Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлттың ортақ ұраны

ңес Одағы кезіндегі жақсы тәжіри­белерді бүгінгі күн жағдайына сәйкестендіріп қолдану қажет, “іштен ешкім патриот болып тумайды. Қазақстандық патрио­тизмді өсіріп өркендету үшін, байыпты, байсалды тәрбие керек”, – дейді.

М.Қозыбаев “Жауды шап­тым ту байлап” атты еңбегінде қазақ халқының басынан өткен ұлт-азаттық қозғалысын, Отан қорғау тарихы, оның кезеңдерін, халқымыздың ел басқарған көсем­дерін, қол бастаған батыр­ларын, олардың ерліктерін жыр еткен шешен-жырауларын сөз етеді. Тәуелсіздік үшін болған ата-бабаларымыздың қанды жорықтары, дабылды, дауылды азаттық күрес жолдары, ел бос­тандығы, бірлік жолы, ұлтжан­ды­лық, ұлттық сананы негізгі арқау етіп алған. Жұмыстың “Ұлт-азаттық қозғалысының бе­лестері” атты бөлімінде, Қазақ­стандағы ұлт-азаттық қозғалыс­тарын 7 кезеңге бөліп, оның себеп-салдарын көрсеткен:

І кезең. Қазақ халқының құрамына кірген тайпалардың Ібір-Сібір жұртын жаулап алуға қарсы азаттық қозғалысы.

ІІ кезең. Қоқан-Хиуа хан­дық­тарына қарсы ұлт-азаттық қоз­ғалыс. Бұл ұлт-азаттық қоз­ғалыс үш жүзді одан әрі қа­быстырды, кіріктірді, біріктірді, ұлттық дәрежеге көтерді.

ІІІ кезең. Ресейге қосылу кезеңі, бодандыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыс.

ІV кезең. Отарлау саясатына қарсы Сырым Датұлы, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісұл­дарының басқаруымен болған шаруалар көтерілісі.

V кезең. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

VІ кезең. ХІХ ғ. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

VІІ кезең. 1917 жылғы Ақпан және Қазан революциясы.

Міне, осылай 1590-1990 ж.ж. арасындағы Ресей, одан қалды кеңестік империя кезіндегі қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалы­сы осындай асулардан өтті. Бір сөзбен айтқанда, қазақ халқы өзінің ата-баба тарихына сүйіс­пен­шілік­пен қарауға құқықты. Өйткені, біздің ата-бабаларымыз бір сәт құлдыққа бас сұғып, өзінің отар ел болған болмысына ризашылық білдіріп, отырып қалған емес. Олар арының тазалығын ту қы­лып, азаттық жолын қалады. Ата-баба салты – тарихымыздың үлесі халқы­мыздың баға жетпес мұрасы.

Өсіп келе жатқан жас буын­дар бойында ұлттық патриоттық сана-сезім қалыптастыруға зиянын келтіріп отырған, оларға рухани жұтаңдық әкеліп отырған ақпарат құралдары өте көп. Оның үстіне жақын шет елдер­ден әдейі шақырылып жатқан эстрада жұлдыздары ақша табуға жарайтын жеңіл-желпі құнды­лығы төмен өнер деп айтуға тұрмайтын шығармалармен жастарымыздың санасын жұта­туда. Көптеген жасөспірімдердің нашақор­лыққа, маскүнемдікке, қаңғыбастыққа берілуінің эконо­микалық себептерінен басқа саналарындағы рухани бостық­тың игерілмеуі деуге болады. Оның тағы бір дәлелі – жастардың патриоттық сана-сезімінің қалыптасуына тікелей немесе жанама түрде теріс ықпал ететін жайттар. Төл жәдігеріміз – ауыз әдебиеті, мақал-мәтелдер, қанатты сөз, өлең, жыр, терме, ана әлдиі, ата тілегі – ұлттық тәрбие бесігі.

Егемен ел жағдайында жастарды отансүйгіштікке тәр­биелеу, олардың елін-жерін сүйетін, ана-тілін ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуін қамтамасыз ету бүгінгі мектептің басты мақсаты деуге болады.

Біздіңше патриотизм – ол өзінің туған жеріне, ана тіліне, мемлекетке деген сүйіспеншілік сезімі, сол мемлекеттің, Ота­нының гүлденуіне, өсіп өр­кендеуіне өз үлесін қосу, қызмет ету.



Авторы: Байзақ МОМЫНБАЕВ, Қазақстан және Ресей Білім академияларының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

123
скачать работу

Ұлттың ортақ ұраны

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ