Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұйқы мен түс көрудің психофизиологиялық механизмдері



 Другие рефераты
Физиология ғылымының зерттеу әдістері Ұлпадағы зат алмасудың негізгі реакциялары Тыныс алу орталығы. Тыныс алудың реттелуі Тыныс алу жүйесі және оның маңызы

Ұйқы — организмшң мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын тіршіліктік мәні зор функционалдық күйі. Ол организмнің жалпы әрекетінің бәсендеп, сыртқы тітіркендіргішке жауап-реакцияларының нашарлауымен, ми нейрондарының ерекше белсенділігінің қалыптасуымен сипатталады. Ұйқы организмнің ішкі табиғи мұқтаждығы болып табылады.
Ұйқы ның екі түрі болады жалғыз фазалы және көп фазалы. Жалғыз фазалы ұйқыға күндізгі, немесе түнгі, ұйқы мен ояу күйдің тәулік бойына бір рет қана алмасуы тән. Көп фазалы ұйқыда ояу күй мен ұйқы тәулік ішінде бірнеше рет қайталанып, алмасып отырады.

Ұйқының қай түрінде болмасын екі саты байқалады баяу толқынды (сергек), немесе ортодоксалдық, ұйқы және шапшаң (терең), немесе парадоксалдық, ұйқы . Сергек ұйқы кезінде ЭЭГ-да жоғары амплитудалы дельта — толқындар, ал терең ұйқы кезінде кіші амплитудалы толқындар жазылады. Сергек ұйқы кезінде тамырдың соғуы сиреп, артериялық қысым төмендейді, терең ұйқы жағдайында вегетативтік дауыл соғып, тыныс жиілейді, тамырдың соғуы жиілеп, артериялық қысым жоғарлайды, гормондардың белсенділігі артады, дене қимылдап, жұтыну, қас қағу сияқты қимылдар байқалады. Терең (парадоксалдық) ұйқы эволюциялық даму барысында кейінірек пайда болған құбылыс. Бауырымен жорғалаушыларда ол байқалмайды, құстарда нашар дамыған, сүт қоректілер қатарында оның үлесі көбейе бастайды.

Ұйқы — күрделі нейрогуморалдық құбылыс. Оның табиғатын зерттеу барысында екі түрлі теория — гуморальдық және нервтік, -ұсынылған. Алғашқы теория ұйқыны организмде зат алмасу өнімдерінің — ерекше гипнотоксиндердің жиналуымен байланыстырады. Екінші теория ұйқыны тудыратын арнаулы орталық болады деп тұжырымдайды. Ал, И.П.Павлов ұйқыны үлкен ми жарты шарлары қыртысында жайыла таралып, біраз қыртыс асты құрылымдарды қамтитын тежелу процесідеп түсіндірген.

И. П. Павлов ұйқыны белсенді (активті) және ырықсыз (пассивті) деп бөлген. Белсенді ұйқы ми қыртысыңда жайылып, қыртыс асты түйіндерді қамтитын ішкі тежелу болып табылады. Ал, ырықсыз ұйқы ми қыртысына келетін импульстердің күрт азаюы нәтижесінде туыңдайды,

П.К.Анохин концепциясы бойынша ұйқы ми қыртысы, гипоталамус және таламус-торлы құрылым жүйесінің езара әрекеттестігіңдегі айналымды өзгерістерге байланысты туындайды. Ояу, сергек кезде ми қыртысы гипоталамустағы ұйқыны тудыратын вентромедиальдық ядроны тежеп отырады. Ми қыртысында ішкі тежелу жайылса, онын, гипоталамус орталығына әсері тоқтайды. Осыдан гипоталамус орталығының белсенділігі артып, оның торлы құрылым қызметіне тежеуші әсері күшейеді де, таламус деңгейінде ми қыртысына бағытталған белсендіруші импульстардың өтуі тоқталады. Осының салдарынан ми кыртысынын тонусы одан әрі төмендеп, ұйқы басталады.

скачать работу


 Другие рефераты
Голландия
Сібір жұртындағы қыпшақтар
Обзор и технические возможности коммутаторов фирмы Cisco
История открытия основных элементарных частиц


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ