Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қант қызылшасы шығынға батыра бастады



 Другие рефераты
Суларды пайдалану мен қорғау саласындағы органдардың құқықтары мен міндеттері Алғашқы қазақ мұнайшылары және ағайынды нобельдер ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМ ЖӨНІНДЕГІ ДЕКЛАРАЦИЯ Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы

Биыл Жамбыл облыс аумағының 7028 гектарына қызылша егілді. Алайда биылғы құрғақшылық пен су тапшылығының салдарынан соның 5461 гектарынан ғана өнім жиналуда.
- Өз есебімізше, аталған аумақтан жиналатын түсім 105,7 мың тоннаны құрауы тиіс. Орташа өнімділік – гектарына – 193,5 центнер. Қызылша жинауға 43 комбайн керек, әзірге соның 39-ы ғана қолда бар. Тағы 4 қызылша тиегіш, 4 пәлек жинағыш жетіспейді. Бар техника 5100 гектар жердің өнімін жинауға ғана жетеді. Одан бөлек 400-ге жуық трактор, 300-ден астам жүк көлігі науқанға қатысады деп күтілуде, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Мұрат Әсілбеков.

Бүгінде 694 гектар аумақтың қызылшасы қазылып үлгерген. Әр гектардан 212 центнерден өнім алынуда. 12 211 тонна қант қызылшасы қант зауыттарына өткізіліпті.

Әйткенмен, салада проблемалар да төбе көрсетіп отыр. Биыл үш ел арасында құрылған Кедендік одақтың нәтижесінде Ресейден келетін қант бағасы тым арзанға түсіп, бұл өз кезегінде отандық қант зауыттарының толыққанды жұмыс істеуіне қауіп төндіруде. Сондықтан зауыттар шаруаларға маңдай ақысын таза өнім күйінде төлеуді ұсынуда. Мәселен, 1 тонна қант қызылшасы үшін 65 килограмм қант және 640 килограммм жем беруі мүмкін. «Бұл тиімді әдіс, себебі шаруалар ақысын бұрынғыдай 3-4 ай күтпейді және қант бағасы көтерілгенде төлем ретінде алған тауарын сатып, қолма-қол ақшаға айналдыра алады» дейді М.Әсілбеков.

Қазір қанттың килограмы (көтерме баға) 132 теңгеге дейін төмендеп кеткен. Бұдан бір ай бұрын ол 180 теңге еді. Осының өзінде шаруалар әр гектардан 200 центнерден өнім жинаса, сол бір гектар аумақтан 43 мың теңге (субсидияны қосқанда) пайда таба алады екен. Былтыр әр гектарға төленетін субсидия 35 мың теңге болса, биыл ол 60 мың теңге болып белгіленген. Осының арқасында шаруалар туындаған қиындықтарға қарамастан науқанды шығынсыз аяқтауы мүмкін. Десе де, Шу және Қордай аудандарындағы қант қызылшасын өткізу ісінде кедергілер баршылық. Олар өнімді Меркі қант зауытына тасымалдауға мәжбүр. Мұнда Қордайдан 16 тонналық көлікпен қатынаған әр рейстің өзіндік құны 56634 теңгені құраса, Шу ауданынан шығатын әр рейс – 45 150 теңге. Жүк көліктерін жалдау құны да шарықтап тұр. Мәселен, Шу ауданынан Меркіге дейін жүк көліктері тоннасына 3 мың, жалпы алғанда 10 тонналық КамАЗ бір рет қатынау үшін 60 мың теңге сұрайды екен.

«Жағдайымыз нашар, – деп бастады сөзін Қордай ауданының әкімі І.Тортаев, – 280 гектардың 10 гектарынан ғана түсім алдық. Меркіге дейінгі ара қашықтық 180 шақырымнан асады. Ұзын КамАЗбен жеткізсек, зауыт қабылдамайды. Кішкене жүк көліктерімен тасымалдау тиімсіз және ондай көліктерді табу да қиын. Жеңілдікпен берілетін жанармай біткен, басқасы өте қымбат». Облыс басшысы бұл жөнінде зауыт директорымен арнайы келісетіндігін жеткізіп, шалғай аудан әкімінің көңілін бір демдеп қойды.

Ал Байзақ ауданының әкімі Батырбек Құлекеев өнімнің бағасы төмендеп кетуіне байланысты шаруалар шығынға ұшырауы мүмкін деп қауіптенетінін жасырмады. Ал шикізаттың ақысын дайын қант өнімімен төлеу туралы ұсынысқа көп диқан келіспей отыр екен. Ол үшін «тоннасына – 65 емес, 80 килограммнан төлесін» деп талап етіпті олар.

Облыс басшысы диқандар мен зауыт иелері өзара ортақ келісімге келе отырып жұмыс істеуі қажеттігін еске салды. Сондай-ақ қазір қант қызылшасын жинауда алда келе жатқан аудан – Меркі, ал соңғы орында Жамбыл, Байзақ және Қордай екендігін де айта кеткенді жөн көрдік.
Жанат Қапалбаева | Тараз
Мақаланың сілтемесі: http://www.aorda.kz/?p=13743

скачать работу


 Другие рефераты
История процессоров
Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бейімделуі)
Жапония
Қатар


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ