрекетiнiң басты шарты болып табылатын бiлiм қорымен қаруландыру, негiзгi ойлау операцияларын меңгерту, бiлiм, бiлiк, дағдылар мен дүниетанымын қалыптастыру мiндеттерi шешiледi.
Тәрбиенiң басқа салаларымен тығыз байланысты тәрбиенiң түрi экономикалық тәрбие. “Экономикалық тәрбиенiң негiздерi” еңбек тәрбиесiнде жатыр. Экономикалық тәрбиеде көзделетiн мақсат —  оқушыларды бiлiмдер негiздерiмен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндiрiс, айырбас, бөлiсу және тұтыну ауқымындағы негiзгi экономикалық қатынастарды тәжiрибеде меңгерту деп түсiну керек.
Экологиялық тәрбие дегенiмiз —  экологиялық нормалардың, ережелердiң қажеттiлiгiн жастардың мiнез-құлқында тәрбиелеу және экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру. Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесiмен тығыз байланысты. Өйткенi өндiрiстiк iс-әрекеттiң барысында адам өзiн қоршаған ортаға тiкелей әсер ете алады.
Сондай-ақ, адамның сұлулық сезiмдерi олардың өмiрiнде зор рөл атқарады. Әсемдiктi көре, түсiне, жасай бiлу адамның рухани өмiрiн байытады. Сұлулықты танытудың негiзгi құралдары әдебиет және өнер. Сұлулық тәрбиесiнiң мақсаты оқушыны көркемдiк пен сұлулықты тани бiлуге, оған баға беруге, күнделiктi өмiрдегi адамның жеке басының эстетикасын, қатынас эстетикасын, үй-жағдай және киiм-кешек эстетикасын қалыптастыру, талғампаздыққа тәрбиелеу және сыртқы мәдениетi мен iшкi дүниесiнiң үйлесiмдiлiгiн қалыптастыру.
Ал жоғары дамыған құқықтық мәдениет болмай қоғам алдындағы мiндеттердi орынды шешу мүмкiн емес. Адамның құқықтық мәдениетi күрделi. Ол әр адамның құқықгық тәрбиесiнiң деңгейiмен тығыз байланысты. Құқықтық тәрбие деп оқушыға құқықгық бiлiм беру, занды құрметтеуге, құқықты қорғау iс-әрекетiне тәрбиелеуге үйрету деп түсiнуiмiз керек. Адамның неғұрлым құқықтық бiлiмi толық және терең болған сайын оның құқықтық мәдениетi жоғары болады.
Егемендi елiмiзде 120 ұлттың өкiлдерi ұзақ жылдар бойы тату-тәттi, бiрге өмiр сүрiп жатыр. Ұлт достығын күшейтуде Кеңестiк идеологияның оң ықпал еткенiн естен шығаруға болмайды.
Соңғы он бес жыл iшiнде әлемнiң әр түпкiрiнде этникалық және дiни қақтығыстардың жиi болып жатуы халықтар бiрлiгiн күшейтудегi идеологиялық жұмыстардың әлсiреуiнен де болып отырғаны көпке аян.
Ел президентi Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай “Iшкi саяси тұтастық пен қоғамның топ
123
скачать работу

Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ