Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Валюталық нарықтар

лдал толінде жүреді.

     Брокерлер делдал ретінде бола отырып, клиенттерден брокерлік коммисиялық ақы алады (брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбір миллион доллар үшін 20 АҚШ (доллары), ол төлемді халықаралық тәжірибедегідей сатып алушы мен сатушы тең  бөледі және онда котировка қосылмайды, әр ай сайын тікелей брокерге төленіп отырады.

     Брокер мәміле жасайтын және баға белгілейтін өзінің банк-клиенттеріне толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс істеудің айтарлықтай артықшылығы мыналар: котировка процесінің үздіксіз және брокер белгілейтін кез келген бағамен мәміле жасау мүмкіндігі, мәміле жасағандағы құпиялық және өз бағасын ұсыну мүмкіндігі. Дилер мен брокердің арасындағы іскерлік ынтымақтастық тек өзара түсіністік, сенім және сыйластық болғанда ғана мүмкін және ол тығыз өзара қатынас негізінде қалыптасады.

     Банктердің валютамен жасалатын операциялары клиенттердің есебінен де, сондай-ақ өздерінің есебінен де жүзеге асырылады.

     Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында және ақшалай белгілер түрінде болмайды, ол банктік және несиелік айналыс құралдары формасында – шетел валютасына сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чек, тратта түрінде болады.

     Аударым -  бұл басқа елдегі банк-корреспондентіне –зінің клиентінің –өтініші бойынша және оның есебінен    телеграфтық немесе пошталық аударым (бұйрық) негізінде белгілі бір ақша сомасын шетелдік алушыға    ( бенефициарға)  төлеу туралы банктің бұйрығы. Аударым барысында банк екі операцияны бір уақытта жүзеге асырады: өз клиентіне ұлттық валютьаға шетел валютасын сатады және шетел валютасын шетелге аударады. Бұл жерде телеграфтық аударым жасау барысында есеп айырсуды жеделдетеді және арнайы код қолдану арқылы қорғауға кепіл береді.

     Банктік чек- шетелдік банк корреспондентке чекті ұстаушының ағымдық шотынан белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы банктің жазбаша бұйрығы. Экспортер, ондай чекті ала отырып оны өзінің банкіне сатады.

     Банктік вексель – осы елдің банкінің шетелдік банк корреспондентке берген траттасы (аудармалы вексель). Импортерлер өздерінің банктерінен бұл вексельді сатып алады және оны олардың экспортерлеріне (несие берушілеріне) жіберу арқылы өздерінің борыштық міндеттемесін өтейді. Ал осы елдің банкінің міндеттемесі мерзімі жеткенде вексельді төлеуді өзінің корреспондентінің шотын қажетті валюталық қаражаттармен қамтамасыз ету болып табылады.

     Бұл жерде чектер мен тратталарды тек қана банктер емес, сондай-ақ сауда және өнеркәсіптік фирмалардың, жеке тұлғалардың бере алатынын да есте сақтау қажет.

     Несиелік айналыс құралдары халықаралық төлем айналымынан алтын және шетел валюталарын ығыстырып, әр түрлі елдердің банктері арасында корреспонденттік қатынастардың дамуына және шетел валютасында ағымдағы корреспонденттік шоттарды жүргізу тәжірибелерінің таралуына қатты ықпал етті. Бұл өз кезегінде операцияларды қолма-қолсыз түрде жүргізуге, есеп айырысуларды жеделдетуге және айналыс шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды.

     Халықарылық есеп айырсулардың сызбалы механизмін былай беруге болады: тауарды (қызметті) экспорттаушы сатқан тауары (қызметі) үшін импорттаушыдан алған шетел валютасына жататын чек, аударым және басқа да төлем құжаттарын өз елінде коммерциялық банкіге сата отырып, оның орнына экспоттық өндіріс үшін қажетті ұлттық валютаны алады. Коммерциялық банк өзінің шетелдегі банккорреспондентіне бұл төлем құжаттарды жібереді де төлеушілер мен борышқорлардан, жіберілген құжаттар бойынша валюталық қаражаттарды төлеуін қажет етеді. Алынған шетел валютасындағы соманы шетел банкі экспортер банкінің корреспонденттік шотына түсіреді. Халықаралық есеп айырысулардың осындай механизмі қолма-қол ақшаны пайдаланусыз қарама-қарсы талаптарды өзара есепке алу жолымен банк-корреспонденттер арқылы сыртқы экономикалық операциялар бойынша барлық есеп айырысуларды жүзеге асыруға мүмкіндік беред.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Ақша, Несие, Банктер: оқулық / жалпы редакциясын басқарған Ғ.С. Сейітқасым. – Алматы: Экономика, 2001.       383-386 беттер

                                                                          ISBN9965-532-45-1

© Авторлар ұжымы, 2001 ж

©«Экономика» баспасы,2001 ж

12
скачать работу

Валюталық нарықтар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ