Заңды тұлға
Другие рефераты
Жоспар
1 Кіріспе……………………………………………………………………………………………3
Ι тарау. Заңды тұлғаға жалпы құқықтық сипаттама……………………..8
1.1 Заңды тұлға ұғымы және оның белгілері………………………………….8
1.2 Заңды тұлғаны құру, қайта құру……………………………………………..10
1.3 Заңды тұлғаны тарату негіздері…………………………………………14
ΙΙ тарау. Заңды тұлғалардың жауапкершілігі……………………………….20
2.1 Коммерциялық емес ұйымдардың құрылуы және жауапкершілігі………..20
2.2 Заңды тұлғалардың жауапкершілігі……………………………………………………..26
2 Қорытынды…………………………………………………………………………………58
3 Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………60
Кіріспе
Азаматтық құқық жеке құқық саласы болып табылады. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушалары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет. Құқықтар мен міндеттердің иесі болу білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес дербес субьектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән.
Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
Заңды тұлға дербес балансы немес сметасы болуға тиіс және заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді. Коммерциялық ұйым пайда табуды көздейді. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.
Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін – меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінің) заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қауымдастық (одақ) нысанындағы өзге де ұйымдық- құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін –– құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін –– жарғы болып табылады.
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады.
Тақырыптың өзектілігі. Заңды тұлғалар – азамттық құқық субьектілері ішінде ерекше орын алады. Яғни, олар Қазақстан экономикасының дамуына өте үлкен үлес қосады. Заңды тұлғалардың көптеп құрылуы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге көмегін тигізеді. Салық- мемлекеттің тіршілік ету көзі, ал заңды тұлға бірден –бір салық төлеуші субьект..
Зерттеу мақсаты- заңды тұлғалардың құрылуы, оның түрлерінің бір-бірінен ерекшелігі, олардың заң арқылы қорғалуы, ел экономикасының жоғары деңгейде дамуына әсер ететінін көрсету, және түрлеріне жеке-жеке тоқталу, олардың жарғылық капиталының құқықтық реттелуін, қаржыландырылуы, құрылтай құжаттары туралы түсінік беру.
Жоғарыда аталған мақсаттарға сай мынандай міндеттер қойылды:
- Шаруашылық серіктестік туралы ұғымның теориялық негізін зерттеу.
- Шаруашылық серіктестік түрлеріне байланысты мәселелерді ауқымды түрде көтере отырып, талдау және зерттеу жүргізу.
Диплом жұмысының зерттеу пәніне заңды тұлғалардың жарғылық капиталы жатады. Заңды тұлғаларды құру, қайта құру, тіркеу, тарату, құқықтық пайда болатын қоғамдық қатынастар танылады, бұл қатынастар өз кезегінде зерттеу пәні болып табылады.
Зерттеудің әдістемелік негізі болып түрлі таным тәсілдерін қолдану саласына, мәні мен құрылымына, ғылыми теорияларға негізгі талаптарды анықтайтын философиялық білімдер жүйесі табылады. Осы аталған жұмыста көзделген мақсаттарға жету үшін жалпы ғылыми және жеке ғылыми таным тәсілдері пайдаланылды. Жалпы ғылыми тәсілдер ретінде диалектикалық тәсіл, ұғымдардың бөліктерін, жекелеген белгілерін талдау мен жүйелеу тәсілдері қолданылды.
Зерттеу барысында сонымен қатар құқықтық зерттеудің арнаулы тәсілдері: салыстырмалы құқықтану, сот тәжірибесін талдау тәсілі, формальдық-логикалық тәсілдер және тағы басқалары қолданылды.
Диплом жұмысының тақырыбын зерттеу кезінде ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен қатар нормативтік құқықтық актілер де қолданылды.
Қазақстан Республикасының заңнамалар жүйесінде заңды тұлғалардың және оның түрлерінің жарғылық капиталын құқықтық реттеуге ерекше көңіл бөлінеді. Құқықтың негізгі қайнар көзі болып Қазақстан Республикасының Конституциясы табылады. Заңдық күші тұрғысынан алғандағы келесі бір акті — Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Ол жалпы сипатты иеленетін нормативтік актілер қатарына жатады. Егер қандай да бір мәселе арнаулы нормативтік актілер мен шаруашылық серіктестік заңдарымен реттелмесе, онда Азаматтық Кодекстің нормалары қолданылады. Қазіргі уақытта ҚР-да заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы келесідей арнайы құқықтық нормативтік актілермен реттеледі:
-«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы » Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы;
-«Шаруашылық серіктестік»туралы ҚР-сы Президентінің жарлығы;
-Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік туралы ҚР-ның серіктестігі;
-«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
-«Банкроттық туралы»Қазақстан Республикасының Заңы ;
-.«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ;
- «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы т.б
Диплом жұмысқа жаңалық ретінде қосар ұсынысым былайша көрініс береді. Қазақстан Республикасындағы өндірістің дамуына орай заңды тұлғалар қоғамда ерекше орын алатындығы мәлім. Бұл қатынастарды құқықтық реттеудің күрделілігі осы саладағы нормативтік-құқықтық актілердің көптігімен сипатталады.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, 3-тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Ғылыми әдебиеттерде заңды тұлғаларға көп көңіл бөлінген. Атап айтқанда, аталған тақырыпты зерттеу барысында А.ГДиденко, Ю.Г.Басин, Д,А.Колбасин, Ғ.Тулеуғалиев, Ғ.А.Жайлин секілді ғалымдардың еңбектері қолданылды.
Қорытынды
Қорытындылай келе, заңды тұлғалардың көптеп құрылуы елдің экономикасының дамуына зор үлес қосады. Экономикада әртүрлі заңды тұлғалар қызмет істейді, олар ерекшеліктерімен салалық құрамда болушылығымен, мамандану дәрежесімен, ұйымдастыру тәсілімен, механизация және автоматизация ерекшеліктерімен, ұйымдастыру – құқылық формаларымен т.б. бөлінеді. Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
Заңды тұлғалар мекемелерінің көп түрлі болуы кез келген мемлекеттің экономикасының тиімді қызмет істеу негізін құрайды. Жарғылық капиталының құқықтық реттелуі заңды тұлғалардың тиімді қызмет етуінің негізін құрайды
АК бойынша заңды тұлғалар үш негізгі құқылық нысанға бөлінеді:
- заңды тұлғалар немесе оның мүліктеріне құрылтайшылардың (қатынасушылардың) құқығы негізінде;
- заңды тұлғалардың экономикалық қызметке құқылығы;
- ұйымдастыру құқылық негізде.
Құрылтайшылардың заңды тұлғаларға немесе оның мүлкіне қандай құқық сақталатындығына байланысты заңды тұлғалар үш топқа бөлінеді:
- заңды тұлғаларға оның құрылтайшыларының міндеттемелік құқығымен оларға: шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар, өндірістік және тұтыну кооперативтері;
- заңды тұлғаларға оның құрылтайшылары мүлікке меншіктік құқылығыменмен, яғни басқаша, заттық құқылығымен: мемлекеттік және муниципаиалды унитарлық кәсіпорын;
- заңды тұлғаларға оның құрылтайшылары ешқандай мүліктік құқылары жоқ (міндеттемелік те, мүліктік те). Оларға қоғамдық, діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және басқа да қорлар, заңды тұлғалар бірлестігі (ассоциациялар, одақтар) кіреді.Заңды тұлғалардың ішінде шаруашылық серік
| | скачать работу |
Другие рефераты
|