Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлттың ортақ ұраны

де кездестіреміз. А.Бай­тұрсынов:

– Қазағым елім!

Қайқайып белің,

Сынуға тұр таянып.

Талауда малың,

Қамауда жаның,

Аш көзіңді оянып… – десе,

М.Дулатов:

“Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты” – дейді. Ал.С.Торайғыров:

Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам!

Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмағанда кім болам? – деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа талпыну Отанға пай­далы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады. Алаштың осы – біртуар ұлдарының бұра­тана халық болмаймыз, өз алды­мызға тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қал­дыр­ған өсиеттері өз иесіне енді-енді ғана жетіп жатыр. Сонымен қатар, қай заманда болсын адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбие­леу. Ұрпақ тәрбиесін келешек қоғам қамын ойлау тұрғысынан қарастырып, М.Дулатов “бас­тауыш мектепте алған тәрбиенің  әсері күшті, сіңімді болуы қай халықтың мектебінде болса да, оқу кітапшасы ана тілінде өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғатынан жазылып, баяндап оқытуды, осылай біліп баяндап оқытқанда, жас баланың ойына, қанына, сүйегіне керекті мағлұмат алып шығады”, – деген болатын. Жас ұрпақты ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда отансүйгіштік сезімді ардақтап, батырлық, ерлікті мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адам­гершілік игі қасиеттер дәріп­телген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын, оларда халықтың батырлық, ерлік істерді және оны жасаушыларды ардақтағанын білуге болады.

Патриотизмнің тарихи, эле­менттері туған жерге, ана тіліне, салт-дәстүріне сүйіспеншілік тү­рінде ықылым заманнан қалып­таса бастаған. Таптық қоғамда патриотизмнің мазмұны да таптық тұрғыда көрініс табады, өйткені әрбір тап Отанға деген көзқара­сын өз мүддесі тұрғысынан білдіреді.

“Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар – өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруа­шылығының озаттары.

Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім. Волгадағы шай­қас барысында Совет халықта­рының патриотизмі, Отанға деген сүйіспеншілігі майдандағы әскер арасында, тылда еңбеккерлер арасында айқын көрінді. Мұндай тұлғалар тек біздің Совет елінде ғана ұлы интернационализм мен советтік патриотизм топырағында өсе алады” – деп, қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде көрсетілген.

Қазақ совет энциклопедия­сын­да “патриотизм” – дегеніміз (грек patrіotes – отандас, patrіo – Отан, туған жер) отанға деген сүйіспеншілік. Бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәс­түрін құрмет тұту сияқты пат­риотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды, – деп көрсеткен.

Үлкен совет энциклопедия­сын­да “социалистік қоғам азама­ты­ның патриотизмі өз Отанына, бүкіл социалистік елдер ынтымақ­тастығына берілгендік пен адалдықтан тұрады” – делінген.

Педагогикалық сөздікте “…пат­риотизм өз халқына, Отанға деген сүйіспеншілік …про­летар­лық интернационализммен берік байланысқан” – деп көр­сетілген.

Ю.К.Бабанскийдің “Педаго­гика оқулығында “патриотизм …(грек тілінен аударғанда – Отан) әдетте Отанға сүйіспеншілік деп аталатын, нақты бір әрекет бейнесінде және қоғамдық сезімдердің күрделі жиынтығында көрініс беретін, балаларының Отан – Анаға деген көзқарасын сипаттайтын қоғамдық және адамгершілік принцип”, – деп көрсетілген.

Қазақ халқының батыр ұлы Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірі бір төбе. Жазушының көп­теген еңбектерінің ішінен “Соғыс психологиясы” атты шығар­масын ерекше атап өтеміз. Өйткені,мұнда патриотизм және оған тәрбиелеу хақында өрелі пікірлер бар. Ол патриотизм туралы айтудан бұрын оның келіп шығу тегіне үңіледі, ұлттық мақтаныш дегеніміз “белгілі бір ұлт адамының жеке мақтаныш сезімі, …өз ұлтын сыйламаса және оны мақтан тұтпаса, ол барып тұрған арамза, Отансыз қаңғыбас” дей келе ұлттық рух тамаша қасиеттерге ие, …адамдар ғана Отандастарының алдындағы өз халқының және ең алдымен халықтардың бауырлас­тығы алдындағы өз борышын терең де жоғары сезінеді. Адам­ның жеке психологиясының әскери қызметтегі маңызын аша келіп, Б.Момышұлы: “патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіз­дікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну, мемлекетті нығай­ту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау; қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым- қатынасын біріктіреді”, – деп терең, жан-жақ­ты анықтама берген. Қаһар­ман жазушы біз іздеп отырған “ұлттық патриотизм”, “қазақстан­дық патриотизм” ұғымдарына философиялық анықтама беруге ұмтылған. Ол “ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті – өз халқына деген сүйіспен­шілігі, өз халқымен қан жағынан да және шыққан тегі, террито­риясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері, қалыптас­қан тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын, әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты”.

Сонымен Б.Момышұлының анықта­масы бойынша ұлттық патриотизм мына­лардан тұрады: өз халқына сүйіспеншілік, өз халқымен қан жағынан байланы­сын сезіну, шыққан тегін сезіну, тұрып жатқан өлкесі, ана тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, тарихи дәстүрі, психология­лық ерекшелігін сақтап, дамытуға, оны өз ұрпақтарына өткізіп беруге бейімділік. Осыдан барып, пат­риотизмге тәрбиелеуді отбасынан бастау проблемасы келіп шығады. Бұл Кеңес Одағы кезінде де, бүгінде де әлі зерттеліп зерделен­бегені анық.

Бұдан келіп шығатын тұжы­рым Б.Момышұлы көрсеткен рухани ерекшеліктерді сақтау ұлттық патриотизмнің уәзіні  (критерийі). Жаңа қалыптасып келе жатқан жас мемлекетіміздің болашақ азаматтарын патриотизм­ге тәрбиелеуде, міне, осылар оның негізгі бағыттарын құрауы керек. Ойымызды айқындай түссек, Б.Момышұлы айтып отырған белгілердің педагогикалық негізі тұлғаның патриоттық сана-сезімін қалыптастыру; патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру; мінез-құлқына патриоттық сипат беру мектептегі оқу-тәрбие ісінің өзегі болуы керек. Бұл оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдардың мазмұ­нынан бастама алып, сабақтан тыс тәрбиелік жұмыстарда жалғасуы орынды.

Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының ұлы, жазушы Бақытжан Момышұлы “нағыз патриоттар өзінен бұрын Отаны­ның қамын көбірек ойлайды. Шынайы патриот қазақ ата жұр­тының мәңгі тәуелсіз өмір сүріп, гүлдене беруі үшін өзінің саналы өмірін сарп етуге даяр адамдар” деп дәріптейді.

Жазушы “Қазақстандықтар­дың барлығын бірдей патриоттар деп айта алмаймыз, өйткені мате­риалдық тоқшылық, технология­лық игіліктерге бола жеке басын күйттеп, шетелге қашқандар, келешек ұрпаққа мұра болып қалатын жерді табиғи ресурстарды сатып жеке басының байлығын асырғандарды, “қазақ” деген ұлы халықтың даналығынан туған салт-дәстүрін тәрк етушілерді, тарихын, тілін білмейтін, білуге ұмтылмайтындарды патриоттар қатарына қоспайды. Ол Қазақ­станның бүгінгі территориясының сақталып қалуына, халқының ел болып ұйып отыруына, ежелгі дәуірден бері қарай үлес қосып келе жатқандарды нағыз пат­риоттар дей келе, “патриоттары көбеймеген халық елдігінен айырылады және елдігін сақтап қала алмайды”, – деп түйіндейді.

Бақытжан Момышұлы пат­риоттық сезім “адамдарға гене­тика арқылы беріліп, ойына мықтап орнығады. Алайда оған күтім мен қамқорлық, ұдайы шыңдап отыратын тәлімгерлік те қажет” , – дейді. Ол ерлік, рух, ұлттық намыс арасындағы тығыз байланысты: “меніңше, ұлттық намыс болмаса, ұлт батырлары да болмайды. Сонымен қатар ол, ең алдымен, елінің патриоты атанбаса, батыры да емес. Демек, ұлтына деген құрмет патриотизм­нің ажырамас бөлігі. Отаны мен халқына деген сүйіспеншілік жоқ жерде патриотизм тумайды. Егер тура мағынасында айтсам, патриотизм – адамды өзінің арғы тегімен жалғастырып жататын арқауы мықты қасиетті жіп”, – деп белгілейді.

Осыған орай, “Қазақстандық патриотизм” деген ұғымды – педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Құсайы­нов: “Қазақ елін шексіз сүю деп түсінемін”, – дей келе, “Отан сүю” сезімі – халқының келе­шегі үшін күресумен, ол үшін аянбай еңбек етумен етене қабы­сып жатқан сезім, Қазақстанның келешегі үшін ақ жүрек, адал ниетпен қандай салада болмасын өз шама-шарқы келгенше аянбай еңбек етуді мен Қазақ­стандық патриотизмнің бүгінгі шынайы көрінісі дер едім”, – дейді.

Қазақстан халық жазушысы Ә.Нұршайықов: “Қазақстандық патриотизм” деген ұғымның жаңадан туындап келе жатқан­дығын, әлі де болса “кеңестік патриотизм” кезіндегідей күш, қуат, қайрат, сүйіспеншілік, Отанға деген шексіз берілгендік жоқ, адамдардың бар мақсаты қандай жолмен болса да ақша табуға бағытталған деп өмір шындығын көрсете келіп, бірақ қазақстандық патриотизм бізге керек, оның басты жолы жалпақ елге патриоттық тәрбие жұмы­сын жүргізу. Бұл ретте Ке

123
скачать работу

Ұлттың ортақ ұраны

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ