Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту

түсініле бермейді. Бұл «Көптік жалғауының бұл жердегі қызметі жұрнақ қызметімен пара-пар дерлік» - деп жалпы жалғаудың табиғатына терең үңілмегендіктен туып отыр.1 Біріншіден, басқа сөз таптарын заттандыру қасиеті тек көптік жалғауда емес, септік, тәуелдік жалғауда да жиі кездесіп отырады: Еріншектің ертеңі таусылмас, Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.(Абай). Екіншіден, көптік, тәуелдік және септік жалғауларының бұндай қасиеті, басқа сөз таптарынан жасалғанда, оларды заттандырып жіберу қасиеті, бұл тұлғалардың зат есімге тән түрлену жүйесі екендігін, зат есімнің таза грамматикалық категориясы екендігін дәлелдейді.
Бір заттың екінші бір затқа тәуелді, меншікті, қатысты болуы – тілдегі

1 Исаев С. Қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. 62 бет.
ақиқат құбылыс. Бұндай заттар арасындағы меншіктілік-тәуелдік қатынас қандай тілде болса да бар. Бірақ ондай ұғымдардың грамматикалық мәні мен сипаты, берілу амал-тәсілдері барлық тілдерде бірдей, біркелкі бола бермейді. Қазақ тілінде бұл мән тәуелдік жалғау арқылы және меншіктелуші зат атауы мен буын үндестігіне бағынбайтын –нікі, -дікі, -тікі қосымшалы сөздің тіркесі арқылы беріледі. Осы арқылы, яғни, жақ түрлеріне байланысты тәуелділік
грамматикалық формалар негізінде берілуі арқылы қазақ тілінде тәуелдік категориясы грамматикалық категория болып қалыптасқан. Бағдарлама бойынша бұл категория ІІ сыныптан бастап, ҮІІ сыныпқа дейін оқытылады. ІІ сыныпта оқушылар зат есімнің тәуелдік жалғауы, тәуелдік жалғауының І, ІІ жақтары тек адамға айтылатыны жайлы мағлұмат алса, ІІ, ІҮ сыныптарда бұл мағлұматтарды қайталап өтеді.
Ал Ү, ҮІІ сыныптар аралығында «зат есімнің тәуелденуі» тақырыбын оқыту барысында мынадай мақсат қойылады: Тәуелдік жалғауының тәуелдік ұғымын білдіріп, үнемі ілік жалғаулы сөзбен байланыста келетінін түсіндіру; тәуелдік жалғауының арнаулы үш жағы болатынын және олардың І, ІІ жақтары тек адамға ғана меншікті айтылса, ІІІ жақ адамға да, басқа заттарға да қатысты екенін білдіру; тәуелдік жалғауының арнаулы қосымшаларын меңгерту.
Зат есімнің тәуелдік категориясын түсіндіру көптік категориясына қарағанда, күрделі де, қиынырақ. Сондықтан тәуелдік категориясын түсіндіруде мұғалімнің үлкен шеберлігі керек. Мұны мұғалім шеберлігіне байланысты әр түрлі жолмен түсіндіруге болады. Зат есімнің тәуелдік категориясы да сөздері өзара байланысқа түсіретін категория екенін ескерте отырып, нақтылыдан нақтысызға, белгіліден белгісізге қарай үйрету, таныту әдістері арқылы баяндалады.
Мұғалім күні бұрын өзіне тән кітабын, қарындашын, дәптерін ала келуі керек. Ол күндегі әдетінше, сабақтың мазмұнын бірден ашып кетпей, ең алдымен, меншік және тәуелді деген сөздердің ұғымын оқушыларға түсіндіргені дұрыс. Оқытушы өзінің алып келген заттарын көрсете отырып, бұл заттың иесі өзі екенін, заттың басқаға емес өзіне ғана тән, меншікті екенін балалардың көру қабілеті арқылы, әрі ойландыру процесі арқылы түсіндіргені жөн. Мұнан соң заттың иесін менің, сенің, сіздің, оның деген ілік жалғаулы сөздер білдіретінін, жеке тәуелді заттар кітабым, кітабың, кітабыңыз, кітабы деген тұлғада айтылатынын айтып, тақтаға:

деген мысалдарды жазып, ілік жалғауының қосымшасы мен тәуелдік жалғауының қасымшаларынының байланысын ойыс сызықтар арқылы түсіндіреміз. Бұл жерде ілік жалғаулы тәуелдік жалғаулы сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, үнемі бір тіркесте айтылатынын аңғарту керек. Сонымен қатар, ІІ жақта қолданылатын тәуелдік жалғауының анайы және сыпайы түрлерінің болатындығы туралы да оқушыларға көрнекі түрде салыстырып түсіндірген жөн.

Бұл кестенің көмегімен мұғалім тәуелдік жалғауының І, ІІ, ІІІ жақтары болатынын көрсете отырып, І, ІІ жақтардың үнемі адамға қатысты айтылатынын, ал ІІІ жақ адамға да, басқаға да қатысты айтылатыны түсіндіреді. Осыдан кейін тәуелдік жалғауының үш жаққа тән арнаулы қосымшалары барлығы, жекеше, көпше түрде тәуелденетіндігін осы кесте арқылы оқушылардың өздерін қатыстыра отырып әңгімелейді.
Тәуелдік жалғауы ілік септік пен тәуелді сөздердің арасын байланыстырады. Сондықтан да тәуелдік жалғауы қосылған сөз тәуелденуші сөздің ілік септік жалғауда тұруын керек ететіндігін
Колхоз + дың мал + ы
Оспан + ның киім + і
Ахмет + тің бала + сы
деген сияқты мысалдар арқылы түсіндіріп және тәуелдік жалғауы қосылғанда, сөздердің соңындағы кейбір қатаң дауыссыздар ұяңданып кететіндігін де (кітап – кітабым) оқушыларға түсіндіре кеткен жөн.
Тәуелдік жалғауын танытқаннан кейінгі күрделі мәселе – түбір сөзге дауысты дыбыстан басталған тәуелдік жалғауы жалғанғанда, түбір сөздің соңындағы «ы», «і» дыбыстарының түсіп қалатындығы (бөрік+ім – бөркім, халық+ым – халқым, ауыл+ым – аулым) берілген ұғымды бекіте түсу мақсатында мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады:
1. Тақтаға мынандай сөйлемдер жазып, олардан тәуелдік жалғаулы сөздерді, оның қарым-қатынасқа түсіп тұрған иелік сөзін қоса тапқызып, бұл

1 Әуелбаев Ш. Грамматикалық кестелер. Алматы. 1980ж.
жалғаудың нешінші жағында екенін ажыратамыз.
Менің әкем күндегісінен ерте оянды.
Оның қарындасы мектепке тұңғыш рет барады.
Біздің мақсатымыз – сабақты жақсы оқу және үлгілі болу.
2. Кеспе қағазымен жұмыс Төмендегі сөздерді жеке кеспе қағаздарына жазып, оларды І, ІІ, ІІІ жаққа қойып, жекеше, көпше түрде тәуелдеу міндеттеледі. Оқушылардың жауаптарын үнтаспаға жазып, өздеріне тыңдатып, тәуелденген сөздерінің дұрыс-терісін аңғарттырамыз.

Отан ел ауыл, шана ой сөз
ақыл тілек көмек газет үй бақша
өз қоян мектеп доп кітап

Үлгі:
1. Отан сөзін І, ІІ, ІІІ жақта байланысқа түсетін сөзімен жекеше, көпше түрде тәуелде.
2. Ес, ақыл, ой сөздерін ІІІ жаққа қойып тәуелде.
Сөйлемде сөздердің арасындағы алуан түрлі синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге әр түрлі грамматикалық мағына үстеп, сөз бен сөзді байланыстыруда үлкен орын алатын зат есімнің түрлену жүйесінің бірі – септік жалғауы. Бұл ұғыммен оқушылар алғаш рет ІҮ сыныпта «Сөз таптары» тарауын өту барысында танысады. Ал Ү сыныпта «Зат есімнің септелуі» тақырыбын өту барысында ІҮ сыныпта алған білімдері кеңейтіледі. ҮІІ сыныпта септелудің жай және тәуелді септеу түрлерімен танысады.
Септік жалғауы да тәуелдік, көптік жалғаулары сияқты сөз бен сөздің арасын байланыстырып, оларды өзара қарым-қатынасқа түсіріп тұратын категория. Септік жалғауының сөздерді байланыстыратын қасиеті мына түрде түсіндіріледі. «Инженердің жаңа жоспарынан біздерге тиетін көмек өте көп» деген сөйлемді тақтаға жазып, инженер сөзіндегі –дің, жоспар сөзіндегі –нан, біздер сөзіндегі –ге қосымшаларын сүртіп тастап, инженер... жаңа жоспары... біздер... тиетін көмек өте көп деген тіркесті қайта оқытып, оқушылардың өздеріне қандай өзгеріс барын аңғарттырамыз. Сөйтіп, сөздердің қарым-қатынасқа түсе алмай, айтайын деген ойдың үйлесімсіз тұратынына оқушылардың көздерін жеткіземіз. Мұнан соң инженер, жоспар, біздер деген сөздердің қарым-қатынасқа түсіп тұрған тіркесін аңғартып, бұл үшін тіркестің өзара бір-бірімен септік жалғауының қосымшалары арқылы қарым-қатынасқа түсіп тұрғанын айтамыз. Осындай ретпен септік жалғауының атқаратын қызметі мен әр септіктің беретін мағынасы қоса түсіндіріледі.
Тақтаға ақ, қызыл бормен септік жалғауының аттары мен сұрақтарын жазып, әрбір септіктердің өздеріне тән арнаулы сұрақтары, қосымшаларының бары айтылады. Бұл жұмыс былайша орындалуға тиіс: тақтаға 7 септіктің атаулары бірінен соң бірі ақ бормен рет-ретімен баған ретінде тізіліп жазылады да, оқушыларды қатыстыра отырып «Тілімізде неше септік жалғауы барын көріп отырсыңдар?» деген сұраққа жауап аламыз. Осылайша оқушылардың назарын аударған соң, тақтадағы септіктердің қатарына қызыл бормен әрқайсысының сұрақтарын жазамыз. Ол сұрақтардың кім? не? деген негізгі түбірден өрбігенін аңғартып, әр септіктің өздеріне тән арнаулы қосымшалары барын, ол қосымшалардың кім? не? Жалғанып тұрған жалғаулар арқылы түрленетіні түсіндіреміз де, әр септіктің тұсындағы кім? не? Сұрағына қосылып тұрған септік қосымшаларының астын сызып көрсетеміз. Сонымен қатар әр септіктің білдіретін мағынасына да тоқталып өткен жөн.
Атау септік. Атау септігі сырт тұлғасы жағынан да зат есімнің түбірі тұлғасымен ұқсас, арнайы грамматикалық көрсеткіші жоқ болып келсе де, басқа септік түрлерімен бірдей арнайы грамматикалық мағынасы бар, басқа септік тұлғаларындай сөз байланыстырғыш қызметі бар, олармен тепе-тең, бірақ нольдік формалы септік жүйесінің бір түрі болып табылады. Атау септігі белгілі бір заттарды атап көрсетеді, сондықтан атау септігіне қойылатын сұрақтар кім? не? деген жалғаусыз формада жұмсалады.
Ілік септік. Ілік септігіндегі сөз үнемі тәуелдік жалғаулы сөзбен байланысты болады. Ілік септіктің білдіретін басты мағынасы – грамматикалық меншіктілік, иелікті, меншіктілік-қатыстықты көрсету. Ілік септігі кімнің? ненің? қай? деген сұрақтарға жауап болады. Ілік септігінің қосымшалары ашық та, жасырын да қолданылатыны өзара салыстырыла әңгімеленуі керек. Мысалы: мектептің маңы – мектеп маңы, есіктің тұтқасы – есік тұтқасы. Ілік септігі жалғауларының ашық түрде қолданылатыны мынадай жүйеде түсіндіріледі.:
1. Иелік мәнді білдіретін жалқы есімдердің ілік септік жалғауы үнемі ашық айтылады: Асқардың кітабы.
2. Иелік мәнді сөздер есімдіктер болса, олардың ілік септігі үнемі ашық айтылады: Менің қаламым.
3. Заттанған сөздердің ілік септігі ашық айтылады: оқығанның білімі көп.
4. Тәуелдік жалғаулы сөздер ілік септігінде жұмсалғанда ашық қолданылады: Апамның ұршығы.
5. Ілік септік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің аралығына сөз түсіріліп айтылған жағдайда ілік септігі ашық айтылады: Кітаптың ішкі беті.
Барыс септік. Барыс септігінің де өзіндік ерекшелігі бар. Бары

1234
скачать работу

Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ