Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Заттық құқықтар ұғымы



 Другие рефераты
Меншік және меншік құқығы Заттық құқықтардың түрлері Азаматтық іс жүргізу құқығы: пәні, әдісі, жүйесі Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар

Осы заманғы заң әдебиеттерінде «заттық құқықтар» ұғымы жиі қолданылатын, бірақ жеткілікті талданбаған ұғым болып табылады. Заттық құқықтар кезінде рим құқығында да егжей-тегжейлі қарастырылғанына қарамастан, осы уақытқа дейін орнығып қалыптаспаған және барлық құқықтық жүйелер тани қоймаған ұғым. Заттық құқықтың көптеген қырлары постулат ретінде ұсынылып, теориялық тұрғыдан тиісінше дәлелденбеген.

Алайда кеңестік заң әдебиеттерінде ең қолайсыз жағдайлар қалыптасты. Мұның себебі, заттық құқықтардың барлық кеңес өкіметі жылдарында азаматтық құқықтан біртіндегі ығыстырылып шығарылды да, онда меншік құқығы ғана қалды. Сондықтан заттық құқықтар туралы бөлім азаматтық заңдардан шығарып тасталды, ал көптеген заңгерлер табиғатта заттық құқықтар деген жоқ, мысалы, кепіл заттық құқыққа жатпайды, абсолюттік құқық ретінде меншік құқығы ғана бар деп дәлелдей бастады.

Қазіргі уақытта жағдай өзгерді. АК-ның II бөлімі «Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар» деп аталады, АК-ға меншік иелері болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтарына арналған арнайы бап (195-бап) енгізілген, заттық құқықтардың жекелеген түрлері реттелуде.

Алайда заң әдебиеттерінде заттық құқықтар ұғымы мен олардың белгілері анық шешілмеген. Оның үстіне, заңгерлер осы уақытка дейін заттық құқықтар санаттарын бөліп көрсету қажеттігіне күмән келтіреді.

Сондықтан заттық құқықтар ұғымына және олардың белгілеріне толығырақ тоқталамыз.

Заттық құқықтар ұғымы зат, мүлік, құқықтық қатынастар объектісі, мүліктік құқықтық қатынастар және басқа осы секілді ұғымдармен ажырамастай байланысты; бұл оқулықта олардың бәрі толық талданады. Сондықтан тек мыналарды атап өтеміз: заттық құқықтар мүліктік құқықтардың бір түрі болып табылады, зат мүліктің бір түрі ретінде заттық құқықтың объектісі болып табылады, заттар мен мүліктік игіліктер құқықтық қатынастар объектісі ұғымының негізі болады.

Осындай бастапқы ұғымдарға сүйене отырып, заттық құқықтардың мынадай негізгі белгілерін анықтауға болады:

Бұл ретте нақтылай түсетін екі жағдай бар. Біріншіден, олардың заңмен бекітілуі бұл құқықтар занда заттық құқықтар деп аталуы тиіс дегенді білдірмейді. Олардың мүліктік құқықтар санатына жатқызылуы және заң актілерінде көзделуі де жеткілікті. Олар заттық құқықтардың белгілері болғанда заттық құқықтардың санатына жатқызылады. Мысалы, кепіл немесе сервитут занда заттық құқықтар деп аталмаған. Кепіл АК-ның «Міндеттемелік құқық» бөліміне орналасқан, бірақ бұл оны заттық құқық деп тануға кедергі келтірмейді. Мұндай жағдай мынаған байланысты: кейбір құқықтар қатынастардың бір түрінде заттық құқық ретінде (кепіл ұстаушының барлық басқа адамдармен қатынастарындағы кепіл құқығы), келесі түрірнде — міндеттемелік құқық ретінде (кепіл ұстаушы мен кепіл берушінің қатынастарындағы кепіл құқығы) қолданылады.

Екіншіден, заңда практикада кездесуі мүмкін деп саналатын заттық құқықтардың түрлеріне сілтеме ғана баянды етіледі. Нақты заттық құқықтар, әрине, нақты заңдық фактілердің негізінде пайда болады;

Көптеген зерттеушілердің жол беріп отырған бір ортақ методологиялық қателігін атап көрсету керек. Көптеген авторлар заттық құқыктың белгілерін аңыктауда меншік, иелену құқығына және басқа да айқын көрінетін заттық құқықтарға сүйенеді. Ал меншік құқығынан айқын көрінетін көптеген белгілер (мысалы, затқа нақты билік ету) кейбір басқа заттық құқықтарға, мысалы, ипотека немесе сервитуг кезінде толық сіңіп, жоғалып кетеді.

Заттық құқықтарды бір басты белгі — дара анықталған заттың объектісі ретінде әрекет ету белгісі біріктіретіндей болып көрінеді. Ерекше заттық-құқықтық талаптардың көмегімен баршадан және әркімнен абсолюттік қорғау белгісінін зор практикалық маңызы бар. Шынын айтқанда, белгілі бір құқықка заттық кұқық мәртебесі осы үшін беріледі. Жоғарыда аталған белгілердің барлық заттық құқықтарда кездеседі, олар кейбіреулерінде күшті, айқын байқалса, келесілерінде - әзер сезіледі, кейде өзгерген түрінде көрінеді. Мысалы, ипотекада затқа билік жүргізу секілді белгі әзер байқалса, оның есесіне, ілесе жүру және артықшылық құқығы күшті сезіледі.

Заттық құқықтардың басым көпшілігі осындай құқық пен заттық құқықтың объектісі болып табылатын заттың меншік иесі арасындағыміндеттемелік құқықтық қатынастармен байланысгы.

Заттық құқықтың анықталған белтілеріне сүйене отырып, заттық құқыққа анықтама беріп көрейік.

Заттық құқық дегеніміз - заңда баянды етілген абсолюттік мүліктік құқық

скачать работу


 Другие рефераты
Бұқар жырау Қалқаманұлы мен Дулат Бабатайұлының педагогикалық идеялары
Париж Коммунасы
Сапарғали Бегалин — халықтың сүйікті жазушысы
Античная философия


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ