Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту

з-келген есім сөздерге жалғана береді, ал жіктік жалғауы тек қана адамға, мамандыққа байланысты ұғымды білдіретін сөздерге ғана жалғанады. Сонымен қоса, қимылды білдіретін етістік сөздерге талғамсыз жалғана береді, мұндай қасиет тәуелдік жалғауыныда жоқ.
Жіктік жалғауының ең басты мазмұны тілшілік болмысы қазақ тілінде айқын. Оның ең басты болмысы қазақ тілінде тек адамның іс-әрекетімен, адамның жеке басының қасиет, сапасына, адамның құндылық қырларын айқындай алатын сөздердің ғана жіктеле алатындығы. Жансыз заттардың жіктелуі жанды болса да адамдық тұлғаға тән болмағандықтан, сөздердің жіктелуінің де жіктік жалғауының өзіне тән табиғаты бар екендігін айғақтайды. «Мен кітаппын», «Мен дәптермін» деп айту мүлде саналы ойға жат болар еді. Ал «Мен ұстазбын», « Сен ұстазсың» деу тек адамға ғана тән екенін аңғарамыз. Бұдан шығатын қорытынды – жіктік жалғауы қазақ тіліндегі кез-келген сөзді жіктей бермейді. Белгілі бір мағына бірлігін талғау жіктік категориясының еншісіне енген. Мысалы, ұстаз, шебер, оқушы деген сөздердің өз ішінен мағыналық жіктелуі бар. Ұстаз – ұстаз болып, еңбек еткен адам; шебер – шеберлікке жетудегі еңбек үлесі; оқушы – оқу оқитын әрекеті бар; яғни адамға тән әрекет етушілік бар. Ал шөп өсті, егін шықты жіктеуге тән емес екендігі айқын. Мұнда өсімдіктің шығу әрекеті бар болғандықтан, жіктелу бар. Сол себепті жіктік категориясында қимылдық әрекеттің негізінен туған сөздер ғана жіктеледі деген тілші, ғалымдардың пікіріне сүйенуге тура келеді. Ал қоғамдағы қарым-қатынас адамдар арасындағы бір тұлғадан екінші тұлғаға бағытталғандықтан, қарым-қатынас, іс-әрекеті аталып отырған жіктік категориясы арқылы көрініс табады.
Жіктік жалғауының есім сөздер мен етістік сөздерге жалғану ретін және олардың қосымшаларын төменде берілетін кесте арқылы түсіндіреміз.

жақ жекеше көпше мысалдар
мен
І біз
біздер -мын, -мін
-бын, -бін
-пын, -пін -мыз, -міз
-быз, -біз
-пыз, -піз баламын, баламыз
үлкенмін, үлкенбіз
қазақпын, қазақпыз
сен, сіз
ІІ сендер
сіздер -сың, -сің
-сыз, -сіз -сыңдар, -сіңдер
-сыздар, -сіздер баласың, баласыңдар
үлкенсің, үлкенсіңдер
қазақсыз, қазақсыздар
ол
ІІІ олар
жоқ
жоқ бала, балалар
үлкен, үлкендер
қазақ, қазақтар

Осы кесте арқылы жіктік жалғауының қосымшалары есім сөздер тобына жалғанатынын айтып, бұндай сөздердің жіктелуінде ІІІ жақта ешқандай жіктік жалғауының қосымшасы болмайтыны білдіреді. Есім сөздерге жалғанғанда, жіктік жалғаулары заттың кім? не? екендігін білдіреді.
Жіктік жалғауларының қосымшаларымен таныстырып өткен соң, оқушыларға инженер, оқушы, ұшқыш, ұзын, кіші, оқы, бер, оқыған деген сөздерді ауызша да, жазбаша да жіктетіп жаттықтыру керек. Сонымен қоса, тақтаға сөйлемдер жаздыртып, түбіріне, қосымшаларына талдатылады. Оған мына сөйлемдерді алуға болады:
1. Сен сабақты жақсы оқисың.
2. Ол ұшқыш болып шығады.
3. Алыстан маңыраған қойлар даусы естіледі.
4. Біз жазда пионер лагерінде болдық.
Жаттығу жұмысы кезінде жіктік жалғауы жалғанған сөздер үнемі сөйлемнің баяндауышы болатыны да аңғартылады.
ХХІ ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алып, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып, дамыту мен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс, бұл – уақыт талабы», - деген еді. Олай болса, мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату – қазіргі заман мұғалімдеріне басты міндет болып табылады. Бұл үрдіс қазіргі қоғамдағы жалпы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды, сабаққа деген қызығушылығын арттыруды, оқытудың озық технологияларын меңгеруді талап етеді. Озық технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі таңдағы мектептердің іс-тәжірибелеріне дамыта оқыту жүйесі біртіндеп енгізіліп, жатыр. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту деп оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алатын нысана деп білеміз.
Дамыта оқыту жүйесінің сабақтары оқушының ойлау мен практикалық іс-әрекетін ұйымдастыру болып табылады. Ал, ойлау мен практикалық іс-әрекет арқылы оқушының шығармашылық қасиеті дамитынын білеміз. Дамыта оқыту жүйесінің қағидаларын ұстанған мұғалім дайындықсыз сабақ өткізе алмайды. Бұл мұғалім еңбегінің шығармашылығының болуын талап ететін жүйе. Бұл жүйедегі оқытудың мықсаты, мазмұны, формасы, әдісі, баға қою тәсілі дәстүрлі оқыту жүйесімен ешбір сәйкестік таппайды. Дамыта оқыту жүйесінің нәтижесінде оқушы өз пікірін айтуға, оны дәлелдеуге, салыстыруға, болжам жасауға, қорытынды жасауға және өз білімін қажетіне орынды пайдалана білуге үйренеді. Дамыта оқыту жүйесі белгілі бір технологяны қажет етеді. Сондай технологиялардың бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту». Бұл технология осы таңда қазақ және орыс тілдеріндегі мектеп, басқа да білім беру мекемелелрінде қолданып жүрген технологияларының бірі.

1234
скачать работу

Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ