Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Үстірт керуен жолындағы Сам қаласы



 Другие рефераты
Ұлы даланың астаналары Ұлттың ортақ ұраны Түркістан аймағындағы Сығанақ қаласының тарихы Төле би Әлібекұлы

ҮСТІРТ  КЕРУЕН  ЖОЛЫНДАҒЫ  САМ  ҚАЛАСЫ

 

 

     Жамағат, біздің тарих-алтын шынжыр,

                                                                        Әр жерден жиі үзіліп-көп жалғанған.

         Есенғали Раушанов

 

Тарихтыңатасы атанған Геродот бiздiңдәуiрiмiзге дейiнгi мыңжылдықтыңорта шенiнде Қара теңiз маңынан Дон жағалауына, одан Оңтүстiк Оралдағы савроматтар жерi арқылы Ертiс бойы мен Алтайға, Зайсан көлiне дейiн барған «далалықсақжолының»болғанын айтады. Ал заманымыздыңкемеңгер жазушысы Әбiш аға Кекiлбаев «Шығыс пен Батыс арасындағы еңежелгi жол-Памирге соқпай, терiстiктен орағытып өтетiн дала жолы. Оңтүстiк орыс далаларын ОрталықАзиямен байланыстырып жатқан бұл жол көне замандарда «Скиф жолы»деп аталыпты. Геродот жазған грек саяхатшысы Аристей, бiздiңзаманымызға дейiнгi VI ғасырдағы Қара теңiз жағалауындағы грек колонияларынан шығып, Батыс Сiбiр, Алтай, Тарим бассейнiне беттеген әйгiлi сапарына осы көне скиф жолыныңбойымен барып қайтқан», - деп жазады. Кейiн Ұлы жолдыңқұрамдас бөлiгiне айналған бұл көне керуен жолдары «екi мыңжыл бойы жұртқа терiстiктегi Ұлы Жiбек жолы ретiнде белгiлi болды»,- дейдi Иманғали Тасмағанбетов  пен Зейнолла Самашов.

Ұлы Жiбек жолымен бiздiңдәуiрiмiзге дейiнгi 103 жылы қытай императоры УДидiңтапсырмасы бойынша тұңғыш рет жүрiп өткен Чжан Цянь есiмдi қытай дипломаты екен. Осы сапардан соңвизантиялықтар валюта есебінде пайдаланған, алтынмен қатар бағаланатын қытай жібегін Батыс Европаға, Сирияның асыл тастарын, Қызыл теңіздің інжу-маржандарын, Мысырдың маталары мен Вавилон кілемдерін Қытайға тасыған керуендер ағыла бастайды. Батыс өркениетi мен Шығыс мәдениетiнiңарасындағы күретамыр болған бұл жолға өзiнiң1877 жылы жарықкөрген «Қытай»атты кiтабында «Ұлы Жiбек жолы»деген географиялықатау берiп, тарихта қалдырған қытайдыңфизикалықгеографиясы мен Азияныңжер бедерiн зерттеген Фердинанд фон Рихтгофен атты немiс географ-ғалымы көрiнедi. Ұлы Жiбек жолыныңнегiзгi арнасында орналасқан қалалар мен керуен бекеттерi туралы алғашқы толықдеректi 846-847 жылдары арабтыңмемлекеттiк байланыс қызметкерi Әбу-л-Қасым Убейдаллах ибн Абдоллах ибн Хордадбех «Жолдар мен мемлекеттер туралы кiтап» атты әкiмшiлiк-географиялықанықтама еңбегiнде жазыпты. Ал Х ғасырда өмiр сүрген араб географы Әбу-л-Фарадж Кудама ибн Жафар әл-Басри өзiнiң«Харадж және хатшылықөнер жайлы кiтап» деген ресми құжаттар мол пайдаланылған шығармасында керуен жолы бойындағы табиғат жағдайлары мен географиялықобъектiлерге нақты сипаттама берiптi. XIV ғасырдыңотызыншы жылдарында бұл өңiрге аяқбасқан, араб Марко Полосы атанған белгiлi саяхатшы, табиғат пен адам жаныныңаса бiлгiрi Әбу Абдолла Мұхаммед ибн Батутта да өлкенi мекендейтiн халықтардыңшаруашылығы, тұрмысы мен мәдениетi жайында өте бағалы деректер қалдырған дейдi ғалымдар.

Батыс пен Шығысты жалғастырған әйгiлi керуен жолының«Ноғай жолы» атанған бiр тармағы кезiнде бiздiң Бейнеу өңiрi арқылы өтiптi. Н.Ибрагимов жазбаларына қарағанда Ибн Батутта Хорезмге осы жолмен барғанға ұқсайды. «Сарайшық қаласынан Хиуаға дейiн Арал мен Каспий теңiздерiн бөлiп тұрған мойнақ арқылы өтетiн бiрнеше жол бар, соның iшiнде ең жақсысы – «Ноғай жолы», - деп жазcаорыс география қоғамының негiзiн қалаушылардың бiрi А.Левшин, белгiлi кеңес археологы С.Толстов бұл жолды «Едiлге баратын үлкен патша жолы» деп атаған. Ал отырарлық тарихшы Әл-Жаухари: «Жiбек жолының үлкен тармағы ең әуелi Киев Русiнен, Бұлғар жерiнен өтiп, Үстiрт үстiмен Аралды айналып, Жент қаласына жетедi. Жентке жеткенше сауда керуенi құс қанаты талған шөлден, түйе табаны күйген құмнан өтедi, арып-ашып әбден әлсiрейдi»,- деген дерек қалдырыпты. Жент Х-ХII ғасырларда СырдарияныңАралға құяр сағасына жақын маңда болған қала, орны Қызылордадан  115 шақырым жерде делiнедi.

Талай жыл түйе табанымен тапталған, кей жерлерде ені он, тереңдігі жарты метрден асатын бұл керуен жолы Үргеніштен шығып Үстіртке көтеріліп, Үшқұдық, Әжігелді, Қосбұлақ, Білеулі, Шұрық, Құсшы арқылы Сам құмын кесіп өтіп, Белдеулі, Қақпақты арқылы Есеттегі Қосқұдықтан ойға құлап Ұшқанға соғып, Бақашы әулие маңынан Жем өзенінен, Таскешу арқылы Сағыз өзенінен өтіп Сарайшыққа жетіп, әрі қарай орыс жеріне ілігеді. Ғалымдар ескі сүрлеуі әлі күнге дейін сақталған бұл жолдың Сарайшықтан Қос құдыққа дейінгі жерін солтүстік бөлік, Қос құдықтан Қоңыратқа дейінгі аралығын оңтүстік бөлік деп атайды.

Ал солтүстікке бағыт алған екінші керуен жолы Үргеніштен соң жазба деректерде «түріктер дарбазасы» деп аталатын Замждан рабаты мен Хабаб қонысынан өтіп, Қалымбет (Қарақұмбет) құлауынан қырға шығып, Аралды жағалап Әлменбет, Көксеңгір арқылы Матай құмындағы Нәубетке келіп, Тасөткел арқылы Асмантай сорынан өтіп Жездіге жетіп, Тасастау-Қайнар арқылы Қызылқуыстан құлап Жем мен Жайықтан өтiп, Едiлдi бойлап Қазанға, одан Мәскеуге асады.

Жол бойында кезiнде көптеген қала мен керуен сарайлар салынған. Орыс география қоғамыныңмүшесi, саяхатшы офицер М.Иванин:«XIV ғасырда Хиуадан Қырымға сапар шеккен адамға өзiмен бiрге ештеме алмаса да болады, өйткенi жаныңа керектiңбәрi де жол бойындағы керуен сарайлардан табылады», -деп жазса, белгілі шығыстанушы А.Якубовский Алтынорда кезеңiнде бұл керуен сарайлар көпестер мен жергiлiктi ауқатты адамдар бiрлестiгiнiңортақменшiгiнде болғанын айтады.

“Yстiрт үстiмен өтетiн Ноғайлы жолында да, Маңғыстау арқылы өтетiн көне Хиуа жолында да 25-30 шақырым сайын суы ащы болсын, тұщы болсын мiндеттi түрде құдықкездеседi де, ал 100-150 шақырым сайын тұщы су көзi-бұлақне құдықұшырасып отырады. Шамасы, суаттардыңбұлай орналасуы шөл түзде бiр күндiк жол жүргеннен кейiн көлiк суарып, ал үш-төрт күн сайын жолға алынатын ауыз суды жаңартып отыруды көздеген есепке құрылса керек. ”, - деп жазады Ә.Кекiлбаев.

Әбiш ағаның айтуына қарағанда Қазан мен Самарада кемеден түсiрiлген жүк түйе жеккен арбаларға тиелген, қомдаған түйеге 10-15 пұттан жүк артқан, Сарай Беркеден Ханбалыққа дейiнгi жол 9 айдан астам уақытқа созылыпты, ал Сарайшықтан шыққан керуен Yргенiшке отыз күнде жетiптi. Яғни бұл сапардың бiраз бөлiгi Yстiрт үстiнде өткен, демек, керуен сарайлардың да көпшiлiгi осы аймақта салынған. В.Егоров Сағыз өзеніндегі Ташкешуден Хорезмге дейінгі аралықта он бес керуен сарайының болғанын айтады. Шындығында да 1950 жылғы Хорезм археологиялық - этнографиялық экспедициясының Орал-Үстiрт отрядының жазбаларында көрсетiлгенiндей Yстiрттiң солтүстiк батыс ернеуiнде, Мыңсуалмаста тау тастарынан салынған аумағы 40х40 шаршы метр, бiрнеше бөлмелi Қосқұдық керуен сарайы болған. Мұндай керуен сарайдың орны Құсшы, Шұрық, Қақпақтыда да бар.

С.Толстов керуен сарайлар Х ғасырдыңсоңы мен ХV ғасырдыңбасында, әсiресе Хорезм мемлекетiнiңХI-ХII ғасырлардағы Едiлбойы мен Шығыс Европа елдерiмен арадағы сауда қатынасыныңдамыған кезiнде тұрғызылған деген пiкiр айтады. Әбiш аға Үргенiш пен Сарайшықарасындағы парсылардыңежелгi жолдарыныңүлгiсiндегi бекiнiстi сауда жолын Х-ХI ғасырларда Хорезм шахтары салдырған дейдi. Ал Өзбекстан Ғылым АкадемиясыныңҚарақалпақфилиалыныңғалымдарыныңойынша бұл күрделi құрылыстар 1312-1342 жылдар аралығында билiк құрған Алтын Орда ханы Өзбек ханныңзаманында өмiрге келген. Себебi ол кезеңде Хорезм мемлекетiн оныңөз адамы ТұғлықТемір билеген, сондықтан арадағы қатынас өте жақсы дамыған. Бұл жолдыңӨзбек хан тұсында ерекше маңызға ие болғанын белгiлi шығыстанушы, академик В.Бартольд те растайды, қазақғалымы М.Меңдiқұлов та терiске шығармайды және ол керуен сарайлардыңжолдыңсолтүстiк бөлiгiндегiлерiнiңтарихқа «қыпшақкiрпiшi»деген атаумен енген көлемi 28х28х6 см. күйдiрiлген кiрпiштен салынғанын, ал оңтүстiк бөлiгiндегiлердiңАлтын Орда тұсындағы22-23х22-23х5 см-лiк хорезм кiрпiшiнен тұрғызылғанын, ал мұндай құрылыс материалыныңбiздiңөңiрде IХ-Х ғасырлардан бастап қолданылғанын сөз етедi. Т.Басенов бұл кiрпiштiңбiр шаршы сантиметрiнің64,5 кг. қысымға шыдайтын мықтылығын, жергiлiктi саздан бұдан артыққұрылыс материалын әзiрлеу мүмкiн еместiгiн айтады.

Екi түйе жеккен арбамен Сарайшықтан шығып 20 күнде Үргенiшке жетiп, одан әрi Отырар, Құлжа арқылы Пекинге дейiн барған итальяндықФранческо Бальдуччи Пеголоттидiң1340 жылғы көпестерге арналған жазбасында солтүстiк Үстiрттегi Шұрық, Бiлеулi, Әжiгелдi керуен сарайлары сөз болады. В.Егоровтың айтуынша бұл бекеттер 1375 жылғы Каталон картасында да көрсетiлген. Солардың iшiндегi бiздiң заманымызға жеткенi Бiлеулi керуен сарайы. Ол- орыс ғалымдарының зерттеулерiне қарағанда ХIV ғасырда салынған тарихи ескерткiш. Бiлеулi керуен сарайыныңтөрт бұрышына кезiнде күмбездеп өрiлген көрiктi төрт мұнара орнатылғанын, сарайдыңкiрер қақпасындағыиiлген маңдайшаныңекi жағына екi арыстан мүсiнi тастан қашап бейнеленгенiн, керуен сарай iшiнде жылу жүретiн науалар болғанын жазады Хорезм археологиялық-этнографиялықэкспедициясын басқарған С. Толстов өзiнiң«Ежелгi Хорезм цивилизациясыныңiзiмен»атты еңбегiнде. Ал Г.Федоров Бiлеулiден табылған мыс ақшалардыңАлтын Орда хандары Бердiбек, Жәнiбек, Тоқтамыстыңтұсында соғылғандығын айтады. П.Рыжковтың еңбектерінде шатқалдағы алаңда мешіт пен құдық болғандағы көрсетілген. Керуен сарайыныңтөңiрегiнде жаңбыр мен

12
скачать работу


 Другие рефераты
Методы решения уравнений в странах древнего мира
Анализ суицида под углом зрения взаимоотношения человека
Антон Иванович Деникин - белый генерал
КНИГА О НАМАЗЕ


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ