Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Үстірт керуен жолындағы Сам қаласы

қар суын сақтауға арнап қазылған құдық- қойма сардобалар бар.

Сам құмыныңетегiндегi жергiлiктi халықБелдеулi, Үшүйiк, Молақдеп атайтын енi бес, ұзындығы он шақырымдай аймақта бүгiнде құлап үйiкке айналған, кезiнде күйдiрiлген кiрпiштен салынған қырыққа тарта керуен сарайдыңорны мен таспен шегенделген отыздан аса әйкелсiз құдық, сардобалар бар, үйiктерге жақын жерлерде қыштан өрнектелiп жасалған құмыра сынықтары кездеседi. Бұл орындар өлке зерттеушiлерiнiңеңбектерiнде Сам, Көптам деп жазылған.

Орынбор кеденініңдиректоры П.Величконыңбасшылығымен 1803 жылы жасақталған «Хиуа хандығы мен Сырайшыққамалынан шығатын жолдыңсипаттамасында» Белдеуліде (Куптамь) аралары бір версть (верста, немесе шақырым – 1060 метр) шамасында болып жолдыңекі жағына орналасқан отыздан астам құлаған үйдіңтұрғандығы, сол жерден Сам (Шамь) құмы арқылы жүргенде 30 версть  қашықтықта таза сулы екі құдығы бар Құсшы керуен сарайыныңбар екендігі жазылған. Ал 1825-26 жылдардағы полковник Ф.Берг экспедициясыныңматериалдарында Бақашыдан шыққан керуен жолыныңСарнияз, Есекжал,Мыңсуалмас арқылы Шиландыға келетіндігі көрсетілген. Яғни Есеттіңқұлауындағы Қосбұлақтан шыққан жол Белдеуліге Шиланды арқылы барған.

В.Бартольд солтүстiк Үстiртте, Үргеніштен он күндік жерде, Жем өзенінен жылдам жүрісте 3 күндік, жай жүрісте 6 күндік жерде, XVII ғасырда керуен сарай есебінде кеңінен танымал болған Сам қаласының болғанын жазады.

XV ғасырда өмір сүрген белгілі тарихшы, Абд ар-РаззақСамаркандидің  Ноғай Ордасыныңнегiзiн қалаған, он бес жылдай Алтын Орданыңбас қолбасшысы, АқОрданыңәмiрi болған Едiгенiңбилiктен айырылып бас сауғалап Хорезмге барған 1410 жылғы сапары жайлы жазбаларында да Сам қаласы сөз болады.

«Сам– солтүстiкҮстiртте орналасқан ортағасырлыққалалардыңбiрi. Оныңатауы қазiргi Бейнеу өңiрiндегi Сам құмымен, Мыңсуалмас, Жарқұдықойпатымен байланысты деген болжам бар. Керуен жолдарыныңтоғысындағы iрi сауда орталығы саналған бұл қала, әсiресе XIV-XVI ғасырларда «Ноғай жолы»бойындағы керуен сарай ретiнде кеңiнен танымал болған»,- деп жазады өңiрдi зерттеуге көп еңбек сiңiрген, белгiлi қазақғалымы Серік Әжiғали. Ол Самды Алтын ОрданыңСарай Бату, Сарай Берке, Сарайшыққалаларымен қатар қояды.  Ал танымал шығыстанушы Ислам Жеменей парсы тілінде «сам» сөзі шөл даланың құрғақ та ыстық құйынды желінің атауы, яғни аңызақты, аптапты аймақ деген мағына береді дейді. Арабтар да құм дауылдарын көтеріп, қатты екпінмен соғатын құрғақ ыстық желді «самум» отты желдеп атайды.

Т.Басенов Сам қаласыныңорны Қоңыраттан 360 шақырым жердегi, 45°35’ ендiк пен 55°52’ бойлықарасында орналасқан, жергiлiктi халықБелдеулi деп атайтын Көптам жерiнде болуы керек дейдi және бұл жердегi құлап қалған керуен сарайлардыңархитектуралық-құрылыс тәсiлдерiне қарап, сондай-ақел арасындағы аңыз-әңгiмелерге сүйенiп қала XVI ғасырдыңортасы мен XVII ғасырдыңбасында салынған болар деген болжам айтады.

Х-ХI ғасырларда Хорезм мемлекетi өзiнiңсолтүстiк батысындағы шекарасында Бейнеу қамалын тұрғызып, онда мықты әскери күш ұстаған. Ислам Жеменейдің пікірінше Бейнеу сөзі парсының «бини» мұрын, тұмсық сөзінен шыққан, «тау тұмсығы» деген мағына береді. Шындығында да Бейнеу қамалы орналасқан жерді біз «Күйкеннің тұмсығы» дейміз.Жергілікті жұрт Бейнеу атауын Атақозы батырдың інісінің баласы, үш рет Қыдыр көрген делінетін, қасиеті мол, халқына қайыры тиген әруақты ақсақал Бейнеу Намазұлының есімімен байланыстырады. С.Толстов Бейнеу қамалы мен ондағы керуен сарайдыңкесiлген тастан салынғанын, бұл жерде ХII ғасырларға дейiн адамдар мекендегенiн айтады.

Бiрақғалымдар Х ғасырларға дейiн осы өңiрде болған саяхатшылардыңжолжазбаларында Сам қаласы жайлы мәлiмет жоқдейдi. Шындығында да, Ахмед ибн Фадлан жазбаларында да, ХІ ғасырда Хорезмнен Үстірт арқылы печенегтерге барған белгілі саяхатшы Гардизидің күнделігінде де керуен сарайлар жайлы дерек кездеспейді. Орыс ғалымдары Г.Федоров-Давыдов пен В.Егоровтiңайтуынша алтынордалыққалалар ХIII-XIV ғасырларда тұрғызылған. К.Байпақов пен Л.Ерзаковичтің пікірінше монғол шапқыншылығы кезінде талқандалған қалалардың көпшілігі осы ғасырларда қайта өрлеген. Соған қарағанда Сам қаласы да Алтын Орда тұсында салынған болуы керек.Қалай болғанда да осы өңiрде Сам атты қаланыңболғаны тарихи шындық, ал оныңорнын Сам құмыныңтерiстiк бетінен iздеуiмiз керек сияқты.

Қазіргі таңда Сам нақты жер аты емес, өңірдің жалпы атауы есебінде қолданылады. Сам құмының әр жотасының өз аты, Сам құмының әр құдығының өз атауы бар. Сам сөзінің өңір атауына айналуын біздің қарттар патша үкіметінің осы аймақты картаға түсірушілеріне жолбасшы болған Сам Малкелдіұлымен көбірек байланыстырады.

Батыс пен Шығыс саудасыныңтiзгiнiн өз қолына алғысы келген Әмiр Темiр әскерi 1388 жылы сауда жолыныңеңбасты орталығы Yргенiш қаласын, 1395 жылы Алтын ОрданыңСарай Берке, Сарай Бату қалаларын талқандайды. Бұл сапарда Сам қаласыныңқаншалықты зардап шеккендігі туралы мәлімет жоқ, бiрақосы жорықтардан соң ол керуен сарайлары бар үлкен қала есебінде көпшілікке кеңінен танымал болады.

Алтын Орда тұсында керуендеріндегі көлік саны он мыңға дейін жеткен, қалмақтардың басқыншылығы кезiнде иесіз қалған Үстірттегі керуен жолдары тек орыс князьдерінің бірігуі нәтижесінде Москва мемлекеті құрылған соң ғана қайта жанданады. 1717 жылы кабардалық князь Бекович-Черкасский патша ағзам І Петрдің тапсырмасына сай 3464 адаммен Гурьевтен шығып Ноғай жолы арқылы Хиуаға жорыққа аттанады. Жол бойындағы құдықтарды аршытып, керуен сарайларын оңдатады.

Бірақ теңіз қатынасы қолға алынған соңкеруен жолдары өз мәнін жоя бастайды, ал ХІХ ғасырдың соңына таман мыңдаған жылдық тарихы бар ұлы жолдың дәурені өтіп, тарих қойнауына кетеді.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.Әжіғали С.,Каспий қайраңы,тарих тағылымы,Алматы.,2000.

2.Әлімгереев Ө.,Сарайшық., Алматы.,2000.

3.Басенов Т.,Архитектурные памятники в районе Сам., Алматы., 1947.

4.Бейнеу,тарихи танымдықәңгімелер,Алматы,2002.

5.Ислам Жеменей., Парсыша-қазақша және қазақша-парсыша сөздік.,Алматы.,1994.

6.Кекілбайұлы Ә., Он екі томдықшығармалар жинағы., 7том., Алматы.,1999.

7.Қазақстан Ұлттықэнциклопедиясы., т 1-7.,Алматы 1998-2005.

8.Маңғыстау энциклапедиясы., Алматы.,1997.

9.Мерзімді баспа сөз материалдары.

10.Оңдасынов Н., Арабша-қазақша сөздік.,1 том., Алматы.,1984.

11.Тасмағанбетов И.,Самашов З., Сарайшық., Алматы.,2001.

12
скачать работу

Үстірт керуен жолындағы Сам қаласы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ