Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні

тасуы саяси, идеологиялық, дiни, этникалық немесе таптық мүдделердi бiрiктiруге бағытталған ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық мәдениеттi насихаттауға байланысты” деп қарауға тура келедi.
Ұлт мәдениетiнiң өзiндiк ерекшелiгiн ақтара қарап терең зерттеген педагог ғалымдардың бәрi де оның тәрбиелiк мәнiн сөз етпей өткен емес. “Халықтық тәрбиеден тыс жерде педагогика да жоқ, педагог та жоқ” деп орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский текке айтпаған.
Ұлттық тәрбиенiң ұйтқысы — ана тiлi. Тiлiн жоғалтқан этнос, өзiнiң бұрынғы этностық қасиетiнен айрылады. А.Н.Толстойдың “Тiл ұлттың жаны... идеяның, сезiмнiң, ойдың жанды көрiнiсi” деуi де ұлт тiлiнiң ұлттық мәдениеттi басқаларға бейнелеп бере бiлудегi артықшылығын көрсетуi деуге болады.
“Тiл — халықтың тарихы, сана-сезiмi, көңiл-күйi, әдебиетi, мәдениетi. Тiлсiз мәдениет пен тарихтың дамуы мүмкiн емес” (А.И.Куприн) деп қарайтын болсақ, ұлттық тәлiм-тәрбиенiң де асыл арқауы тiлге келiп тiреледi.
Ұлттық мәдениет пен мемлекеттiк тiлдiң өркендеуi Қазақстанда тiршiлiк ететiн жүзден астам ұлттардың этникалық жағынан өркен жайып көркеюiне мұрындық болып отыр.
Этностық мәдениеттiң өсiп-өркендеуi үшiн де қолайлы жағдай, мәдени кеңiстiк керек. Ол кеңiстiк деп отбасын, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiн, оқу орындарын, ұлттық мәдени орталықтар мен газет-журнал, көркем және ғылыми әдебиеттердi, ғылыми зерттеу және әкiмшiлiк мекемелерiн жатқызамыз.
Соңғы он бес жыл iшiнде, әсiресе соңғы 4-5 жылда Қазақстанда тұратын аз ұлттардың балаларының ана тiлiнде оқу оқып бiлiм алуына, ұлттық мәдениет үлгiлерiн насихаттауға бiр табан болса да қолайлы жағдай туғызылды. Республикамызда 15 ұлттың тiлiнде 36 жексембiлiк дiни мектептер жұмыс iстейдi. Онда 2500 бала, 970 ересек адамдар оқиды.
Бүгiнде республикада немiс, өзбек, ұйғыр, корей, украин, татар тiлдерiнде 138 мың дана газет-журналдар шығып тұрады.
Тәулiгiне бiрнеше тiлде радио және телехабар берiледi. Республикамыздың кiтапханаларында корей, немiс, өзбек, ұйғыр, татар тiлдерiнде 70 мың данадай кiтап қоры бар. Қоғамдық мекемелерде корей, немiс, ұйғыр, татар ұлт өкiлдерi жұмыс iстейдi.
Ақпарат құралдары арқылы оқу-ағарту және мәдениет орталықтарында халық-саны аз ұлттардың салт-дәстүрлерi, музыкасы мен ұлттық киiм үлгiлерi, ойын түрлерi, тағамдары туралы үздiксiз мол мағлұматтар берiлiп келедi. Мектептер мен балабақшаларда, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында ән-күй, би ансамбльдерiнiң орындауында ұлттық фестивальдар мен көрмелер, кештер жиi ұйымдастырылуда. Стадиондар мен ойын алаңдарында ұлттық спорт, ойын түрлерi өткiзiлiп, олар ұлт достығының кепiлдiгiне айналуда.
Неке сарайлары мен ауылдық клубтарда жас жұбайлардың үйлену тойлары ұлттық рәсiмде өткiзiлiп халық арасында кең насихатталуда.
Жақсы дәстүр жалғаса берсе екен деген игi тiлекпен Қазақтың Ы.Алтынсарин атындағы бiлiм академиясының этнопедагогика және тәрбие лабораториясының ғылыми қызметкерлерi Қазақстанда тұратын орыс, немiс, поляк, корей, дүңген, тәжiк, түрiк, өзбек, ұйғыр т.б. халықтардың отбасындағы ұрпақ тәрбиелеу дәстүрлерiнiң озық ұлгiлерiн жинастырып, 2000 жылы “Санат” баспасынан “Халық – қапысыз тәрбиешi” атты жинақ шығарды.
Соңғы жылдары Қазақстан халықтарының мақал-мәтелдерi, ән-күйлерi, ұлттық ойындары бiрнеше жинақ болып басылып шықты.
Осының бәрi Қазақстанда тiршiлiк етушi тiлi басқа, тiлеуi бiр, салт-дәстүрi ұқсас елдердiң ұлттық мәдениетiн, бала тәрбиелеу дәстүрлерiн халық арасында кең түрде насихаттауда iстелiп жатқан игiлiктi iстердiң жемiсi, ұлттық ынтымақты күшейтудегi нақтылы iс-шаралар.
Қазақстан халықтарының елiмiздiң экономикасы мен мәдениетiн өркендетудегi соңғы жылдардағы қол жеткен табыстарын ынтымақ пен береке-бiрлiктiң нәтижесi деп қарауға тура келедi.
Егемендi елiмiздi бұдан әрi де бейбiт жолмен өркендете беремiз десек әрбiр ұстаз бен ата-ана, саналы ұлт өкiлдерi:
 Ынтымақ елдiкке жеткiзедi,
 Береке бiрлiкке жеткiзедi — деген халық қағидасын үнемi iс пен әрекеттiң пәрмендi құралы ретiнде пайдалануды естен шығармауы керек.

123
скачать работу

Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ