Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Зат және энергия алмасу. Тамақтану гигиенасы

/strong>мөлшері, (күніне, мг)

Баланың жасы кальций фосфор магний
1 жасқа дейін 1000 1500 -
1-3 1000 1500 140
4-6 1000 1500 220
7-10 1200 2000 360
11-13 1500 2500 400
14-17 1400 2000 530
Ересек 4500 2000 -

 Организмнің тірлігі үшін аса маңызды заттардың бірі -су. Ол организмнің ішкі ортасын құрады. Ересек адамның дене салмағының әрбір килограмм массасына 0,4 л су қажет. Ал нәрестелерде. Бұл мөлшер 5 есе артық. Егер баланың денесінде су жетіспесе, оның өсуі тежеледі. Жалпы ер адамның денесінің 61 %, әйел адамның 50 % судан тұрады.

Нәрестенің дене салмағының 75% — су. Оның ұлпаларының клеткасындағы судың мөлшері — 80 %. Мектеп жасына дейінгі балаларда өсу, даму қарқыны жоғары болғандықтан, денесіндегі судың мөлшері де көп. 1 жасқа дейінгі сәби тәулігіне 800 мл, 2-4 жаста — 950 мл, 5-6 жаста — 1200 мл су ішуі керек. Ұл балалар қыздарға қарағанда суды көбірек ішеді, өйткені олардың дене қимылдары кезінде бұлшық  еттеріне су көбірек қажет болады. Жалпы, бала организмінде зат алмасу күшті болғандықтан, суды көп қажет етеді.

 Қуаттың алмасуы мен негізгі зат алмасуы. Ұлпадағы клеткаларда белок, май, көмірсу оттегінің қатысуымен тотығып ыдырайды және осы заттар денеге бейімделіп қайтадан өндіріледі. Қоректік заттардың тотығу нәтижесінде бөлініп шығатын қуаттың мөлшері бірдей емес. Белгілі бір қоректік заттың 1 г тотыққанда шығаратын қуаттың мөлшерін сол заттың калориялық коэффициенті деп атайды. Бұл мөлшер калориямен (кал), килокалориямен (ккал) немесе джоульмен (Дж), килоджоульмен (кДж) өлшенеді. 1 кдж = 4,187 ккал. 1 г белок = 4,1 ккал (17,17 кДж), 1 г май = 9,3 ккал (38,39кДж), 1 г. көмірсу = 4,1 ккал (17,17 кДж).

Тәуліктегі жұмсалатын қуат мөлшері адамның жасына, денсаулығына, азығына және іс-қимылына байланысты. Жеңіл дене еңбегінде тәулігіне 2000-2300 ккал қуат жұмсалады, ал ауыр жұмыс  кезінде Бұл мөлшер істеген жұмыс қа сай 2-3 есе артады. Атқарған жұмыстың ауыр-жеңілдігіне, күрделілігіне, денеге түсетін жүктеменің салмағына қарай қуат мөлшері әр деңгейде өзгеріп отырады (2-кесте). Ми еңбегінде дене еңбегінен гөрі қуат аз жұмсалады. Мамандығына сай адамдардың қуат жұмсау  мөлшері әркелкі болады.

Адамның жасына сай тәуліктік қуат жұмсау мөлшері әртүрлі, жас ұлғайған сайын азаяды. Ер балалардың тәуліктік қуат жұмсау  мөлшері қыздардан жоғары.

Өсуге жүмсалатын қуат молшері неғүрлым бала жас болса, солғүрлым жоғары болады. Мысалы, бұл мөлшер азық қуатының 3 айда — 36 %, 6 айда — 26%, 9 айда — 21%-ына тең болады.

Гликолиз және аэробты тотығуы кезінде, яғни қуатқа бай фосфорлы заттар түзілген кезде сутегінің атомдары және құрамында  азоты бар заттар да босайды. Олар амин қышқылдарының синтезінде пайдаланылады, сондықтан балалардың қуат алмасуы ересек кісілерден анағүрлым жогары болады.

Адам толық тыныштықта болғанның өзінде белгілі мөлшерде қуат жұмсайды. Денедегі физиологиялық қызметтерге тынымсыз үнемі қуат жүмсалып жатады. Қалыпты жағдайда адам организміндегі ең төменгі деңгейлі зат алмасуы мен қуаттың жүмсалуын негізгі зат алмасуы дейді. Негізгі зат алмасуы кезіндегі қуат тыныштық жағдайдағы тіршілікті сақтайтын жүрек-қан тамырлар, бүйрек, бауыр сияқты мүшелердің үздіксіз қызметі үшін, клеткалардағы зат алмасуын қамтамасыз етуі үшін жұмсалады.

2-ші кесте.  Дененің 1 кг массасына жұмсалатын тәуліктік қуаттың мөлшері

 

Жұмсалатын қуаттың

Жасы

тәуліктік мөлшері,

 

кДж/кг

1-3 ай

462-504

3-6 ай

420-462

6-12 ай

378-420

2-6 жас

294-315

7-11 жас

252-294

11-15 жас

189-281

Ересек адам

147-168

Витамиңдер туралы жалпы түсініктеме. (лат. вита - өмір + аминдер — құрамында  азоты бар химиялық заттар). Витаминдер — аз мөлшерде кездесетін органикалық заттар. Олар тіршілікке өте қажетті. Витаминдерді латын әрпімен А, В, С, Д, Е, К, Р, РР деп белгілейді және химиялық қүрамдарына сай атайды (Мысалы, аскорбин қышқылы немесе С витамині). Барлық витаминдерді екі топқа бөледі: майда еритіндер және суда еритіндер. Майда еритіндер тобына А, Д, Е витаминдері, ал суда еритіндер тобына басқа қалған витаминдер (В, ВІ2, С, Р т. б.) жатады. Витаминдердің біразы гормондардың, ферменттердің т. б. биологиялық белсенді заттардың құрамына кіреді. Ал біразы (Е, С, Р витаминдері) клетка мембранасының құрамына кіріп қорғаныс, яғни антиоксиданттық қызмет атқарады.

Көптеген витаминдер адам денесінде өндірілмейді. Олар ішкен, жеген тамақтың құрамында  провитамин (витамин алды) түрінде болады. Провитаминдер витаминдердің белсенді түрі емес, Бұлар  адам организмінде ғана белсенді түрге ауысады. Кейбір витаминдер организмде химиялық жолмен түзіледі. Инозит, пангам қышқылы, убихинон, холин т.б. витамин тәрізді органикалық қосындылар да витаминдердің ролін атқарады.

Ұзақ  мерзім бойы жеген тамақтың құрамында  витаминдер мүлде болмаса, онда авитаминоз, ал жеткіліксіз болса гиповитаминоз, мөлшерден артық болса гипервитаминоз деп аталатын сырқаттар пайда болады. Гипервитаминоз көбінесе майда еритін витаминдердің денеде көп болуына байланысты туады. Витаминдердің мөлшеріне байланысты сырқаттар көпке созылса, адам өліп те кетуі мүмкін. Ал жетіспеген витаминдерді тағамдарға қосып немесе жеке өзін қабылдаған жағдайда адам ауруынан сауығады.

Өсіп келе жатқан бала организміне витаминдер оте қажет, сондықтан баланың

1234
скачать работу

Зат және энергия алмасу. Тамақтану гигиенасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ