Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Заңды тұлға

тестіктің қоғамдағы орны ерекше. Сонымен заңды тұлғалардың ішінде шаруашылық серіктестік мемлекеттің экономикалық дамуына зор үлес қосады. Шаруашылық серіктестіктің ішінде көп таралған, танымал түрі жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады.
Бір немесе бірнеше адам құраған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты заңдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады.
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл соамлар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.
ЖШС коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтары болады және ҚР-ңзаңдарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыруға қажетті өз қызметіне байланысты міндеттерді атқарады.
ЖШС өзі орналасқан жерден тыс жерлерде ҚР азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 43-бабына сәйкес филиалдар құрып, өкілдктер ашуға құқылы.
Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуға құқығы жоқ. Мемлекеттік кәсіпорындар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге мемлекет оның келісімімен уәкілдік берген орган арқылы ғана қатысушы бола алады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың саны елуден аспауға тиіс.
ЖШС құру үшін оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасауымен басталып, серіктестіктікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен аяқталады. Құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиіс.
Серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін белгілейтін құжат ЖШС-ның жарғысы болып табылады. Жарғыда серіктестіктің қызметінің мәні мен мақсаттары көзделуі мүмкін. Серіктестіктің жарғысын нотариат куәландыруға тиіс.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуді әділет органдары заңды тұлғаларды тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 50 озық елдің қатарына шығар жолында заңды тұлғаларды құру жүйесін Халықаралық стандарттарға сай дамыту керек. Азаматтық құқық қатынас азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Заңды тұлға азаматтық құқықтың негізгі субьектілерінің бірі. Қазақстан Республикасында заңды тұлға туралы ережелер Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормаларымен реттелген.
Заңды тұлғаны, соның ішінде шаруашылық серіктестікті зерттеу, қолданыстағы заңнаманың ережелеріне және оларды қолдану тәжірибесіне талдау жасау барысында нақты бір теориялық және тәжірибелік қорытындылар жасауға болады.
Аталған тақырыптағы диплом жұмысын зерттеу мақсатының орындалғандығына келетін болсам, заңды тұлға туралы, аруашылық серіктестік және оның түрлерінің ерекшеліктері нақты зерттеліп, бұл тұрғыда төменде аталған міндеттер шешілді: диплом жұмысының зерттеу пәні болып табылатын шаруашылық серіктестікті құру, қайта құру, тіркеу, таратуға байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастардың элементтеріне толықтай сипаттама берілді.
Жоғарыда аталған мақсаттарға сай мынандай міндеттер орындалды:
1. Шаруашылық серіктестік туралы ұғымның теориялық негізі зерттелді;
2. Шаруашылық серіктестік түрлеріне байланысты мәселелерді ауқымды түрде көтере отырып, талдау және зерттеу жүргізілді.
Нарықтық қатынастардың дамуымен бірге шаруашылық серіктестікке деген сұраныс артуда.

Пайдаланылған әдебиеттер:
Ι.Нормативтік құқықтық актілер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. 7.10.1998 жылы №284-1 Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізелген.

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) 27.12.1994жыл.

3. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16.01.2001 ж.

4.«Банкроттық туралы»Қазақстан Республикасының Заңы 21.01.1997 ж.

5.«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15.05.2003 ж.

6. «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15.07.2002 ж

7. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 31.05.1996 ж.

8. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 22.04.1998 ж.

9. «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12.01.1992 ж.

10. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы » Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы 17.04.1995 ж.

11. «Өндірістік кооператив туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы 05.10.1995 ж.

12. «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы 19.06.1995 ж.

13. «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Қазасқтан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы 02.05.1995 ж.

ΙΙ. Арнаулы әдебиеттер:

1. Гражданский Кодекс РК (Общая часть) комментарий в 2-х книгах. Книга-1 (отв.ред. Сулейменов М.К,Басин Ю.Г.) Алма-Ата Жеті Жарғы,1998г.

2. Гражданское право в 2-х томах /отв. ред Е.А.Суханов. Москва изд: БЕК 1993 г.

3. Гражданское право. Учебник для ВУЗов /отв.ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин Алма-Ата 2002 г.

4. Гражданское право под ред Ю.К.Толстого, А.П.Сергеева. Том 1. Санкт Петербург 1996 г.

5. Жайлин Г.А Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Жалпы бөлім: Алматы Жеті Жарғы 2001 ж.

6. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы 1-том Алматы Жеті Жарғы 2001 ж.

ΙΙΙ. Газет-журналдар:

1. Заң және Заман журналы.№6, 12.06.2002ж

2. Заң журналы. №5 02.12.2005ж

3. Заң және Заман журналы. №7, 21.02.2005ж

4. Заң жән Заман журналы.№3,16.03.2006ж

5. Фемида. №8, 6.07.2004ж

6. Тураби. №5, 02.03.2005ж

7. Егемен Қазақстан газеті. №56.13.05.2004ж

8. Заң газеті. №66, 18.04.2005ж

12
скачать работу

Заңды тұлға

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ