Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ядролық қарусыз болашақ пайдасына стратегиялық таңдау жасау



 Другие рефераты
Қарулы күштеріміз елмен бірге есейіп келеді Қуатты Қарулы Күштер – ел тыныштығының кепілі Елбасы жаңа міндеттерді айқындап берді Ұлы көш – ұлттың абыройы

Ядролық қарусыз болашақ пайдасына стратегиялық таңдау жасау Қазақстан үшін ғана емес, әлемдік қоғамдастық үшін маңызы зор шешім болды-Е. Нығматулин

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ —  Осы күндері  Нью-Йоркте БҰҰ Тұрақты даму жөніндегі комиссиясының 19-сессиясының жұмысы өтіп жатыр.Оған қатысып жатқан Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Ерлан Нығматулин бүгін баяндама жасап, мәртебелі мінберден Қазақстанның 1992 жылы қабылданған Йоханнесбург жоспарының шешімдерін іске асыру бойынша қабылдаған шаралары туралы айтып берді.Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасқөз қызметі хабарлады.

«Өз тарапынан, Қазақстан Орнықты даму жөніндегі дүниежүзілік саммиттің шешімдерін қолдай отырып, 1992 жылы осы саммитте қабылданған Йоханнесбург іске асыру жоспарын имплементациялау жөнінде нысаналы жұмыс жүргізіп отыр. ХХ ғасырдың аяғында егемен мемлекетке айналған Қазақстан Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы басым тәртіппен шешім қабылдады. Ешқандай әсірелеусіз-ақ айту керек, ядролық қарусыз болашақ пайдасына стратегиялық таңдау жасау біздің жас мемлекет үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіләлемдік қоғамдастық үшін маңызы ерекше зор шешім болды. Осы шешім Қазақстан үшін қауіпсіздік, орнықты даму қағидаттары мен бастамаларына адалдық саясатының басым екенін көрсетті. Қазақстан Республикасы Н.Назарбаевтың 2010 жылғы желтоқсандағы ЕҚЫҰ-ның Астана саммитінде сөйлеген сөзінде айтқан Дүниежүзілік ядролық қарусыз әлем декларациясын қабылдау туралы үндеуі осының айғағы болып табылады», — деп атап көрсеткен Е. Нығматулин мәртебелі жиында.

Е. Нығматулин ағымдағы сессияның шеңберінде қаралатын мәселелер топтамасы әлемдік қоғамдастықтың орнықты даму үлгілеріне көшуіне қажетті алғышарттар жасау үшін өңірлік те, жаһандық та ауқымда ерекше зор маңызы барлығын атап көрсеткен. «Орнықты даму үшін маңызды шарт — ұтымды тұтыну және өндіру екені жалпы танылған ақиқат, бұл ресурстар мен энергияны тиімді әрі үнемдеп пайдалануды көздейді. Қазақстан экономикасы жоғары энергия және ресурстар сыйымдылығымен сипатталады. Сондықтан, Үкімет энергия тиімділігі мәселелерін шешуге, бұл үшін қажетті құқықтық жағдайлар жасауға зор көңіл бөлуде», — деген ол.

Осы ретте Е. Нығматулин бұл саладағы негізгі бағдарламалық құжат — 2010 жылы қабылданған Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары болып табылатынын жеткізген. Осы он жылдық жоспарда 2015 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің энергия сыйымдылығын 2009 жылғы көрсеткіштер деңгейінен кемінде 10 % -ға, ал 2020  жылға қарай 25 % -ға азайту көзделеді. Осы бағдарлар орнықты даму қағидаттары мен үлгілерін қоғамдық өмірдің барлық салаларына енгізу үшін негізге айналды.

Сонымен қатар, Е Нығматулин Қазақстанда орнықты даму үшін жағдай жасау жөнінде қабылданып отырған шаралар туралы айтып берді.

- Біріншіден, 2010 жылғы 27 қыркүйек — 2 қазан аралығында Астана қаласында Азия-Тынық мұхиты өңірі Қоршаған ортаны қорғау және даму министрлерінің (MCED6) 6-конференциясы болып өтті. Осы форумның шеңберінде еуропалық және азиялық ынтымақтастық процестерін жақындату идеясы ретінде «Жасыл көпір» Астана бастамасы ұсынылып, мақұлданды.

Екіншіден, Қазақстан ЕҚЫҰ-дағы экологиялық өлшем жөніндегі жұмысты жандандырды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Астана саммитінде ЕҚЫҰ-ның экологиялық форумын құруды ұсынды. Осы форум экологиялық проблемаларды, олардың ішінде Арал теңізін сақтау, бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағын қалпына келтіру сияқты проблемаларды шешуге жәрдемдеседі деп сенеміз.

Үшіншіден, 2010 жылы «жасыл экономика» озық қағидатын қолдануға бағытталған «Жасыл даму» ұлттық бағдарламасы қабылданды.

Төртіншіден, 2010 жылы Қазақстан Үкіметі жылу ысырабын азайту үшін, тұрғын үйлерді жылытуды жаңарту ісін энергия көздерін реконструкциялауды және т.с.с. көздейтін Тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңарту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламалық құжат қабылдады.

Бесіншіден, 2010 жылы экологиялық жағынан таза, қалдығы аз және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізуге бағытталған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы  қабылданды.

Алтыншыдан, 2009 жылы «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заң қабылданды. «Энергия үнемдеу туралы» Заңның жаңа редакциясы әзірленуде.

Жетіншіден, 2010 жылы Еуропа мен ТМД-ның 16 елінде қазірдің өзінде енгізілген қоршаған ортаның және орнықты дамудың мүдделерінде білім беруге бағдарланған Орталық Азиялық «Жасыл топтама» мультимедиалық білім беру ресурсының ұлттық нұсқасы әзірленді.

Сегізінші, Қалдықтарды азайтуға ерекше назар аударылуда. Қазақстан жинақталған және жаңадан құралатын қалдықтар көлемі бойынша әлемде алдыңғы орындардың бірін алады. Қалдықтардың негізгі массасы   техногендік минералдық түзілімдер деп аталатын өндіруші өнеркәсіп салаларының қалдықтары болып табылады. Өндіруші салалардың қалдықтарын кәдеге жарату және қайта өңдеу мәселелері, өкінішке орай, әлі күнге дейін әлемдік деңгейде шешімін таба алмай келеді. Әйтсе де, қазіргі кезде Үкімет қалдықтарды басқарудың қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын әзірледі.

Тоғызыншы. 2011 жылғы қыркүйекте Астана қаласында «Еуропа үшін қоршаған орта» Министрлердің жалпыеуропалық 7-конференциясын өткізу белгіленді, онда өңірлік, өңіраралық және сектораралық ынтымақтастықты дамытуға және  «жасыл экономика» қағидаттарын енгізу үшін жағдай жасауға бағытталған «Жасыл көпір» Астана бастамасын іске асыру жөніндегі Әріптестік бағдарламасын талқылау жоспарлануда, — деп атап көрсеткен Е. Нығматулин.

Осы орайда ол «Жасыл көпір» Астана бастамасы және оны іске асыру жөніндегі Әріптестік бағдарламасы 2012 жылғы мамырда Рио де Жанейро қаласында өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының конференциясына өңіраралық үлес қосу болып табылатынны айрықша атап көрсеткен. «БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі комиссиясының 19-сессиясына қатысушыларға үндеу сала отырып, Қазақстан Республикасы Жасыл көпір» Астана бастамасын және оны іске асыру жөніндегі Әріптестік атты бағдарламасын қолдауға және «Еуропа үшін қоршаған орта» министрлердің ҮІІ жалпыеуропалық конференциясына қатысуға шақырады. Барлық ықтимал әріптестерді (елдерді, бизнес құрылымдарын, ғылыми, халықаралық, қоғамдық және академиялық ұйымдарды) «жасыл экономиканың» негізі ретінде Әріптестік бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға белсенді түрде қосылуға шақырамыз», — деген Е. Нығматулин.

http://www.parlam.kz/3/mazhilis/news-details/id59/7/1

скачать работу


 Другие рефераты
Со-общественная демократия
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы
Методы научного познания
Загрязнение прибрежной зоны города Владивостока


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ