Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Зат және энергия алмасу. Тамақтану гигиенасы

жасына лайық витаминдердің молшері ішіп-жейтін тамақтың құрамында  болуы тиіс. Қазіргі кезде баланың жасына лайық витаминдердің қажетті молшері толық анықталған.

А витамині (аксерофтол) майда ериді, қыздырғанда ыдырамайды, тек оттегі мен күннің күлгін сәулесінің әсерінен ыдырайды. Сырт көрінісі сары май түсті зат. Сәбіздің құрамында  к а р о т и н түрінде болады.

А витамині жетіспесе, онда баланың өсуі тежеледі және көзінің өткірлігі нашарлайды халық арасында «соқыр тауық» деп аталатын, яғни іңірде көрмеушілік пайда болады. Оған қоса қуықтың, жатырдың, ішектің, өкпенің  кілегей қабығы бұзылады. Балалардың жұқпалы ауруларға төзімділігі төмендейді. Бұлар  құрамында  А витаминдері бар балық майын, жұмыртқаны, сәбізді жесе біртіндеп жойылады.

В витамині (тиамин). Ас қорыту, жүрек, жүйке жүйесінің қызметіне өте қажет. Ол белок, май, көмірсу алмасуына қатысатын ферменттердің құрамына кіреді, өсу мен даму, жүрек, қан тамырларының т. б. ішкі мүшелердің қызметінің нервтік реттелуіне қатысады. Бұл витамин ішкен тамақта болмаса, не жеткіліксіз болса адам «бери-бери» (аяғын сүйретіп басу) немесе полинефрит деген сырқатқа үшырайды.

В2 витамині (рибофлавин) - сары түсті кристал зат. Суда жақсы ериді.  Рибофлавин авитаминозы кезінде адамның көзі ауырып катаракта, анемия, яғни қан аздылық, өкпе сырқаты және әлсіздік пайда болады.

Рибофлавин жануарлар текті тамақта көп болады. Әсіресе бауыр, бүйрек, ми және бұлшық  еттерде көбірек. Оның адамға қажетті тәулік мөлшері 2-3 мг.

В6 (пиридоксин) витамині табиғатта пиридоксаль және пиридоксамин түрінде болады. Олар тотықтырғыш ферменттердің құрамында  болады және зат алмасуына қатысады. Пиридоксин жануар текті және өсімдік текті азықтың құрамында  жиі кездеседі: бауырда, бұлшық  етте, балықта, бидайда, картопта, капустада, күріште, сәбізде және ашытқыда мол болады.

Бұл витаминнің қажетті мөлшері тәулігіне 1,5 мг.

В12 витамині (цианкобаламин). Бұл витаминді антианемиялық витамин деп те атайды, себебі оның организмде жетіспеуінен анемия, яғни қан аздылық пайда болады.

Бұл витаминді тағаммен бірге әдеттегідей қабылдағанда оның витаминдік қасиеті азаяды, өйткені ішек-қарындағы микроорганизмдер оны бойына сіңіріп, адамға пайдасы болмайды, сондықтан оны таза қарын сөлімен бірге ішкізу керек, сонда қарын сөліндегі апоеритеинмен қосылып, оны микробтардан сақтайды да қанға өтіп, қан өндіру мүшелеріне барып, өз қызметін атқарады. Адамның Бұл витаминге тәуліктік қажеттілігі 10-20 мкг. Мөлшері аз болғанымен, оның тіршіліктегі маңызы зор.

С витаминін (аскорбин қышқылын) антицингалық фактор деп те атайды. Бұл организмде жетіспесе, құрқұлақ (цинга) ауруы пайда болады және қан тамырларының, әсіресе капилляр тамырларының серпімділігі төмендейді. Сондықтан қүрқүлақпен ауырған кісі қансырайды, алдымен қызыл иектері қанағыш болады. Мұның нәтижесінде тіс босап, түсіп қалады және терінің қан тамырларының серпімділігі бүзылып, бетінде қоңыр дақтар пайда болады. Ең қиыны сүйек ұлпасы ның белок коллагені бүзылып, сүйек сынғыш болады. С гиповитаминоз қыста, көктемде азық-түліктің қүнарлығы азайғанда пайда болуы мүмкін, сондықтан оның алдын алу үшін жылдың бұл мезгілінде қосымша аскорбин кышқылын ішу қажет.

Д витамині (кальциферол) организмде жетіспеуінен мешел немесе рахит (грек. рахис - омыртқа) ауруы пайда болады. Мешелмен ауырған балада кальцидің және фосфордың алмасуы бұзылады, сондықтан олардың сүйектері дұрыс  өсіп жетілмейді. Сүйектері жұмсарып, борпылдақ болады, дене салмағының ауырлығынан аяқ сүйектері қисаяды, бас сүйегі мөлшерден тыс үлкен болып, тістері  кешігіп өседі.

Бұл витаминнің тәуліктік қажетті мөлшері 25 мкг.

Е витамині (токоферол).   Токоферол жыныс мүшелерінің өсіп, дамуы үшін қажет. Ер азаматтарда оның мөлшері азайғанда сперматогенез, яғни ерлердің ұрық  клеткасының өндірілуі тежеледі, сперматозоидтардың жіпшелері жоғалып, қозғалу қабілеті жойылады.  Жүкті әйелдің Е авитаминозы пайда болса, дұрыс  бала табуы мүмкін, бірақ сүті болмайды және аналық мейірімі дамымайды. Тәуліктік қажет мөлшері 1 — 1,5 мг

К витаминінің филлохинон (К) және фарнохинон (К) деген екі түрі бар. Екеуі де қанның үюына қатысады. Бұл витамин денеде аз болғанда протромбиннің өндірілуі тежеледі, қанның үю қабілеті мен белоктың түзілуі нашарлайды, адам қансырайды. К витамині азық-түліктің бәрінде дерлік бар, әсіресе шпинатта, капустада көп болады.

Р витамині (флавин, цитрин) С витамині іспетті қан тамырларының беріктігін сақтайды. Р авитаминозы кезінде қан тамырларының серпімділігі төмендеп, қан айналысы бұзылады. Бұл витаминнің молекулалық құрамы флавонға негізделген, сондықтан оның флавон және полифенол түрлері де бар. Бұлар  эвкалипт ағашының, қышаның, шайдың жапырақтарында, т. б. өсімдіктерде көп болады.

Тамақтану. Тамақтану мөлшері. Тамақтану мөлшері астың қуаттылығына негізделеді. Бірақ тіршілік үшін бұл жеткіліксіз. Организмнің қажеттілігін толық қамтамасыз етуге белок, май, көмірсу, су, витаминдер және минерал тұздары  міндетті түрде жеткілікті мөлшерде болу керек. Олардың қатынас мөлшері де есте болуы керек, әсіресе бұл балалардың тәулік мәзірінде ескеріледі (3-ші кесте). Бастауыш сынып оқушылары үшін органикалық заттардың қатынас мөлшері мынадай: белок — 1, май — 1, көмірсу — 6 есе. Ал мектепке дейінгі балаларда Бұл көрсеткіштер 1:2:3.

3-ші кесте. Органикалық заттардың тәулік мөлшері, г

Жасы Белок Май Көмірсу
2-3 ай 8-10 25-30 55-55
5-6 ай 12-15 30-40 60-75
1-1,5 жас 34-38 40-50 90-120
3-4 жас 42-46 60-70 180-230
5-7 жас 45-48 75-80 250-300
8-11 жас 55-57 80-95 350-380
12-14 жас 61-63 90-110 380-400
15-16 жас 66-70 90-110 420-450

Балалардың тәулік азығында витаминдер мен амин қышқылдары мол болғаны жақсы. Тәуліктік азықтың барлық мөлшері жасына қарай 2000-2600 г шамасында болуы шарт. Піскен ас буы шығып, иісі аңқып, дәмді және көрер көзге жағымды болса, сілекей шұбырып, қарын сөлі көбірек бөлініп, тағам жағымды болып, бойға жақсы сіңеді.

Тәуліктік азықта минерал тұздары, әсіресе кальций мен фосфор тұздары ның мөлшері жеткілікті болуы тиіс, себебі балалардың сүйегінің өсіп жетілуіне Бұл минералдар аса қажетті. Егер кальций, фосфор және Д витамині жеткіліксіз болса, сүйек ұлпасы ның өсіп, жетілуі нашарлайды да, баланың бойы еркін өспейді, нәрестелер ауруға шалдығады. Кальций мен фосфордың өзара қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1,5, бастауыш сыныптағыларға 1:1,7 жоғары сынып оқушыларына 1:1,4 болуы керек.

Тамақтану тәртібі сақталмай, қалыпты жағдайдан бұзылса, гастрит, қарын мен ішектің жаралы науқасы, атеросклероз, дененің мөлшерден тыс толуы және т. б. сырқаттар пайда болуы мүмкін. Мұндай  сәтсіздік ересектерде де, балаларда да байқалады, әсіресе жұмыс  істемей, қозғалмай бір жерде отыратын адамдарда сырқат өршіп кетеді.

Күндіз тамақ ішу арасы 4-5 сағат болуы тиіс. Түнде тамақ ішпей, ас қорыту мүшелерінің демалуы 8-10 сағатқа созылады. Әрине, бұл тәртіп, жұмыс  істеу уақыты мен жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. Тамақтанудың ертеден қалыптасқан

1234
скачать работу

Зат және энергия алмасу. Тамақтану гигиенасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ