Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Заттық құқықтардың түрлері



 Другие рефераты
Меншік құқығының мазмұны Меншік және меншік құқығы Заттық құқықтар ұғымы Азаматтық іс жүргізу құқығы: пәні, әдісі, жүйесі

Осы елде қолданылатын заңдарда тікелей көзделген құқықтар ғана заттық құқықтарға жатады, яғни жеке тұлға өз еркімен заттық құқықтардың қандай да бір өзге түрлерін жасай алмайды.

Әр түрлі заң актілерінде заттық құқықтардың осынау тұйық шеңбері бірдей емес. Белгілі бір елдік құқық жүйесінде орталық институт болып табылатын меншік құқығы барлық елдердің азаматтық құқығыңдағы заттық құқықтар жүйесінде жетекші орын алады.

Сонымен қатар, кепіл, сервитут, узуфрукт құқығы секілді заттық құқықтар осы жүйеге жатады. Бұлардың бәріне ортақ нәрсе — бұл мүлік иелеріне меншік иесінің кейбір өкілеттіктеріне (әдетте иелену, пайдалану) жататын кейбір өкілеттіктерді бекітіп беретін бөтеннің мүлкіне құқық. Басқаша айтканда, бұл меншік құқығынан туындайтын заттық құқықтар.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты Қазақстанда заттық құқықтардың жаңа түрлері пайда болуда. Атап айтқанда, жаңа заттық құқықЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықта пайда болды. Бұл заң актісінде жер қойнауын пайдалануды баянды ету одан әрі өрістетілді (Жарлықтың 3-тарауы). Бұл құқық бұрын да бар болатын, бірақ ол ешқашан азаматтгық-құқықтық және заттық құқық ретінде қарастырылған емес. «Жер қойнауы және минералдық шикізатты өндеу туралы» 1992 ж. ескі Кодексте жер қойнауын пайдалану құқығы әкімшілікқұқықтық қатынастар моделі бойынша таукен құқығының көлемінде қарастырылды. Бұл қатынастарды азаматтық құқық арнасына бұру жөніндегі алғашқы батыл қадам Мұнай туралы жарлық арқылы жасалды, ол бойынша жер қойнауын пайдалануға берудің келісім-шарттық жүйесі енгізілді.

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықта жер қойнауын пайдалану құқығы жерді пайдалану құқығы секілді модельмен құрастырылған. Бұдан былайғы міндет мынада: табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі басқа қатынастарды шарттык принциптерге көшіру және орманды пайдалану, суды пайдалану, секілді заттық құқықтарды, сондай-ақ неғұрлым жалпы құқықтық институт — табиғат қорғау құқығын қалыптастыру.

Заттық құқықтарды меншік құқығына және меншік нелері болып табылмайтын адамдардың заттық құқығына бөлу олардың негізгі жіктелуі болып табылады (АК-ның 195-бабы).

Мұның екінші тобы рим құқығында бөтеннің затына құқық деп аталды. Осы заманға әдебиеттерде оларды кейде шектеулі заттық құқықтар деп атайды.

АК-ның 194 жене 195-баптарында заттык құкықтардын кейбір түрлері аталғган:

- шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, жерді пайдалану құқығы, тұрғын үйге заттық құқықтар. Жерді пайдалану құқығына ұқсас заттық құкық секілді, жер қойнауын пайдалану құқығы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықта баянды етілген.

Кейбір құқықтар (жылжымайтын мүлікгі мемлекеттік тіркеу) АК-ның 118-бабының 2-тармағында аталған: жалдау құқығы, ипотека (кепіл), сервитуттар (бөтеннің мүлкін пайдалану құқығы). Алайда, бұл құқықтар заттық қана емес, сондай-ақ міндеттемелік құқықтар болуы да мүмкін.

Заң әдебиеттерінде заттық құқықтардың алуан түрлі жиынтығы беріледі.

Әдетте, Азаматтық кодекстерде тікелей заттык құқықтар деп аталған құқықтарды тізбеге енгізеді. Бұдан әрі ала-құлалык басталады: тізбеге алуан түрлі құқықтарды енгізеді — мекемеге тиесілі мүлікке дербес билік ету құқығы, кепіл немесе ипотека, кооператив мүшесінің пәтерге оны сатып алғанға дейінгі құқығы, тұрғын үйдің меншік иесі отбасы мүшелерінің құқықтары, нақты иесінің құқығы, су объектілеріне құқық және т.с.с.

Осымен қатар, заттық құқықтарды шамадан тыс ұлғайтуға жол берілмейтіні туралы пікірлер айтылуда. Даулар негізінен жалдау құқығы төңірегіңде өрбуде. Бір авторлар мүліктік жалдау шарты негізінде пайда болатын мүлікті пайдалану құқығын заттық құқықтардың қатарына жатқызуға болмайды деп есептейді. Келесі авторлар жалгерге жалға алған мүлкін сатып алу құқығын беруден басқа жағдайларда жалдаушының құқықтарын, сондай-ақ мемлекеттік және муниципалдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалға алу құқықтарын заттық құқықтар деп тану мүмкіндігін теріске шығарады.

Үшінші авторлар соңғы жылдары жалға алу (әсіресе жылжымайтын мүлікті) құқығы барған сайын заттык құқық белгілерін иеленуде деп атап көрсетеді: жалгердің колындағы өкілеттік ауқымы заттық құқық иесінің өкілеттігіне өте жақын келеді, жалгерге тіпті меншік иесіне (жалға берушіге қарсы) өз иелігін қорғау құқығы берілген.

Біз заттық құқықтардың жоғарыда тұжырымдалған белгілеріне сүйене отырып, заттық құқықтардың мынадай тізбесін ұсынамыз.

Заттық құқықтарды екі үлкен топқа бөлуге болады:

Бөтеннің мүлкіне құқықты былайша жіктеуге болады:

Бұлайша жіктеуде белгілі бір қайшылықтар бар, өйткені ол бір мезгілде мынадай екі санат бойынша жүргізілген: қолданылу саласына қарамастан, заттық құқықтың мәні бойынша (мысалы, сервитут немесе жалдау шарты кез келген қатынас саласында қолданылады) және заттық құқықтың қолданылу саласы бойынша (табиғатгы пайдалану құқығы, тұрғын үй алу құқықтары). Екінші өлшем айтарлықтай жасанды болады, бірақ біз осы салалардың маңыздылығына және осы салаларда заттық құқықтардың кең таралуына байланысты оны қолдануға мәжбүр болдық.

скачать работу


 Другие рефераты
Бизнес-план на базе сетевого маркетинга ООО Косметик Люкс
Исследование роли руководителя в повышении качества результатов деятельности ОУ
Қоғамның саяси жүйесі
Конфликты в коллективе и роль руководителя в их профилактике и разрешении


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ