Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМ ЖӨНІНДЕГІ ДЕКЛАРАЦИЯ



 Другие рефераты
Алғашқы қазақ мұнайшылары және ағайынды нобельдер Қант қызылшасы шығынға батыра бастады Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы Қоршаған ортаны қорғау туралы заң

Үстіміздегі жылдың қазан айының 12-13-і күндері Астанадағы Тәуелсіздік сарайында БҰҰ шеңберінде белгіленген Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне арналған шаралар аясында «Ядросыз әлем үшін» халықаралық форум болып өтті.

Оған БҰҰ, МАГАТЭ, ЕКЫҰ, ЯСЖТКҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ЮНЕСКО, ЕурАзЭҚ сияқты халықаралық және аймақтық ұйым басшылары мен өкілдері, АҚШ, Жапония, Норвегия, Бельгия, Ұлыбритания, Франция, Ресей Федерациясы, Словакия, Швейцария, Пәкістан, Ирак, Түркия, Корея, Моңғолия, Вьетнам және т. б. елдер парламенттерінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Форумда «Ядролық қарусыз әлем» жөніндегі Астана декларациясы қабылданды.

Біз, Ядролық қарусыз әлем үшін Астаналық халықаралық форумына қатысушылар, Қазақстан Республикасы Үкіметіне ядролық қарудан бос әлемге қол жеткізу игілікті мақсатына арналған халықаралық форумды өткізгені үшін алғысымызды білдіре отырып, әлемдегі қуаттылығы жағынан төртінші ядролық арсеналды иеленуден бас тартуға және 20 жыл бұрын ең үлкен ядролық сынақ полигондарының бірін жабуға маңыздылығы жағынан тарихи шешімдер қабылдаған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың әлемдік ядролық қарусыздану және таратпау үдерісіне қосқан орасан зор үлесін мойындай отырып,

Қазақстан Республикасының бастамасымен 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялаған, Біріккен Ұлттар Ұйымы 64-ші сессиясында 64/35 қарарын бірауыздан қабылдағанын қуаттай отырып,

халықаралық қауымдастықтың ядролық қаруды толық жою мен ядролық қарудан азат әлем құру мақсатына шынайы берілгенін растай отырып,

қазіргі кезде ядролық қарудан бос әлем құру үшін шарттардың болуын мойындай отырып және бұл мақсатқа жету үшін нақты шараларды іске асыру қажеттігін атап өтіп, бейбіт әлем құру мақсатында ядролық қаруды толық жою бағытында бұдан әрі нақты қадамдар мен нәтижелі шараларды жүзеге асыру қажеттігін барлық мемлекеттердің есіне сала отырып және бұған қол жеткізу міндеттерін растай отырып, нәтижелі халықаралық бақылауда жүзеге асырылатын және ең жоғары басымдығы ретінде ядролық қарусыздану болатын жаппай және толық қарусыздану түпкі мақсат екенін атап өтіп,

БҰҰ Бас хатшысының Ядролық қарусыздану жөніндегі бес ұсынысын, атап өтіп, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мырзаның Ядросыз әлем жалпы декларациясын қабылдауын атап өтіп, 2011 жылғы 5 ақпанда Америка Құрама Штаттары мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық шабуылдаушы қаруларын одан әрі қысқарту мен шектеу шаралары туралы шарттың ратификациялануын қолдай отырып, ядролық мемлекеттердің басым көпшілігі ядролық қару үшін ыдырағыш материалдарды өндіруге мораторий жариялауын қолдай отырып,

Қарусыздану бойынша конференцияның қабылданған іс-әрекет бағдарламасына сәйкес келіссөздер мен мазмұнды талқылаулар бастауға қабілетсіздігін терең алаңдаушылықпен атап өтіп, өзінің ядролық арсеналдарын қысқарту және бар арсеналдардың транспаренттілігін арттыру бойынша ядролық қаруға ие кейбір мемлекеттер қолданған біржақты шараларын ризашылықпен атап өтіп және барлық ядролық мемлекеттерді қарусыздану бойынша кейінгі қадамдарды жүзеге асыруға шақыра отырып, ядролық қарудың қауіпсіздік саясатындағы рөлін төмендету бойынша кейінгі прогреске деген қажеттілікті қайта білдіре отырып,

2010 жылы Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қатысушы мемлекеттердің Шолу конференциясында бірауыздан Қорытынды құжатты, соның ішінде оның ядролық қарусыздану, таратпау және атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану бойынша Іс-әрекеттер жоспарын қабылдауды қуаттай отырып, ядролық қарусыз әлемге қол жеткізу мақсатын алға тартудың тиімді және пайдалы тәсілі ретінде қарусыздану мен таратпау саласындағы білімнің маңыздылығын мойындай отырып, төмендегіні мәлімдейміз: біз ядролық қаруға ие барлық мемлекеттердің ядролық қаруды қысқа мерзімде толықтай жоюға бағытталған қадамдарға кірісетін уақыты келді деп есептейміз; біз халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік және ядролық қарусыздануға қолғабыс өзара нығайтатын сипатқа ие екенін мойындаймыз; біз Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа мүше мемлекеттердің Шарттың барлық баптары бойынша міндеттемелерін орындау маңыздылығын тағы да растаймыз; біз ЯҚТЖШ-ға барлық мүше мемлекеттердің Шарттың VІ бабына сәйкес шынайы берілген ядролық қарусыздануға жүргізетін қосымша қадамдарды, соның ішінде ядролық қарудың барлық түрлерін терең қысқартуды қоса, жүзеге асыруға шақырамыз және қайтымсыздық пен бақыланбалылық принциптерін пайдаланудың, сонымен қатар, халықаралық тұрақтылық пен барлығының қауіпсіздігіне зиянкестік жасамауға жәрдемдесетіндей транспаренттілік деңгейін жоғарылатудың маңыздылығын ерекше атаймыз; біз барлық мемлекеттерді, соның ішінде Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың күшіне енуі тәуелді болып отырған мемлекеттерді оны ратификациялауға шақырамыз; біз ЯҚТЖШ-ға қосылуды күтіп отырған барлық мемлекеттерді мүмкіншілігінше ядролық қаруды сынаудан немесе басқа да ядролық жарылыстар мен ЯҚТЖШ нысаны мен мақсаттарынан айыратын іс-әрекеттерден бой сақтауға шақырамыз; біз барлық мемлекеттерді қауіпсіздік кепілдіктері тұрғысынан өздерінің міндеттерін сақтауға шақырамыз және осы кепілдіктерді әлі бермеген мемлекеттерді ядролық қарудан бос аймақтар туралы тиісті келісімдерге қатысушы мемлекеттермен оларға осы кепілдіктерді беретін өзара келісілген шарттар бойынша әрекеттесуге шақырамыз; біз 1999 жылғы 30 сәуірде Қарусыздану жөніндегі БҰҰ комиссиясы бекіткен мақсаттар мен принциптерге сәйкес жаңа ядролық қарудан бос аймақтардың құрылуын қолдаймыз және кейіннен Таяу Шығыста алдын ала қол жеткізілген аймақ мемлекеттері арасындағы келісімдер негізінде ядролық қарудан бос аймақтың құрылуын қолдаймыз; біз барлық қатысушы мемлекеттерді қысқа мерзімде бар ядролық қарудан бос аймақтар үшін тиісті хаттамалар қабылдауға шақырамыз; біз кемсітпейтін, көпжақты және тиімді бақыланбалы Ядролық қару мен басқа да ядролық жарылғыш құрылғылар үшін ыдырағыш материалдардың өндірісіне тыйым салу туралы келісімді мүмкіндігінше тезірек қабылдауға ниеттіміз; біз барлық мемлекеттерді БҰҰ Бас хатшысының ядролық қарусыз әлемге қол жеткізуге қолғабыс ретінде БҰҰ қарусыздану мен таратпау саласында білім беру мәселелері жөніндегі зерттеуге қатысты баяндамасының ұсыныстарын жүзеге асыруға шақырамыз; біз ядролық қарудың толық жойылуына қол жеткізу бойынша ниетіміздің дәлелі бола алатын Ядролық қарусыз әлем жалпыға бірдей декларациясын қабылдауды қолдаймыз.

Біз азаматтық қоғамды – ұйымдар мен индивидумдерді қарусыздану саласында білім беруге және оның идеяларын ілгерілеуге қатысуға шақырамыз.

скачать работу


 Другие рефераты
Автоматизация инвестиционной компании
Сексуальная символика в культуре
Алгебра высказываний на уроках информатики
Ломоносовский период как особый этап в области научно-педагогического знания в России


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ