Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Зат алмасу үрдісінде дәрумендердің маңызы



 Другие рефераты
Зәр шығару жүйесі және оның жастық ерешеліктері Зат және энергия алмасу. Тамақтану гигиенасы Зат алмасу және оның қуат (энергия) алмасуымен Жыныс гормондарының түзілуі және маңызы

Дәрмендәрілер адам мен жануарлар тіршілігі үшін өте қажетті майда молекулалы органикалық қосылыстар. Олар құрылымдық ма-териал да емес, қуат кезі де болып табылмайды, бірақ ферменттік жүйелердің құрамасы (компоненті) және зат алмасу процесінің катализаторы болып табылады. Дәрмендәрілер организмге өте аз мөлшерде ғана қажет. Қорек құрамында олардың болмауы немесе тапшылығы зат алмасу процесін бұзып, организмді түрлі ауруларға (мешел, ақшам соқыр, нервтер қабынуы (полиневрит) т.б.) шалдықтырады.

Дәрмендәрілер ерігіштік қасиетіне қарай майда еритін (А, Д, Ғ, Е, К) және суда еритін дәрмендәрілер (В тобы, К, инозит, фоли қышқылы, пантотен қышқылы, РР, С, Р) болып жіктеледі. Әр дәрмендәріге белгілі бір биологиялық қызмет тән.

А дәрмендәрісі (ретинол) — каротин туындысы, организмде эпителий жасушаларының түзілуін реттейді. Ол жетіспесе организмнің өсіп-жетілуі бұзылады , ауруға төзімділігі төмеңдейді, көру қабілеті әлсіреп, адам ақшам соқыр деген дертке шалдығады. А дәрмендәрісі ұзақ уақыт жетіспеген жағдайда тері мен кілегейлі қабықтың қызметі бұзылып, өкпе мен бронхылар, қуық пен бүйрек ауруға шалдығады. А дәрмендәрісі бауыр мен ішек қабырғасында кездесетін каротиназа ферментінің әсерімен өсімдік құрамындағы каротиноидтардан адам мен жануарлар ұлпаларында ғана түзіледі.

А дәрмендәрісінің көзі — жануарлар майы, балық, жұмыртқа, сүт, бауыр, сәбіз.

Д дәрмендәрісі (кальциферол) — организмде кальцийдің алмасуын реттейді, азоттың, көмірсулардың, кальций мен фосфордың сіңрілуін жақсартады. Ол организмде ультракүлгін сәуленің әсерімен өсімдік құрамындағы стеролдардан түзіледі. Стеролдардың арасында организм үшін ең маңыздысы — эргостерол.

Адам мен жануарлар үшін Д тобындағы дәрмендәрілер арасындағы ең маңыздылары Д2 — эргокальциферол және Д3 — холекальциферол. Д дәрмендәрісі жетіспесе жас бала мен төл рахит (мешел) дертіне шалдығады, толысқан организмде — остеомалядия (сүйек боруы) байқалады, өніп-өсу (көбею) қызметі бұзылады, Д дәрмендәрісінің көзі — балық майы, бауыр, жұмыртқа сары уызы.

Е дәрмендәрісі (токоферол) — қанықпаған липидтерді асқын то-тыққа айналудан сақтайтын антиоксиданттар болып табылады. Ал, асқын тотық белоктардың табиғи күйін өзгертеді — денатурациялай-ды, ферменттердің әрекетін тоқтатын, жасушалардың бөлінуін реттейді. Бұл дәрмендәрінің жетіспеуі жыныстық қызметтің әлсіреуіне себепші болады, ұрықтың дамуын тежеп, сперматогенез процесін бөгейді, эритроциттердің гемолизге төзімділігін төмендегіп, бұлшық ет дистрофиясына ұшыратады, жүрек етінің қызметін бұзады. Е дәрмендәрісі өсімдік тектес те (өсімдік майлары, өнген бидай, көкөніс), жануар тектес те (сары май, ет, сүт, жұмыртқа) азық құрамында кездеседі.

К дәрмендәрісі -химиялық тұрғыдан нафтохинон туындысы болып табылады. Бұл дәрмендәрі қанның үю процесінде маңызды рөл атқарады, ал антигеморрагиялык фактор. — К дермендәрісі жетіспегенде кандағы протромбин мөлшері азайып, қанның үюы баяулайды, ағзалар қанталайды. К дәрмендәрісі организмде ішек микроорганизмдері әрекетімен синтезделеді, қалыпты жағдайда оның тапшылығы сезілмейді.

Суда еритін дәрмендәрілер табиғатта кең тараған. Олардың арасындағы ең көбі В тобының дәрмендәрілері. Бұл дәрмендәрілер көптеген ферменттердің кұрамына кофермент ретінде енеді де, организмдегі зат алмасу процесін реттеуде маңызды қызмет атқарады. Мысалы, никотин қышқылы амидті тотығу процесін жүргізетін ферменттер құрамына енеді.

В тобы дәрмендәрілерінің біреуі ғана жетіспегеннің өзінде организмдегі биохимиялық реакциялар өзгеріп, түрлі аурулар байқалады терінің қабынуы, көз бен ас қорыту ағзаларының аурулары, нерв жүйесі, көбею ағзаларының қызметтерінің бүзылуы, антиденелер түзілуінің баяулауы, организм төзімділігінің төмеңдеуі.

В} дәрмендәрісі (тиамин, аневрин) — жетіспесе бери-бери (полиневрит) ауруы қозады, шеткей нерв жүйесінің қызметі бұзылып, организм сал болып қалады. Тиаминді өсімдіктер синтездей алады, ал адам мен жануарларда ондай қабілет жоқ. Бұл дәрмендәрі мес қарын микроорганизмдері әрекетімен синтезделеді, сондықтан күйіс малы оған зәру болмайды.

В2 дәрмендәрісі (рибофлавин) әр түрлі ферменттер, әсіресе тыныс
ферменттерін синтездеу үшін қажет. Рибофлавин көру мүшелерінің,
жыныс бездерінің, нерв жүйесінің қалыпты кызметі, ұрықтың құрсақта дұрыс дамуы үшін де қажет. Ол гемоглобинді синтездеу процесін
реттеуге де қатысады. В2 дәрмендәрісі жетіспесе көмірсулар алмасуы
бұзылып, бауырда гликогеннің түзілуі баяулайды, сүт және пирожүзім
қыщқылдарының тотығуы нашарлайды, белок пен амин қышқылдарының пайдалану деңгейі төмендейді, гипохромдық анемия байқалады, көз ағарады. Бұл дәрмендәрі бауыр, қара бидай, бүршақ тұқымдас өсімдіктер құрамында, сүтте, жұмыртқада кездеседі.

В3 дәрмендәрісі (пантотен қышқылы) — А-коферментінің құрамына енеді, оның қатысуымен организмде зат алмасу кезінде пайда
болатын сірке қышқылы мен басқа да қышқылдар қалдықтары
активтеніп, лимон қышқылы, стеролдар, глицеридтер және басқа да
көптеген қосылыстар синтезделеді. Пантотен қышқылы жетіспесе өсіп-
жетілу процесі баяулайды, тері ауруға шалдығып, нерв жүйесінің, ас
қорыту ағзаларының қызметі бұзылады. Бұл дәрмендәрі бауырда,
бүйрек үсті бездерінде, жүректе, бүйректе, жұмыртқаның сары ұызында көп жинақталады.

В4 дәрмендәрісі (холин) бауырды шырланудан (май басудан) сақтайды, майдың ішектен сіңірілуін жақсартады, ацетилхолин медиаторын синтездеуге қатысады. Ол жетіспесе бүйректің құрылысы бүлініп (дегенерация), организмнің өсуі баяулайды, нерв жүйесінің қызметі нашарлайды. Холин лецитиндер құрамында болады, ашытқыларда, дәнді дақылдарда, күнжарада, бауырда, балық пен ет ұнында кездеседі.

В5 дәрмендәрісі (РР, никотин қышқылы) тотығу-тотықсыздану
процестерін жүртізетін дегидрогеназа ферментінің құрамына енеді,
тотығатын органикалық заттардан сутегінің бөлінуін жандандырады.
Ол қарын сөлі мен ұйқы безі сөлінің бөлінуін күшейтеді, жүрек
жұмысын жиілетіл, шеткей тамырлар арнасын кеңейтеді, эритроцит-
тердің түзілуін жаксартып, бауырдың қызметін реттейді, көмірсулар

мен майлардың алмасу процесіне әсер етеді. Никотин қышқылы жетіспесе пеллагра деп аталатын ауру пайда болады, тері зақымданып, іш өтеді, психика езгереді, тіл дертке шалдығып, семіп, жансызданады (қара тіл дерті). Бұл дәрмендөрі көп мөлшерде жүгерінің, күріштің кебетінде, ірі тартылған ұңда, ашытқыда, картопта, жануарлар бауырында кездеседі.

В6 дәрмендәрісі (пиридоксин, адермин) амин қышқылдарын карбоксильсіздендіретін, қайта аминдеу реакцияларын катализдейтін, көмір қышқылын ажырата отырып ыдырататын ферменттер құрамына енеді. Ол жетіспесе белок синтезі бұзылып, есіп-жетілу процесі баяулайды, қан плазмасы белоктары мен гемоглобин синтезі нашарлайды. Пиридоксинге ашытқылар, күріш кебеті, бидай, бауыр бай келеді.

Р дәрмендәрісі (цитрин) өсімдік әлемінде кең тараған. Глюкозидтер — рутин мен гесперидин, шәй жапырағы мен жузім құрамындағы таннин сияқты заттардың құрамасы және қарақаттан алынған кон-центратта көп болады. Цитрин капиллярлар қабырғасын нығайтады.

Н дәрмендәрісі (биотин) орталық нерв жүйесі қызметін, белоктардың, көмірсулардың, майлардың алмасуын реттеуге қатысады. Ол ферменттердің белсенді тобының құрамына енетіндіктен, аспарагин қышқылы мен серин, треонин алмасуына, май қышқылдарын карбоксильдеу процесіне қатысады. Биотин жетіспесе тері ауруға шалдығып, жүн түсіп қалады. Биотинді ас қорыту жолы микроорганимздері синтездейді, сондықтан қалыпты жағдайда оған зәрулік байқалмайды.

В- дәрмендәрісі (фоли қышқылы, В9 дәрмендәрісі) антианемия-лық және өсу факгоры болып табылады. Ол жапырақтан бөлініп алынған, сондықтан осылай аталған. Фоли қышқылы тиамин мен метионин, қан түйіршіктері мен метил тобын түзу үшін қажет. Ол бауырды шырланудан сақтайды, жанама жолмен ас қорыту ағзаларының кілегейлі қабығының қалыпты қызметі үшін қажет пантотен және никотин қышқылдары коферменттерінің түзілуін жандандырады. Фоли қышқылы тимидинді, пуриндерді түзу, глициннің серинге айналу, гистидиннің ыдырау процестеріне қатысады. Ол жетіспесе қан жасушаларының саны азаяды, организмнің ауруға төзімділігі нашарлайды. Бұл дәрмендәрі жасыл жапырақтар, көкөніс, ашытқылар құрамында көп болады.

В12 дәрмендәрісі (цианкобаламин) құрамында металл бар (4,5% шамасында кобальт) жалғыз дәрмеңдәрі. Ол қанның түзілуін реттейді. Ол жетіспесе сүйек кемітінің қызметі нашарлап, қанда жетілмеген қан түйіршіктерінің саны көбейеді, организм қатерлі анемияға шалдығады. Қорек құрамында кобальт болса, В12 дәрмеңдәрісін ас қорыту жолы микроорганизмдері синтездейді.

ВІ5 дәрмендәрісі (пангам қышқылы) липотроптық әсер етеді, тотығу процесін жандандырады, бауырды май басудан сақтайды, креатин фосфаттың (КФ) түзілуін жақсартады.

С дәрмендәрісі (аскорбин қышқылы) аргиназа, амилаза, жасушалық протеаза ферменттерінің әрекетін жандандырып, бүйрек үсті безінің стероидты гормондарын, ДНК-ны түзуге қатысады, дәнекер ұлпада коллаген белогының, бауырда — гликогеннің түзілуін жақсартады, қарын сөлінің бөлінуін күшейтеді, тирозиннің тотығуын шапшаңдатады. Қорек құрамында бұл дәрмендәрі ұзақ уақыт болмаса, организм қырқұлақ (цинга) ауруына шалдығады қызыл иек ісініп, қанайды, тері мен ет қанталайды, буындар ісінеді. Үй жануарлары мен құстар аскорбин қышқылын синтездей алады, сондықтан олар бұл дәрмендәріге мұқтаж болмайды.

скачать работу


 Другие рефераты
Шәкәрім Құдайбердиевтің Ләйлі-Мәжнүн дастаны
Стекло
Дүлдүлдер өткен, дүбірлі даланы тербеп(Жамбыл)
Межличностные коммуникации


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ