Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жаңа кезең - жаңа экономика

ілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жалпы республикалык шыны-талшықты шеңберлі желі жасалуда. НАТО-ның "Бейнелік Жібек жолы" жобасы бойынша елдің интернетке жеңілдікпен жоғары жеделдікте кірігетін жоғары оку орындары мен ҒЗИ-лерінің біртұтас ғылыми-ағартушылык. желісі интенсивті түрде қалыптастырылып жатыр.

Қазақстанда "Электрондық Үкіметтің" негіздері қалануда, салық, кеден қызметтерінің ақпараттық жүйесі жұмыс істеуде. Көптеген компанияларда, ұйымдарда, оқу орындарында ішкі тұйық желі енгізілген, мұның өзі көп ретте олардың қызметінің тиімділігін арттырады. Ақпараттык, технологияларды талдап-жасаумен, енгізумен, компьютерлік техниканы жеткізіп берумен, құрастырумен, дайындаумен айналысатын ондаған кәсіпорын ("Алси", "Логиком", "Глотур", "Аstel" және басқалары) жұмыс істеуде. Өңірде бірінші болып әлемдік сауда-саттык алаңдарына шыға алатын "Тұран-Азия" әмбебап электрондық сауда-саттық алаңы (биржасы) құрылды.Жаңа ақпараттық экономика сәйкес кадрлық қызмет көрсетуді талап етеді. Біз мұнда да мақсатты жүмыс жүргізудеміз. Мәселен, жоғары оқу орындарында "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша оқитындар саны 1999/2000 оқу жылындағы 1906 адамнан 2000/2001 оқу жылындағы 4423 адамға дейін, "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша тиісінше 1390 адамнан 7873 адамға дейін өскен. 
Республикада Алатау кентінде үндістандық Бангалорға ұқсас ақпараттық технологиялар паркі құрылуда, Бангалорда 230 көпұлтгы компаниялар орын теуіп, қала зертханаларында 25 мың инженер жүмыс істейді. Мұндай парктердің кұрылуы түсімдердің елеулі көзіне айнала алады. Үндістандык, хайтектің экспортқа шығарылатын өнімі 2005 жылға қарай 50 миллиард долларға жететінін айтудың өзі жеткілікті.Қазақстанда елді ақпараттандыру процесін жеделдету үшін құқықтық негіз жасалды. Біртұтас ақпараттық кеңістік қалыптастыру туралы жарлық, ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру бағдарламалары қабылданды. 
2003 жылдың мамырында "Ақпараттандыру туралы", "Электрондық құжат және электрондық қол кою туралы" зандар қабылданды. Электрондық қол қоюдың қабылдануы және заңнамалық тұрғыда қолданылуы көлемі жыл сайын өсіп бара жатқан электрондық сауда-саттықтыц жаңа көкжиектерін ашады. 
"Ғылым туралы", "Инновациялар туралы" қолданыстағы заңдармен қатар жаңа заңнамалық кесімдер бұл салада алға жарып шығу үшін жақсы тұғырнама жасайтынын атап өткен жөн.

Осы заманғы қазақстандык ақпараттык. саясат жаңа инновациялық-технологиялық экономиканы елеулі түрде күшейтіп, жаңа индустриялык, прогресшіл құрылымы бар экономиканы құруы керек. Бұл процеске қатысушы барлық тараптардың жиі де тиімді өзара ықпалдасуы күткен нәтижені береді.

Тәуелсіздіктің он үш жылында жүргізілген реформалар экономиканың жедел де сапалы дамуын іске асыру мүмкіндіктерін туғызды. Оның басты құрамдасы елдің индустриялық-инновациялык. дамуы болып табылады.Бекітілген Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы алға өршіл міндеттер қоятын өзіндік бірегей құжат деуге болады. Үнемі өзгеріс үстіндегі әлемдік конъюнктура жағдайында бүл өмірлік қажетті қадам. Жаһандану оябында Қазакстан экономикасы бірқатар проблемалармен бетпе-бет келгенін айтудың өзі жеткілікті. Оларға мыналар жатады: шикізаттық бағдарланушылык,, әлемдік экономикамен мардымсыз интеграциялану, елдің ішіндегі салааралық және өңіраралык экономикалық интеграцияның әлсіздігі, ғылымның өндіріспен ықпалды байланысының жоқтығы, менеджменттің экономиканың жаһандану процестеріне жөне сервистік-технологиялык экономикаға көшуге бейімделу міндеттеріне сөйкес еместігі.

Бекітілген Индустриялық-инновациялык даму стратегиясына сәйкес 2015 жылға қарай 2000 жылмен салыстырғанда ІЖӨ-нің энергияны қажет етуі 2 есе төмендеп, ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық өндірістердің үлесі он еседен астамға өсуі тиіс. Мұның өзі ел экономикасын реформалаудың жаңа кезеңі басталғанын білдіреді.

Стратегия белсенді мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясат жүргізуді көздейді. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін қаржы рыногының одан әрі дамуы және фискалдық, ағартушылық, антимонополиялық, инфрақұрылымдық саясаттың жетілдірілуі белгіленеді. Стандарттау саясатының шеңберінде экономика мен басқарудың барлық салаларында әлемдік стандарттарға көшу көзделеді.

Стратегияның өзіндік қосылған құны бар өнім шығару мен экспорттаудың тұрақты өсуін және бәсекеге қабілетті әрі белсенді етілген өнеркәсіп құруды қамтамасыз етуге бағытталуы оның айрықша ерекшелігі болып табылады. Сондықтан ғылымды көп қажет ететін, жоғары технологиялык өндіріс құруды ынталандырудың, "ғылым-өндіріс-рынок" циклының, нақты және қаржы секторының бұрынғыдан тиімді байланысын орнықтырудың аса маңызды міндеті қойылды. Осыған байланысты қолда бар әлеуетті ұтымды, тиімді пайдалануды қамтамасыз ету керек, мұның өзі халықтың тұрмыс деңгейіне, республика дамуының тұрақтылығына әсер ететіні сөзсіз. Біз ұстанған индустрияландыру бағыты бүгінде бұрынғыдан жоғары бөліністерді енгізуге және жаңа индустриялық кластерлерді қалыптастыруға салмақ салатын, елдің экономикалық әлеуетін айқындайтын экономика секторларын (мұнай-газ және металлургия секторлары) дамытуға мүмкіндік береді. Мәселен, бізде мәшине жасауда, химия және мұнай химиясында, қүрылыс индустриясы мен жеңіл өнеркәсіпте дамудың елеулі әлеуеті бар. Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өндеу және агроиндустриялық кластерлерді, атап айтқанда Оңтүстік Қазақстанда мақталық және шарап жасау кластерлерін қалыптастыру перспективалық бағыт болып табылады.Индустрияландыру процесінің барысында біздің күш-жігеріміз сондай-ақ білімдерге негізделген сапалық жана экономиканы құру үшін алға жарып шығу "нүктелерін" қалыптастыруға және одан әрі дамытуға бағытталуы керек. Қазақстан болашақта жоғары технологиялык тауарлар және жақын жатқан, жедел өсу үстіндегі экономикаларға қызмет көрсету үшін қызметтер өндіруге бағытталган өңірдің сервистік-технологиялык орталығына айналуы тиіс.Экономика дамуының сапалық жаңа деңгейіне көшу жөніндегі табанды да ауқымды шаралар қажет. Жоғары дамыған қаржы секторы инновацияларға қолдау көрсететін банктік жоғары технологиялардың экономиканын нақты секторымен бірігуіне жәрдемдесіп, ынтыландыруы тиіс.Дамудың жасалатын қолайлы жағдайлары отандық кәсіпкерлерге әлемдік рынокка жарып өтудің жақсы мүмкіндігін береді. Жаһандану жағдайында қазақстандық компанияларға халықаралық бәсекенін қысымына төтеп беру барған сайын қиын болатыны анык. Индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру, жаңа технологияларды ендіру, кадрлар даярлау жөніндегі мақсатты жұмыс жағдайында отандық өндіріс принципінде іске асыруға болатын осынау міндеттерді орындау үшін барынша әзірленген салада алға жарып шығуды қамтамасыз етуге болады. Мұнда құрылған мемлекеттік даму институттарына көп үміт артылады, солардың арқасында біз экономикамызды белсенді ету жөніндегі жобаларды қаржыландыра аламыз.

Біздің бүгінгі әлеует — бұл экспортқа бағдарланған қаржылық телекоммуникациялық, көліктік, сауда және ақпараттық қызметтер.Индустриялық саясатты іске асырумен бір мезгілде біз елдің аграрлық секторын нығайтуға бет бұрдық. Қазақстандағы экономикалық өзгерістердің қисыны ауылшаруашылық салада агробизнестің оңтайлы құрылымын қалыптастыруға, бәсекеге қабілеттілікті арттыру қажеттігіне, ауылшаруашылық өндірісінің маркетингтік стратегияға көшуіне, ішкі рынокта импортты алмастыруға байланысты жаңа сапалық өсуге кешуді талап етті.Қазір сала жаңа кезеңнің табалдырығында тұр, бұл кезең ашық экономика және тағам өнімдері саудасының әлемдік жүйесі жағдайында оның тиімді дамуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл әсіресе алдағы кезде БСҰ-ға кіруге байланысты өзекті болып отыр. Біз үшін басты міндет — халықаралық саудадағы құқықтың кемсітушілігін болдырмау және азық-түлік қауіпсіздігі мен ел аграрлық секторының тиімді даму мүмкіндігін сақтай отырып, тауарлар мен қызметтердің әлемдік рыногына нақты қол жетімділікті қамтамасыз ету. 
Сондықтан жаңа нақтылықтар мен ауылшаруашылық кешені қызметінің ерекшелігін ескере отырып, біз 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын талдап-жасап, қабылдадық.

Қазірдің өзінде біз бағдарламада белгіленген мақсаттарға қол жеткізгенімізді айтуға болады. Мәселен, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі біртіндеп ұлғайып келеді.         Егер 2002 жылы ол 559,2 млрд. теңгені құраса, 2003 жылы 615,4 млрд. теңге болды және оның одан әрі ұлғаюы болжамдануда.         Жалпы құрылым да елеулі өзгерістерге түсті. Атап айтқанда 2002 жылы егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдері 323,3 және 236 млрд. теңге болса, 2003 жылы тиісінше 355,7 және 259,7 млрд. теңгені құрады.Экспорт тұрақты өсіп келеді. Мысалы, 2002 жылы ауыл шаруашылығы саласының негізгі түрлерінін экспорт көлемі 446,5 миллион долларды, 2003 жылы 683,1 миллион долларды құрады.

Осының барлығы 2005 жылдың соңында еліміздің агроөнеркәсіп кешенінде бәсекелестікке қабілетті өнімдер өндірісінің негізі қаланатынын көрсетеді, азық-түлік қауіпсіздігі жүйесінің тұрақты тетігі дайындалды, рыноктағы өндіріс, оны өткізу тепе-теңдігі жасақталды, экспорттың мүмкіндігі кеңейді.

Мемлекет халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындап келеді. Мемлекеттік бюджет есебінен зейнеткерлерді, мүгедектерді, асыраушысынан айырылған және басқа да санаттағы тұрғындарды әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. Олардың барлығы 3,5 миллион (немесе барлық тұрғындардың 23,6 %) адамнан асады. 2004 жылы 1999 жылмен салыстырғанда әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары бір жарым есе көбейді. Бұл қазақстандыктардың кірісін айтарлықтай арттырды, оған мынадай өсім индикаторлары дәлел болады. 1999-2004 жылдары ең төменгі жалақы көлемі 2,5 есе (2605 теңгеден 6600 тең
Пред.67
скачать работу

Жаңа кезең - жаңа экономика

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ